Инфоурок Другое Конспекты"Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

"Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

Скачать материал

 

                                 Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

 

Мақсаты:

1.Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу

2. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Даналық сөздер, « Тіл туралы Заң », тіл туралы слайд

 

Өту барысы:

 

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, көрермендер, топтарымыз, бүгінгеі тіл мерекесіне орай өткізілетін «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік іс – шарамызға қош келіпсіздер!

 

Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуан - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні, ертеңі, болашағы ана тіліміздің даму деңгейіне байланысты. Халқымыз «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыштан өткір сөз» деп, сөз құдіретін ежелден жоғары бағалаған.

-           Ендеше, кіріспе бөліміндегі оқушыларымның тіл туралы дайындаған өлеңдерін тыңдап тамашалайық!

 

                         Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,

 

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

 

 Қазақ тілің-Атаң, Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

 

Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.                         

 

 

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.

 Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

 

 

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

Тіл деген қасиетті ұғым екекн,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

 

 Мәртебесі тіліміздің биік екен

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан

Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

 

 

 Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.

 

 

Қазақ тілім сенсің бар гүлім

Арналады менің саған бар күнім.

Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,

Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

 

 

Су қараңғы болғанындай жанардың,

Тіл тағдыры – тағдырындай Аралдың.

Гүлін қалай таптамақпын даланың,

Тілін қалай сақтамақпын анамның.

 

 

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

 

 

Мұғалім: Тіл қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй

 

 кеше береді. Өзге тілді білу – артықшылық. Ана тілді білу – міндетің. Өз тілін сезбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен бірдей дейді.

 

Осы 5-ші сыныптар арасында өтейін деп жатқан сайысымыздың негізгі мақсаты: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау.

Сайысқа үш сыныптан  алынған 3 топ, әр топта 7 оқышудан қатысады. 

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:

 

1 кезең. Топты «таныстыру», осы сайысқа түсудегі мақсаты.

2 кезең. «Поэзия минуты»

3 кезең.  «Бәйге»  Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

4 кезең. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.

5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек. ..

6 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

7 езең. «Тілдің мерейі – елдің мерейі»  тақырыбына дебат өткізу.

 

 

1-кезең. Сонымен 3 тобымыз өзідерінің топтарын көрерменге, әділ қазы алқасына таныстырады.

 

Мұғалім: Осы қымбат қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп,

толығып келеді. «Тіл – уақыт өткелі», ол бізді бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі. Сондықтан да поэзияға көз жүгіртсек, тіл туралы қаншама ақын өлеңдерін жазған еді.

Келесі кезеңіміз осы тақырыпқа арналады. «Поэзия минуты» Сіздерге өлең оқылады.

Авторын табу керексіздер немесе кім екенін табу керексіздер!

 

 

1.         Туып өскен Торғайдың даласында

Қайран елі- қазағы санасында,

Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен

Арысың кім, ойланбай табасың ба?      

                  (А.Байтұрсынов)

2.   Елім деп, тек алып соққан жүрегі

      Ахмттей ағасына іні еді.

      Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.

      Ғұламаның есімін кім біледі?

 

          (Құдайберген Жұбанов)!

 

3. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

   (Қ. Мырзалиев)

 

4. Ерлік, елдік, бірлік бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

 

      (М. Жұмабаев)

 

 

 

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

        (Ә.Тәжібаев)

5. Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың,

 

Қасіретімді қазақ тілін қалат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім

 

         (С. Мәуленов)

 

6. Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ, қалай біз.

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл» - деп қараңыз

           (М.Әлімбаев)

 

 

Мұғалім: Тілім менің тірлігім мол мұрамсың,

                Ата рухын жаныма қондырасың.

               Өзіңменен таныдым тарихымды,

                Кемелденген өзіңмен толды жасым.

                Тілім менің сарқылмас қазынамсың,

                Бір сенімен болмыстың назы басым.

                Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің болып,

                Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың. – демекші, келесі «Бәйге» атты кезеңімізге көшеміз.

 

І топтың сұрақтары:

 

1. А.Байтұрсынов кім? (Мысалшы, ақын)

2. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

3. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). ?

5. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл )

6. «Әсем» сөзінің синонимі? (Әдемі, көрікті)

7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Қанша? Неше?)

8. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

9. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. (Жаушы, «Абай жолы»)

10. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

 

 

ІІ топтың сұрақтары:

 

1. Тұсаукесер қай кезде айтылады? (

2. Жалғаудың неше түрі бар?

3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?

4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

5. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?

 

7.  Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)

8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

 

9. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?

10. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?

 

ІІІ топтың сұрақтары:

 

1. Қ.Р-ның мемлекеттік тілі?

2. Қара сөзінің антонимі??

3. «Ақылды» сөзінің түбірі?

4.  Абайдың қанша қарасөзі бар?

5. Ата Заң күні қашан?

6. Күй атасы кім? (Құрманғазы?

7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

8. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек.).

9. Абайдың қандай өлеңдері бар?

10. ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?

 

Мұғалім: Тіл – халықтың жаны, сәні. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің. Ана тілің топырағында  көктеп, ауасында  тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәденитетті жете меңгеру мүмкін емес. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық!

 

4 кезең. «Елші» Мәтінді оқып, аударыңдар.

 

Сотни тысяч слов в нашем языке,  на первое место я бы поставил три слова: хлеб, труд народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Это самое сущность нашего народа. И эти корни так прочно переплелись, что ни разорвать их, ни разделить никогда. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.

 

Мұғалім:Сол тіліммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

 

 

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.- дегендей, келесі   «Жаңғырған салт-дәстүрлер»  атты кезеңімізге көшейік!

5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»

 

Сұрақтар: І топқа

1. Нағашы деген кім?

2  Бесік жыры қашан айтылады?

3. Ұлттық киімдерді атап бер.

4. Беташар туралы не білесің?

5. Наурыз мерекесінің ұлттық тағамы??

6. Ұлттық ойындарды атап бер.

 

ІІ топқа

 

1. Айт мейрамы туралы не білесің?

2. Құда, құдағи дегендер кімдер?

3. Ұлттық тағамдарды ата?

4. Шілдехана деген не?

5. Қымыз қалай жасалады?

6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

 

ІІІ топқа

1. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Жар-жар дегеніміз не?

3. Ақсүйек қандай ойын?

4. Тұсау кесу деген не?

5. Қандай туыстық атауларды білесің?

6. Ораза деген не?

 

6 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

10. Тіл қылыштан ... (өткір).

11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

12. Тілден артық ... (қазына жоқ).

13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).

15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

16. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

 

18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

19. Басқа пәле - ... (тілден).

20. Білім кілті - ... (тіл).

21. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).

 

Мұғалім:Тіл – ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген қанатты сөзді жадымыздан шығармайық.

Ендеше соңғы . «Тілдің мерейі – елдің мерейі»  тақырыбына дебат өткізу.

 

Мұғалім:Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Өз халқын көркейтпей тұрып, өзге елді жайнатам деу бекершілік. Ал, өз халқының көсегесін көгертіп, мртебесін биіктету үшін алдымен қанға сіңген қасиетті қазына – ана тілін жетік білуі қажет. Өз халқының талай ғасырғы тарихын таратып айтқан өрелі ойлы, өр таланттар алдымен ана тілін ардақтап, туған тілін қадір тұтқан екен.

Осымен тіл күніне арналған мерекелік сайыс сабағымыз аяқталды.Тыңдап, тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

 

Мақсаты:

1.Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу

2. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Даналық сөздер, « Тіл туралы Заң », тіл туралы слайд

 

Өту барысы:

 

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, көрермендер, топтарымыз, бүгінгеі тіл мерекесіне орай өткізілетін «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік іс – шарамызға қош келіпсіздер!

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2015 1246
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайролла Айгерим Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хайролла Айгерим Кенесовна
    Хайролла Айгерим Кенесовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3816
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе