- 16.02.2015
- 1029
- 2
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Балалар бүгін біздің сабаққа қонақтар келді,кәне амандасып қоялық.
Біз қазақ баласы
Сәлем-сөздің анасы
Үлкенді біз көргенде
Ізетпен иіліп
Біздер сәлем береміз.
II Жаңа сабақ
Тәрбиеші: Кәне тақтаға қараңдаршы, ненің суретін көріп отырсыңдар.
Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.
Тәрбиеші: Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Тәрбиеші: Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
Тәрбиеші: Үй жануарлары адамға қандай пайда келтіреді?
Балалар тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Мынау ненің суреті.
Тәрбиеші: Сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Тәрбиеші: Сиыр қандай дыбыс шығарады?
Тәрбиеші: Сиыр бізге не береді?
Тәрбиеші: Сүттен не жасаймыз?
Тәрбиеші: Сиыр не жейді?
Балалар: Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді.
Тәрбиеші: Сиырды қалай шақырамыз?
Тәрбиеші: Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Қой қалай дыбыстайды?
Тәрбиеші: Ал қойдың төлін қалай атаймыз?
Тәрбиеші: Келесі суретте нені көріп тұрмыз?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, басында несі бар?
Тәрбиеші: Иегінде несі бар ?
Тәрбиеші: Ешкі төлін не дейді?
Тәрбиеші: Ешкі мен лақты қалай шақырамыз?
Тәрбиеші: Ешкі бізге не береді?
Тәрбиеші: Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Түйенің өркеші бар екен. Түйеден шұбат,жасаймыз.Түйеге ауыр жүк артамыз.
Түйені қалай шақырамыз.
Тәрбиеші:Түйені «көс-көс» деп шақырамыз.
Тәрбиеші: Ал түйенің төлін қалай атаймыз?
Тәрбиеші: Балалар мына өлеңді тыңдайықшы.
Жазда биені сауады
Қыста жылқыны бағады
Бізде жақсы көреміз
Қымыз берген ағаны- дей отырып, балалар сендер қымыз ішіп көрдіңдер ме?
Тәрбиеші: Дәмі қандай?
Тәрбиеші: Ал жылқы төлін не дейміз?
Тәрбиеші: Дұрыс. Жылқы қалай дыбыстайды?
Тәрбиеші: Жылқыны қалай шақырамыз?
III . «Дұрыс ата»
Шарты: Үй жануарларын тауып, бөліп дұрыс таба білу.
IV. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық.»
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. түйе
Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар қой
«Зеңгі баба-құт»- деген
Балалар тез –өссін деп
Шелек-шелек сүт берген
Сиыр
Жарға шығып ойнайды
Ойынға бір тоймайды
Болсадағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі
Тәрбиеші: Балалар малдар қайда тұрады?
IV.Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Кәне балалар үй жануарлары туралы мақалдар,жаңылтпаштар білеміз бе?
Жарайсыңдар балалар. Малдың бәрін бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз.
Тәрбиеші: балалар шаршаған шығарсыңдар , бәріміз тұрып жаттығу жасайық.
V.Сергіту сәті
Орныңнан тұршы
Қолыңды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Аяғыңды басшы
Бойыңды жазшы
Айналаға қарашы
Орныңа отыршы
VI. «Қай жануардың төлі « ойыны
Шарты: Үй жануарларының төлдері ауыстырылып қойылады. Жылқыға бота, қойға құлын, түйеге бұзау, сиырға қозы, осы жануарлардың төлдерін анықтаймыз. Анықтай алмаған бала төлдердің дыбысын саладытақтақ айтады.
Диас Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңқыға баспаған қорқағым деп
Қайрат Түйе сүйеді баласын тайлағым деп
Жабу жапса жарасқан жайдағым деп
Лаура Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан тасқа секірген шұнағым деп
Аружан Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп
Жүгіруден тарасын құмарың деп
VII «Сипаттап айт» ойыны
Шарты: Тақтаға бір баланы шақырып, көзін байлап қолымызбен сипау әдісі арқылы қандай жануар екенін танып айту. Таба алмаған бала өлең ,тақпақ айтады.
VII. Қорытындылау.
Балалар сендерге рахмет, малдың пайдасы көп дұрыстап күтіп бағуымыз керек.
Бүгінгі сабақта бәріңізде жақсы қатынастыңдар бәріңізге де рахмет.
6 663 647 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Хамитова Баршагул Умиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.