Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / "Тіл тұғыры –ұлт ғұмыры" атты баяндамасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

"Тіл тұғыры –ұлт ғұмыры" атты баяндамасы

библиотека
материалов

Өтініш парағы

Аты- жөні

Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы

Облыс

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

Жұмыс орны

Б.Аманшин атындағы орта мектебі

Лауазымы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Жоқ

Баяндама тақырыбы

Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры

Байланыс телефондары


Электрондық почта

maxambetova_084@mail.ru





























Тіл тұғыры –ұлт ғұмыры



«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. 
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілік, тілімізге деген құрмет деп ойлаймын.

Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді.

Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды.

Елбасы бұл Жолдауда тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойды. Дамыған, озық 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір қазақстандық азамат сапалы еңбегімен қомақты үлес қосып, Отанын ортақ деп бағалауы тиіс. Сондай-ақ, Елбасының сөзін келтірер болсақ: «Егемендік алған, дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктірген, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар үлкен еңбекпен, мол ізденіспен жүзеге асырылған еді. Соның біріншісі, бұл – Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жаңа астана – Астана қаласының аз уақыттың ішінде бой көтеріп, әсемдігімен әлемге танылуы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы». Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында осы құндылықтар негізінде еліміз өркендеп, дамып, нығая түсетініне сенім білдіреді.

Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат туған өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу дәстүрі де бар. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. «Қос азаматтық», «Қос тілділік» деген ұғымның өзі де біршама ойларға жетелейді. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады.

Ендігі кезекте, ортақ тіл мәселесіне тоқталсақ. Әлбетте, қазақ тілін осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері білуі тиіс. Қазақша сөйлеп, қазақ тілінде айтылған сөздерді түсініп, мемлекеттік тілді қадірлеген жағдайда ел бірлігі мен татулығы нығая түспек.

Қазақ тілі мәселесі алдыңғы орында тұруы тиіс. Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін, мәдениетін, тарихын білуі қажет. Себебі бұл – ортақ тарих, ортақ тіл, ортақ мәдениет. Осы тұрғыда насихат жүргізу жұмысы жүргізілсе, әрі неғұрлым көбірек айтылып, молынан жазылса игі. Бұл бір жағынан патриоттық тәрбиенің нығаюына, отансүйгіштік сезімнің шарықтауына сеп болары анық. Дәл осындай қоғамдық пікір қалыптастыра білудің жөні, орны, ролі бөлек.
Дегенмен, соңғы кездері «қазір халық газет-журнал оқымайды» деген пікір жиі айтылады. Бұл сөздің астарында жұрттың интернет желісін және телеарналарды тәуір көретіні байқалып қалады. Сондықтан да, маңызы зор іс-шараларды халық арасында көбірек өткізіп, көбірек насихаттағанымыз абзал. Бұл – еліміз үшін, ұлтымыз үшін, болашақ үшін, жалпы, бірлік пен татулық үшін қызмет ететін өрелі іс болмақ. Егер осы түсінікті қалыптастыра алсақ, сонда ғана қазақтар шын мәнінде ұйыстырушы ұлт екендігіне көз жеткізеді. Ал насихат құралы біздегі бұқаралық ақпарат құралдары десек, бұл мәселені неғұрлым көбірек талқылап, оқырман мен көрерменге ұсынар болсақ, нәтижесі де көп күттірмес еді деп ойлаймыз.

Елбасының болашақ ұрпаққа, бүгінгі жастарға ерекше сенім артатынын жасырмайды. Бүгінгі жастар ертеңгі ел қамқоршысы десек, болашақта тіл, мәдениет пен тарихтың ортақ болуына да мұрындық болатын – осы жастар. Дегенмен, Жолдауда мемлекеттік тіл мәртебесі сөз етілуі тегін емес. Өйткені, Қазақстанның болашағы жастардың қолында, ал ұлт пен ұлтты табыстыратын да, теңестіретін де тіл. Ұлттың ең маңызды әрі басты байлығы тілі мен жері. Тілді жетік меңгерген, еркін сөйлейтін адам ғана сол ұлттың жандүниесін, болмысын, дүниетанымын ұғады. Сол себепті, мемлекеттік тілді дамыту арқылы – еліміздің дамыған, өркениетті елдердің қатарынан орын алуына үлес қоса аламыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, оған мейлінше басымдық беріп, айырықша көңіл бөліп, қолданыс аясын кеңейтетін іс-шараларды жүзеге асыруды жеделдеткен абзал. Себебі, тіл – мәдениеттің барлық салаларының ішіндегі ең негізгісі, әрі тірегі.

Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!



Краткое описание документа:

Тіл тұғыры –ұлт ғұмыры

 

       «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. 
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

      Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілік, тілімізге деген құрмет деп ойлаймын.

         Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді.

          Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды.

          Елбасы бұл Жолдауда тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойды. Дамыған, озық 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір қазақстандық азамат сапалы еңбегімен қомақты үлес қосып, Отанын ортақ деп бағалауы тиіс. Сондай-ақ, Елбасының сөзін келтірер болсақ: «Егемендік алған, дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктірген, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар үлкен еңбекпен, мол ізденіспен жүзеге асырылған еді. Соның біріншісі, бұл – Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жаңа астана – Астана қаласының аз уақыттың ішінде бой көтеріп, әсемдігімен әлемге танылуы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы». Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында осы құндылықтар негізінде еліміз өркендеп, дамып, нығая түсетініне сенім білдіреді.

          Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат туған өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу дәстүрі де бар. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. «Қос азаматтық», «Қос тілділік» деген ұғымның өзі де біршама ойларға жетелейді. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады.

           Ендігі кезекте, ортақ тіл мәселесіне тоқталсақ. Әлбетте, қазақ тілін осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері білуі тиіс. Қазақша сөйлеп, қазақ тілінде айтылған сөздерді түсініп, мемлекеттік тілді қадірлеген жағдайда ел бірлігі мен татулығы нығая түспек.

             Қазақ тілі мәселесі алдыңғы орында тұруы тиіс. Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін, мәдениетін, тарихын білуі қажет. Себебі бұл – ортақ тарих, ортақ тіл, ортақ мәдениет. Осы тұрғыда насихат жүргізу жұмысы жүргізілсе, әрі неғұрлым көбірек айтылып, молынан жазылса игі. Бұл бір жағынан патриоттық тәрбиенің нығаюына, отансүйгіштік сезімнің шарықтауына сеп болары анық.  Дәл  осындай  қоғамдық  пікір  қалыптастыра білудің жөні, орны, ролі бөлек.
Дегенмен, соңғы кездері «қазір халық газет-журнал оқымайды» деген пікір жиі айтылады. Бұл сөздің астарында жұрттың интернет желісін және телеарналарды тәуір көретіні байқалып қалады. Сондықтан да, маңызы зор іс-шараларды халық арасында көбірек өткізіп, көбірек насихаттағанымыз абзал. Бұл – еліміз үшін, ұлтымыз үшін, болашақ үшін, жалпы, бірлік пен татулық үшін қызмет ететін өрелі іс болмақ. Егер осы түсінікті қалыптастыра алсақ, сонда ғана қазақтар шын мәнінде ұйыстырушы ұлт екендігіне көз жеткізеді. Ал насихат құралы біздегі бұқаралық ақпарат құралдары десек, бұл мәселені неғұрлым көбірек талқылап, оқырман мен көрерменге ұсынар болсақ, нәтижесі де көп күттірмес еді деп ойлаймыз.

          Елбасының болашақ ұрпаққа, бүгінгі жастарға ерекше сенім артатынын жасырмайды. Бүгінгі жастар ертеңгі ел қамқоршысы десек, болашақта тіл, мәдениет пен тарихтың ортақ болуына да мұрындық болатын – осы жастар. Дегенмен, Жолдауда мемлекеттік тіл мәртебесі сөз етілуі тегін емес. Өйт­кені, Қазақстанның болашағы жастардың қолында, ал ұлт пен ұлтты табыстыратын да, теңестіретін де тіл. Ұлттың ең маңызды әрі басты байлығы тілі мен жері. Тілді жетік меңгерген, еркін сөйлейтін адам ғана сол ұлттың жан­дүниесін, болмысын, дүниетанымын ұғады. Сол себепті, мемлекеттік тілді дамыту арқылы – еліміздің дамыған, өркениетті елдердің қатарынан орын алуына үлес қоса аламыз. Қазақ тілі мем­ле­кеттік тіл болғандықтан, оған мейлінше ба­сымдық беріп, айырықша көңіл бө­ліп, қолданыс аясын кеңей­тетін іс-шараларды жүзеге асыруды жеделдеткен абзал. Себебі, тіл – мәдениеттің барлық салаларының ішіндегі ең негізгісі, әрі тірегі.

          Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды.  Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

 

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров676
Номер материала 384771
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх