Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы мұғалім ролі.

Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы мұғалім ролі.

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік    құзыреттілікті қалыптастырудағы мұғалім ролі.

Абдрахманова Рысты Темиртасовна

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ ДБО тренері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім
беру саласындағы бес қадам жоспарланған.
БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық
қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең
қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін
әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани
дамыған азаматын қалыптастыру қажет. Сонымен қатар қазіргі таңда білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан,  тілдің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай тілдерді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде.
Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім беру.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше деп білемін. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, жан дүниесі рухани байыған, еліне елеулі, халқына қалаулы бола аларлық жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты, таныс объектілерді зерттеуімен байланыстырудың маңызы зор. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту–бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр.

Бізде «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» - деген ұғым бар. Яғни жақсы ұстаз болу үшін өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін
(ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты. Міне осы қасиеттердің барлығына ие болу үшін Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлестіру қажет.

Осы Бағдарлама оқытумен оқу үдрістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішінде негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді:

нені оқыту керек?

оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?

Бағдарламаны меңгеру мұғалімдерден оқыту саласына қатысты көптеген зерттеулермен танысып, талдау жасауды, қарастырылған зерттеулерді қажеттілігіне орай сынып сабақтарында пайдалану барысында туындаған сауалдар, қалыптасқан ой пікірлері мен тәжірибесін әріптестері және тренерлер алдында ортаға салып, кәсіби пікірталастарға қатысуын талап етеді.

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз–кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі күнде әр ұстаз алдында үнемі ізденіс үстінде жүретін оқу үрдісінде өз ойларын толық ашық айтып жеткізетін, алған білімдерін өмірде қолдана білетін, кез-келген жағдайда пайдалана отырып стандарттық емес жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білетін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдыларының болуын қарастырады.

Оқытудағы Тиімді оқыту мен оқу бағдарламасымен білім беріп жатқан біздің мақсатымыз дәстүрлі білім беру үрдісіне жаңа бағыт өзгеріс енгізу деп ойлаймын.

Қазірде білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді. Негізгі қағида «не білу» емес, «не жасай білу». Басқару біліктері: ұйымдастыра отырып басқару, ынталандыру, мақсат қою, мәлімет беру, жорамалдау, болжау, іс-әрекетті ұйымдастыру, бақылау, іс-әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау болып келеді. Оқушыға сабақ қызықты болғанда ғана ол пәнді меңгереді, оқып үйренуге талпынады.

Әр педагог жаңа кәсіби көзқарастар қалыптастыру кезеңінде мақсаттарын анықтай білуге міндетті оларға әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру, жаңа шығармашылық ойлардың тууы, жаңалықты практикада қолдану, курсқа дейінгі білім мен жаңа білімді салыстыру, рефлексия жасай алуы.

Мектепке соңғы уақытта келген жаңашылдық бастамалар мұғалімдердің белсенді белгілі бір бөлігін өз тәжрибелерін сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби өмірбаянындағы салмақты жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады. «Бұл әрекеттегі менің мақсатым не?» - «Не жасауым керек?» - «Қалай?»- «Бұдан не шығады?» сұрақтарын өзіне үнемі қоя және оларға дұрыс жауап бере алатын мұғалімде кәсіби шығармашылық болатындығы сөзсіз.

Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден-мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден- оның өз әрекетін, сол әрекеттің субъектісі ретінде өзін талдауда.

Заман талабының сұранысы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру тәсілі мен сапасын арттыруды, жаңашылдықпен ілгері жүргізуді талап етеді. Ғылыми іс-әрекет ретінде білім мазмұнына оқушылардың шығармашылық танымдық әрекетін ұйымдастыру, құрылымы арқылы енеді. Іс-әрекет формалді түрде әр түрлі болады және меңгерілетін материал сипатымен, мұғалімнің жеке адамдық ерекшеліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейімен анықталады. Оқушылардың белсенді іс-әрекетін арттырудың негізгі құралы, өздігінен жұмыс істеудің әр түрлі формалары болып табылады, соның бірі кері байланыс тәсілі әр деңгейлі тапсырмаларды талдап түсіну мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс жасауына әкеледі, оқыту тәсілдерін, формаларын, құралдарын таңдау құқығы болады. Өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің ойын жүзеге асыруға қол жеткізу үшін терең, берік ғылыми ізденістің іргетасы қаланады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президентнің 2016 жылғы 1-наурыздағы № 205 Қаулысы: «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20-мамырдағы Бағдарламасы: «100 нақты қадам»-Ұлттық жоспары».

3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы, 2005ж.


           

3



Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров11
Номер материала ДБ-378315
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх