Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығының білім алушы белсенділігіне әсері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығының білім алушы белсенділігіне әсері

библиотека
материалов

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

41 М. Шоқай атындағы орта мектеп

Тулегенова Бегайна Карибековна

Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығының

білім алушы белсенділігіне әсері

Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

    Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

   Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол балаларға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады.

Оқушының белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру — осының бәрі баланың белсенділігінің нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты ұштастыра отыру керек. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.
Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. оқушының белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша оқушының қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

Ұжымда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.

Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды, бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды.

Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу.

      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

  Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

   Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

   Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

   Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

    Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне.

Болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко, В.Сухомлинский, т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.

   Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

     Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

  • Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың

  • Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз

еркімен орындау.

    Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

    Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Балалардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Баланы тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді.

Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

 



Краткое описание документа:

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№41 М. Шоқай атындағы орта мектеп

Тулегенова Бегайна Карибековна

Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығының

білім алушы белсенділігіне әсері

       Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский:                         “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді.

        Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

      Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады.  

       Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

     Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол балаларға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген(керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады.

        Оқушының белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
     Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады.
Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру — осының бәрі баланың белсенділігінің нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты ұштастыра отыру керек. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.
      Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. оқушының белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша оқушының қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

      Ұжымда  қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.

Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды, бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды.

Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу.

      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

  Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

    Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

   Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

   Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

    Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне.

      Болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер                 А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко, В.Сухомлинский, т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.

   Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

     Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

·         Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

·         Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

·         Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың

·         Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз

еркімен орындау.

    Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

     Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Балалардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Баланы тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді.

      Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

 

 

 

Автор
Дата добавления 11.02.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров684
Номер материала 379668
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх