Инфоурок Другое СтатьиТәлімгерлік ету бойынша талдау

Тәлімгерлік ету бойынша талдау

Скачать материал

 

Бір әріптеске тәлімгерлік ету

үдерісі туралы аналитикалық есеп

 

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз». Бұл әйгілі философ Сенеканың сөзі. Аталмыш сөз барлық маманға, барлық заманда өзекті. Қазіргі күні  «ментор», «коуч» терминдері қолданысымызда бар, негізінде бұл ұғымдар тәлімгерлік ретінде мен мектеп қабырғасына келген кезде қолданылып жүретін. Және тәлімгерлік еңбек тәжірибесі бар маман мен жас маман арасында жүретін, бірақ өз тәжірибемде бұл керісінше жүргенін де басымнан өткіздім.  Себебі, НЗМ талабын меңгеруде өзімнен еңбек өтілі аз жас мамандар да тәлімгер болып, маған кәсіби шеберліктерін үйреткен еді. Кейінірек өзім де менен кейін келген тәжірибелі маман-әріптестеріме тәлімгерлік жасадым. Тәлімгер ретінде көбінесе сабақтың жүру барысы мен белсенді әдіс- тәсілдерге көңіл бөліп, сол бағытта жұмыс жүргізетінмін. Ал осы жолы менде қандай өзгеріс болды?

Мен жақсы оқушының ұраны: «мен осыны көргім келеді, осыған үйренгім келеді, ен оны өзім істегім келеді» деп айтар едім. Ал жақсы тәлімгердің ұраны: «Менің бұны қалай жасайтынымды көр, кел, екеуіміз бұны бірге жасайық, бұны менен жақсы орында» (Дмитрий Лео) Менің тәжірибеде жүзеге асыратын қызметім осы сөзде көрініс тапқан.

Және де екінші (негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша басым бағыттарының бірі мұғалімдердің біліктілігін жетілдіруде өзара байланысты үдерістерге баса назар аудару және өз әріптестерінің кәсіби дамуына әсер ету үшін коучинг пен менторингтің тәжірибеде қалыптасуына бағдарлау болып табылады . Осыған байланысты оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер олардың қолдануы оқу идеяларында немесе тәлімгерлік әріптестерінің қолданысында талқыланады. (оқытушы нұсқаулығы 2 - деңгей, 2014 , p.149.) Тәлімгерлік үрдісінің маңызды сипаттамасы оқыту негізіндегі тәліп пен тәлімгердің арасындағы орнаған сенімді қарым-қатынас пен тәлімгердің бойында белсенді тыңдау, тәжірибені жетілдіру үшін негізгі сұрақтарды қалыптастыру секілді дағдыларды қалыптастыру болып табылады. (Garret – Harris and Garvey, 2005) .

Тәлімгерлікті жүзеге асыру мақсатында  маған өз әріптестерімнің ішінен педагогикалық қызметінде көмек қажет, сондай-ақ Кембридж университетінің жеті модулін енгізу де қызықты болатын  мұғалімді таңдау керек болды. Білім беруде табысты оқуды игеруге ықпал ететін жаңа тәсілдерді үйренуге менің «Сын тұрғысынан ойлау әдістері белсенді оқытуға қалай әсер етеді» және «Оқуды қалай жақсартуға болады?» тақырыбындағы коучинг кездесулерімнен кейін бірнеше мұғалім талап білдірді. Алайда мен мен ағылшын тілінің мұғалімі МА таңдадым.

 

Тәлім aлушының дамуындағы қажеттіліктерді aнықтау

МА бұл іске өте қызығушылықпен кірісті және сабақ барысында кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау жасап, көмек көрсетуімді өтінді. Алғаш келген оқушылардың көбінде шет тіл мәселесі кездеседі және сабақ кезінде оқушылардың танымдық белсенділігінің төмендеуіне әсер етеді. Бұл оның 7С сыныбындағы бірінші сабағында анық көрініс тапты.

Мен бұл сабақты бейнетаспаға түсіріп алдым, сабақтан кейін бірге отырып бұл сабақтың «мұғалім - оқушы» авторитарлық түрінде өткеніне назар аудардық. Мұғалім көбінесе өзі сөйледі, Оқушыларға сұрақ қояды да, олардың ойланып жауап беруіне мүмкіндік берместен өзі жауап береді, олардың айтқанын қайта өзі қайталап айтады, кейде қателескен оқушының сөзін ортасынан бөліп жібереді. Сабақта бұрын тілдік базасы жақсы дамыған 5-6 оқушы ғана жауап беріп отырды. Олардың ішінде мүлдем сабақ барысында бар-жоғы белгісіз, сыныптағы оқу үдерісінен тыс қалған оқушылар да болды. Ал белсенді оқушылар мұғалімнің сұрағына қарапайым сөздермен жауап беріп отырды.

Сабақты қадағалай отырып, мен оқушылар арасынада сауалнама жүргізіп, оқушылардың танымдық белсенділігінің себебін анықтадым. Сауалнамада: «саған сабақта не ұнады?», «Сабақта саған не ұнамады?»  деген сұрақтар болды. Сондай-ақ, сауалнама барысында менің олардың бұл пәнге деген қызығушылық деңгейін анықтауыма мүмкіндік туды.

Сауалнама нәтижесі төмендегідей болды:

Коучинг қысқa уaқыт aрaлығындa тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшуғa бaғыттaлсa, тәлiмгерлiк ұзaқ уaқытқa cозылaтын, өзaрa ынтымaқтaстық қaтынaсқa негiзделген кәсiби қолдaу көрсету үдерiсi болып тaбылaды ( мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық 81 бет).

Тәлімгермен талқылау кезінде мен оған сауалнама қорытындысын жайлап ескерттім. МА өз сабағын талқылау барысында ол өзінің қойған мақсатына жеткенін, оқушылардың бұл тақырыпты өткенде қызығушылық танытқандарын, алайда оқушылардың көпшілігі қатысушы емес, бақылаушы есебінде болғанын атап өтті.

Тәлімгеріммен бірге «Ең көңілсіз сабақ» бейнефильмін және салыстыру үшін тағы бір әріптесіміздің үздік сабағының бейнетаспасын көріп, талқылап, оқыту тәсілдері мен әдістерінде нені өзгерту керек екендігіне; ең алдымен, өзін өзгерту қажеттігін өзі түсінуі керектігіне көзін жеткізуге бағыттауға тырыстым. «Өзіңді қалай өзгерту керек?» деген тақырыпта сөз қозғағаннан көрі осындай визуалды салыстыру тиімді деп есептеймін. Мен тәлімгеріме бағдарламаның жеті модуль идеясын түсіндіріп, Кембридж нұсқаулығын оқуға беріп, коллаборативті оқытудың тиімді – топтық жұмыс түрлерін таныстырдым. 

Оқушылардың танымдық шығармашылығын белсендіретін сабақ барысында топтық жұмыстарды қолданудың екі түрлі құрамдас мүмкіндіктері туралы: біріншіден, бұл алдыға шығуға,  өзгелерден бөлінуге, барлығына өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін көрсететін бәсекелестік ; ал екіншіден, бұл ақылдасуға, мүдделестердің қолдауы бар кезінде сенімділік сезімі туатын диалог құру мүмкіндігі. Және мұның барлығы көп білуге, жасауға және терең ұғыну талабына  түрткі болады. «Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады»  делінген нұсқаулықта. Сондықтан мен тәлімгеріммен сабақ барысында қолданылатын әдіс- тәсілдер туралы ой бөлістім. Өзім ұсынған әдістерді екінші деңгейлік оқудағы топтық жұмыста, өзге әріптестерімнің тәжірибесінен алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде алғаным туралы айттым. Бірақ менің тәлімгерім бұл әдістерді тәжірибеде жиі қолданбайтындығын, оны қолдануда қиындық тудыратын себертерді айтып, келісе қоймады. Сол себепті мен МА-ны бағдарламаның жеті модулін кіріктірген топтық жұмысты жүргізетін сабағыма шақырдым.

Менің тәлімгерім бақылаушымен бірге менің екі түрлі сыныптағы екі сабағыма қатысты. Ол екі сыныптың үлгерімі, пәнге деген танымдық қызығушылығы екі түрлі, сондықтан мен осы екі сыныпта бір әдісті екі түрлі сыныптың ерекшелігіне орай тиімді етіп қолдануға тырыстым.  Сонымен қатар мен өз тәлімгеріммен бірге «Екінші (негізгі) деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулығын» қайта қарап, оқытудың жаңа тәсілдерінің ерекшелігі туралы айтылған ресурстық материалдарды қарап шықтық. Бір жағынан, менің өзім де барлық материалды қайталауға қарсы болған жоқпын.  

Нұсқаулықпен жұмыс істеп, талқылау жүргізген соң менің тәлімгерім тек «коллаборативті оқыту» әдісі ғана емес, ойлау мен қарым- қатынас дағдыларын дамытуға әсер ететін «сыни ойлау», оқушылардың білімін бағалауда жіберген кемшіліктерін өзі тауып, талдай отырып «оқуды бағалау» мен «оқытуды бағалау»  тәсілдеріне де қызығушылығын білдірді. «Коллаборативті оқыту»  үдерісіндегі «дарынды және талантты балалармен жұмыс», «көшбасшылық» модулдерін қалай қолдануға болатындығын тәжірибесіне  енгізуді қарастыра бастады.

Алдын ала талқылаулардан кейін біз келесі сабақтарының жоспарын жасауға кірістік. Сабақты жоспарлау барысында оқушылардың жас ерекшелігіне орай  сыныпта жағымды көңіл- күй қалыптастыруға тырыстық. Мысалы, бейнеклиптерге байланысты сергіту жаттығуларын немесе сабақтың басында «Қуаныш дөңгелегі», «Достар» әдістерін қолдандық.  Топқа бөлудің әртүрлі жолдарын қарастырдық: стикерлер, конфеттер, қарапайым цифрлар, топтық ережелер, т.б. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін: ассоциативті қатар, кластер, визуалды құралдар, «алты қалпақ», «ыстық орындық» т.б. сыни ойлау стратегияларының қайсысын қолдану керектігі жайлы ақылдастық. Тәлімгеріме сабақта бағалау парақтарын, мадақтау арқылы қалыптастырушы бағалау, сабақты қорытындылау үшін рефлексия жүргізуді ұсындым. Өз ұсынысымды жаңашыл мектепте «...оқу және зерттеуді қалыптастыру үдерісін басқармай, керісінші бағыт- бағдар беру үшін мұғалімдер өз рөлдерін қайта қарауы керек» деген тұжырыммен негіздедім. Оқушылар сыни ойлаулары мен зерттеу дағдыларын дамытулары керек. (Александер, 2004) Мен тәлім aлушымның cынып оқушыларына төмендегі cауалнаманы жүргізуін өтіндім.

Оқушыға  қойылған  рефлексиялық  cұрақтар : 

1.      Топтық  жұмыс  қалай  жүрді? 

2.      Сабақта  тағы  не  білуді қалайсың? 

3.      Сабақтың тағы да қандай болып өткенін қалар eдің? Ұсынысың.

Тәлім aлушыма  қойылған  cұрақтар : 


1. Жоспарлаған мақсатыңа  жеттің  бе ? Оны қандай дәлелдермен  жеткізе aласың? 
2. Оқушының  бүгінгі  үйренгенінің  болашақта  қажеті  болуы  мүмкін  бе ? 
3. Сен бұл cабақты басқаша қалай ұйымдастыра aлар eдің?

    

Оқушылардың бүгінгі cабақты ұнатқандары 55 пайыз, aл топтық жұмыстың үнемі болғанын қалайтындар 82 пайыз, тақырыпқа қатысты қосымша aқпарат  aлғысы келетіндер  61 пайыз, сабақтың басқа формада өткенін қалайтын оқушылар  45 пайыз болып шықты. Бұдан оқушылардың cабақ оқуға, білім aлуға деген ынтасы өте жоғары деген қорытынды жасай аламыз.

            Мен өз тәлім алушыма оның сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша тапсырмаларды таңдауда таратпа материалдарға ғана емес, оның күрделілігіне де назар аудару керектігін ескерттім. Себебі, оқушылар бұл тапсырмаларды орындағанда тек бір ғана «иә» немесе «жоқ» деп ғана жауап бермей, ұсынылған тапсырмаларға кең көлемде, шағын мәтін құрып немесе тұтас бір тіркестермен жауап бергені дұрыс болар еді. Әрине, олар оқитын шет тілі бір- бірімен сөйлесу арқылы дамитыны мәлім. Біздің мектебімізде негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылатындықтан, ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне баса назар аударылатыны сөзсіз. Себебі, «әңгімелесу - ұжымдық тәжірибені қалыптастыру үшін негізгі құрал» (Мерсер, 2005) болып табылады.

Оқытудағы әңгімелесу түрлі идеялардың екіжақты бағытта жүруі болып табылатын қарым-қатынастың біржақты үдерісі болып табылмайды және оқушының білімінің көрсеткішін қамтамасыз етеді. (Александер, 2004). Балалар талқылау, диалог пен дәлелдеулерге белсенді бойұсынған жағдайда олардың интеллектуалды жетістіктері жоғарылайды және оқу сапасы жоғарылайды. (Wolfe and Alexander 2008). Мен тәлім алушыма  сонымен қатар жоғары деңгейдегі сұрақтарды құрастырып, оларға жауап беру үшін тапсырманы орындауда интернет ресурстарынан жауап іздеу үшін  сабақта интерактивті тақтадан басқа ноутбуктер мен планшеттерді қолдануды ұсындым. Мысалы, «Етістіктің шақ категориясы» тақырыбы бойынша сыныпта кластер құру және осы грамматикалық категорияны жыл мезгілдерімен салыстыру. Ғаламтор ақпараттарының арқасында оқушылар берілген тақырыпқа өте жақсы кластерлер мен коллаждар жасады. (Қосымша №1)

Бұл сабақта оқушылар көп қолдана бермейтін планшеттермен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Жұмысты осылай орындау,әрине, менің тәлім алушыма ұнаған жоқ, алайда менің сабақты жоспарлағанда берген кеңесіме назар аударып, оны енгізгеніне риза болдым. Егер жаңа технологиялар оқыту мен білім беру үдерісін жетілдіруде өзгертуші болса, оқу сабақтарын жоспарлау үдерісі пәндік білімдерін, әдістеме мен оқыту технологияларын кіріктіруді қарастыруы керек. Білімнің үш аймағын байланыстыра алатын мұғалім жеткілікті тәжірибе мен жоғары кәсіби шеберлікке ие.  (Mishra and Koehler, 2006). Ақыры жүргізілген соңғы екі сабақтан кейін менің тәлім алушым өз оқушыларының көзінен ұшқын көрді-ау. Тәлімгер жұмысының барлық жүру барысында, тәлім алушымның сабақтарына қатысқан уақытта, диалогтық оқыту мен топтық жұмыста оқушылардың әрекетін жіті қадағалай отырып , олардың танымдық белсенділігінің қаншалықты өскенін байқадым. Сонымен қатар, тәлім алушымен тиімді жұмыс оның білім берудегі тәжірибесін жетілдіру мен сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдауда өзара сенім мен келісімге негізделгенін ескерте кеткен дұрыс деп ойлаймын. Тәлім алушыммен жүргізілген әңгімелесу барысында қатысқан сабақтарымдағы бақылауларым мен түсірілген бейнетүсірілімдерді бірге қарау кезінде өзім байқаған сәттерге назарын аударып отырдым. Сабаққа дайындық барысында мәселе туындаған сәттерді шешу үшін ұсыныстар енгізілді және бағдарламадағы жеті модульдің идеясын қолданғанға дейінгі және кейінгі сабақтардың жетістігі талқыланған, сұхбат түрінде жүргізілген ауызша кері байланыс ұсындым. Жеті модульдің идеясына қатысты тәлім алушым тарапынан сұрақтар туындаған жағдайда бейресми әңгімелер де жүргізілді. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіру мен білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында көмек көрсету үшін жүргізілген тәлімгерлік үрдісі туралы пікір жазған кезде тәлім алушым жазбаша кері байланыс та жүргізілген болатын. (Қосымша №2)

Тәлімгердің өзін- өзі бағалауы:

Қорытындылай келе, кейде туындаған қиындықтар мен бойымызда қалыптасқан стереотиптерді жеңудің қиын екендігіне қарамастан тәлім алушыммен тәлімгерлік үдерісі  сәтті жүргенін айта кетуді жөн көріп отырмын. Сонымен қатар, әріптестік, адалдық, әділдік  пен ақкөңілділік негізінде менің және тәлім алушымның арасында сенімді қарым- қатынас орнады деп берік сеніммен айта аламын. Менің тәлім алушым қалыптасқан дәстүрлі оқыту түрлерінен, стереотиптерден арылуды және өзінің тәжірибесіне  сабақ жүргізуде кіріктіргісі келген бағдарламаның жеті модулінің идеясының көмегімен өзгеріс енгізуді өзі қалаған болатын. Оның дәстүрлі сабақ түрінде өткен ең алғашқы  сабағына қарағанда келесі сабақтары тек оған ғана емес, оқушыларына да қызықты болды.  Сабақты жоспарлау барысында оның сабағында қолдануға таңданылған тапсырмалар сәтті болды, себебі бұл әдіс- тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың қызығушылықтарына сәйкес келетін еді. Сыни тұрғыдан ойлаудың, мысалы, «Етістіктің шақ категориясы» тақырыбы бойынша кластер жасау мен «матрешка» тақырыбына синквейн құрастыра алу тәсілдері оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жандандырады. (Қосымша 3)

Тәлімгерлік үдерісін қорытындылай отырып, егер маған бұл үдерісті тағы бір рет жүргізу мүмкіндігі берілетін болса, сыни ойлау мен оқыту үшін бағалау модульдерін қолдануға баса назар аударар едім. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар талқылауда бір- бірімен ана тілдерінде сөйлесті, жауаптарды сөз, тіркес, қысқа, толық емес мәтіндерді құрастыруда орыс тілін қолданды. (Қосымша 4) Әрине, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, атап айтқанда диалог біршама танымдық құдыретке ие (Wolfe and Alexander,2008) екеніне дауым жоқ.

 Оқушылардың  коммуникативтік дағдысын дамытуға тиімді және сәтті мүмкіндік беретін сыни ойлау мен зерттеу дағдылары даму керек екені талассыз (Wolfe and Alexander,2008). Және сонымен қатар бағалау өзін- өзі және өзара бағалауда кері байланыс ретінде мұғалім мен оқушылардың ақпаратты ұсынуы арқылы көмек көрсетеді. (Қосымша 4)Оқу үшін бағалау, әсіресе, оқушылардың оқу үдерісінде ынталылығын арттырып, түрткі жасайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015 ж.) Менің тәлімгерлік үдерісінде өз бақылауымда баса назар аударған оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері бұл – білімді жүйелеу және ой бөлісу үрдісіне қатысуда қажет құрал ретінде тілді қолданудың жаңа тәсілдерінің тәжірибесі  (Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015 ж.). Тәлімгерлік үдерісі тәлім алушының кәсіби дамуына бағытталған, сондықтан мен ары қарай өз тәлім алушыммен жұмысты жалғастыра беремін және басқа да әріптестеріме көмегімді аямаймын (Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015 ж.). Бұның барлығы, әрине, менің өзімнің білімім мен тәжірибемді бөлісуші тәлімгер ретінде дамуыма да қажет. Мектебімізде Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші деңгейлік курсты бітірген мамандар баршылық, олар маған оқыту үдерісіне бағдарламаның жеті модулі идеясын енгізуге көмектеседі деп ойлаймын.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015 ж.

2.Egan,G.(1998).The Skilled Helper. A Problem Management Approach to Helping (6th ed.)(Квалифицированный помощник. Подход к управлению проблемами для оказания помощи).Brooks Cole.

3.Александер Р. Диалогическое преподавание: переосмысление бесед в классе. Кембридж: Дайалогос UK,2004.- 48c.

 

 

Қосымша

Қосымша 1                                   Оқушылар жұмысы

Отображается файл "20160328_142416.jpg"

Қосымша 2          Тәлім алушының есебі

Қосымша 3           Сабақтан көрініс

 

Қосымша 4                                Оқушылар рефлексиясы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәлімгерлік ету бойынша талдау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.08.2016 8234
    • DOCX 870.6 кбайт
    • 64 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейсенбаева Жадыра Шарифхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 26207
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой