Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / "Тәлімгерліктің жаңаша мазмұны". Доклад

"Тәлімгерліктің жаңаша мазмұны". Доклад

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

СҚО, Тайынша ауданы, «№2Чкалов ОМ» КММ.

Шындаулетова Ляззат Талгатовна

Тәлімгерліктің жаңаша мазмұны.
Бүгінгі таңда, ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі.

Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Бұл яғни тәлімгерліктің жаңаша мазмұны.

Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ?

Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету барысында тәлімгердіктің маңызы зор.

«Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» болатын болса, тәлімгерлік осы тұжырымдаманың іске асуына негіз болмақ. (слайд-2)

Тәлімгерлік - ұзақ  уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушының  арасында,  сенімді,  жеке тұлғаға бағытталған  қарым – қатынаc  құру үдерісі. Тәлімгерлік ету барысында  тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгерлік  тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына  көмектеседі.

Тәлімгерліктегі басты ұстанымы қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады.


2013 оқу жылынан бері мектебімізде тәлімгерлік жұмысы іске асырылып, жүйге еңзіліп келеді. Жүйелі тәлімгерліктің іске асырылуына ұжымның 3 мұғалім 1деңгейден, 4 мұғалім 2 деңгейден, 3 мұғалім 3деңгейден өткенінің әсер зор. Жүйелі тәлімгерлік- ол тәлімгер тәлім алушыға күнде қолдау көрсетіп отыру керек және мұғалімдердің жақында алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, оларды табысқа ұмтылуын қамтамасыз ету. (слайд-3)

Жалпы тәлімгерлік жеті ұстанымға негізделген болса, біз әр ұстанымын іске асырудамыз.

Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертуге қабілетті - тәлімгерліктің басты ұстанымы.

Осы бағытта біз тек мектеп ішіндегі тәлімгерлік емес, аудандық білім бөлімінен де ықпалын көрудеміз.Аудандық білім бөлімінің бас әдіскері Сулейменова Қ.С. тәлім етуімен, деңгейлік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Жаңаша оқыту – заман талабы» атты желілік қоғамдық аясында семинар өтті.( слайд-) Онда деңгейлік бітірген мұғалімдер коучингтер, ашық сабақтар ұйымдастырды.Бұл біздің мектептегі тәлімгерлік жұмыстың нәтижесінің алғашқы көрсеткіші болды.

Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін бірақ жүйе ішінде жағымды өзерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші бола алады.

Оған дәлел мектебіміздің ата-аналарға ұйымдастырған - воркшоп. Оқу сапасы мектеп пен ата-ана бірлесіп әрекет еткенде нәтиже беретіні сөзсіз. Ворк-шопта деңгейлік бітірген мұғалімдер ата-аналарға бағдарламаның жалпы мазмұнын таныстырып өтсе, тәлім алушы деңгей өтпеген мұғалімдер жаңа түрде ашық сабақтар берді.(слайд-) Воркшоп барысында тәлімгерлік пен тәлім алушының арасындағы қарым-қатынас нығыздала түсіп, оның нәтижесі көрінді. Өйткені нәтиже бір мұғалімнің іс- әркеті емес, бірнеше әріптестердің еңбегінің жемісі,яғни тәлімгерліктің жаңаша тұсы.


Мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсету-

осы тұста ашып айтқым келетіні тәлімгерліктің жаңашыл тұсының тағы бір қыры ол мектебіміздің мұғалімдерінің мектеп, аудан көлемінде шектелмей облысқа шығуына ықпал етуі. Өйткені тәлімгерлік бұрынғы дәстүрлі жолда екі адам арасында жүрсе,қазіргі жаңашыл ұтымды тұсы ол бірнеше адамның жауаптылықты түсіне білуі, бірлесіп әрекет етуі, оқу үдерісінің тиімді жолдарын құру бағытында іске асады. Соның нәтижесінде «Көп түкірсе –көл болады» дегендей нәтижесі де көзге көрінеді. Оған дәлел алдыңғы бірнеше жылда мұғалімдердің облысқа шыққан көрсеткішін,соңғы екі жылдағы көрсеткіші басып озды. (слайд-) Бірлесіп жоспарланған шеберлік сыныптар мен коучинг сессиялар өткізіп жүлделі орындарға ие болды.


Құзырлы тәлімгер тәлім алушының оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сондықтан да биылғы оқу жылында да мектебіміздегі құрылған фокус топтар тәлімгерлік жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында жоспарлап алып,жұмыс жасауда .Оқу жылының басталғанына көп уақыт өтпегеніне қарамастан әр фокус топтағы деңгей өтпеген мұғалімдер, коучинг сессияларынан және тәлімгерлерінен алған тәжірибесін өздерінің сабақтарында қолданып, ашық сабақтарды өткізе бастады. (слайд-)


Тәлімгерлік тәлім алушының кәсіби дамуына бағытталған ғой.

Осы мақсатта алынған менің фокус тобымдағы, тәлім алушым математика пәнінің мұғалімі: Ибраева Жанар Утемуратовна

Мен тәлім алушымның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне аса басты назар аударудамын.Көп уақыт өтпесе де мектебіміздегі жүйелі әрекеттің барысында тәлім алушыма бұрын қол жетімсіз болған мүмкіндіктерге «есік аша» алдым деп ойлаймын.

Оған сіздердің де көздеріңізді жеткізу үшін тәлім алушымның берген бірнеше сабағынан бірнеше мысалдар ( үзінділер) көрсеткім келеді. (слайд-)


Тәлім алушыммен қарым –қатынасымды талдай, сараптай келе «Тәлімгерлік - тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды  қарауға мүмкіндік береді» деген қағиданы қолдағым келеді.Үйткені тәлімгер мен тәлім алушының арасында қарым- қатынас мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік  беріп қана қоймайды, кездескен проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі.Әрине тәлімгерлік шамалы уақытта жүзеге асатын үдеріс емес, ол ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-қатынас.


Тәлімгерлік үдерісі арқылы тәлімгер өзінің және тәлім алушысының тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады дей отырып, Луций Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз» деген сөзімен аяқтаймын.






 

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров38
Номер материала ДБ-379431
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх