Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен
Қырғауыл. С.Көбеев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мысалдың негізгі ойын меңгерту, автор туралы мағлұматпен
таныстыру. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей
білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге өзіндік пікір айтуға үйрету. Дамытушылық:
Сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын
кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа,
адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі
әдебиеттік оқу сабағын сендерге мен өткіземін, аты-жөнім - Әйкен Гүлжанат
Мұғалімбекқызы.
Психологиялық дайындық. «Өрмекшінің
торы»
-
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын «Өрмекшінің торы» деген ойын
ойнаймыз.
- Бұл ойын лента арқылы ойналады. Қазір мен біреуіңе жақсы тілек айтып, лентаның
ұшын лақтырамын. Лентаны алған оқушы жылы сөз айтып оны келесі оқушыға
лақтырады. Ойын лента ұшы біткенше жалғасады. Сонда балалар, ойын соңында бізде
өрмекшінің торы пайда болады.
ІІ.Өткен сабақты қайталау. «Өрттен құтқарушы
иттер» әңгімелеу. Әңгімеде қандай оқиға
болған?
Суреттегі итке ат
қойыңдар.
Ол не істеп жүр? Өрт
неден шығуы мүмкін деп
ойлайсыңдар? «Өрт-тілсіз
жау» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ
шешкізу:
Бұлаңдаған
құйрығы,
Бір алдарлық
қулығы (түлкі)
Бір
топ жыңғыл ішінде,
Бір
жапырақ қызыл гүл.
(қырғауыл)
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Түлкі мен Қырғауыл» ертегісі.
-
Балалар, жұмбақтың шешуіне назар аударайық.
-
Бұл қандай аңдар?
-
Олар қайда мекен етеді?
-
Немен қоректенеді?
-
Қандай пайдасы бар?
-
Қандай зияны бар?
Қызығушылықты ояту:
«Ертегі кейіпкерлерін сипатта» ойны (сәйкестігін анықтау)
Балалар оқыған ертегілердің кейіпкерлерін еске түсіріп, типтік
мінездерін атау.
|
|
айлалы
|
Аю
|
|
айбатты
|
Қасқыр
|
|
қорқақ
|
Түлкі
|
|
сымбатты
|
Арыстан
|
|
сұлу
|
Қарлығаш
|
|
қорбаң
|
Қырғауыл
|
|
қырағы
|
Бүркіт
|
|
ақымақ
|
ІV. Оқулықпен жұмыс.
С.Көбеев.
«Түлкі мен Қырғауыл» Спандияр
Көбеев (1878-1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның
еңбек сіңірген мұғалімі. Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні
Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында
дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты
қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен
күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез
құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған
ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты
1901 жылы бітірген. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін
ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді. Осы жылдан бастап
өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та
жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында
баяндады.
1)
Іштей оқыту;
2)
Ролге бөліп оқу;
Жаңа сабақ бойынша сұрақ-жауап:
-
Түлкі қырғауылға қай жерде кездесті?
-
Қырғауыл неден қорықты?
-
Түлкі қандай айла ойлады?
-
Қырғауыл қандай тапқырлық
көрсетті? -
Қайсысы жеңді деп
ойлайсыңдар?
- Адамдар арасында осы мысалдағыдай жағдай кездесе ме?
Сергіту сәті. «Көңілді күн» музыка тыңдату
V.Дәптермен жұмыс. Күнді жазғызу.
Венн диаграммасы бойынша кейіпкерлерді
салыстыру
Сөздік жұмыс:
разы – риза болу
бұйрық – жарлық, ортақ заң
зорлық қылмасқа – ренжітпеу
VІ.Бекіту. Өздеріңе ұнаған кейіпкердің суретін
салу.
VІІ.Қорытынды.
-
Бүгінгі сабақта не өттік?
-
Ертегі не туралы?
-
Авторы кім?
-
Түлкі қандай аң?
-
Қырғауыл қандай құс?
-
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
V. Үй тапсырмасы: Мәтінді мазмұндап
келу.
VІ. Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды
смайликтер арқылы бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.