Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Түлкі мен тырна ертегісі

Түлкі мен тырна ертегісі

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім беру саласы: Вариатив, Қатынас, Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Воскобовичтың дамыту ойындары,

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беру. Бала бойында достық, қамқорлық, кішіпейілділік қасиеттерін ояту. Ертегі мазмұны мен жағымды, жағымсыз кеіпкерлерді ажыратуға баулу. Ертегі желсі бойынша тапсырмалар үйрету арқылы кейіпкерлерді достыққа шақыру.

Сөздік жұмыс: түлкі, тырна.

Биллингвалды сыңары: түлкі-лиса, тырна-журавль.

Заттық дамыту ортасы: көлеңкелі театр сахнасы, ертегі кейіпкерлері, Воскобовичтың дамыту ойындары, интерактивті тақта.


Әрекет түрлері

Педагоктың іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық -

қозғау шылық

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз.

Үйге қонақ келгенде:

«Сәлеметсіз бе!», - деп,

Амандасып аламыз.

Балалар сендердің бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

Сендер менімен бірге саяхатқа шыққыларың келе ме?

Олай болса мен сендерді Ертегілер еліне саяхатқа шақырамын. (балаларды әуен ырғағымен поезд тәріздес етіп жүргіземін. )

Таңғажайып сәт.

Балалалардың алдынан Ертегілер елінің ханшайымы шығады.

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерді көріп қуанып тұрмын. Сендер қандай мақсатпен Ертегілер еліне келдіңдер? Сендердің келгендерің өте жақсы болды. Маған сендердің көмектерің өте қажет болып тұр. Менің елімде екі ертегі кейіпкері бір біріне ренжіп қалыпты.

Олардың кім екенін жұмбақтар шешу арқылы ғана біле аламыз. Ал мен осы жұмбақтарды шешуге қиналып отыр едім. Сендер көмектесеіңдер ме?

Жұмбақтар:

  1. Өзі айлакер қу,

Жүрген жері айқай да шу.

(түлкі)

  1. Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

(тырна)


Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.


Көңіл-күйлерін айтады.

Саяхатқа шығады.



Ханшайыммен сәлемдеседі.


Көмектесуге келіседі.




Жұмбақтарды шешуге келіседі.


Түлкі.



Тырна.



Ұйымдасты рушылық-ізденіс тік




Ханшайым:

-Балалар бұл «Түлкі мен тырна» ертегісіндегі кейіпкерлер гой. Сендер осы ертегіні тамашалағыларың келе ме?

Олай болса жайғасып отырып ертегі тыңдаңдар.

«Көлеңкелі театр» әдісімен «Түлкі мен тырна » ертегісін айтып беру.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

-Бұл жерде қандай кейіпкерлер бар?

-Түлкі тырнаны қонаққа шақырғанда қандай ыдыспен тамақ берді?

-Тырна іше алды ма?

-Ал тырна түлкіге не істеді?

-Ертегі кейіпкерлері бір-біріне ренжіп қалды. Оларға достық жетіспейді.

-Балалар біз түлкі мен тырнаны достарсырсақ қайтеді.

Олай болса ең алдымен сергіту жаттығуын орындап алайық.

Сергіту сәті

Саусақ ойыны: «Гүл.»

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Түлкі мен тырнаның бір біріне тапсырмалары бар екен, соларды орындаса ғана достасады екен. Оларды достастыруға дайынбыз ба?

Балаларды екі топқа бөліп отырғызып, «Түлкілер» мен «Тырналар» тобына бөлемін.

  1. Логикалық сұрақтар. «Не артық»? (Интерактивті тақта бойынша балаларға тапсырма беріледі.)

  2. Қимылды ойын: «Кім жылдам».

Тақтадағы пішіндердің ішінен 1-топ қызыл түстіні, 2-топ жасыл түсті пішіндерді жинайды.

3. Сыйлық.

Кілемшеде түлкі мен тырнаның тамақ құйып берген ыдыстарын, нүктелерді жіп арқылы қосып көрсету.


Ханшайым балаларға рахметін айтып оларға өз сыйлығын табыс етеді. Музыка әуенімен балабақшаға оралу.



Ия.


Ертегіні тамашалайды.


Сұрақтарға жауап береді.










Саусақ жаттығуын орындайды.











Тапсырмаларды орындауға келіседі.

Топқа бөлінеді.

Тапсырмалар ды орындайды.











Қоштасады.

Рефлексия-лық-коррекция-лаушы

-Біз қайда саяхатқа бардық?

-Ол жақта кімді көрдік?

-Ханшайым қандай көмек сұрады?

-Ертегі кейіпкерлерін ата.

-Түлкі мен тырна бір біріне неліктен ренжіді?

-Біз оларды қалай достастырдық?

-Балалар бүгін сендер үлкен іс тындырдыңдар. Ренжісіп қалған түлкі мен тырнаны достастырдыңдар.

Жарайсыңдар балалар.

Ертегі еліне.

Ханшайымды.

Жұмбақ шешуге.

Тапсырмалар орындап.

Жасаған әрекеттеріне мақтанады.

Күтілетін нәтиже: Біледі, жасайды: ертегі мазмұнын түсініп, тыңдайды. Түсінеді: кейіпкерлердің іс-әрекетінің дұрыс еместігін.

Қолданады: достық сөзінін түсініп, бір-біріне қамқор болуды.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров1220
Номер материала ДВ-452000
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх