Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / «Төменгі сынып оқушысының жыныстық – өнегелі тәрбиеде отбасының рөлі» (1-4 сыныптарға арналған өнегелілік сабағы)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Төменгі сынып оқушысының жыныстық – өнегелі тәрбиеде отбасының рөлі» (1-4 сыныптарға арналған өнегелілік сабағы)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 НЖББ мектебі» ММ





«Төменгі сынып оқушысының жыныстық – өнегелі тәрбиеде отбасының рөлі»

(1-4 сыныптарға арналған өнегелілік сабағы)

http://www.fakulteti.mk/Images/News/2012/07/Sex-Education1-360.jpg







Дайындаған:

Бекмагамбетова С.Н.











Қостанай 2016 оқу жылы



Тақырыбы: «Төменгі сынып оқушысының жыныстық – өнегелі тәрбиеде отбасының рөлі»

Мақсаты: Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесінде өнегелілік жыныстық қатынас туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Міндеті: жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.

Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы болмақ.

Түрі: өнегелі сабақ

Техникалық жабдық: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу» яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі әкелген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген. Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезі мен уыздай тәтті қылығымен, әдепті-ізеттілігімен, иманды-инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Осындай ұлттық тәлім-тәрбие алған қыз бала болашақта ардақты ана, сүйкімді жар болары сөзсіз. Халқымыз «Әйел – барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиетті санап, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған. Өйткені әйел – ана – әрбір отбасының алтын діңгегі. Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарына түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымызды, ұлтымызды тәрбиелейтін қыздарымызды теріс жолдан аулақ ұстап, тәрбие бергеніміз жөн. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады:

  • бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;

  • бесінші – сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі;

тоғызыншы-он бірінші сыныптар. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасының, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Тәрбие мәселесінде ұсақ-түйек деген болмайды. Бізге білімділікпен қатар өресі биік, адамгершілігі мол, ата салтты қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу керек екені белгілі. Бұл бағытта тек мұғалімге ғана жауапкершілікті артып қоймай, бүкіл қоғам, әсіресе ата-аналар да бірлесе жұмыс жасау керек.

Қыз балаға өмірде жүктелер жауапкершілік аз емес... Қыз бала бойындағы сұлулығы мен әдептілігі асыл қасиеттердің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал, қазір жасыратыны жоқ, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көтеруде. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат алтын әшекейлер тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығымен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Соңғы жылдары сәнге айналған кіндіктен төмен шалбар, келте көйлек қазіргі кезде кез келген қыздың киім ілгішінен табылады. Осы киімді киген бойжеткендердің бойынан нағыз қазақ қыздарына тән қасиеттер өгейсіп кеткендей. Көп қыздарымыз сән қуамыз деп жүріп ең басты байлық – денсаулықтан, ең керемет бақыт – ана болудан айырылатынын ескере бермейді. Осының бәрі тәрбиенің кемшілігінде екенінде дау бола қоймас. Бала оң мен солын тани бастағаннан бастап, қыз-шешесі мен әжесінің, ұл - әкесі мен атасының қамқорлығына көшеді. Шеше мен әже қызының инабатты да өнегелі болып өсіп, ертеңгі күні болашақ жарына адал серік, баласына мейірімді ана болуына қажеттінің бәрін біртіндеп сәтімен үйрете бастайды. Мұндай тәрбие мектебінен шыққан қыз бала үй шаруасына оралымды, төңірегіне жұғымды, ибалы да қылықты болып өседі. Халықтың «ана көрген тон пішеді» деуінің мәні де осында.

Ал әке мен ата ұлын адал еңбекке баулып, ертеңгі күні ел қызметіне ерінбей жегілер есті азамат болуға тәрбиелейді. Мұндай тәрбие көрген ұл бала ер мінезді, намысшыл болып келеді. Сын сағатта бұғып қалмай, суырылып алға шығып, ел намысын қорғайтындар осылардың арасынан шығады. «Ата көрген оқ жонады».

Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей!

Бұрынғы жүйеде мектеп жасынан бастап қыздарға ұлдармен бірдей тәрбие жүргізуді мақсат тұтты мектептер. Қоғамдық жұмыстарды көп атқаруға, комсомол, пионер белсенділеріне тәрбиеледі. Сол комсомол жұмысының соңында кетіп, тұрмыс құруды ұмытқан қаншама «патриот» қыздарымыз жүр?! Басы ауырып, балтыры сыздаған жағдайда не басын сүйер азаматы, не балалары жоқ. Асылы, жалғызбастылық деген заты қазаққа жараспайтын қылық.

Ал, қазір ше?! Қазіргі қыздардың тәрбиесінің бұзылғанын кімнен көреміз? «Қызға қырық үйден тыйым» деп текке айтпаған ата-бабамыз. Қыз тәрбиесі – ел тәрбиесі. Олардың тәрбиесіне қарап-ақ басқа елдер халқымызға баға береді.

Ар, ұят, әдеп, иба деген терминдерді көнерген сөздер қатарына қосып ала жаздағандаймыз. Айтылып, жазылып та жатқан имандылық жайлы көп нәрселерді жастарымыз оқымайды-ау, міне, нағыз өкініш осы. Ер адамдарға ибалы, инабатты, тәрбиелі, адал, абыройлы, болашақ өнегелі ұл-қызының анасы керек.

Балалар тәрбиесі – ең қатты мән беретін жағдай. Ата-ананы сыйлау, елге қызмет көрсету, ұрлық-зомбылықтан аулақ болудың бастауы ислами тәрбиенің негізі екен. Кішкентайынан балаға бір Алладан қорқуды үйретіп қойса, кейін иман баланы өзі тәрбиелейді екен. Дұрыс тәрбие дегеніміз: біріншіден, өтірік-өсектен аулақ өсіру, бірді-бірге соғып, қулық-сұмдық жолмен біреудің бірдеңесін қымқырып, жымқырып жүргендер үстімізге жұққан дақ; екіншіден, үлкенді сыйлау, яғни ізеттілікке баулу; үшіншіден, үй-іші тіршілігіне-тоқу, тігу, ас әзірлеу,тазалық жағына үйрету; төртіншіден, ер балаларды сыйлауға, қадірлеуге үйрету, болашақ ерлі-зайыптылыққа баулу деген сөз бұл; бесіншіден, талғаммен киіну. Алтыншыдан, әдептілікке дағдыландыру. Сөз мағынасын түсініп сөйлеу. Сөз жарыстырып, бағжаңдап, тайраңдап деген сияқты түрпідей тиетін мінезден сақтау. «Әке отырып ұлы сөйлегеннен без, шеше отырып қызы сөйлегеннен без» деп халқымыз философиялық ілімді текке айтпаған.

Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру болып табылады. 
Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар: 
жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы; 
денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы; 
үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы. 

Әдетте ата-аналар балаларын қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін көп күш салады. Балаларды өнегесіздіктен қорғау үшін де осылай еткен дұрыс. Мұның бір жолы — жыныстық жағынан өз орнымен тәрбие беру. Бұндай тәлім-тәрбие өте қажет, өйткені бүгінгі таңда теледидар, Интернет, кітап пен әзіл-сықақтарда азғын көріністер ашықтан-ашық бейнеленеді. Даян Левин есімді профессор әрі жазушы бұған қатысты былай дейді: “Мәселе балаларымыздың жыныстық қатынас туралы біліп жатқанында емес. Мәселе олардың нені, қай жаста және кімнен үйреніп жатқанында. Жарнамашылар мен кең тараған көзқарастар оларға жыныстық қатынас туралы бұрыс мәлімет беріп, саналарын улауда”. Ата-аналар балаларын қоғамды ірітіп-шірітіп жатқан азғын, бұрмаланған көзқарастардан қорғаулары қажет. Мысалы, балалар дене мүшелерінің атқаратын қызметін, сондай-ақ өз тәндерін қалай күтіп, азғын адамдардан қалай қорғану керектігін де білулері қажет. Қыз бала өсіп-жетілмей тұрып, яғни жыныстық жетілудің белгілері пайда бола бастағанға дейін, тәнінде болатын өзгерістер жайында және етеккірдің қалай және неліктен келетінін білуі керек. Сол сияқты ер баланың да түнгі уақытта шәуеттің бөлінуі туралы білгені жөн. Ата-аналар кішкентай балаларына жыныс мүшелерінің дұрыс атауларын үйретсе болады. Сүюші ата-ана оларға бұл дене мүшелері жайлы үш негізгі жайтты үйреткендері жақсы. Біріншіден, олардың басқа дене мүшелерден орны бөлек әрі олар жабық ұсталу қажет. Екіншіден, оларды жаман мәнерде сөз етпеу керек. Үшіншіден, оларды өзгелерге көрсетуге не ұстатуға болмайды. Ата-аналар мұндай тәрбиені қашан бастаулары керек? Көбісі ойлағаннан ертерек. Қыз баланың етеккірі 10 жаста не одан ертерек басталуы мүмкін. Ал ұлдарда түнгі мезгілде шәуеттің бөлінуі 11, 12 жаста-ақ басталуы ықтимал. Бала бұл жайттардан бейхабар болса, ағзасында орын алатын бұл өзгерістер оны қатты алаңдатуы мүмкін. Сондықтан оған мұндай табиғи өзгерістерден еш қорқудың қажеті жоқ екенін алдын ала айтып қойғандары жөн. Бұған қоса, ата-аналардың балаларына бүгінде білім беру бағдарламаларының көбісі елеусіз қалдырып жатқан Киелі кітаптағы моральдық нормалардың құндылығы мен оларды ұстанудың маңыздылығын түсінуге көмектескендері жақсы. 

Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ, тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Алдағы мақсат- дамыған елу елдің қатарына ену. Ал қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт талабы – жарнамалық технология.Сондықтан қоғам уақыт талабына сай өмір сүру үшін заман адамдардан жеке тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық сана – сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды қажет еткендей. Қазақ халқы ежелден келе жатқан мәдени мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін жалғастырып келеді. Осы байлықты нарықты заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек. Ең басты мәселе адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп Абай атамыз айтқандай, мемлекеттік тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім,тәрбие бар. Осы орайда болашақ сүйікті жар, ардақты ана – қыз баланың алар орны ерекше. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай, заман ағымынан қалмау – уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!






















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абишева Н.Ш. Қыз баланың әдебі туралы тағы да бір сөз... [мәтін] / Н.Ш.

Абишева // Тәрбие сағаты. – 2014. - №1. – Б.21-22.

2. Ақылбекова, Е. А. Отбасындағы бала тәрбиесі [мәтін] / Е.А. Ақылбекова // Жанұя мен мектептегі тәрбие. – 2011. - №4. – Б. 12.

3. Қабылғазина Клара Ұрпақ тәрбисі – ұлағатты іс [мәтін] / Клара Қабылғазина // Ана мен бала. – 2014. - №06 (16) – Б. 16-18.

4. Салғараұлы, Қойшығара [мәтін] / Қойшығара Салғараұлы // Қазақстан әйелдері. – 2015. - №08-09. – Б. 12-14.

5. www.45minut.kz

6. www. Google.kz.

7. www.kazahzaman.kz.



































C:\Users\user\Downloads\6.jpg





























C:\Users\user\Downloads\7.jpg



























C:\Users\user\Downloads\8.jpg





















C:\Users\user\Downloads\1.jpg

















































C:\Users\user\Downloads\3.jpg

















































C:\Users\user\Downloads\4.jpg





















C:\Users\user\Downloads\5.jpg

















































C:\Users\user\Downloads\9.jpg


























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-424694

Похожие материалы