Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / HTML тілі ортасында web-сайт құру және web-дизайн жасау негіздері. 11 сынып

HTML тілі ортасында web-сайт құру және web-дизайн жасау негіздері. 11 сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«ТЕКСЕРІЛДІ»

___________________ АӘК әдіскері




Информатика 11-сынып


Сабақтың тақырыбы: HTML тілі ортасында web-сайт құру және web-дизайн жасау негіздері.

Сабақтың мақсаты:

  • Дұрыс ойлай білуге, жауапкершілікке және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

  • HTML тілі ортасында Web-сайт құру және Web-дизайн жасау негіздерін меңгеруге жан-жақты түсініктер беру және теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге бейімдеу, практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  • Ақпараттық мәдениетін дамыту және логикалық терең ойлай білуге машықтандыру.

Оқыту нәтижесі:

  • оқушылардың HTML тілі, Web-сайт құру және Web-дизайн жасау туралы түсініктері қалыптасады;

  • ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін арттырады;

  • үйренген білімдерін тәжірибеде қолдана алады;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың өткізілу әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, өзіндік жұмыстар орындату

Сабақтың өткізілу формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта және оның құралы, компьютер құрылғылары, тақырыпқа байланысты презентация, үлестірмелер.

Негізгі дереккөзі: 11-сыныпқа арналған оқулық.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сабаққа қатысуын түгендеу.

- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру


ІІ. Жаңа сабаққа әзірлік.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әрқашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. 

Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болуы керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. 


IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. 1989 жылы жарияланған HTML-дің бірінші үлгісінің авторы – Тим Бернес Ли. Идеяның негізгі мазмұны программа-браузерге арнайы түйін сөз-тегтердің көмегімен мәтінді қалай бейнелеу керек екендігін білдіру.

HTML құжаттарды көру үшін браузерлерді қолданамыз. Браузер – программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Microsoft Internet Explorer, Opera, Google Chrome.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды «тег» деп айтамыз.  HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұп, жұпсыз.

Жұп тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады.

Мысалы: тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы:  т.с.с.
Web-құжаттың құрылымы.

HTML құжаттың негізгі құрылымы төмендегідей:

 <html>
        
                  
                  …
                  
        
<
body>


HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы: Менің бірінші бетім - бұл жерде <FONT> – тег, face – атрибут, Arial – атрибуттың мәні. Кез келген HTML құжат тегімен басталып, тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. , тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.

, тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады:

  • тақырып бөлімі тегімен басталатын

  • тегімен басталатын негізгі бөлімнен.

Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін. , тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады. Мысалы: Менің бірінші web-құжатым   

бөліміне тағы тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.

- сайт  тілі

- сайт авторы

жоспары»> - іздеу қызметіне арналған сөздер 

- қай программада жасалынды

тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі. 

Web-құжатты компьютерде көру үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны .htm немесе .html форматында сақтайды.  




ІV. Білімді бекіту, пысықтау

1) «Пирамидаға шығу» – сұрақ-жауап әдісі /5 мин/

hello_html_m39512528.png












- Web-сайт, Web-дизайн дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сайттар жасауға арналған қандай тілдерді білесіңдер?

- HTML деген нені білдіреді?

- Тег деп нені айтады? Оның қандай түрлері бар және айырмашылықтары қандай?

- Web-құжаттың бөлімдерін атап беріңдер?

- Мына тегтің жазылуына түсіндірме беріңдер: Менің бірінші бетім .

2) Топтық және жеке жұмыстар орындау. /8 мин – әр кезең 4 минуттан/

Сынып оқушыларын «Дизайнер» және «Лектор» топтарына бөлу.

  • «Лектор» тобы «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында топпен бірге ой-толғау жүргізеді.

  • «Дизайнер» тобы компьютерде алдын ала дайындалған практикалық жұмыстарды жеке орындайды.

  • Тапсырманы орындауға бірінші кезеңге 4 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң оқушылар тобымен тапсырмаларды алмастырып орындайды.

3) «Көкпар» (талдау) /3 мин/

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында ой-толғау қорытындысын тыңдау.

4) «Ой қозғау» әдісі (жұптық жұмыс) /5 мин/

Компьютерде орындалған практикалық жұмысты талдау.

Тапсырма: оқушылар орындалған құжат программасынан жұп тегті жасыл, жұпсыз текті көк, атрибуттарды қызыл түске бояйды.


V. Сабақты қорытындылау, бағалау

- Тақырып бойынша түйін жасау.

- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау және мадақтау.


VІ. Үйге тапсырма

1) Тақырыпты қайталау

2) Қосымша дереккөздерден HTML-дің мәтінді форматтау және сурет қою тегтерін оқып-үйрену.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров602
Номер материала ДВ-311134
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх