Инфоурок Другое КонспектыТұнық жырдың тұмары эссе

Тұнық жырдың тұмары эссе

Скачать материал

Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп әдіскері

Елшинбекова Тамаша Бурибаевна

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған

«Тұнық жырдың тұмары» эссе

Көкте самғап қыраны,

Шарлап елди жыр-әні.

Фариза ақын өлеңі –

Тұнық жырдың тұмары.

(Т.Елшинбекова)

Поэзия – парасат пен сұлулықты, адамның ішкі әліме мен жан дүниесін байытатын сұлу әлем. Осы сұлу әлемге талай нар тұлғалар келген. Сол сұлу әлемнің ең тамаша жырларын ерекше шабытпен жырлай білетін, мүлгіген табиғатқа жан бітірген, өзара іштей үндескен ақындар көп. Солардың ішінде қазақ поэзиясына өзінің ойлы, сырлы, тұнық сырларымен тебіренткен, жырдың рухын асқақтата білетін, өлең өрнегіндегі лирик ақындардың бірі де бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Оның өзіндік ерекше үні бар, ешкімге ұқсамайтын жыры бар, «ақын» деген атауы бар нәзік, сыршыл, лирик ақын. 

Өз өмірінің өрнегін – қазақтың қара өлеңінен тапқан Ф.Оңғарсынова ақындық сара жолын орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, Қазақстан Республикасының Мәжілік депутатына дейінгі аралықта жүріп өткен. Саналы ғұмырын өзінің жаны сүйетін, қазақтың асыл қасиеті – ақындыққа арнаған. Жырдың тұнығына терең бойлаған, асыл сөздің адалдық қасиетін ешқашан жоғалтпаған ақын апамыздың өлең жолдарынан өмірінің өлшенбес байлығына арналған «жыр тұмарынан» мен де бір өзімше ой өрдім.

Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ғ.Мүсірепов: «Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында  тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін», - деп баға берген. Ақын өлеңдерінде мүлдем жасандылық жоқ. Бәрі – шынайы, табиғи, тұнық судай  тап-таза. Азаматтық лирикасы сыншылдығынан, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленді. Ақынның шығармашылығына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті өнегелі өмірінің тұмарына айналған кез келген туындысынан айқын көрініп тұрады. Адамзат тарихындағы шындық, адамгершілік, сенім, мазхаббат пен қайсарлық сияқты философиялық ұғымдар ақын поэмаларында салмақты көрініс тапқан.

Ол әйелдер жанының сыры мен құпиясын, мұңы мен арманын, жыры мен махаббатын көп  жазады. Ақын өзінің ішкі сезім күйлерін шертуге тұмар етіп – жырды арнады. Фариза – өз заманының ар-ұжданы. Ол – болашақ үшін өмір сүретін ақын. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фариза ақынның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы-поэзия болады.

Әйел – Ана тақырыбы – мәңгілік жыр. Тұмар ханшайымындай әйелдер мен жан дүниесіне барлау жасауда ақынның жеткен жетістігі шексіз. Оны ақын өзі де былай ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан дүниесіне өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерінің арқауы. Сондықтан да болар, ақын:

Менің жырым –

Құштарлық қысқан кеудемнен

Бұрқырап жатқан бір жалын, - дейді».

Ағынан ақтарыла жырлау ой-сезім тізгінін өлең жолында іріктей еркін ұстау – Фариза туындыларының өзекті қасиеті.

Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып орын алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше ден қойғандығы, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. Фариза ақынның мына бір жырына көз жіберсек:

Жыр –

Менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым,

Талықсып атар таңдарым

Айымдай жалқы арман үн, - дейді.

Фариза Оңғарсынова – Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Ол – шығармашылығы мен шабыты арқылы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы тұлға.

Жүрегімен жыр қашаған ақынның өлеңдері өмірлік өнеге алатын ақиқаттан бастау алатын, жан сусынан қандыратын тас бұлақтың таза суындай. Еншеде жұртты ысырып, өзіне жол ашпаған, басқаларды баса-көктеп төрге озбаған, ешкіммен жең ішінен жаласпаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, дөкейлердің қолына су құйып, қызметінен түскенде соңына шырақ алып тұспеген, жалған күліп, жорта жылығансып, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қөасиеті, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің?

Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары оқырман жүрегінде тұмар болып сақталады. «Жыр – менің жалғыз тарланым» - деп жырлаған ақын жүрек тұнық судай таза болып қалады.      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұнық жырдың тұмары эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 3152
    • DOCX 52 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елшинбекова Тамаша Бурибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елшинбекова Тамаша Бурибаевна
    Елшинбекова Тамаша Бурибаевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30042
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе