Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тұнғыш елбасы күніне арналған шығармалар жинағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тұнғыш елбасы күніне арналған шығармалар жинағы

библиотека
материалов

Купавцева Снежана hello_html_m6d7297b6.png

10- сынып







Тұңғыш Президент және менің Отаным

 Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,

адамзаттық намысың болса,

қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің

нығайып-көркеюі жолында жан теріңді

сығып жүріп, еңбек ет.

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ.Қосымша бөлім

ІҮ. Қорытынды бөлім


Мен Қазақстан Республикасында туғанмын. Қазір Ақмола облысы, Атбасар ауданының Мариновка ауылында тұрып жатырмын. Мариновка орта мектебінің 10 –сынып оқушысымын. Менің елім- керемет ел. Өйткені елім –Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің мақтанышымыз. Біздің Президентіміз әрқашан халықты бірінші орынға қояды, сондықтан халық оған сенеді, оған қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде менің елім - егеменді, демократтық, тұрақты эконономикасы бар және болашаққа нық қадам басқан мемлекет. Бұл –біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Президентіміз сонау тоқырау заманында еліміздің тұтастығын сақтап қала отырып, тұрақты дамитын мемлекет құра білді. Біз жас мемлекет болсақ та көптеген жетістіктерге жеттік. Біздің еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан мемлекет – бұл біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Бұл біздің ерекшелігіміз мемлекетіміздің басқа елдерден артықшылығын дәлелдейді, өйткені еліміздегі көптеген халық этностары тұтас мемлекет болып отыр, ал оларды біріктіретін Отанымызға деген сүйіспеншілік, тарихқа деген құрмет және Президентімізге деген сенім. Жыл сайын Президентіміз халқына жолдауында еліміздің болашағына арналаған ойлары мен жоспарларымен таныстырады. Әр жыл сайын Президент жолдауын мен де тыңдаймын. Өйткені жолдауда жастарға деген тарау болады.

Бүгінгі Қазақстан- білімді де болашаққа деген ұмтылысы мен құлшынысты жастары бар мемлекет. Еліміздің болашағы үшін Елбасы жастарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алуға жол ашты. Бұл оның көрегендігінің бір белгісі. Өйткені еліміздің болашағын осы білімді жастар ғана алға сүйреп, Президенттің арманындай әлемнің 50 дамыған елдері қатарына қоса алады. Жастардың біліміне салған қаржы болашақта жемісін беретін сала болып отыр. Осы бағдарлама арқылы қаншама жастар шет мемлекеттерден білім алып келіп, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамуға үлес қосуда. Менің де арманым солардың бірі болу. Сондықтан осы бастан толыққанды білім алғым келеді. Мақсатым- инженер болу. Ондағы ойым- еліміздің инженерия саласын одан әрі әлемдік деңгейге дейін көтеріп, дамыту. Ол үшін қазірден бастап жаратылыстану бағытында білім алып жатырмын. Күні кеше ғана біз компьютердің не екенін білмеген едік. Ал бүгінгі күні ғаламтор мен интерактивті тақтамен жұмыс жасаймыз. Бұл жедел даму емей не? Бос уақытымда ғаламтор көмегімен қосымша білім аламын, білімімді жетілдіремін. Бқл –еліміздің біз білім алу үшін жасаған мүмкіндігі екенін түсінімін. Сол үшін де толыққанды білім алып, Экпо -17 ден соң елімізде болатын өзгерістерді одан әрі жетілдіргім келеді. Өйткені бұл көрмеден кейін еліміздің болашағы одан әрі жарқын болатынына мен сенімдімін. Бұл – Президентіміздің сөзі және мен оған қосыламын.

Еліміздің әр азаматы бейбітшілікті және тұрақтылықты қалайды. Ата-аналар өз балалары жайлы ойлайды, жастар білім алуды көздейді, бірақ біз барлығымыз бір мемлекетті құраймыз. Ол мемлекет –Ұазаұстан деп аталады. Бұл – менің отаным. Біз жаңа мемлекетіміздің құрдасымыз. Сондықтан елімізбен қатар өсіп, дамып келеміз деп айтсақ та болады. Мен барлық қазақстандықтар сияқты өз еліме қажетті болғым келеді. Нық сеніммен еліммен және ұлы халқыммен мақтан тұтамын.

Болашақта елім ұлы да бай мемлекеттердің бірі болатытына сенімдімін. Солай болу үшін өз үлесімді қосуға әрдайым дайынмын.

Өйтені Қазақстан – менің Отаным, менің туған жерім, менің мемлекетім, менің болашағым!



Макаренко Надежда hello_html_m439ffacc.png

10- сынып





Тұңғыш Президент және менің Отаным

Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп,

тозығымыздан жирене білсек қана

өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз.  

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар:

І. Қазақстан –менің Отаным

ІІ. Еліміздегі ұлы адамдар.

ІІІ. Еліміздің көшбасшысы.

ІҮ. Президен және жастар.


Менің Отаным Қазақстан. Мен осы елде тудым және осында өмір сүремін. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын, өйткені елімізде әдемі жерлер көп, табиғаты өте сұлу. Тек туған елдің табиғаты ғана бізді керемет сезімдерге жетелеп, мөлдір өзен-көлдері мен жазық даласы және асқақ тауларымен сүйсіне білуге үйретеді. Тек қана өз Отаныңда ғана жазда күні арайлы шұғыла шашып, қыста қарларының ақтығы көз қаратпайтындай болып, ал жазғытұрымғы жаңбыры ең жылы болып көрінеді. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақтан достығы мен ынтымағы берік және қонақжай мемлекет. Қонақжайлылықты біз тұрғылықты қазақ халқынан үйрендік. Қазақ халқы еліне келген басқа ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алып, төрін ұсынған халық. Осы үшін де мен қазақ халқына әрдайым құрметпен қараймын. Сол үшін де мен қазақ тілін қазақтар сияқты толық меңгергім келеді, тек қазақша сөйлегім келеді.

Өз еліңді сүйе білу - оның халқын да сүйе білу. Қазақстанда ұлы ақындар мен ғалымдар өмір сүрген. Олар: Абай Құнанбайұлы, Шоұан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Қаныш Сәтбаев және т.б. Осы ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығымен танысқан сайын еліңе, туған жеріңе деген сүйіспеншілік одан сайын арта түседі. Менің туған жерімде осындай ұлы тұлғалардың өмір сүргенін мен мақтан тұтамын. Менің елім жаужүрек батырлары мен дарынды ақын-жырауларымен де мақтан тұта алады. Көптеген батырлар мен ақындарға елімізде ескерткіштер қойылған, есімдерін елді мекендер мен көшелерге, оқу орындарына берген. Бұл халықтың өз ұлы тұлғаларына деген құрмет сезімінің белгісі.

Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді болашаққа еркін жетелеп келеді және халық тағдыры үшін қолынан келгенін аямайтын көшбасшы. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. Астана - жас та сұлу қала. Астананы еліміздің орталығына көшіру кез-келген адамың қолынан келмейтін іс. Бұндай батыл қадамға тек қана болашаққа сенімді, көрегенді басшы ғана бара алады. Президентіміздің ұтымды да көрегенді саясатының арқасында еліміз жылдан жылға дамып, көркейіп келеді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевты әлемдегі ең дана адамдардың бірі. Осындай қысқа мерзім ішінде елімізді әлем деңгейіне көтеріп, ірі мемлекеттердің елімізбен санасуына жол ашқан біздің Президентіміз. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы тек қана бүгінгі күнді ойлайтын адам емес. Оған дәлел жастарға арналаған «Болашақ» бағдарламасы. Әлемнің озық оқу орындарында білім алу үшін жастарға тегін жолдама беру біздің мемлекетімізде ғана бар. Бұл Президентіміздің жастарға жасаған үлкен көмегі әрі артқан үміті деп білемін. Осындай үмітті жүзеге асыратын біз –еліміздің болашағы. Біз, Президентімізбен бірге дамыған, кемелденген Қазақстан болашағы үшін еңбек етуге дайынбыз!



















hello_html_69efc6fa.png

Холод Марина

8 –сынып

Қайда жүрсең Атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі ұясына

Қимай оны батады екен.

Қ. Мырза Әли

Менің Президентім 
Жопар:

І. Президент күні.

ІІ. Атамекен.

ІІІ. Қорытынды.


Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біз осы елде тұрып жатқанымыз үшін бақыттымыз. Елімізде мен сияқты көптеген балалар білім алып жатыр. Мен сегізінші сыныпта оқимын.Басқа балалар сияқты мен де өте жақсы оқуға тырысамын.Біздің осылай білім алып жүргеніміз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Себебі бізге оқу үшін барлық жағдай жасалған. 
Біз әлі төменгі сынып оқушысы болсақ та, көрші елдерде болып жатқан соғыстарды,оқиғаларды теледидардан көріп, естіп жүрміз. Ал біздің елімізде тыныштықтың болуы Президентіміздің арқасы деп білеміз Біздің мектепте Президент күніне арналған әр түрлі шаралар өткізіліп жатыр.Мектеп оқушылары осы күнді қарсы алуға үлкен дайындық үстіндеміз.Біз, Қазақстанның болашағы, қазіргі мектеп оқушылары Елбасы Нұрсұлтан атамыз осы құрметке лайық деп айта аламыз, себебі атамыз балаларға да үлкен көңіл бөлуде.Біздің мектепте де жақсы жөндеу жұмыстары өткізіліп жатыр.Мектебіміз күн сайын көркейіп келеді.Президентіміз бізге: «Еліңнің патриоты бол!» дейді.Біз елімізді Нұрсұлтан атамыздай сүйеміз, еліміздің патриоты боламыз, еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.Біз елімізді Нұрсұлтан атамыздай Президенттің басқарғанына қуанамыз, біз Президентпен бірге бақыттымыз!







Курамшин Ренат hello_html_m39c512e8.png

9 –сынып






Менің Президентім  және менің Отаным

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!
Иран –Ғайып


Жоспар:

І. Менің Президентім

ІІ. Өз ауылым

ІІІ. Менің туған елім


Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті,бейбіт өмір сүріп келеміз. 
Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. 
Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы.Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде.. Менің арманым Президент атамыздың атындағы мектепте оқып,елімнің үмітін ақтау. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда.

Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Менің үлесім жақсы оқуда,өзімді өз елімнің патриоты санаймын.Менің ауылым Мариновка көркейіп, адамдарда жұмыс болып, елімізде тиыштық болса екен деп тілеймін. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз! 




Рахимова Үміт hello_html_m73bd53a0.png

10 -сынып









Тұңғыш Президент және менің Отаным


Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы,

сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы, бүгіннен нұрлы,

бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар:

І. Туған өлкем

ІІ. Елбасы – менің мақтанышым

ІІІ. Елбасының халыққа жолдауы

ІҮ.Қорытынды бөлім


Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, 
болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, 
еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар 
Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени 
ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. Президентіміздің тасырысымен көптеген қазақ азаматтары өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз».

Ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған 
қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар

Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.



Елбасы елді қорғайды, 
Халық қамын ойлайды,

Халыққа онсыз болмайды.
 Осындай жақсы адамның,
 Жақсылығы тарайды. 

Адамдардың ақ батасын алады.

Фоменко Александр

10 –сынып



Қазақстан елім менің

Көшбасшысы Нұрсұлтан,
Балаларға, үлкенге,

Қамқор болған – бұл атам.
Нұрсұлтандай патшасын
Мақтан тұтар ел, Отан.

Мәңгілік ел боп қалар әрқашан.

Рахимова Үміт

10-сынып



Нұрсұлтандай атамыз,

Қазақ елін басқарған.

Атамыздай боламыз,

Ел тағдырын ойлаған.

Жаңа астана салдырған,

Жаңа өмірге жол ашқан.

Келешегі үшін елімнің

Экспоны да жеңіп алған.

Анисимова Анжела

10 –сынып











Талай жылдар аңсаған,

Еркіндікті әперді.

«туған елді, жерді сүй» -

Деп аманат етеді.

Көшбасшысында Нұрсұлтан

Мақсат айқын, біз серік.

Көк байрағым желбіреп,

Біз аттандық сізге еріп.


Бар баланың атасы

Жұмысы оның – Елбасы

Қазақстан еліндегі,

Бар баланың атасы


















Краткое описание документа:

Тұнғыш елбасы күніне арналған шығармалар жинағы

Мен Қазақстан Республикасында туғанмын.  Қазір Ақмола облысы, Атбасар ауданының Мариновка ауылында тұрып жатырмын. Мариновка орта мектебінің  10 –сынып оқушысымын. Менің елім- керемет ел. Өйткені  елім –Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.                                                                                                                               

    Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің мақтанышымыз.  Біздің Президентіміз  әрқашан  халықты бірінші орынға қояды,  сондықтан халық оған сенеді, оған қолдау  көрсетеді. Қазіргі кезде менің елім - егеменді, демократтық,  тұрақты эконономикасы бар және болашаққа нық қадам басқан мемлекет. Бұл –біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Президентіміз сонау тоқырау заманында еліміздің тұтастығын сақтап қала отырып,  тұрақты дамитын мемлекет құра білді. Біз  жас мемлекет болсақ та  көптеген жетістіктерге  жеттік. Біздің еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан  мемлекет – бұл біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Бұл біздің ерекшелігіміз  мемлекетіміздің басқа елдерден  артықшылығын дәлелдейді, өйткені  еліміздегі көптеген халық этностары тұтас мемлекет болып отыр, ал оларды  біріктіретін  Отанымызға деген сүйіспеншілік,  тарихқа деген құрмет және Президентімізге  деген сенім.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2305
Номер материала 305952
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх