Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Ток шоу "Айтуға оңай"

Ток шоу "Айтуға оңай"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:


« Бекітемін »

Әдістемелік бірлестік

төрайымы Малбасова Ш.А

_____________



Тақырыбы: Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажеттілік пе?(«Айтуға оңай» бағдарламасының желісімен)
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту
Білімділігі: Оқушының білімін пысықтау, жинақтау, қорыту. 
Тәрбиелігі: Оқушылардың интабаттылыққа, кішіпейілдікке, құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ізденімпаздығын дамыту. 
Сабақтың әдісі: пікір - талас  
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, арнайы дайындалған презентация, видеобаян

hello_html_6c2ff8ca.png


Сабақтың жүру барысы:
Жүргізуші:

Қалта телефонсыз өмір сәнсіз, интернетсіз өмір мәнсіз! Әлеуметтік желіге күніне бір рет кіріп шықпасақ, ауа жетпей демі тарылған адамның күйін кешеміз. Бұл дерт пе, әлде қажеттілік пе?

Армысыз ағайын! Ұлттық арнада «Айтуға оңай » бағдарламасы және оның жүргізушісі Тоқтағазы Жалғас. Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желі арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді ортаға салмас бұрын бейне сюжетке көз салайық. Назар аударыңыздар!
Жаңа бейнесюжетте көрсетіп өткендей, әлеуметтік желіде отырмайтын адам кем де екен. Ғалымдардың зерттеулері бойынша әр секунд сайын 8 адам әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Бұның ішінде басым көпшілігі жастар қауымы. Енді жастардың ой пікірін білу мақсатында ортаға әлеуметтік желінің тұтқыны болып жүрген кейіпкерімізді шақырамыз. (Нұрбол шығады)

Жүргізуші:
Бізге әуелі өзіңді таныстырып кетсең
Нұрбол:
Менің есімім Нұрбол, мен АТжФК 2 курс студентімін, ЭЕМ операторы мамандығында оқимын.
Жүргізуші:
Жақсы, Нұрбол күніне қанша уақытыңды әлеуметтік желіде өткізесің?
Нұрбол: Мен күннің көп уақытын әлеуметтік желіде өткіземін.

C:\Users\Назым\Desktop\внеклассный\IMG-20151116-WA0001.jpg

Жүргізуші:
Жастар қауымы Әлеуметтік желінің пайдасы өте зор деп жатасындар, оның зиянды жақтарын да ойлап көрдіңдер ме?
Нұрбол:
Мен үшін әлеуметтік желі пайдалы. Барлық жұмысымды интернет арқылы бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді әлеуметтік желісіз елестете алмаймын.
Жүргізуші:
Қазіргі уақытта жастар арасында әлеуметтік желіде отырушылардың қатары қарқындап артуда. Бүгінде интернет Нұрбол секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Оның денсаулыққа каншалықты зиянды жақтары бар? Бұл жөнінде бүгінгі біздің қонағымыз дәрігер Байжуманов Райымбек мырза келіп отыр екен, содан сұрап көрейік. Райымбек мырза осы әлеуметтік желінің қоғамға қаншалықты зиянды жақтары бар.
Дәрігер(Райымбек):
Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды. Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен.


Жүргізуші:
Әлеуметтік желі жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой пікірді тыңдап көрсек. Бұл сұраққа жауапты келесі біздің кейіпкерімізден сұрап көрейік !
Мұғалім(Айжан):
Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желі арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетін мына Нұрбол секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
видеороликкті тамашалаңыздар!

Жүргізуші:
Қазіргі жастар «Агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай әлеуметтік желіге тәуелді болып қалғандар да бар. Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар.осы жайында анығырақ бағдарламамызға қонақ болып келіп отырған психолог Анар ханымнан сұрап көрейік! Сіз қалай ойлайсыз! Ғалымдарымыздың зерттеулері дұрыс нәтиже берді деп ойлайсыз ба?


Психолог(Анар):
Психолог Төреғали Батырханұлы жастар әлеуметтік желіге әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. әлеуметтік желі – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агнетке құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Агентке тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағат отырмау.

Көбінесе Әлеуметтік желіге ата-аналар тарапынан наразылық туындап отырады екен. Осы жөнінде ортаға анамызды шақырайық

Ата - ана(Марина):
Мен ата ана оқушылардың агентте ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Агентте үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. әлеуметтік желігеден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды.

C:\Users\Назым\Desktop\внеклассный\IMG-20151110-WA0003.jpg

Жүргізуші:

Әлеуметтік желігеден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды деп жатырсыз. Соның салдарынан жасөспірімдер арасында қылмыстық істерге де бой алдырып жатқандар бар. Бұл жөнінде жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Нұрбек мырзадан анығырақ біле отырайық. Бұған не себеп деп ойлайсыз
Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор (Нұрбек):
Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп. Нұрболдың, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін.


Жүргізуші:
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан Әлеуметтік желіге қосылыңыз, әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.
Әлеуметтік желінің қандай пайдасы бар?
(Нұрбол) Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Агент алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология
(Райымбек) Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырады
(Мұғалім) Агент – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу. Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады.

C:\Users\Назым\Desktop\внеклассный\IMG-20151116-WA0000.jpg

Жүргізуші:
ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров138
Номер материала ДВ-483755
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх