Инфоурок Другое ПрезентацииТок шоу "Әкешім - асқар тауым"

Ток шоу "Әкешім - асқар тауым"

Скачать материал

                                                   «Әкешім – асқар тауым»

Максаты:  Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту;      Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру; Бала тәрбиесінде  Әкенiң  ролі  ерекше   екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер: «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер», әке туралы презентация, бейнероликтер,                   

Түрі:  ток- шоу

Шақырылған қонақтар: 8а, 9а, 9ә сынып оқушылары, әкелер, сынып жетекшілері

Барысы:

Жүргізуші:  Сәлеметсіздерме ардақты әкелер! Бүгінгі  біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы   әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл  үш  әріптен құралған сөз қандай мағына береді?  Әке деген сөз  -  мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім.

 - Қадірменді әкелер! Сіздердің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай  келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екеніндігін көрсетеді.

               /музыка ойнап турады, ортаға әкелерді салтанатты түрде шақыру/

1.      Олай болса, баласы үшін барын аямаған, бар күш жігерін балаларының тәрбиесіне жұмсаған, мектебіміздің, ауданымыздың ең белсенді әкесі – Жеңісбек ағаны қошеметпен қарсы алайық.

2.      «Балам- балым, баланың баласы жаным» деп өз балаларымен қатар бүкіл ауылымыздың балаларын тәрбиелеуге үлесін қосып жүрген, асқар таудай ардақты әке- Толат ағаны қошеметпен қарсы алайық.

3.      «Әке- баланың қорғаны» дегендей «Қыздарым-қызғалдағым, алдағы ізгі арманым»- деп қос қызынан үлкен үміт күтетін асқар таудай әке- Жомарт ағаға қол соғып қояйық.

4.       «Ана- өсіреді, әке- үйретеді» демекші 3 қыз 1 ұлды тәрбиелеуде қажымай еңбек етіп жүрген жас әке Жанарбекті қарсы алайық.

5.      «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген ұстаныммен жүретін Бекайдар әкені ортамызға шақырып алайық.

6.      «Бала тәрбиесінде әкенің алар орны ерекше» деген ұстаныммен жүретін асқар таудай Хуандаг әкені қарсы алыңыздар.

7.       Өз болмысымен балаларына үлгі бола білген қамқор әке Бауыржанды қошеметпен қарсы алайық.

 Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл... »

  Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл... »  /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір,  жауапкершілік...т.с.с./

Жүргізуші: Керемет! Ой бөліскеніңізге  рахмет! Олай болса, жалғастырайық!

- «Әке – асқар  тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң  рөлі  ерекше. Алайда,  қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі   жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.

 «Әке деген кім?»  бейнеролик көрсетіледі.

 Жүргізуші: Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер, әрине, - бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с.  Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды. Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана - өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған .

 Балалар шығармаларынан... (балалар өз әкелеріне жүрек жарып жазған ээселерін, өздері шығарған өлең жолдарын оқып береді)

Қызықты сурақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабактан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7.  Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

3 сынып оқушысы Тұрғанбаев Аңсағанның орындауында ән «Әке»

Жүргізуші: Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.

Бейнеролик көру «Әке мен сенің бір сағат уақытыңды сатып алайыншы» 

Бейнероликке байланысты ойларымен бөліседі  

Жүргізуші: Иә, өздеріңіз байқағандай, бала жұрегінде  тіпті «осал» әкелерге де орын табылады. Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен, оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі. Әкенің жоқ болуы баланың сабағына, белсенділігіне әсерін тигізеді. Әсіресе ер балалардың. Оларға ержүрек болу, жалпы ер адам стилін ұстанып жұру қиындау соғады. Бұның бәрі, әрине, агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады. Нағыз бетке ұстар  /идеальный отец/ әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек.  Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік. Әкемен  әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі  оте пайдалы.

Әкелерге сұрақтар қойылады:

1-сұрақ: Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай ма?

2--сұрақ: Өз отбасыңызда балаларыңызды қалай тәрбиелейсіз, тәжірибеңізбен бөліссеңіз.

3-    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

4. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

5. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

6.  Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

7. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

 ЖүргізушіБала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Тамағыңның тоқтығы, киіміңнің бүтіндігі, оқуыңның сапасы, ұйқыңың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса берсінші.

 

Қорытынды:   Әкелерге сертификат табыс ету.

 

Рефлексия.  Кештен алған әсерлерін, ой пікірлерін  алма стикеріне жазып, алма ағашына орналастырады.

 

Жүргізуші: Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Балаларыңызға  бакытты балалык шак сыйлай біліп  қана  емес, болашақта  мақтан тұтуға лайық, үлгілі әке  болыңыздар. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілейміз. Бақытты күндерде жүздескенше!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ток шоу "Әкешім - асқар тауым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 2177
    • DOCX 24.4 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсунгалиева Гульшат Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 203212
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой