Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТок-шоу "Айтуға оңай" Қарттар күні

Ток-шоу "Айтуға оңай" Қарттар күні

Скачать материал

«Айтуға оңай» ток-шоуы (әжелермен, ардагер қызметкерлермен кездесу)

Тақырыбы: «Аман бол - асыл қарттарым!»

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! 1-қазан Қарттар мерекесіне арналған «Аман бол - асыл қарттарым!» атты тақырыптағы «Айтуға оңай» ток-шоуын бастаймыз. Бағдарламаны жүргізуші Асем Мухамедияқызы.

       БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазан Халықаралық  қарттар күні деп жариялады. 90 жылдың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 25 жыл толғалы отыр.

     Қымбатты ақылдың кенін арқалаған ақ шашты әжелер! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған – деп бүгінгі ток-шоуымыздың қадірлі кейіпкерлері, қадірлі қонақтарымыз:

Алдиярмен Заринаның әжесі – Сақан әжені, Дамирмен Нұралының әжесі – Балкен әжені, Каринамен Адияның әжесі – Мәкен әжені, Нұрланның әжесі – Клара әжені, Жадыраның әжесі – Қаламқас әжені және де мектебімізде көп жылдар адал қызмет істеп, қазіргі таңда  зейнеткер боп отырған  Дина апай мен Нұржамал апайды  сый-құрметпен сахнаға шақырамыз.

Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,

Тірек болар бір- біріне қайда да.

Үлкендері-кішілерге қамқоршы,

Ал кішісі- үлкендерге көмекші.

Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,

Араластыр ерте бастан еңбекке.

Өз ұрпағың болсын десең бақытты,

Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты – дей келе қазіргі таңдағы жастырмен бұрынғы жастардың айырмашылығы барма? Жәнеде осы жастарға қандай  жол көрсетер едіңіздер?-деген сауалға тоқталсақ.

Сұрақтар:

1.Балаға берілетін адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?           

2. Адами құндылықтардың шынайылығы дегенді қалай түсінеміз?(әжелердің  жауабы)

       Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Аман бол - асыл қарттарым» атты кездесуімізге хош келдіңіздер демекпін.

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

 Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат –  дегендей ендеше, бүгінгі қоңақтарымызды мерекесімен құттықтауға  мектебіміздің ұлағатты, зейнеткер  ұстаздары: мектебіміздің басшы Береке Жақияқызын және мектебіміздің бетке ұстар ұстазы Нескен Алиакпарқызын қошеметпен қол соғып сахна төріне шақырайық.

Ал сіздердің  балаға берілетін адамгершілік тәрбиесі туралы не айтар едіңіздер?

Адами құндылықтардың шынайылығы дегенді қалай түсінеміз?

Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттық  жетер аяңдай – ендеше көңілімізді әнге бөлейік, сіздердің назарларыңызға  5-сынып оқушысы Алматтың  «Қарттарым азайып бара жатыр» өлеңін тарту етеміз.

      Қарттарды құрметтеу әр баланың алдындағы перзенттік парызы. Үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік, сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Ал сіздердің Қарттар үйі туралы ойларыңыз қандай? Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?желердің жауабы)

Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады.

1.Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.

2.Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.

3.Асты күтпей ысырап ету – берекені кетіріп ашығуға  апарып соғады.

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.

Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын - деп бүгінгі таңда арамызда жоқ болсада, өздерін жоқтатпайтын бір бүтіннің сыңығы болып осы бағдарламаға келіп отыр әжейлер өздерінің жан жолдастары, балаларының асқар таудай әкелері туралы не айтар екен? Ата орныда қандай  роль атқарып жүргенін сұрайық.

Әжелердің жауабы:

Сұрақ: Ата тәрбиесі мен әке тәрбиесі, әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?
Мәкен әжей сіз сұрақ қойғым келіп отыр, осы біз білетін үлкендердің ішінде Меккеге барып келген өзіңіз, яғни жалпы ислам діні туралы не айтар едіңіз? Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
                  Сұрақ:Ауылдағы үлкен мешітке ауыл қарттары неге аз барады? Мектеп жасындағы балаларды мешітке барғаны дұрыс па бұрыс па?      

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Әншілерім әнмен шашу шашады - деп ардақты ана, ақ жаулықты әже сіздерге арналған Дамир мен Нұрланның ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Бүгінгі бағдарламаны қорытындылай мынадай әдемі, пайдалы, үлгілі нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер ұсынғалы тұрмын.

1)Кәрінің бары – игі,

 2)Ауылыңда қария болса, Жазып қойған хатпен тең.

3)Су ағады, тас қалады, Кәрі кетеді, жас қалады.

4)Үлкенге - ізет, жақсыға – жол.

Біздің халықта көптеген жақсы өсиеттер бар, халықтың өзіндік ұстанымдары бар дегендей өскелең ұрпақ әрине қазіргі таңдағы жас буын  қарттарды аялайық, ақылың тыңдайық, «батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей үлкенге корсеткен ізет-ілтипатымызға бата алып, өсіп-өне берейік жас ұрпақ.

Үлкендеріміз аман болсын, біздерге олар  ақылшы болсын!

Өміріне қызық толсын, Алла тағаланың нұры қонсын! – деп бүгінгі «Айтуға оңай» ток-шоуымызды аяқтамыз!

Айтуға оңай, қарттарымызды ұмытпайық, аялайық! Келесі кездескенше қош сау болып тұрыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ток-шоу "Айтуға оңай" Қарттар күні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 1886
    • DOCX 791.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акишева Асем Мухамедиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акишева Асем Мухамедиевна
    Акишева Асем Мухамедиевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4469
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе