Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / «Толағай» атты отбасылық спорттық шара

«Толағай» атты отбасылық спорттық шара



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Физкультура

Документы в архиве:

Название документа 50_TOLAGAJ (1).doc

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған ата-аналар мен балалардың арасында салауатты өмір салтын «Қимыл-қозғалыс арқылы дене бітімін қалыптастыру» денсаулығын нығайту шарасының

Ережесі:

Мерзімі:

Спорттық шараның атауы: «Толағай» атты отбасылық спорттық шара

Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту;топаралық жарыс арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.

Өткізілетін орны: №50 «Заңғар» бөбекжайы

Қатысушылар: №«Заңғар» бөбекжайының Ата-аналарымен, балалары.

Спорттық шараға қатысушылар: Ересек топ ата-аналарымен,балалары.

Көрнекілігі: Шарлар, плакаттар, медальдар, мақтау қағазы.

Құрал жабдықтар: Доп, құрсау, тақтай,кедергілер,гимнастикалық отырғыш, арқан.

Салтанаттың ашылуы: Әнұран.

1. Әділқазылармен таныстыру.

2. Командалар өз ұрандарымен таныстыру.

3. Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

4.Әуенмен бой сергіту жаттығуы

9. Спорттық шаралардың түрі: Сайыс

10. Сайыс атаулары: I. Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)

II. «Көңілді доп» сайысы.

III. “Ойлан тап” сайысы.

IV. “Күш сынасу” сайысы

V. «Кім жылдам» сайысы

VІ.«Арқан тартыс» сайысы

Сайыстың шарты:

І.«Көңілді доп» сайысы.

Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды, олар допты мәреге дейін аяқпен теуіп барып, айналып келу керек, сайысты аналар жалғастырады, допты бір қолмен жерге ұрып, айналып келу. Ең соңынан балалар допты қолдарына ұстап, айналып жүгіріп келу.

II. .“Ойлан тап” сайысы.

Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды,гимнастикалық орындық үстінде жыланша жорғалау,кедергілерден жыланша жүру,ілулі тұрған есепті шығарып анасына береді,анасы жалғастырады,баласы кедергілерден өтіп келеді.

III. “Күш сынасу” сайысы .

Ойынның шарты: Ортаға үш команданың ұлдарымен қоса әкелері шығады. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ойынға 1 минут уақыт беріледі.

Музыкалық үзіліс: «Катюша»

IV. «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Жарысты балалар бастайды,балалар велосипедті теуіп келеді,аналары доппен секіріп келеді,әкелері қапшықпен белгіленген жерден айналып секіріп келеді.

V. «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Командалар белгіленген сызық бойына тұрып, нұсқаушының ысқырығы бойынша арқанды тарту. Нәтижесі бойынша білгіленген сызықтан шыққан команда жеңіліске жетеді.

Музыкалық үзіліс:

1. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


Қорытынды: Марапаттау














Жүргізуші:

Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты, жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіу отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екендігі баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.Сонымен қатар біздің бүгінгі отбасылық мерекеміз жеңістің 70 жылдығыны тұспа-тұс келеп тұр екен.9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бұл ұлы жеңіс оңайлықпен келмеді, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Әлия Молдағұлова. Мәншүк Мәметова. Бауыржан Момышұлы, т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)

Соның бір шарасы “Толағай” атты отбасылық топаралық сайысына қош келдініздер.

Жүргізуші:

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Барлық отбасыларды шақырамыз- Әнмен кіру: «Толағай»

1-ші «Бәйтерек»

2-ші

hello_html_c8371e2.jpg


Ендеше сайысымызды әнұранымызбен ашайық.

Хор:Әнұран


Жүргізуші:

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.


  1. МКҚК № 50 «Заңғар» бөбекжайының әдіскері: Сәрсенбаева С.Б.

  1. МКҚК №50 «Балауса» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы: Дюсенов Г.М.


  1. МКҚК № 50 «Орленек» бөбекжайының бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы: Камешов Е.М.

Жүргізуші:

жарыстың шартымен таныстыру:

I. Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)

II. «Көңілді доп» сайысы.

III. “Ойлан тап” сайысы.

IV. “Күш сынасу” сайысы

V. «Кім жылдам» сайысы

VІ.«Арқан тартыс» сайысы

Әуен қосылып ортаға Сайқымазақ келеді .

Сәлеметсіздерме балалар мұнда не мереке болып жатырған мен жоқта?

Жүргізуші:Біздің балабақшамызда бүгін жеңістің 70 жылдығына байланысты отбасылық спорттық шара өтпекші,бұл шараға балаларымен қоса ата-аналарымызда қатысады,сенде қатысуға қалай қарайсын?

Сайқымазақ:әрине менсіз сайыс болушыма еді?ал ендеше жаттығу жасай аламызба?

Балалар:Жасай аламыз.

Әуен қосылып барлық балалар орнынан тұрып,әр топ әр түрлі құралмен сайқымазақ көрсеткен қимылды қайталайды.

Сайқымазақ: Балалар өте жақсы орындадыңдар,сендер спортшы екенсіңдер ғой?

Жүргізуші:Біздің балаларымыз өте мықты?ендеше біздің жарасымызды тамашалауға қалай қарайсыз?

Сайқымазақ:Қарасақ қарайық.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


1.Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша.

Міне тұрмыз жараса деп-


2. «Көңілді доп» сайысы.

Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды, олар допты мәреге дейін аяқпен теуіп барып, айналып келу керек, сайысты аналар жалғастырады, допты бір қолмен жерге ұрып, айналып келу. Ең соңынан балалар допты қолдарына ұстап, айналып жүгіріп келу.


Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

3.“Ойлан тап” сайысы.

Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды,гимнастикалық орындық үстінде жыланша жорғалау,кедергілерден жыланша жүру,ілулі тұрған есепті шығарып анасына береді,анасы жалғастырады,баласы кедергілерден өтіп келеді.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

4. Жүргізуші:

Күш сынасу” сайысы .

Ойынның шарты: Ортаға үш команданың ұлдарымен қоса әкелері шығады. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Ойынға 1 минут уақыт беріледі.

hello_html_m2e5dae1c.jpg


  1. Жарыс болған соң жанкүйер болады, жанкүйерлердің орындауында : Би: «Катюша»


hello_html_m3b0fc8bb.jpg



6. Жүргізуші: «Кім жылдам»

Ойынның шарты::Жарысты балалар бастайды,балалар велосипедті теуіп келеді,аналары доппен секіріп келеді,әкелеррі қапшықпен белгіленген жерден айналып секіріп келеді.

7.Жүргізуші:

Мақтанам дәстүрі бар жұртымызға,

Сан жүйрік сынға түсті сайысуға.

Дәм берген тәуелсіздік арқасында,

Қайта оралдық қазақтың төл салтына!-,дей келе сайысымызды Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартысқа»берелік.


8. Алдарыңызда №50«Заңғар» бөбекжай бөбектерінің сазды сәлемдемесін тамашалаңыздар.

1.Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»


Сайқымазақ: Балалар өнерлеріңді көріп тәнті болдым,папа,мамаларыңда өте жақсы ойын көрсетті.Ал енді әділқазылар бағасын бергенше менімен ойнауға қалай қарайсыңдар?Папа,мамаларыңды да бірге шақырамын.

Балалар:Ия ойнаймыз! Алақай!

Сайқымазақ:Олай болса ойын шартын тыңдаймыз.Мен және папа мамаларымыз көпіршіктерді жібереміз ал сіздер сол көпіршіктерді ұстау керекпіз,келістікпе?

Балалар:Ия ойнаймыз!


Сайқымазақ: Балалар өнерлеріңді көріп тәнті болдым,папа,мамаларыңда өте жақсы ойын көрсеттіңдер.Маған жарыс өте қатты ұнады меніңде қайтатын уақытым болды сендерге әкелген сыйлықтарым қабыл алаыңыздар! Қош сау болыңыздар балалар!

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену , жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей

Тараса бізге қарады -


демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Жарысқа қатысушы ата-аналар мен бүлдіршіндерге арналған сыйлықтарын табыс етпекші.


hello_html_18a1e855.jpg

hello_html_147481e7.jpg



Қабыл алыңыздар! Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда –

Отбасымызбен аман болып,деніміз сау болсын деп-,бірлігіміз осылай жараса берсін!Келгендеріңізге көп-көп рамет!






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДВ-401903
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх