Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Статьи / «Толағай» отбасылық спорттық жарыс

«Толағай» отбасылық спорттық жарыс


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6a32c96e.gifhello_html_727ccdfb.gifhello_html_m73e57e0b.gifhello_html_m6b932272.gif«Толағай» отбасылық спорттық жарыс


Жақында Қарашоқы орта мектебінде ата-аналарға салауатты өмір салтын ұстану, отбасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру мақсатында Отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Нұрғалым Азамат Халықұлының ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Толағай» атты отбасылық спорттық жарыс өткізілді.

Жарысқа әр ұйымнан бір отбасыдан қатысты, атап айтсақ: әкімшіліктен – «Шымыр» тобы, балабақшадан – «Бірлік» тобы, емханадан – «Денсаулық» тобы, мектептен – «Ынтымақ» тобы. Қатысушылар ата-ана мен бала болып қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.

1- кезең бойынша жарысқа қатысушы отбасылар өздерін таныстырса, 2-кезең бойынша допты алып жүріп, себетке лақтырса, 3- кезең бойынша өрмекші сияқты жүрді. Обручпен жүру кезінде «Ынтымақ» тобы өз шеберліктерін көрсете білді. Сол сияқты қаппен секіру, тунельден өту кезеңдеріне әр отбасы зор қызығушылықпен қатысты.

Соңғы қорытынды бөлімде арқан тарту кезеңі бойынша «Бірлік» тобы алға шықты.

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол –

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады – демекші сайыстың қорытындысы бойынша: бас жүлдені Қожахметовтар отбасысы, 1 орынды Джексембековтар отбасысы, 2 орынды Айтжановтар отбасысы, 3 орынды Молтабаровтар отбасысы иеленді. Үздік өнер көрсеткені үшін А. Молтабаров «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жарыс соңында қатысушыларға жақсы тілектер айтылып, бағалы сыйлықтар таратылды.





Самат Тугумбаев,

Қарашоқы орта мектебінің

денешынықтыру пәнінің мұғалімі














Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Статьи
Просмотров108
Номер материала ДВ-526097
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх