Инфоурок Физическая культура Конспекты"Толағай" ( сценарий )

"Толағай" ( сценарий )

Скачать материал

10.02.2015 ж

Қостанай облысы,

Арқалық қаласы,

жалпы білім беретін № 4 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі - 

Байназаров Ердастан Бахытович.

 

«Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты:

 

1.Оқушылар мен ата – аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін, маңызын түсіндіру.

2.Оқушыларды және ата – аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спротпен айналысуы қажет екендігіне көз жеткізе отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар:

Толағай жазуы, плакат, шарлар, спорт энвентарьлары.

 

Өту барысы:

 

-Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! Мектебімізде қазіргі таңда жүріп жатқан «Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында өткелі отырған «Толағай» отбасылар сайысына қош   келдіңіздер!   «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің мектебімізде 1 сынып ата-аналары мен балалары арасында өткелі тұр.

  Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз бұл отбасыларға сәт сапар тілейміз!

 

-Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

 

1)      1 «ә» сынып: Қойбағаровтар отбасы

2)      1 «а» сынып: Байдешовтар отбасы

3)      1 «г» сынып: Есімовтер отбасы.

 

-Сайыс алдында сайысымызға төрелігін жасап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алған жөн болар. Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

 

1.      Бадаева Меңсұлу Сейдеғалиевна – мектеп директорының ғылыми істер

жөніндегі орынбасары.

                  2. Тілеубаева Айнаш Аяпбергеновна – мектеп директорының тәрбие ісі     

                      жөніндегі орынбасары.

2.      Мұханбетжанова Тұрсынай Сәбитбековна – мектебіміздің музыка   

пәні мұғалімі.

 

-Ал, енді сөз кезегін ойыншыларымызға ұсынсақ, өздері жайлы қысқаша мағлұмат беріп, таныстырып кетсе. Сайыс алдындағы көңіл-күйлеріңіз? Сайыс алдындағы, жалпы жарыс кезіндегі ұстанымдарыңызды, шабыт берер ұранды сөздеріңізді айтып және өзге отбасыларға сәттілік тілеп кетсеңіздер де болады.

-Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 турдан тұрады.

 

                                             1. «Спорттық ойындар»

                                             2. «Кедергілер алаңы»

                                             3. «Теннисшілер»

                                             4. «Кенгуру»

                                             5. «Кішкентай бастаушы»

 

-Турларымыздың ережесін сайыс барысында ретімен түсіндіріп, хабарлап отыратын боламыз, мұқият болыңыздар. Себебі сайыс барысында қателіктер, жаттығуды толық, дұрыс орындалмау назарға алынады. Сайысымызда көмекшілеріміз бар. Осы кісілермен таныстырып кетсек:

Жансая, Қырмызы, Гүлдана.

Бұл кісілер сіздердің уақыт жылдамдықтарыңызды алып, сіздердің ережені дұрыс түсінулеріңізді қамтамасыз етіп, көмектесіп отырады.

                                            

Негізгі кезең. Сайыстар:

-Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па?

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа.

Сәт сапар, сайысымызды бастаймыз!

 

1. «Спорттық ойындар». Баласы волейбол добын алақанмен итеріп барып келу, анасы мен әкесі баскетбол добын серпіп келу.

Кедергілер арасымен өту керек тапсырма орындау барысында.

 

2. «Кедергілер алаңы». Етпеттен жатып итеріліп барып обручтан өтіп жаттығу жасап, қайтып келе жатқанда жүгіріп обручтарды үстінен өткізу. (Бала 5 рет отырып тұру, анасы бес рет секіртпемен секіру, әкесі бес рет кеудені жердан көтеру керек)

3. «Теннисшілер». Баласы теннис ракеткасы мен шаригін қолына ұстап жүгіріп барып келу, анасы шарикті ракетканың үстіне қойып түсірмей барып келу, әкесі шарикті серпіп барып келу керек;

 

4. «Кенгуру» . Әкесі шарды үріп анасына береді, анасы аузын түйіп баласына береді, баласы аяқ арасына қысып, секіріп барып келеді, сосын анасы мен әкесі де өз кезегімен барып келеді.

 

5. «Кішкентай бастаушы». Әкесі мен анасының көзі байлаулы болады, баласы әуелі анасын қолынан ұстап жетектеп кедергі арасынан өтіп барып келу керек, келген соң әкесі баласын мойнына отырғызып алады. Баласы айту арқылы жол бағыттап отырады, қолдың көмегімен де бұрып отыруға болады.

 

Қорытындылау кезеңі:

 

-Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Осымен спортық сайыстарымыз аяқталды, әділ қазылар қортындысын шығарып берсе.

Әділ қазылар қорытынды шығарып болғанша сіздерден сайыстан алған әсерлеріңізді білсек, және қандай жаттығулар сіздерге ұнады, қаншалықты қиын болды?

 

-Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі! 

Сайыс қорытындысы: І орын: Байдешовтар отбасы (36 ұпай), ІІ орын: Қойбағаровтар отбасы (30 ұпай), ІІІ орын: Есімовтер отбасы (27 ұпай).

 

Мараппаттау рәсімі.

 

Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген

 

Бүгін сайысымызға алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

 

 

 

Жалпы білім беретін №4 орта мектебі

 

                                                                     

 

 

 

«Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында

« Т О Л А Ғ А Й »

отбасылар сайысы

 

№4
о/м

 

 

Өткізуші:         Байназаров Е.Б

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Арқалық қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Толағай" ( сценарий )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2015 5102
    • DOCX 81.6 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байназаров Ердастан Бахытович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байназаров Ердастан Бахытович
    Байназаров Ердастан Бахытович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12244
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Двигательная активность как важнейший фактор развития здорового ребенка

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья

Инструктор-методист по адаптивной физической культуре и адаптивному спорту

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 269 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики физического воспитания в ДОУ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек