Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Толағай" отбасылық спорттық ойын.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Толағай" отбасылық спорттық ойын.

библиотека
материалов

Мектепке дейінгі шағын орталықтар арасында Аудандық «Толағай» отбасылық спорттық ойын- сауықты өткізудің сценарииі.



Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, ата- аналар! Мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы Аудандық «Толағай» отбасылық спорттық ойын- сауыққа қош келдіңіздер!

Бүгінгі жарысқа түсу үшін, өз балабақшасының намысын қорғар топтарымызды ортаға шақырайық. (Топтар тізімі аталады, ойыншылар ортаға шығады)

«Тар жол тайғақ кешуді» ел біледі,

Оралмасын ол жылдар енді кері.

Егеменді ел болды Қазақстан,

Көк байрағы көгімде желбіреді.


Елбасым бар, еңбектен жалықпаған,

Қыраным бар, көгімде қалықтаған.

Мызғымайтын халықтар достығындай,

Асау өзен, асқар тау, алып далам!


Болашақтың жолында қалам ұстап,

Отан үшін мен дағы сан алысқан.

Еңсең биік, босағаң берік болсын,

Шайқалмас шаңырағым – ҚАЗАҚСТАН!

(ҚР- ның Әнұраны ойналады).


Жүргізуші: «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,

Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» - дегендей,

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін, біздің және отбасының міндеттерінің бірі: дені сау және жан- жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілей отырып, құттықтау сөзі Аудан әкімінің орынбасары- Жұбанышкалиева Люция Әсетқызына ұсынылады.

Бүгінгі жарысымызға әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1._______________________________________________________________________

2._______________________________________________________________________

3._______________________________________________________________________


Бұл ойында ең жоғары ұпай 5 балға дейін беріледі.

(Музыка әуенімен ортаға 2 клоун жүгіріп келеді)


1-клоун: Сәлеметсіздер ме, балалар!

2-клоун: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен ата- аналар!

1-клоун: Сіздерде бүгін спорттық жарыс болатынын естіп, бірге өткізейік деп келдік.

2-клоун: Балалар, сендер бізді танисыңдар ма?

Балалар: Клоун !!!

1-клоун: Ал, енді бізбен бірге би билеп, бойымызды сергітіп, күшімізге күш қосып алайық алайық!


1 тур: «Таныстыру».

Шарты: әр отбасы өздерін таныстырады.

2-клоун: Біз сендер сияқты мықты емеспіз, бірақ би билеп, ойын ойнауды жақсы көреміз.

1-клоун: Казір сендермен бірге «Айна» ойынын ойнап, серігіп алайық. Шарты: Көрсеткен қимылдарды дәл орындау.

(көңілді музыка әуенімен билейді )

2 тур: «Жалауша».

Шарты: Бала белгіленген мәжеден жалаушаны алып келіп, жалаушаны әрі қарай жалғастырады.

3 тур: «Кенгуру».

Шарты: Белгіленген мәреден кезектесіп қаппен секіріп айналып келу.

4 тур: «Бағбан».

Шарты: белгіленген жерге кеглилерді қою, қайта жинап алу.

5 тур: «Кім шапшаң».

Шарты: Әкесі мен анасына қарсы жақта баласы ( қасында велосипед пен сырт киімдері: бас киім, куртка, шарф, биялай, етік) тұрады. Анасы жүгіріп барып баласын киіндіріп қайта келеді де, әкесі барып баласын шешіндіріп, велосипедке отырғызып анасына жібереді. (Жылдамдыққа)

6 тур: «Кім епті».

Шарты: Белгілінген арақашықтан теннис ракеткасымен шарикті құлатпай өтіп келу.

7 тур: «Тасымал».

Шарты: Белгіленген мәреге анасы баланы арқалап апарып, әкесі қайта арқалап әкеледі.

8 тур: «Шабандоз».

Шарты: Үлкен үрілген допқа отырып, белгіленген мәжеден секіріп айналып келу.

9 тур: «Кедергілерден өту».

Шарты: а) Құрсаудан өту.

ә) Керіліп тұрған жіптен секіріп өту.

б) Жерде жайылып тұрған спорттық матадан алға қарай баспен домалап өту.

(әкесі бастап, баласы аяқтайды)

10 тур: «Картоп егу».

Шарты: Құрсау ортасындағы картопты кішкене қапқа жинап келіп, келесі бала қайта апарып егу керек. Солай жалғаса береді.


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша біз ән тыңдап, ойын ойнайық.


Жайнатып жанымызды,

Келтіріп сәнімізді.

Арнайық бас қосқанда,

Бұл тойға әнімізді.


дей отырып, ортаға шақырамыз.

1-клоун: Балалармен «Аяз» ойынын өткізеді. Шарты: Клоун аяз болып, балаларды қуып, қатырып тастау керек.

2-клоун: Ата- аналарға «Шар жару» ойынын ойнатады. Шарты: Әр адамның бір аяғына үрілген шар байлап, сол шарды ешкімге жардырмай, өзгелердің шарын жару керек. Кім соңғы шармен қалады, сол жеңімпаз болады.


Жүргізуші: Дипломдарды ұсыну үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.


Жүргізуші: Бәріңізге де қатысқандарыңыз үшін үлкен рахметімізді айтып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаттық тілейміз!





ЖББ Шежін орта мектеп- балабақшасы










«Толағай» отбасылық,спорттық сайыс









Өткізген : Булатова Г.Е.












2012-2013 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

"Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз"дегендей ,Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін, біздің және отбасының міндеттерінің бірі: дені сау жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Толағай отбасылық сайыстың тиімділігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бірлестігінің балабақша тәрбиешілеріне арнап құрылған көмекші құрал. Бұл жоспардағы ойындар мемлекеттік стандартқа сай алынған. Отбасмен жұмыстың ынтымақтастығын дамытуда септігін тигізеді. Осындай жұмыстар балабақшада жиі өткізіліп тұрса, ата-аналардың қызығушылығы артып,көзқарасы оң нәтиже береді.

Автор
Дата добавления 25.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров607
Номер материала 409882
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх