Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалы:«Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер»

:«Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер»

Скачать материал

Өтініш

 

 

 

Аты – жөні: Макажанова Саяна Капановна

 

Тақырып атауы: «Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер»

 

Сабақ қандай топқа арналған: 11 оқу тобы

 

Ұсынылған материал қандай тілде: қазақ тілінде

 

Номинация тақырыбы: Рухани адамгершілік тәрбие

 

Жұмыс орнының толық атауы: «Қарсақпай агротехникалық колледжі»КММ

 

Ұялы телефон: 87056349992

 

Электрондық поштасы: sayana1988mmm@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы: «Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер»

Оқу тобы: 11

Мақсаты: Білім алушыларға адамдық асыл қастиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып білім алушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу, адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа  баулу.

Қажетті материалдар: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, гүл, шарлар.

Барысы:

1.      Ұйымдастыру

2.      Шаттық шеңбері  

Қайырлы күн, құрметті бүгінгі күн білім алушылар мен ұстаздар!

Оқытушы : Балалар  «Адамгершілік амандасудан басталады» , ең алдымен күлімдеп бас иіп қонақтармен, бір – бірімізбен амандасып алайық.

«Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер» атты ашық тәрбие  сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі кешіміз жақсы көңіл күймен басталуы үшін шаттық шеңберіне шақырамын.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Осындай мейірімді, ақылды сендерді  бүгінгідей көңіл күймен көргеніме өте қуаныштымын. Ендеше бір бір-бірімізге күніміз көңілді әрі жарасымды аяталуы үшін өзімізге және бүгінгі кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл тілейік. Ал енді сіздермен жақсы көңілмен бір – бірімізге тілек тілейміз. Біз «өрмекші торы » деп аталады, ендеше жіп арқылы тілек тілейік.

 Кіріспе: Толерант (Латын тілінде «төзім» деген мағынаны білдіреді) бөгде халықтың пікіріне, сезіміне, салт – ғұрыптарына төзімділік көрсету. Толеранттылық принциптердің Декларациясы 1995 жылдың 16 қарашада ЮНЕСКО – да 185 мемлекет мүшелермен қабылданған.  Дүниенің асылы, бағаласы адам адам болып саналады десек, сол асылдың бойындағы ең басты, шешуші қасиеттеріне деген сауалға бүгінгі тәрбие сағатымызда жауап береміз. Қай заманда болсын өмірден түйгендері мол адамдар ұрпақтарына үлкенді сыйлау, оларға ілтипат көрсету, қамқорлық жасау жөнінде  өсиет қалдырып отырған.

Балалар; «Үлкенге сый – құрмет, кішіге жол көрсет» дегенді қалай түсінесіңдер?

Білім алушы:

Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп, қол алса-

Бірінші еткен құрметің.

Үйге кіріңіз, -деп төс беріп,

Жылқы етінен табақ тартса-

Екінші еткен құрметің.

Есік ашып, енгізіп,

Төрге отырғызып, қол алса –

Үшінші еткен құрметің.

Мейрам риза болғаны –

Құрметпен үйге қонғаны.

Кешіктірмей шай берсе,

Ұмыт болар тоңғаны.

 Көріскенің барыңды,

Қонақжайлы – сол –дағы.

 

Адамгершілік жайлы шағын қойылым «Сыйлаудың түрлерін» тамашалайық.

 Атасы: Е, балаларым, бұл өмірде бір – бірінді сыйлай біліңдер.

 Студент : Ата, «сыйлау » деген не?

 Судент : Сен сыйлауды білмейсің бе?

 Студент : Білсем сұраймын ба?

Атасы:  «Сыйлау»деген – үлкен- кішіге құрмет көрсету, әдеп сақтау. 

Студент : Сонда сіз маған құрмет көрсетесіз бе?

Атасы: Дулаттың сауалы дұрыс. Сыйлау ең әуелі кішіге құрмет көрсетуден басталады. Ал, үлкенге құрмет көрсету .

Студент : Мен күнде Дулатқа қамқоршы болып, тайын ерттеп беремін.

Атасы: Оның дұрыс, «Кішіге қамқорлық » деген – осы.

Студент : Ата,мен үлкен адамды сыйлауым керек пе?

Атасы:Үлкен адамды сыйлау сәлем беруден басталады.

Студент : Естідің бе?Дулат, сен күнде атама сәлем беріп жүр.

Студент : Жарайды «Үлкенді сыйлау» дегеннің не екенін енді түсіндім

 

Келесі кезеңде сіздерге логикалық сұрақтарберіледі.

1.      Бір адамда орташа неше  туған күн бар? «1»

2.      Сиыр неге жатады, содан соң  тұрады,  біраздан қайта жатады? «Өйткені отыра алмайды»

3.      Төрт бұрышты үстелдің  бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? «5»

4.      Кім барлық тілде сөйлейді? «Жаңғырық»

5.      Терезе мен жақтаудың арасында не тұр? «Мен жалғауы»

6.      Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? «Түйеқұс ұшпайды»

7.      Қандай сағат бір күнде  2 мезгілде де дәл көрсетеді? «Сынған сағат»

8.      Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға  болады? «Мысық»

9.      Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? «Аспан суреті судан көрінген кезде»

10.  Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30, ал қанша айда 28 күн бар? «1айда, ақпан»

 

Мына криптограмманы  дұрыс шешсең, «Өзін – өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзін оқуға болады.

1.      Жіңішке дауысты дыбыс -   1

2.      Дауыссыз дыбыс   - 2

3.      Жабайы аңдардың мекені -  3,4.

4.      Бір нәрсенің мәнін айыра білу  - 5,6,7,8.

5.      Жұрнақ  - 9,10,11.

6.      Даму, өсу, тіршілік – 12,13,14,15.

7.      Дауыссыз дыбыс – 16.

8.      Жіңішке  дауысты дыбыс  - 17

9.      Жалғау – 18,19

10.  Айтқан сөзде тұрмау, жалтару – 20,21,22

11.  Дауыссыз дыбыс – 23

12.  Етістік – 24,25,26

13.  Дауысты дыбыс – 27

14.  Дауыссыз дыбыстар – 28,29

 

 

 

 

 

 

 

 1

 2

  3

  4

 

 5

 

6

7

8

9

10

11

,

12

13

14

15

16

17

 

 

18

19

 

20

21

22

23

 

24

 

25

26

27

28

 29

 

Жауабы: «Өзін таныған, өмірді де тани біледі»

                 Лабиринтке мұқият назар аудар.

Ағашта Әл – Машанидің «Өзін – өзі тану» туралы айтқан нақыл сөзі  жазылған. Берілген кілтті ретімен, орынды пайдалансаң, ағаштағы нақыл сөзді оқуға болады. Сонымен, ағашта не жазылған екен?

 

  

Жауабы: «Өзіңді өзің танысаң істің басы» Әл - Машани

«Кім жылдам?» - Мақал – мәтел сайысы.

1.      Жаман - бұзар, жақсы – түзер.

2.      Адам болатын бала алысқа қарайды.

3.      Сыйласаң, сыйымды боларсың.

4.      Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

5.      Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

6.      Су ішкен құдығыңа түкірме.

7.      Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

8.      Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

9.      Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

10.  Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

11.  Ақыл - дос, ашу - дұшпан, ақылыңа ақыл қос.

12.  «Сіз» - сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Тест сұрақтарына шынайы жауап берiңіз.

  1. Қайта туып, өмiрдi жаңаша бастауды армандайсыз ба? (иә- 4, жоқ- 16)
  2. Сiздiң ермегiңiз, әуес нәрселеріңіз бар ма? (иә- 18, жоқ- 5)
  3. Сiздiң iсiңiз өнбей жатса, “ тек менде ғана осылай болады” деп айтасыз ба? (иә- 6, жоқ- 12)
  4. Сiздi бiреудiң көре алмайтынын естiгенде қуанасыз ба? (иә- 16, жоқ- 2)
  5. Сiздi бiреу жаман , сүйкiмсiз адам десе намысыңызға тие ме? (иә- 2, жоқ- 12)
  6. Сiздiң таныстарыңыз да сiз сияқты жағымсыз жағдайға ұшырағанын естiгенде қуанасыз ба? (иә- 2, жоқ- 16)
  7. Кейбір iс сiзсiз жақсы жүретiн болса, уайымдайсыз ба? (иә- 2, жоқ- 16)
  8. Сiздің мол ақша ұтып алғыңыз келе ме? (иә- 4, жоқ- 20)
  9. Сiздiң туыстарыңыз не достарыңыз қымбат нәрсе сатып алыпты дегенде, қуанасыз ба ? (иә- 1, жоқ- 20)
  10. Ойыңызды ашық айтқанды ұнатасыз ба? (иә- 16, жоқ-3)

Жинаған ұпайыңызды санап, қорытындысын көрiңiз.

120 ұпайдан жоғары. Өзiңiзге көңiлiңiз әбден толады. Алайда сiзге өзiндiк сын, шынайы бағалау жетiңкiремейдi. Сізде менмендік басым. Өзімшілсіз. Осы жағдайды достарыңызбен, жақындарыңызбен талқылап көрiңiз.

60-тан 120-ға дейін. Сiз  өзiңiзге  сенiмдiсiз,  өз  бағаңызды  білесіз. Барға қанағат етесіз. Сіздің бойыңызда  масаттанушылық жоқ.

60-тан төмен. Өзiңiзге көңiлiңiз толмайды. Көп жағдайда асығыстық танытасыз. Сабырлылық сақтап, сенiмдi болыңыз. Айналаңызға қарап, ойланып көрiңiз – мүмкiн сiз өзiңiздi дұрыс бағаламай жүрген шығарсыз.

- Иә, қарап отырсаңыз басым көпшілгіміз күнделікті өмір барысында, осындай қарапайым сұрақтар туралы мүлде ойланбаймыз. Мұндай тесттік сұрақтардың маңызы адам баласының әрбір аттаған қадамын ойлануға әкеп соғатыны анық.

Қорытындылау.     Жүректен жүрекке деп аталады. Бұл жерде сіздерге жүрекшелер беріледі. Осы жүрекшені алып бір – бірімізге тілетер жазып, соны береміз.

“Өзін-өзі тану” бағдарламасының негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру.

“Өзін-өзі тану” пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ":«Толерантты және мәдени ортадағы адамгершілік қасиеттер»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 930
    • DOCX 920.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макажанова Саяна Капановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макажанова Саяна Капановна
    Макажанова Саяна Капановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10454
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика и содержание деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 209 человек

Курс повышения квалификации

Основы деятельности социального педагога с детьми с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов