Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТоп сағаты "Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! "

Топ сағаты "Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! "

Скачать материал

 

Талдықорған агротехникалық колледжі

 

«КЕЛІСЕМІН»                                                                         «БЕКІТЕМІН»

Топ жетекшілер әдіскері                                                 Директордың тәрбие ісі

____________________                                                    жөніндегі орынбасары

     Ғ.Н.Тойлыбаева                                                          ____________________

                                                                                                  Е.Ж.Канапиев             

 

 

Тақырыбы:

Ұлы күні ұлыстың, басы

  болсын ырыстың!

 

 

 

 

 

 

                                                                                          Дайындаған оқытушылар:

 А.Н.Баримбекова:  А.М.Азанбаева

 

 

 

Талдықорған 2016ж

 

 

Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын  үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету;

 Дамытушылық – оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеу дамыта оқытып үйрену;

   Тәрбиелік – мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағнасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге  тәрбиелеу.

 

 

Оқытушы: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған агротехникалық колледжі

Тәрбие сағатының технологиялық картасы

 

Күні:____14.04.2016________________________________________________

 

Дайындаған: Бәрімбекова А.Н.(351-топ); Азанбаева А.М.(335-топ)______

 

Тақырыбы: «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!»

 

Мақсаты: білім алушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын  үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету, оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеу дамыта оқытып үйрену,  мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағнасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге  тәрбиелеу.

 

 

Тәрбие сағатының материалдары:  шарлар, слайдтар,  қосымша мәліметтер.

 

Тәрбие сағатының барысы: 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!» атты тәрбие сағаты.

 

Қорытынды:  қорыта келгенде білім алушылар  наурыз мейрамы туралы кең, ауқымды мәліметтер алды.

 

 

 

 

 

                                               Топ жетекшілер: ___________А.Н.Баримбекова

                                                                               ___________ А.М.Азанбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiрлiкте болады. 
            Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!  Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. 
            Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшiн қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкiп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкiм бұған өкпелемеген. Күлiмдеп көрiнген күнге сәлем берiп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсыырым. 
        Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!

 

Сахналық көрініс  (Наурыз туын көтерген бір ер бала, ұлттық киім киген 4 ұл бала сөйлейді, арттарынан 4 қыз бала гүл шоқтарын ұстап шығады.)

Наурыздың сәнді-салтанатты «Көш-керуені». Сахна төріне  жеткенше жол бойына жаршылар жар салып, халықты тойға шақырады:

 1-жаршы:

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

   Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

 Көргендер де арманда,

Көрмеген де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

2-жаршы:

Ата салтын бабамның,

Алып келіп Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Бірлік болсын қасымда.

3-жаршы:

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті.

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

4-жаршы:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімеген естіңдер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлы тойға халайық...

   (Жүргізушілер сахнаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар наурыз тойына жиналған қауым! Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

ІІ жүргізуші:  Иә, наурыз сөзі нау - «жаңа» - «күн» деген сөзден шыққан! Яғни бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. Жыл басы Наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық, жаңа өмір, жаңа қуат тілейміз.

 

   

        І жүргізуші:           Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып!

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

         ІІ жүргізуші:   Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

    Наурыз тойы көңілімді баулайды!

   Тебіренген табиғат та мәз-майрам,

   Аңқылдаған қазағымнан аумайды!

         Бұл күні алдағы күндерге арналған ізгі ой, арман-мақсаты айтылып, ізгі тілектер тіленеді.

І жүргізуші:       Бүгін бізде той-думан,

                             Ортамызды ашайық,

                             Ән мен күйді шалқытып,

                             Інжу-маржан шашайық!

                             Жиналған халық таң қалсын,

                             Өнерден күмбез жасайық.

ІІ жүргізуші:      Уа, халайық, халайық,

                             Ақ сандықты ашайық.

      Екеуі бірге:   Бұл мереке, бұл тойдың

                               Шашуларын шашайық.

 

                               Хабарландырусыз «Наурыз - думан» әні орындалады.

                              (Ортаға ұлттық киім киген екі қыз шашу шашады)

 

І жүргізуші: Наурызым – бабамның сөзі,

                       Наурызым – анамның сөзі,

                       Ғасырдан ғасырға жеткен,

                       Даламның сөзі. 

         

ІІ жүргізуші:    Уа, халқым!

Қазір өздеріңізбен жүздесуге ақ баталарын беру үшін ХҮІІ ғасырда ел басына күн туып, етегімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігі мен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз: асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би мен әділ үнді Әйтеке билеріміз  келе жатыр.

 

 

(Сахнаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би келеді. Ортаға келіп алақандарын жайып кезекпен – кезек бата береді.)

Төле би:  Сұрасаң, бата берейін,

                  Үстем болсын мерейің!

                            Ықыласпен қол жайсаң,

                            Ақ тілекті төгейін.

                           Дастарханың мол босын,

                           Абыройың зор болсын!

Қазыбек  би:     Өрендерің ер болсын,

   Көре алмаған бағыңды,

   Сындыра алмай сағыңды,

   Бетін басып жер болсын!

   Қара ниет жауларың,

   Ит пен құсқа жем болсын!

Әйтеке би:      Жарылқа, алла қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет,

Ізет-абырой, бақ-дәулет.

Қызыр қарап, бақ қонып,

Не тілесең,

Сонын бәрін қабыл ет! (үшеуі бірге): ӘУМИН!

І жүргізуші:  - Берген баталарыңыз Қызыр ата құлағына шалынып, қабыл  болғай.

Екі жүргізуші бірге: Әумин!

І жүргізуші:   Қазақтың мың бұралған биі қандай,
                         Әсемдік әлемінен құйылғандай.
                         Сахнаға шыққанда сұлу қыздар,
                         Тағаты көрерменнің тиылғандай.

ІІ жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
                        Бишілер билеп кетті тербетіле.
                        Аққудай қалықтаған теңіздегі,
                        Қыздарымыз  өнерлерін көрсетуде,-

 алдарыңызда  «Қыздар-ай» бишілер тобының орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.

Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

(Баяу әуен ойнап тұрады, 4 қазақ көйлектегі қыздар шығады. Сахнаға Жер-Ана үлгісінде жасыл матадан кең әрі сәнді тігілген ұзын көйлек киген, басында әр түрлі гүлдер мен өсімдіктер бейнеленген биік бас киім бар Жер-Ана бейнесін жасайтын қыз шығады. Жер-Ана келіп сахна төрінде жұртқа қарап тұрады.)

 

 

Бірінші қыз:   Армысыз, қасиетті Жер-Ана!

                          Табынып сізге тәу етемін.

                          Өркендеп өссін көк шыбық, мейірімді төге гөр! Тәу-тәу-тәу!

                          Билігі әлемнің өзіңде Жер-Ана!

                          Көктемнің нұрына шомылған өзіңе Тәу-тәу-тәу!

                          Молшылық бер еліңе, Кеудеңнен өнген дәніңе,

                          Қар жауып шөптің қайта өнгеніне, Тәу-тәу-тәу!

(Сахнаға Су-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды)

Екінші қыз: Армысыз, қасиетті Су-Ана!

                       Табынып тәу етем өзіңе,

                       Жақсылық оянып санамда, Тәу-тәу-тәу!

                       Жаңбыр жауып далама,

                      Нұрдың бізге жауғанына, Тәу-тәу-тәу!

(Сахнаға Күн-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды.)

Үшінші қыз:  Армысыз,  құдыретті Күн-Ана!

                         Жылуыңа тәу еттім,Тәу-тәу-тәу!

                         Әлемді жарық еткен

                         Қасиетіне тәу етем, Тәу-тәу-тәу!

(Сахнаға От-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды)

Төртінші қыз: Жалындап ұшқын шашып,

                           Жарылқаған От-Ана!

                           Отың жетіп, бой жылытшы, Тәу-тәу-тәу!

                           Денемізге саулық бер,

                           Ел жұртымызға жылуыңды дарыта гөр, Тәу-тәу-тәу!

І жүргізуші: Бұл көріністің себебі ертеде халқымыз От, Су, Жер, Күнді ерекше құдірет иелері деп таныған. Күллі тіршіліктің бастауы осылар деп білген.

І жүргізуші:  Жыл басы – Наурыз мереке,

                        Ақ нұрға әлем боянды.

                        Наурыз тойы береке

                        Тіршілік жаңа оянды!

ІІ жүргізуші:  Жылдың басы Наурыз,

                         Жердің басы Наурыз.

                         Мерекеге арналсын

                         Бүгінгі жыр- әніміз.

Сейітқазы Сәкеннің орындауында «Наурыз тойы» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

І жүргізуші:   Бүршік шашып, жапырақ ашып,

                        Даланы гүлдер басады.

                        Сұлу көктем есігін ашып,

                        Шуағын бізге шашады.
                       

ІІ жүргізуші: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
                        Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
                        Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
                        Келді көктем әдемі құс үнімен

(Көктем қыз келеді, судың сылдыраған әуені ойнап тұрады. Қазақ көйлектегі қыздар көк, жасыл матамен желпіп, шырпыларды әкеп қояды.)

 

 

(Көктем мезгілінің көрінісі слайд, видеоролик ретінде табиғаттың көрінісі)

 Көктем:     - Армысыздар қадірменді халайық!

                        Жайнатып гүлін даланың,

                        Жетелеп жұмсақ самалын

                        Келдім міне ортаңа,

                        Құс сайратып, ағайын!

                       Көтеріп күннің от лебін,
                       Көгімнен түсті көктемім.
                      Жылыта келді елімді,
                      Жібіте таудың бөктерін.

                      Көтеріп күннің от лебін,
                      Көгерте күнгей шөптерін,
                      Шулатып аққу, қаздарын
                      Көліме қонды көктемім.  

                      Ал халайық, халайық,

                      Ескі жылдай аға бар.

                      Оны ортаға алайық,

                      Қош айтысып қалайық.

                       

                 

                                         Музыка ойнап ескі жыл Қой келеді)

 

 

Ескі жыл:                Ескі жылың есіркеп,

                                  Жаңа жылың жарылқап,

                                   Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап,

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен.

Келер мешін жылында

Дән көп болсын қоймада.

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әмәнда,

Қоштасып қол бұлғаймын.

Қош, сау болыңдар!

 (Ескі жыл сахна төрінде кетпей тұрады.)

 

І жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ бәйшешек бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

         ІІ жүргізуші:   Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

 

І жүргізуші:  Келді міне жаңа жыл жасыл желек оранып,

                                Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

 

 

 

 

 

ІІ жүргізуші:       Армысың, Жаңа жыл,

    Қуаныш боп кір, төрлет.

    Ел болып саған

                                       Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

        І жүргізуші:          Мешін жылы, кел, төрлет,

    Ел достығын өркендет.

    Мол болсын ырыс, құт,

    Болсын елде тыныштық.

                                                (Сахнаға жаңа Мешін жылы келеді)

 

     Жаңа жыл:  Рахмет, сіздерге, халқым! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңызға разымын!

Жақсылыққа бағыттаған,

Мешінмін  мен жаңа жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Қой жылы мерекесін

Берекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта

Бейбіт жолды қолдаймын.

Қой  жылы жыл символын Мешін жылына табыстайды:

Жыл иесі – берекелі Мешін,

Құт иесі – берекелі Мешін,

Береке-Бақыт боп,

Жерге қон, жерге қон!

Кереге бойлы берекелі Мешін,

Қасиетті берекелі Мешін,

Қуаныш-Шаттық боп,

Жерге қон, жерге қон!

Алтын басты берекелі Мешін,

Күміс құйрық берекелі Мешін.

Ынтымақ-Бірлік боп,

Жерге қон, Жерге қон!

      (екеуі бірге қол бұлғай сахна төрінен кетеді)

І Жүргізуші:  Шарықтап көңілім аспандай,

               Биге бір жаным басқандай.

               Бишілер билей жөнелсе,

                         Шаттықтың нұры тасқандай.

ІІ Жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады,
                          Той деп бүгін әлем сырын ашады.
                          Наурыз мейрамына арналған,
                          Бишілер өнерлерін шашады.

 

 

 

 Сіздердің құрметтеріңізге колледж  бишілер тобының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар!

Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 (Күн мен түн, 5 бала жұлдыз болып киінген ортаға шығады).

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

            Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

           Жүрмеңдер тек жылап.

І жүргізуші:  Көқтем келді мынау байтақ далама,

                       Нұрын шаша ауылыма, қалама.

                       Наурыз келді сайрауымен құстары,

                       Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма? 

ІІжүргізуші: Қолыңды бер, жатсынба, арманым,

                       Сәуледей боп аяла таңдағы.

                       Шақырады жас көктем гүлімен,

                       Шақырады жасыл бақ жырымен.

Төленді Ақботаның орындауында  «Шақырады көктем!»  әнін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың  22 түнінде сағат 3-те даланы Қызыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп тілейді.      

ІІ жүргізуші: Халық ұғымында Қызыр ата -  барлық халықтың қамқоры, жақсылық әкелуші, ырыс, несібе, бақ пен береке, құт сыйлаушы, ерекше қасиетті бойына сіңірген әулие, көріпкел, жарылқаушы қария. Ол ұыстың ұлы күні әр халыққа келіп, шаңыраққа соғып бата береді. Осы түсініктің әсері болар, Наурыз түні адамдар жанын да, тәнін де тазартып, барша әдемі киімдерін киіп, таза ыдыстарды бос қалдырмай, Қызыр ата дәм татсын деп, аққа толтырып қойып жатады...

(Ортаға Қызыр ата келеді.)

       Сахналық көрініс

(Ұлттық киім киген 3-4 ұл бала сахнаға шығады, Қызыр атаны төңіректеп сахнада тұрады.)

       Бала: (жүгіріп келеді) - Сүйінші, сүйінші, Қызыр ата келе жатыр!    

       Қызыр ата:  Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

           Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!

           Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз-бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

Бала:  Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арытып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз!

Балар бірге: (3-4 бала) Ақ батаңызды беріңіз!

          Қызыр ата:   Елдеріңнің іргесі берік болсын,

  Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.

  Сөздерің серттей берік болсын,

  Ісің ілгері, ақылың серік болсын.

  Еккендерің өнімді болсын,

  Өмірлерің көңілді болсын.

  Төрт түлік төлді болсын,

  Баққандарың шелді болсын.

  Ақ көп болсын,

  Қайғы жоқ болсын,

  Сапарларың оң болсын.

  Мына Ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!

  Ұлыс оң болсын! Әумин!

Бәрі бірге: Әумин!

 

І жүргізуші:    Қызыр атаның ақ батасына мыңда бір алғыс!

І жүргізуші:  Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

                         Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

                         Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

                         Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

     ІІ жүргізуші:  Өмірге келдім, сені көрдім, туған жер,

                               Ең алғаш рет кіндік қаным тамған жер.

                               Өтті сенде қуанышты әр күнім,

                              Топырағыңда асыр салып, шалқыдым.
 Колледж триосының орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

  Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

І жүргізуші:        Наурыз келсе барлығы жасарады.

                              Жасарады, табиғат жасалады,

                              Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен,

                              Аластасын пәледен босағаны.

ІІ жүргізуші:      Аластаса әжеміз босағаны –

                              Бар жаманның көңілден босағаны.

                              Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай

                             Лаулап жанып жақсылықты тосады әлі.

(Қыздар шығады. Қолдарына шырақ ұстаған қыздар айналып аластағандай әрекет жасайды. 7 қыз шығады, үшеуі сөйлейді)

 Үшеуі: Алас, алас, пәледен қалас, қалас!

  1әже:   Жаңа жыл жарылқа,

              Ескі жыл есірке.

              Пәле-жаладан сақтай гөр,

              Жамандықты әрмен әкет.

 2 әже:  Айдан аман болайық,

             Жылдан есен болайық.

 3 әже:  Еліміздің елдігін тоздырғысы келетіндерден,

             Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден,

             Соғыстан, табиғат апатынан, барша жамандықтан Алас!

Бәрі: Алас, алас, пәледен қалас, қалас!

(Аластатып болған соң шырақшылар сахнадан кетеді.)

І жүргізуші: Жыл басы – Наурыз мереке,

                       Ақ нұрға әлем боянды.

                       Наурыз тойы береке

                      Тіршілік жаңа оянды!

 

 

 

 

ІІ жүргізуші: Жылдың басы Наурыз,

                         Жердің басы Наурыз.

                         Мерекеге арналсын,

                         Бүгінгі жыр- әніміз.

 (Хабарландырусыз колледж квартетінің орындауында «Қазақтай ел қайда?!» әнін қабыл алыңыздар.)

І жүргізуші:   Наурыз құтты болсын, 
                          Дендеріміз сау мықты болсын!
                         Наурыз тойы келе берсін,

                         Барлық халық бақытты бола берсін!

ІІ жүргізуші:   Еліміздің несібесі көп болсын.
                           Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
                           Қош сау болыңыздар халайық, 
                           Көріскенше күн жарық болсын!

І жүргізуші:     Ой қосылсын ойыңа,

ІІ жүргізуші:    Бой қосылсын бойыңа.

Екеуі бірге:   Аман – есен жетейі

                        Келесі Наурыз тойына!   

                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Қорытынды

 

Наурыз мейрамына байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері: бата беру, аластау, сонымен қатар наурыз мейрамына байланысты әндер айтылып, би биленіп, сахналық қойылымдар  көрініс ретінде көрсетілді.

Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiрлiкте болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Талдықорған агротехникалық колледжі

Сынып сағатының хаттамасы

 

Күні:  14.04.2016        Курс: ІIІ      Топ:  335, 351

Қатысқандар: 335, 351, 131 топ студенттері

 

Сынып сағатының тақырыбы: Наурыз мейрамына арналған «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың» атты тәрбие сағаты.                                                                                                                                                           

Қолданылған әдебиеттер мен материалдар: шарлар, слайдтар, қосымша деректер т.б.

Сынып сағатының барысы:

1.      Жаршылардың сөздері.

2.      Жүргізушілер сөздері.

3.      Колледж директоры мен ардагерлердің құттықтау сөздері.

4.      Әндердің айтылуы.

5.      Би билеу.

6.      Сахналық көріністер.

7.      Қорытынды.                                                                              

Сынып сағатының қорытындысы: қорыта келгенде білім алушылар  наурыз мейрамы туралы кең, ауқымды мәліметтер алды.

 

 

 

 

 

                                               Топ жетекшілер: ___________А.Н.Баримбекова

                                                                               ___________ А.М.Азанбаева



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Топ сағаты "Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.06.2016 1928
    • DOCX 6.6 мбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баримбекова Айгуль Нурсултановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 14267
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе