Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Топ жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқау

Топ жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқау



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m12df18aa.gifhello_html_8e29db6.gifhello_html_m691264ed.gifhello_html_mb041836.gifhello_html_m10eb6d2a.gifҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«ШҚО педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату институты «Өрлеу» біліктілікті жоғарлату Ұлттық орталығы АҚ филиалы







«Педагог: ізденіс, шығармашылық»

облыстық әдістемелік көрмесіне ұсынылған

тақырыптық тәрбиелік іс-шараның

авторлық әзірлемесі



Сыныптан тыс іс-шара арқылы білім алушыларға патриоттық тәрбие беру



Топ жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық









Дайындаған А.К.Уразбаева

Семей көп салалы колледжі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары















Жеңіс жалауы желбірегеніне жетпіс жылға тақау уақыт өтсе де, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске деген құрмет артпаса, кеміген емес. Себебі, Ұлы Отан соғысының зардабын басынан өткізіп, қасіретін шекпеген отбасы болмаған шығар.

Аттан десе атқа мініп тұра шабатын халықтың ұрпағымыз. Отанға жау төнген сәтте тайлы таяғы, кәрі-жасы қалмай соғысқа аттанып, қазағымыздың қаншама ер азаматтары мен батыр қыздары абыройын сақтап, өздерінің жауынгер халық екендігін паш етті. Қанқұмар фашизмнің үнін өшіріп, дұшпанды тізерлету жолында қан төгіп, басқа төнген қатерге қасқайып қарсы тұрып, қайсарлық пен табандылық таныта білген батырларымызды, Ұлы Отан соғысында от-жалын кешкен майдангер әкелер мен аналар рухын еске алатын бүгінгі ұрпақ барда, олардың есімдері ешқашан ұмыт болмайды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында "Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек" делінген. Осы жерде ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің тәрбие жөніндегі айтқан сөзі еске түседі: "Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие берілуі қажет. Онсыз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі", деді Соған сәйкес Семей көп салалы колледжінде білім алушыларының бойында патриоттық сезімді ұялату мақсатында Ұлы Жеңістің 68 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 21жылдығы қарсаңында "Естен кетпес отты жылдар" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: соғыс жылдары, онда ерлік көрсеткен ер жүрек ұлдар мен батыр қыздардың ерліктерін тағы да паш ете отырып, студенттердің бойында еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін оята отырып, патриоттық тәрбие беру.

Өтілу формасы: тарихи-драмалық кеш

Қолданылған технология: ұжымдық –шығармашылық әрекет технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.

Тәрбие түрлерінің бірі- адамгершілік тәрбиесі десек, оның негізгі құрамды бөлігі- ұлтжандылық, отаншылдық қасиеттер болып табылады. Жалпы "Патриот" деген сөз, гректің patris - отан деген сөзі, ең алғаш 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды.Монархияға қарсы күресіп, революцияны қорғаушыларды патриоттар деп атады.Философия сөздігінде: "Патриотизм- Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу" десе, педагогикадағы анықтамасы: "адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу".

Профессор М.Ғабдуллиннің "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екендігі хақ. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді"- деген сөзіне сүйене отырып, әс-шара негізінде ұлтжандылықты дәріптейтін көптеген ақын-жазушылардың өлең жолдарын көбірек алып отырдық.

Өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы- С. Көбеевтің пікірінше, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет- ұлтжандылық болып табылады. "Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс",- дейді. Демек, педагог ретіндегі біздің міндетіміз-студенттерге білім бере отырып, жан-жақты тәрбиелеу.

Ұлы Жеңіс күнінің 68 жылдығы қарсаңында соғыстың кезеңдерін қойылым ретінде әр топқа бөле отырып, соғыс жылдарын студенттердің өздеріне сезінулеріне, ізденулеріне мүмкіндік бере отырып, соғыс жылдарының қасіретін, ауыртпалығын бейнелеп, тәуелсіздігімізге қол жеткізуімізге дейінгі аралықтағы тарихты қамти келе, колледжімізде білім алып жатқан болашақ Отан қорғаушыларды колледж оқытушылары мен ару қыздары атынан Қарулы Күштер мерекесімен құттықтап, концерттік бағдарлама ұсынды.

Аталған іс-шарадан студенттердің ұлттық құндылықтарды құрметтеу, патриоттық сезім және Отанға деген сүйіспеншіліктері артып, оның қуатты, тәуелсіз болуы үшін жауапкершілігін сезінеді.















"Естен кетпес отты жылдар" атты тақырыптық тәрбиелік

іс-шараның сценариі


Барысы:

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл» Жаздың жайма-шуақ күні, аяқ асты сұм соғыстың басталуы (№2 топ).

Гүлназ:

1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл күн қан майданда қаза тапқандармен фашистерден еріксіз қорлық көргендерді, тылда еңбек етіп аштан қырылғандарды еске салады.

Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламызба? - деген көкейкесті сұрақтар туындайды.

Осыдан 68 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын.


Фархат:

Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 68-көктемі де келіп жетті.

68 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,

68 жыл-шуақты күн таратты әні.

68 рет- көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары,- дей отыра Ұлы Жеңіс күніне арналған тарихи журнал беттерін бірге парақтайық.


Рүстем (3 топ):

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе.

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан, халқым майданға!


Көрініс: «Соғыс қасіреті» Ер азаматтар мен батыл қыздарымыздың қолға қару алып, майданға аттануы (№3 топ)


Мөлдір (3 топ):

Жігіт кетті майданға

Тал бойында бес қару.

Айрылған арманда

Қалды артында жас ару.

Жас жүрегі бір түрлі

Алқымына тығылып,

Алғашында бір тұрды

Қалам ба деп жығылып...



Фархат:

Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырады. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл Кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюррері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты Кеңес халқын дүр сілкіндірді.


Гүлназ:

Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста милиондаған әйел жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен поселкілерді, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.


(слайд статистика)


Көрініс: "Сұрапыл соғыс кезеңі" ҚТӘ-21


Гүлназ:

Бақыт күтіп ертеңгі атар таңдардан,

Абдолла боп, отқа өртенді «жанды» арман.

Фашистерден қорықпаған бұл ауыл,

Қорыққан тек хат таситын жандардан.

Ел қорғаған батырларға ғашық ек,

Жылдар жылжы, мейлі, тіпті ғасыр өт.

Енді ешкім қара қағаз алмасын,

Қара қағаз - қағаз емес, қасірет.



Би: «Қаралы хабар»

Фархат:

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін "Алға" деді

Амал не,

Көпшілігі оралмады.


Гүлназ:

Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді. Әрине жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен соғыста әзіл-қалжың,ән мен күй ұмытылмады.


Фархат:

Сағынышты қам көңілмен ұласып,

Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі-домбырамен сырласып.

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны ақжайықтың толқыны

Сағынғаны кербез сұлу еркесі


Көрініс: "Майдандағы тыныштық" ҚТӘ-31 "Синий платочек" әнімен.


Гульназ:

Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.

 Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып еніп, ту тікті. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс майданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетті.


Фархат:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта

Жан-жақтылы соққыдан жау қирады,

Жеңіс туы қадалды Рейхстагқа!


Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ жайып.


Гульназ:

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық

"Шүкір" деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып,


Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.


Көрініс: «Жеңіс туын желбіреткен күн»- "День победы" әнімен № 1 топ

Сұлтан:

Сүйінші елім, сүйінші

Сүйіншіге сүйінші!

Қуан ата-анамыз,

Әжелер мен бабамыз.

Соғыс бітті жеңіспен,

Кешікпей елге барамыз.

Фашистің туын құлаттық,

Әскерін қырып сұлаттық.

Қанды шелек сұмдарды,

Қан құстырып жылаттық.

Ардақты Отан сен үшін,

Туып-өскен жер үшін.

Құрбан болды сан ұлың,

Әлпештеген ел үшін.

Құрбан қылып шыбын жанымды,

Төктім талай қанымды.

Неше өліп, тірілдім,

Аямай бойда барымды.

Мақтан ет ана ұлыңды,

Қойдай боп дұшпан қырылды.

Әлемнен фашист жоғалып,

Гитлердің басы жұлынды.

Әкесін күтіп бала отыр,

Баласын күтіп ана отыр.

Бір көрсем деп ел-жұртты,

Дүрсілдеп жүрек және тұр.

Сағыныштан сарғайып

Солдаттардың жары отыр.

Қайтады елге ерлерің,

Гүлденер қайта жерлерің

Ұмытылар ертең-ақ

Қиыншылық көргенің.


Фархат:

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.


Гульназ:

1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алады.


Фархат:

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Гүлназ:

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол себепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.


Фархат:

7 мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Гүлназ:

Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Ұлы Жеңіс күнімен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні мерекесімен педагогикалық ұжымды, білім алушылар қауымын құттықтау үшін сөз кезегі Семей көп салалы колледжінің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызына беріледі.


Гүлназ:

Болашақ Отанқорғаушылар сіздерге колледж студенттерінен музыкалық сыйды қабыл алыңыздар.

«Сарбаздар» МДТ 21

«Көк тудың желбірегені» Асан

«Қазақтың елі» Балжан, Алмат


Гүлназ: Осымен Ұлы Жеңіс күні мен Қарулы күштер мерекесіне арналған тарихи журналдың беттері аяқталды.

Еліміздің іргесі берік, еңсесі биік болсын!


Фархат:

Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын!






















Іс –шара фотогаллереясы


22.06.1941 ж. Соғыс басталғанын естіген жастар көрінісі





"Майдандағы тыныштық сәті" көрінісі






"Сұрапыл соғыс кезеңі" көрінісі




«Тәуелсіз елдің сарбаздары" көрінісі






Ұйымдастырушылар



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-379119

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>