Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / "Топтағы тілдік-көркем орталық" презентация

"Топтағы тілдік-көркем орталық" презентация


библиотека
материалов
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылы “Гаухар” бөб...
АЌТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЌОБДА АУДАНЫ ТАЛДЫСАЙ АУЫЛЫ «Қобда аудандық білім бөлімі» мемле...
Бөбекжай директоры: Кайназарова Венера Кабиболлаевна Туған жылы: 26.03.1987ж....
“Топтағы тілдік-көркем орталық”
Кітап бұрышы: Балалар бақшасында болған уақыттарында болашақ оқушылар көптег...
“Даналық әліппесі ” оқу-тәрбие халқымыздың рухани құндылықтарын бірізділікке...
Мәнерлеп өлең жолдарын айтуда.
Мектеп кітапханасына саяхат жасау кезінде ертегілер дүниесіне сапар шегі п б...
Балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әркет кезінде ертегілерді слайд немесе диаф...
Балаларға кеңінен танымал театрлардың бірі-столда тұратын картон театры. Оға...
Театр, мерекелік және қуанышты ойындар балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаны...
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалард...
Балаларды көлеңке театры да қызықтырады. Көлеңке театры-ертегілер мен сюжетт...
Театр мәдениеті:Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Драматиз...
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сон...
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ...
Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойнату арқылы балалардың  қызығушылықтарын а...
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерд...
Тіл мәдениетін игеру –баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жет...
Назарларыңызға рахмет!
41 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылы “Гаухар” бөб
Описание слайда:

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылы “Гаухар” бөбекжайы” МКҚК

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 АЌТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЌОБДА АУДАНЫ ТАЛДЫСАЙ АУЫЛЫ «Қобда аудандық білім бөлімі» мемле
Описание слайда:

АЌТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЌОБДА АУДАНЫ ТАЛДЫСАЙ АУЫЛЫ «Қобда аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Мекен-жайы: инд 031016, А.Молагулова көш., 5 үй. тел, факс: 8(71341) 24-3-45; E-mail: gauhar.sadik@mail.ru Тізім бойынша -50 бала санын құрайды. Жас ерекшеліктеріне қарай 2 топ бар. Ғимарат түрі: 2 қабатты, жалдамалы 1 қабаттан. Жалпы көлемі 413,2 ш.м__________ Қолданылуға берілген жылы 2011ж., қыркүйек

№ слайда 5 Бөбекжай директоры: Кайназарова Венера Кабиболлаевна Туған жылы: 26.03.1987ж.
Описание слайда:

Бөбекжай директоры: Кайназарова Венера Кабиболлаевна Туған жылы: 26.03.1987ж. Білімі: жоғары Мамандығы: Ағылшын және неміс тілдер мұғалімі Педагогикалық еңбек өтілі - 6 жыл. Курстан өткен жылы – 2015 Тақырыбы: “Организационно –педагогические аспекты методической работы в условиях обновления содержания дошкольного воспитания и обучения” Мекен-жайы Талдысай с. 24-3-45; тел 87711844417; Эл.адрес: gauhar.sadik@mail.ru

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 “Топтағы тілдік-көркем орталық”
Описание слайда:

“Топтағы тілдік-көркем орталық”

№ слайда 8 Кітап бұрышы: Балалар бақшасында болған уақыттарында болашақ оқушылар көптег
Описание слайда:

Кітап бұрышы: Балалар бақшасында болған уақыттарында болашақ оқушылар көптеген ертегі, әңгіме, өлеңдер тыңдайды және өздері қайталап айтып береді. Балаларды кітаптың жалаң мазмұнымен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың көңілін кітаптардың өзіне, адамзат ақыл-ойының ұлы жетістігіне үнемі аударып отырады. Балаларды кітапты қастерлей білуге тәрбиелеу мүлдем кішкене кезінен, үлкендердің балаларға арналған кітапшаны ұқыпты ұстап, алғашқы оқып беретін сәттен басталады. Сәби әлі оқи білмесе де оны ересектермен ғана емес, өз бетімен де кітапты ашып көре беруге үйретіледі. Кітап-біздің досымыз деген қағиданы балалар жасынан ұққаны жөн. Балалалрға кітапты сөреден қалай алып, дұрыстап қарап көріп, қайта орнына қалай қою керектігін тәрбиеші, табанды түрде, үлкен шыдамдылықпен үйретеді. Бір-бірлеп балалар түптеме, мұқаба, бет, кейінірек түптелген сияқты сөздерді айтып үйренеді. Кітаптардың тозғандығынан ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеу процесінің өзі идеялық-тақырыптық жағынан үнемі жаңартылып тұруды талап ететіндіктен, топтардағы шағын кітапханалар бірақ уақыт өткен соң бүтіндей немесе жартылай жаңартылып отырады. Кітапхана жаңа авторлардың қайтадан басылып шыққан кітаптарын сатып алу есебінен де жаңартылып отырады. Балалардың кітапханада, кітап дүкендерінде экскурсияда болып, кітап түрлерін көргендері жақсы. Балалар қуанышы үшін бірнеше кітаптар сатып алу керек. Тәрбиешілер ақылмен өнегелі жұмыс жүргізген топтағы балалар жаңа кітап көргенде, ең қымбатты досын көргендей, қуанышпен қабылдайды.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 “Даналық әліппесі ” оқу-тәрбие халқымыздың рухани құндылықтарын бірізділікке
Описание слайда:

“Даналық әліппесі ” оқу-тәрбие халқымыздың рухани құндылықтарын бірізділікке жинақтаған тәрбие құралы ретінде баланық интеллектісін ерте жастан дамытуды көздейді. “Даналық әліппесінде” жинақталған ән-күй, қобыз үні, аңыз-ертегілер мен жыр-дастандардың туылатын бала миындағы нейрондарды белсендіруге тікелей әсері болады деп айта аламыз. Адам баласының жоғарғы жүйке қызметінің дамуы тегіне, тұқымына және тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеген атақты физиолог И.П. Павловтың еңбегіне жүгінетін болсақ, болашақ бала тәрбиесі даналықтың қайнар көзінен бастау алуы тиіс. Жас баланың ой-сезім табиғаты-әлі тың, қуатты, мөлдір, таза әрі қабылдағыш. Сол себептен ұрпақтан ұрпаққа жеткен сайын құндылығы артып, рухани қазынамызға айналған бабалар даналығымен баланы ерте кезден бастап нәрлендіріп отыру біртұтас жүйеге айналса, бала бойында адамзатқа жат ықпалдарға берілмейтін және қарсы тұратын рухани иммунитет қалыптасатын болады. Аталған жинақ-өмірге келген баланың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда қолдануға икемді “сөйлейтін қаламның” көмегімен, бала бойына халқымыздың даналығын табиғи қалпында дарытуды көздейтін біртұтас жүйелі тәрбие құралы. Халқымыздың даналығы негізінде әзірленген “Даналық әліппесі” әр отбасындағы ата-ана, әке-шеше, бала-шаға-барлығына ортақ рухани құндылықтар жиыны, білім көзі, ақпараттық-насихат қоры болып табылады.

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Мәнерлеп өлең жолдарын айтуда.
Описание слайда:

Мәнерлеп өлең жолдарын айтуда.

№ слайда 13 Мектеп кітапханасына саяхат жасау кезінде ертегілер дүниесіне сапар шегі п б
Описание слайда:

Мектеп кітапханасына саяхат жасау кезінде ертегілер дүниесіне сапар шегі п балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде де өздерін әділетті көсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптар әдетте жақсы суретшілер қолынан шыққан әр түрлі және бір түспен боялған суреттермен безендіріліп шығарылады. Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім-қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл-принципшілдік, адалдық, нағыз адамзаттық қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де»,-деген болатын В.Г. Белинскийде.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әркет кезінде ертегілерді слайд немесе диаф
Описание слайда:

Балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әркет кезінде ертегілерді слайд немесе диафильмдер арқылы көрсетілуі жұмыстың тағы бір ерекшелігін ашуға-жай картинкалы кітапшаны қарағандай емес, балаларды қызықтыра, ынталандыра түсуге себепші болады, сол техникалық құралдармен өздері жұмыс істегілері келеді. Тәрбиешінің үлкен проектор арқылы көрсеткен диафильмдерін балалар ынталана қарайды. Диафильмдерді көрсету үстінде балаларды дыбысқа еліктетіп үйреткен жөн, мысалы. Қоян болып секіріп, аю болып қорбаңдап, тауық болып қыт-қыттап, машинамен бірге гуілдеп, т.с.с. Қарап болғаннан кейін, оны өздерінше талқылау ұйымдастырады: балалар өздерінің есте қалғандарын ортаға салады, кейбір оқиғаларды айтып береді, өздерінше қорытынды шығарады. Қайталап көрсеткен кезде балалар өздері сұрақ, жауап, өтініш сияқты диалогтардың интонацияларын сақтай отырып, кадрлардың мазмұнын қайталап айтып береді. Тәрбиеші балалар көңілін басты оқиғаларға бұрып, мазмұнын ұға түсуге бағыттайды.

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18 Балаларға кеңінен танымал театрлардың бірі-столда тұратын картон театры. Оға
Описание слайда:

Балаларға кеңінен танымал театрлардың бірі-столда тұратын картон театры. Оған керектінің бәрі: сахна, шымылдық, декорация, пішіндер картоннан жасалып, әр түрлі түспен боялады. Сахналық материалдық ерекшелігіне байланысты бұл театр картиналар таетры деп аталады. Кішкене балалар картиналарды кітаптан көруді ұнатады, ал қозғалып тұратын картиналарды, әрине, олар қуана қарсы алады. Тапқырлықпен жасалған сахналар картиналар театры үшін үлгі бола алады. Картиналар театрында ойын көрсетудің жеңіл түрі-стол үстіндегі картиналарды кенеттен пайда болу әсерінсіз жылжыту. Яғни, кейіпкерлерді рет-ретімен жылжыта береді. Балалар ой-өрісінің кеңейюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түседі, қатысушы кейіпкерлер саны көбейеді.

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22 Театр, мерекелік және қуанышты ойындар балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаны
Описание слайда:

Театр, мерекелік және қуанышты ойындар балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаныш әкеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш. Сәбилердің образды нақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және анығырақ түсінуге көмектеседі. Ойыншықтар театрының өзі кішкене көрермендерге түгел бір комплексті құрал ретінде әсер етеді: бұның өзі көркем образдар, ашық безендірілу, дәл сөздер және музыка. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады. Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған.  Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп,соның ішінде маңызы дидактикалық ойын. 

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24 Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалард
Описание слайда:

Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. Міндеттері:  -    театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; -    сөздік қорларын байыту; -    ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; -    кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; -    байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; Әдіс-тәсілдер: -    балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; -    қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; -    қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.) -    ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. Жұмыстың нәтижесі: Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: -    балалар тілі дамиды; -    сөздік қорлары толығады; -    байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; -    дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; -    театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

№ слайда 25
Описание слайда:

№ слайда 26
Описание слайда:

№ слайда 27 Балаларды көлеңке театры да қызықтырады. Көлеңке театры-ертегілер мен сюжетт
Описание слайда:

Балаларды көлеңке театры да қызықтырады. Көлеңке театры-ертегілер мен сюжетті өлеңдерді инсценировкалаудың көп тараған түрі. Көлеңке көрсету ертегі, әңгіме, мысалдарды оқумен қатар жүргізіледі. Көлеңке театры қойылымын көрсету алғашқы уақытта үш тәрбиешінің қатысуын керек етеді: біреуі экран алдында отырып тесті оқиды, қалған екеуі экранның артында силуэттерді басқарады. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді

№ слайда 28
Описание слайда:

№ слайда 29 Театр мәдениеті:Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Драматиз
Описание слайда:

Театр мәдениеті:Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Драматизациялау Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады. Драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады: - Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді. - Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады. Нәтижесінде: - Баланың тілі жетіледі; - Қимыл - қозғалысы артады; - Икемділігі артады; - Қисынды ойлауы дамиды; - Танымдық деңгейі артады.

№ слайда 30
Описание слайда:

№ слайда 31 Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сон
Описание слайда:

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, ойындарды балалар қызықтап ойнайды.

№ слайда 32
Описание слайда:

№ слайда 33 Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ
Описание слайда:

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын),суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.  Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі.

№ слайда 34
Описание слайда:

№ слайда 35 Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойнату арқылы балалардың  қызығушылықтарын а
Описание слайда:

Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойнату арқылы балалардың  қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту сөздік қорларын молайту,  дүниетанымын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Ойыншықтармен ойнатылатын дидактикалық ойындар кіші топтардан бастап ойнатылады. Мұнда балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы ойнайды. Немесе ойыншық заттарды сиапттауға болады. Үстел-үсті дидактикалық ойындар арқылы : Үстел –үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілетін таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз. 

№ слайда 36
Описание слайда:

№ слайда 37 Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерд
Описание слайда:

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Саусақ ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

№ слайда 38
Описание слайда:

№ слайда 39 Тіл мәдениетін игеру –баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жет
Описание слайда:

Тіл мәдениетін игеру –баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процнсс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бөбекжайымыздың бүлдіршіндері аудандық “Тіл болашағы –балабақшада” сайыстарына да қатысып, өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жүлделі орындар алып келіп жүр. Баланың тілін дамытуда халық қазынасы-халық ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер, санамақтар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс. Ертегі туған жерге сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өйткені ол халық шығармасы, сонымен қатар баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Балалар көркем сөйлеуге “сөз өнерін” үйретуге бірден-бір себеп: олардың ойын, қиялын ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақ, өлеңдерге құштарлықтарын ояту. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы. Әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, оның неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы тәрбиешіге белгілі. Қорыта айтқанда, мемлекеттік тіл мәселесі ең маңызды рөл атқарып тұрған кезде, тіл тұнығы көркем әдебиетте екенін балалар санасына ұялатып, зердесіне құю-тәрбиеші парызы. Кітапты түсініп және қадірлеуге үйретіп, балаларды ойлауға, сезінуге үйретіп, баланың рухани байлығын молайтайық.

№ слайда 40
Описание слайда:

№ слайда 41 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-161764

Похожие материалы