Инфоурок Начальные классы Научные работы"Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп"

"Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп"

Скачать материал

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

Сыздықова Баян

Қызылорда, №240 орта мектеп

Әне –міне дегенше 3 айлық курс барысында сындарлы оқыту теориясының қашықтықтан оқыту кезеңін аяқтап, біз екінші « Бетпе-бет» кезеңіне келдік. Алғашқы күні бәріміз үшін қуанышты күн болды. Бәріміз амандасып,жағдай сұрасып, жаңалықтармен бөлісіп жатқан сәтте тренеріміз келді. Амандық саулық сұрасып болған соң, тренеріміз бізге сабақ бастап кетті. Тренер апай бізге жиырма минут ішінде 7 модулді 7 параққа сөзсіз бейнелеңдер деп тапсырма берді. Әр топ мүшелері келісе отырып қағаз бетіне түсіре бастадық. Барлығымыз бірлесе отырып, тапсырманы орындап шықтық. Жиырма минут ішінде жұмысымыз дайын болды. Әр топ өз жұмысын тақта алдына алып шықты. Ең жақсы шыққан жұмыс біздің топтың жұмысы және төртінші топтың жұмысы болды. Тренердің келесі тапсырмасы барлық топқа 2-сұраққа жауап жазуымызды тапсырды. 1.Мектептегі тәжірибе кезінде маған не оңай болды?- және 2. Мектептегі тәжірибе кезінде не қиын болды?. Біз топпен ақылдаса отырып оқушылармен бірігіп жасалған жұмыстар, сабақ үдерісінде топқа бөлу, сабақ жоспарын жасау оңай болды. Тізбектелген сабақтар топтамасында қиын болған сәттер: жасалған жұмысқа рефлексивтік есеп жазу, берілген тапсырмаға критерийлер белгілеу, уақыттың тапшылығы- деп жауап бердік. Мен үшін тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивті есеп жазу, талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар түрлерін құрастыру, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырма түрлері, формативті бағалаудың он екі әдісін әрбір тапсырмаға тиімді қолдану қиын болды.Тізбектелген сабақтар топтамасында туындаған қиындықтарды топта талқыладық. Тренердің келесі тапсырмасы әр топ бір сабаққа жазған рефлексивті есебімізді тобымыздың арасында талқылап, біреуін ортаға шығару болды. Әріптестеріміздің арасында рефлексивті есепті жазып келгендері де бар, тобымыздың жартысы рефлексивті есепті жазуда қиындық туғызғанын жасырмады. Топтар арасында әріптесіміз Алменова Лаураның, Мұстафаев Болаттың, Алиасқарова Гүлнұрдың рефлексивті есептері топта талқылынды. Бұл есептермен таныстыру көптеген әріптестеріміз үшін өте тиімді болды деп ойлаймын. Өйткені, мектеп іс-тәжірибесінде тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивті есеп жазу көпшілігіне қиындық туғызғаны анық. Біз әрбір күнімізді қашықтықтан оқыту кезіндегі қиындық туғызған сұрақтарға жауап іздеумен,және олардың орнын толтыру жолдарын қарастырдық. Осы орайда мен тренеріміз Жанар апайдың еңбегі ерекше деп айтар едім. Екінші «Бетпе-бет» кезеңінің алғашқы күндерінде бізге ағылшындық әріптестер келіп пікір алмасты. Әр топ арасында Орта мерзімді жоспардың кестесіне негізделе отырып жасалған презентациялары қорғалды. Бірінші топтан информатика пәнінің мұғалімі Салтанат өз жұмысын ортаға салды. Екінші топтан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлжанат қорғаса, ал үшінші топтан химия пәнінің мұғалімі Гүлнұр , төртінші топтан Дәмелі, және бесінші топтан Ғабит әріптесіміз өз жұмыстарын ұсынды. Орта мерзімді жоспар құруда әрбір әріптесім Сындарлы оқыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жеті модулді кіріктіре отырып, сабақтар топтамасын жасағандарын атап өтті. Сонымен қатар Орта мерзімді жоспар жасауда не үйренгенін, қандай қиындықтар болғанын, осы қиындықтарды жоюдағы алдағы уақыттағы ұсыныстарына тоқталды. Әріптестеріміздің презентацияларын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаладық. Келесі аптада екінші күнінде сабағымызға Астанадан келген бақылаушы қатысты. Тренеріміз сабақтың тақырыбына жол ашу мақсатында бізге видиоролик көрсетті. Содан соң ашық және жабық сұрақтар қойылып топтарда талқыланды. Апайдың келесі тапсырмасы топтық жұмыс болатын. Бірінші және екінші топтарға сабақ туралы аяқталмаған тезис берілсе, үшінші және төртінші топқа кластер, бесінші және алтыншы топқа дәстүрлі оқыту мен казіргі сабақты салыстыру берілді. Осы тапсырманы әр топ баяндамашысы қорғап шықты. Мысалы: үшінші топтан Айзада әріптесіміз «мұғалім 45 минутта сабақты қалай пайдаланады?» - деген сұраққа, топтастыру әдісі арқылы былай деп жауап берді: оқушыларды сыни ойлауға үйрету, балаларды жұптық, топтық, жұмысқа үйрету, формативті бағалау түрлерін, әдіс- тәсілдерін пайдалану деп атап өтті. Ал алтыншы топтан Ербол әріптесіміз «Дәстүрлі сабақпен Сындарлы оқыту теориясының» жаңаша әдіс- тәсілдерімен өткізілетін сабақтың ұқсастығы мен айырмашылығын атап өтті. Дәстүрлі сабақта мұғалім өзі түсіндіреді, бағалауды тек мұғалім жүргізеді, 5 балдық жүйемен бағалау жүргізеді ал, Сындарлы оқыту бағдарламасында оқушы сыни ойлайды, топтық, жұптық , жеке бағалау жүреді, оқушы тақырыпты ашып талқылайды, Орта мерзімді жоспар, Қысқа мерзімді жоспар жасауда бағдарламаның жеті модулінің сабақта көрініс табуы, ашық және жабық сұрақтар беру деп түсіндіре келе, екеуіне ортақ қасиет: екеуі де сабақ, қырық бес минуттық процесс, мұғалім мен оқушы арасында диалог орын алады және екі сабақта да бағалау жүреді, сонымен қатар сабақ жоспарын жасайды - деп жауап берді. Топтардың бұл жауаптарын үш критерийді басшылыққа ала отырып бағаладық. Мектептегі іс-тәжірибеден оралған соң жалпы сабақ барысы туралы әріптестерімізбен ой бөлістік. Топтық талқылаудың бізге көп көмегі тиді. Екінші аптаның аяғында «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында сабақ өтілді. Осы тақырыпта сабақты жүргізу үшін сурет қиындылары арқылы, топқа бөлді. Әрқайсымыз өз қолымыздағы қима суреттерді біріктіру арқылы өз тобымызды тауып отырдық. Біздің топқа тышқан суреті шықты. Әр суреттің келесі бетіне сол топқа тапсырмалар берілген. Біздің топқа берілген тапсырма зертханалық жұмыс болатын. Тобымызбен ақылдаса келе біздің топтан технология пәнінің мұғалімі Сағыныш әріптесіміздің жұмысын көрсетуді жөн көрдік. Бірінші топтан бастауыш сынып мұғалімі Рсалиева Элъмира екі жақты күнделікті қалай жүргізуге болатынын түсіндірсе, екінші топтан Мақсұтова Раушан қазақ тілі пәні негізінде жасалған Блум таксономиясының ойлау деңгейіне бағытталған сұрақтар мен тапсырмаларды ұсынса, төртінші топтан Жадыра семантикалық картаны ұсынды. Ал, бесінші топтан Жанар әріптесіміз құзырлылық тапсырманы ортаға салса, алтыншы топтан Дәмелі суреттер сөйлейді тақырыбында тапсырмасын қорғап шықты. Сонымен қатар, сергіту сәтін ұйымдастыру мақсатында әр топтағы әріптестер ойын ойнатты. Келесі тапсырма, Блум таксономиясын орындау мақсатында жұптық жұмыс жүргізілді. Информатика пәнінің мұғалімі Разия модулъ бойынша «Ақпараттық- комуникациялық технология» өз презентациясымен таныстырды және математика пәнінің мұғалімі Жанар Орта мерзімді жоспарға жасалған презентациясын ұсынды. Сонымен қатар технология пәнінің мұғалімі Дәмелі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен таныстырып өтті. Дәмелінің көрсеткен презентациясынан түсінгенімді МАН-нан сілтеме беру арқылы бағалаудың мәнін көрсеткім келеді«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін- өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарандаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды: 1)бақылау; 2)алынған мәліметтердің интерпретациясы; 3) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау; (МАН,57-бет) Мен әріптестеріміздің ұсынған әдіс-тәсілдерінен өзіме көп нәрсе үйрендім. Осы топтық жұмыстар арқасында мен өзіме білмеген жақтарымды үйрендім. Топтағы әріптестерімнен көптеген мәліметтер алдым. Өз ойымды жинақтай келе, менің түсінгенім екінші бетпе- бет кезеңінде бірінші бетпе-бет кезеңіне қарағанда топтық жұмыстың үлкен маңызы бар екенін ұғындым.Топтық жұмыстың арқасында өз ойыңды айта аласың, әріптестеріңнің ойын тыңдайсың және тақырып төңірегінде талқылау жүргізілгенде топ болып бір қорытындыға келесің. Бірлесіп жұмыс жасау кезеңдерінде ғана ұстаздар қауымының білім берудегі, оқушылардың білім алудағы жетістіктері еселене түсетініне көзім жетті.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық,Үшінші (негізгі) деңгей: үшінші басылым, 2012жыл

2.Дәріс материалдары, бірінші бетпе –бет кезеңі, 3апта 5күн(ПШО)



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 1177
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Баян Сейдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Баян Сейдуллаевна
    Сыздыкова Баян Сейдуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11392
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе