Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру. (Баяндама)

Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру. (Баяндама)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық ,әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.Әлем қазіргі күні «білім қоғамын » және «білім экономикасын»құру бағытында.Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп,оны модернизациялауды қажеттейді.

Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауларында «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің Н.И.Илминскийге жазған хатына назар аударсақ:»Менің үнемі ұмтылған тілегім- қалайда пайдалы адам болып шығу еді.Ал,қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам,көңілім толық жұбаныш табады» деген екен.Мен де осы мақсатта қанатымен су сепкен қарлығаштай мектептің даму жоспарына өз үлесімді қоссам,оқушының білім сапасын арттыруда әлемдік білімнің тәжірибелерінің тиімді әдіс-тәсілдерін өз мектебіме енгізсем,ұстаздарымызға әдістемелік, достық көмек беру арқылы сабақ беруді жетілдірсем деген мақсат қойдым.

Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстың маңыздылығын байқадым.Бұл ұстаным Құрастырылған (конструктивтік)білімнің басты идеяларының бірі.Осы бағытты ұстанған оқу-үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды.

Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды,тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі» Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды:олар ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап ,жасалған жұмысы бойынша есеп немесе жауап береді.Ал бұл мезетте қалған оқушылар белсенді әрекеттер атқармайды.Бұған керісінше топтық жұмысқа барлық оқушылар қатысады,өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс.Әрбір оқушы талқылау,таңдау,және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады:топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай:барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.Мұнымен қоса оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы Н.Сандерстің кестесі бойынша үйренген білімді дереу қолдану,басқаларға үйрету 90% болады екен.Шәкірт өздігімен үйренуі керек,сонда ғана оның білімі толығады,солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады.Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе білім ізденіп,оны қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеретінін шешіп ,бұл білімнің өз өміріне қалайша қажетті болатындығын айқындауы керек.

Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері мынандай:

-ұйымдастырушы,

-менеджер(басқарушы)

-бағыт-бағдар беруші,

-қолпаштаушы.

Бірде бір адам келе жатып өз қуыршағынан шығуға тырысқан көбелекті көріп таң қалады.

Оның таңырқағандығы соншалықты, бірнеше сағат көбелекті тапжылмай

тұрып қадағалайды.

borboleta1

borboleta2

Біраз уақыт өткен соң көбелек шаршағандай сыңай танытып, қозғалыссыз қалды.

Сырт қараған адамға көбелек қолынан келгеннің бәрін жасаған, одан әрі еш шамасы жоқтай көрінді.



borboleta4

Адам көбелектің қанаты ашылып, ұшып кетеді деген сеніммен қадағалауды жалғастыра берді.

Бірақ ол бола қоймады!





Сол кезде адам көбелекке көмектеспек болып, қолына пышақ алды да, қуыршақты кесіп жіберіп еді, көбелек атып шықты.

Бірақ оның денесі әлсіз, қанаттары қатаймаған еді.



Болжау ағашы

  • hello_html_m201e9592.gif

  • Бұдан әрі не болады?

  • Аңыз немен аяқталады?

  • Аңыздың идеясы неде?

borboleta6

Ендігі кезде көбелектің басына қалған өмірін қанатын сүйретіп өту жазылды.

Ол енді ешқашан ұша алмайтын болды.





borboleta7

Мұның бәріне көбелектің кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік бермеген адам кінәлі еді.

Көбелек қуыршақтың ішінен өз бетімен шыққанда ғана еркін дамып, өсе алады екен.



borboleta6

Ендігі кезде көбелектің басына қалған өмірін қанатын сүйретіп өту жазылды.

Ол енді ешқашан ұша алмайтын болды.





borboleta7

Мұның бәріне көбелектің кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік бермеген адам кінәлі еді.

Көбелек қуыршақтың ішінен өз бетімен шыққанда ғана еркін дамып, өсе алады екен.

Бұдан шығатын қорытынды: оқушы өз бетінше жұмыс жасағанда ғана ойлау деңгейі дамиды.

Педагог-«білім көзі» емес,ол-оқушының шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы,ұйытқысы,оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы,оқушының .үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы.

Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу-жақсылық пен ізгіліктің нышаны.Мен осы мақсатта түрлі ойсергектерді пайдалану арқылы оқушының көңіл-күйін көтеріп барып,топтық жұмысқа жұмылдырамын.Мысал ретінде





























7-сынып

Сабақтың

тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Әңгімені оқушыларға оқыта отырып,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына ,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтары мен қолданысын оқыту..

Күтілетін нәтиже

Жазушы өмірін,шығармашылығын жан-жақты біледі,өз беттерімен жұмысқа дағдыланады..

Негізгі идеялар

Заман талабына сай парасаттылыққа,өз ойын еркін жеткізуге ,тіл байлығын байытуға ,өз білімін өмірде қолдана білетін ,көпшілікпен араласа алатын ,ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар тұлға дайындау.

Түрі

Мазмұны

Сұрақтар.

Білу


Ұйымдастыру кезеңі.»Жүректен-жүрекке»Бір-бірімізге ізгі тілектер айту.»Ізгі тілектердің ең бастыларын алып топқа бөлу.1-топ»Бақыт».2-топ «Білім»3-топ «Отан».Жаңа тақырыпты тақтаға жазу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.Сабақтың ережесімен таныстыру:тыныштық сақтау,бір-бірін тыңдау,ойын ашық айту,ынтымақтастық орнату.Бағалау парағын тарату.Постер құрастыру.»Отбасында біздің ең жақын адамымыз».Әр топ өз постерін қорғау.»Миға шабуыл»Ғ.Мүсірепов кім?Қашан ,қай жерде дүниеге келген?Қандай шығармаларын білесіңдер?

Түсіну


«Тақырыптық теннис» әдісі.Тақырыпқа қатысы бар сөздерді айту.Әңгіменің мазмұнын Жигсо әдісімен өз бетінше оқу.Әңгіменің тақырыбы мен идеясына көңіл бөлу.

Қолдану


Оқулықты қолдану.1-топ Жазушы жайлы танымдерек.2-топ Әңгіме кейіпкерлеріне сипаттама.3-топ Әңгіме желісін баяндау.

Талдау


«Бірге ойлаймыз» әдісі.Әңгімеден не түйдіңдер? Постермен жұмыс.Сыныппен ой бөлісу.

Жинақтау


Ойды жинақтау.1-топ «Ана» 2-топ»Жалпақ батыр» 3-топ «Қоғам».

Бағалау


«Серпілген сауал»әдісі.Топтар арасында сұрақтар лақтыру.Ана туралы мақал-мәтелдер айту.Кезбе тілші» әдісі.Бүгінгі қоғам дерті.»Айтуға оңай» бағдарламасы.Бүгінгі аналарымыздың жай-күй қандай?.Қарттарымызды сыйлап жүрміз ба?Пікірталас ұйымдастыру.1.Бағалау.Критериалды бағалау.

Үй тапсырмасы:Әңгіменің мазмұны.Шығармашылық тапсырма: «Ана-құдіретті күш »эссе жазу.

Рефлексия.Екі жұлдыз,бір тілек.




























Оқушыларды бағалаудың

әдіс-тәсілдері

Серпілген сауал MSOfficePNG(7)



Сұрақтары бар қорап Question%20box[1]

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Бағдаршам MSOfficePNG(4)

Бағдаршам.Қызыл түс-«түсінбедім».Сары түс-«күмәнім бар».Жасыл түс-«барлығы түсінікті»

Мұғалім бала жанының тамыршысы.Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып,оны ойната білу оңайлықпен келмейді.Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі мен мақсатынан туады.Оның сенімділігі мұғалімнің білімінен ,айқын мақсатынан және бала жүрегінен жол таба білуінен көрінеді.Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады.Оқытуға деген ынта,өзіңдегі барды асқан мейірімділікпен жеткізе білу-ұстаз шеберлігінің бір қыры.Бұл жайында ұлы Абай»Мейірімділік-бауырым деп адам баласын жақын тартқанда іске асатын қасиет» деп айтып өткен. Ендеше әлемдік білімге асқан мейірімділікпен,махаббатпен ерейік,қадірлі ұстаздар!

Әлемдік білімге біз жол ашайық.

Сол жолда мақсат,жоспар құра алайық.

Болашақтың мектебін бірге жасап,

Үдерісін оқудың дамытайық!



Еліміздің ұстаздары жалындасын!

Құлагердей білімде арындасын!

Елі сенген ұстаздың бағы жанып,

Алдындағы арманы орындалсын!











Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров732
Номер материала ДВ-305371
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх