Инфоурок Другое Другие методич. материалыТоптық жұмыс арқылы оқушылардың реттеу дағдыларын қалыптастыру

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың реттеу дағдыларын қалыптастыру

Скачать материал

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың  өз-өзін реттеу

дағдыларын қалыптастыру

 

Тулеуова Баян Ануарбекқызы

математика пәні мұғалімі

 

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

 

         Мен, Кембридж Университетімен бірлескен Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша екінші (негізгі) деңгей үш айлық курсы бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білімімді практикада жүзеге асыру арқылы білім беруге негізделген оқыту тәсілдеріне көзқарасым өзгерді. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жаңа тақырыптарды өзім түсіндіріп барып, мысалдар келтіріп, анықтамаларды кітаптан дайын күйінде жаздырып, оқушыларға дайын күйінде беріп келдім. Дәстүрлі оқытуда оқушы тақырыптарды түсінбесе және қиналған кезде тек мұғалімнің көмегіне ғана сүйенеді деп ойлап келдім. Ал, енді оқушылардың оқудағы мақсаттарын өздігінен айқындау арқылы өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері зор екендігін түсіндім.

         Бағдарламаның мектеп пен сынып үшін маңыздылығын мына жолдар арқылы түсіндіргім келеді. Кембридж бағдарламасының Екінші деңгей бағдарламасы: «Бастапқы идеядан туындайтын идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын, дайын білім мен идеяларды ұсынбай, сол білім мен идеяларды оқушылардың өздерінің құруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 12-бет). Мен де осы өзгерісті енгізуге өз үлесімді қосып, менің қазіргі білім саласына қосқан бір тамшым болар деген оймен, зерттеуге математика пәні, соның ішінде алгебра пәні бойынша өзім сабақ беретін  сыныпты таңдадым.  Мектеп жаратылыстану- математика бағытында болғандықтан сыныптардың көпшілігі де осы бағыттағы пәндерге бағытталып оқиды. Сыныптың білім сапасы 65 пайыз. Сыныптың білім сапасының ортадан сәл жоғары болуының себебін оқушылардың белсенділіктерінің орташа болуы деп түсіндім. Ал оның себебін оқытудың әдіс-тәсілдерінің бірыңғай немесе бірсарынды болуы деген ойға қалдым. Оны бірінші бетпе-бет кезіңде алған теориялық білімдерімді осы практикамен ұштастыру барысында ұғындым.

         Курста өткен жеті модуль арасынан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оның ішінде топтық жұмыс арқылы білім беруді таңдадым.

         Сонымен қатар, оқушыларға жүргізілген сауалнамасының нәтижесі де  осы сыныпты таңдауымның дұрыстығын көрсете келе, тақырыбымды негіздедім.         Мен таңдаған сыныбым үшін бұл тақырыптың маңыздылығы, яғни таңдау себебім сынып оқушыларының көпшілігі  бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс  жасауға дағдыланбаған. Топта жұмыс істеу сыныпта ынтымақтастық орнату үшін, өзара әрекеттестік орнату үшін қажет. Ол үшін топтарды дұрыс ұйымдастыра білу керек және топта жұмыс жасау ережелерін құру қажет. Сонымен қатар, топтағы мүшелер саны  мен топтағы жұмыс нәтижесі топтағы бірлескен жұмысты көрсетеді.

         Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу – соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Оқушылар топтарға бірлескен жағдайда топ мүшелерінің жеке қабілеттері мен топқа қосқан үлесі құрметтеледі; жұмыс барысында механикалық есте сақтау мен қайталау процесстерімен бірге, ақпараттар өңделіп, қорытындыланады; топ мүшелерінің әрқайсысы басқа оқушылардың көзқарасымен таныса отырып, өзіне қажеттіні алады және оған өз көзқарастарын білдіре отырып, соны қорғауға мәжбүр болады да, өз ойларын тұжырымдап үйренеді. (Үлестірме материалдар: 4-апта)

         Топты құру барысында мұғалім топтағы оқушы санын да ескеру керек. Шағын топтармен жұмыс жасау үлкен топтармен жұмыс жасауға қарағанда тиімдірек екені белгілі. Сондықтан сыныпты әр топта бес оқушыдан болатындай етіп шағын топтарға бөліп алдым.

         Зерттеу тақырыбымды «Топтық жұмыс арқылы оқушыларды өз-өзін реттеуге дағдыландыру» деп, мақсатымды «Бірлескен жұмыстар арқылы өз-өзін реттеу дағдыларын қалыптастыру» деп анықтап алдым. Міндеттерімді топтық жұмыста оқушыларды ынталандыру; жұптық жұмыс арқылы бір-бірін бағалауға үйрету; өзіне сыни көзбен қарай отырып, өз-өзін бағалай білуге үйрету, оқушы үнін ескеру, түрткі беру, кері байланыс орнату, талап парағын толтырту деп айқындадым.  Күтілетін нәтижені топта ынтымақтастықпен жұмыс жасай алады; бір-бірін бағалай алады; өз-өзін бағалау дағдысы қалыптасады деп болжадым.     Осы тақырыпты таңдау себебім – оқушыларды математика пәнін игерудегі үлкен кедергілерді жоюға жұмыстандыру, топтағы жұмыс арқылы өз қабілеттері мен деңгейлерінің шегінде бірлесіп жұмыс жасай отырып, өз-өзін реттеуді жолға қою.

          Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами  түседі, өйткені олар көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұнда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және  қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992). (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-бет)

         Мен оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау, өз-өзін реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді. Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге баса назар аударады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 69-бет). Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002):

·        тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушығы;

·        оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,

·        проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Джин Раддок  «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Ruddck et al, 2004). Сол пікірге қосыла отырып, мен әр сабақтан соң немесе сабақтан бұрын оқушыларды сұхбатқа тартып, пікірлерін біліп отырдым. Нақтырақ айтқанда, сабақ соңында осы тақырыптың қай бөлімінде немесе қай есепті шығару жолында түсінбегенін немесе қай тәсілге әлі де қосымша есептер шығарғысы келетінін айтып отырды. Келешекте де осы «оқушы үнін» үнемі қолданып отырамын деп ойлаймын, себебі, бұл тәсіл  оқушының білім деңгейін, қабілетін, қабылдау деңгейін анықтауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың өз-өзіне есеп беру немесе реттелу дағдыларының да қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын. Сол сияқты топтың да жалпы пікірін білу маңызды. Себебі, ол бірнеше оқушының пікірлерінен пайда болады. Топтық жұмыс та менің болашақ жоспарларымда бар. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, топпен бірлесе жұмыс жасау, оқушылар арасында ынтымақтастықпен қатар, өз деңгейлерін саралай отырып, өз-өзінің реттелуіне көп көмек береді деп ойлаймын.

         Зерттеу сыныбымда осы тақырыппен жұмыс жасай отырып, топтық жұмысты таңдағаным дұрыс болғанына көзім жетті. Себебі, оқушылардың барлығы да қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Тіпті алғашқы сабақтан соң-ақ топқа бөлуді өз міндеттеріне алуға ұсыныс білдірген де оқушылар болды. Сондай-ақ топ басшылығын атқаруға міндеттеген кезде кей оқушылардың бұған жауапкершілікпен қарай отырып, «атқара алмаймын» деген сенімсіздік білдіргендері болды. Алайда одан кейінгі өткен сабақтардан соң жолдастарының іс-әрекетіне қарай отырып, қайта қызығушылық танытып жатты. Мұның өзі оқушының өз-өзін реттеуіне жасаған алғашқы қадамдарының бірі деп білемін. Сыныптың бейімделмеуі мен топтық жұмыс, жұптық жұмыстағы, өз-өзін бағалаудағы дағдыларының болмауы көптеген қиындықтар туғызды. Бұл қиындықтар сыни  тұрғыдан ойлаудың, білім берудің жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңадан енгізіліп жатуымен байланысты болар.

         Тәжірибе жүргізу барысында мен дәлелдемелерді жинақтау, өзгерістер енгізуді жоспарлауда теориялық білімімді қолданам дегеннің өзінде жұмысымның бағытын анықтауда бастапқы кезде қиналғаным рас. Бірінші кедергім - топтық жұмыстағы оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынасының қалыптасып үлгермеуі. Екінші кедергім - жаңа әдістердегі дағдылардың  оқушылар бойында қалыптасуына қажетті уақыттың аздығы. Осы екі кедергі мен жоспарлаған сабақтарымның уақытқа сыймауына себеп болды. Топтардың,  яғни сынып оқушыларының көптігі де зерттеу жұмысыма кері әсер етті.

Сабақтарда топтық жұмыстағы бірлесіп әрекет жасау тапсырмалары сатылап сәтті шығып жатты. Бұл тәсіл, яғни топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектесіп, топ намысын қорғау үшін, тіпті, сабаққа деген ынтасы төмен оқушының өзі белсене қатысып, жақсы қарым-қатынасқа бет алғандығы  қуантты.

         Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын, жаңа ұғым - түсініктерін өрістетуге орайластырғанымда, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа,  оқушыларымды жаңа қырынан байқай бастадым. 

Сыныбымдағы іс-ірекеттердегі зерттеу бағытындағы зерттеуім барысында сындарлы оқыту тәсілдерінің оқушылардың белсенділігін арттыру, оқу сапасын жақсарту, сыныпта қалыпты жағдай тудыруға мүмкіндік беретініне көзім жетті. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде сабақта оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын білдім.

         Болашақта оқушылардың дағдыларын қалыптаcтырудың жолдарын қалай дамытуға болу жолдарын қарастырамын деген ойдамын.

 

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Топтық жұмыс арқылы оқушылардың реттеу дағдыларын қалыптастыру"

Настоящий материал опубликован пользователем Тулеуова Баян Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 04.01.2015 1803
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулеуова Баян Ануарбековна
    Тулеуова Баян Ануарбековна

    учитель математики

    • На сайте: 10 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 36474
    • Всего материалов: 8

    Об авторе

    Преподавание математики: ведение уроков и других занятий в общеобразовательных школах в соответствий с расписанием в указанных кабинетах, подготовка к ЕНТ. Люблю слушать музыку, рисовать, танцевать. У меня семья который я люблю, двое детей.Internet-пространство открыло новые возможности для образования. Каждый учитель может создать свой островок виртуальности в сети Интернет, рассказать о себе, обмениваться положительным опытом с коллегами. Используя персональный сайт, учитель может апробировать новые дистанционные формы обучения.

Жұмыс парағы. Бұрыштар мен доғалардың градус және радиандық өлшемдері

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
909
5
04.12.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 29
Покупателей: 108

Об авторе

Стаж работы в образовательной сфере составляет 4 года. В 2012 году окончила Инновационный Евразийский университет по специальности "бакалавр математики". В 2014 году окончила этот же университет и получила степень магистра естественных наук по специальности "математика ". В тот же год устроилась в Президентскую школу в качестве учителя математики.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Балыкова Бибигуль Жанарбековна. Инфоурок является информационным посредником

Бұл әдістемелік материал 9 сынып оқушыларына, сондай-ақ бұрыштық өлшемдерді есептеуде дағдыларын жетілдіргісі келетіндерге арналған. Материал сызбалармен жұмыс істеу арқылы бұрыштардың градус және радиандық өлшемдерін анықтау қабілетін дамытуға бағытталған. Мұғалімдер оны сабақ барысында оқушылардың түсінуін жақсарту және практикалық дағдыларын нығайту үшін пайдалана алады.

Краткое описание методической разработки

Бұл әдістемелік материал 9 сынып оқушыларына, сондай-ақ бұрыштық өлшемдерді есептеуде дағдыларын жетілдіргісі келетіндерге арналған. Материал сызбалармен жұмыс істеу арқылы бұрыштардың градус және радиандық өлшемдерін анықтау қабілетін дамытуға бағытталған. Мұғалімдер оны сабақ барысында оқушылардың түсінуін жақсарту және практикалық дағдыларын нығайту үшін пайдалана алады.

Смотреть ещё 5 615 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кембридж Университетімен бірлескен Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша екінші (негізгі) деңгей үш айлық курсы бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білімімді практикада жүзеге асыру арқылы білім беруге негізделген оқыту тәсілдеріне көзқарасым өзгерді. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жаңа тақырыптарды өзім түсіндіріп барып, мысалдар келтіріп, анықтамаларды кітаптан дайын күйінде жаздырып, оқушыларға дайын күйінде беріп келдім. Дәстүрлі оқытуда оқушы тақырыптарды түсінбесе және қиналған кезде тек мұғалімнің көмегіне ғана сүйенеді деп ойлап келдім. Ал, енді оқушылардың оқудағы мақсаттарын өздігінен айқындау арқылы өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері зор екендігін түсіндім. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 239 419 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 217 673 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Основы видеомонтажа

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Реализация ФОП: содержание, внеурочная деятельность и оценка качества образования

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 7 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Современные вызовы психологического благополучия

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 615 курсов