Инфоурок Начальные классы Конспекты"Топтық жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу"

"Топтық жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу"

Скачать материал

          Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймын. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпын. Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет.     

           Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады: -оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру; -оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру; -өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру. Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастыруға болады: -жалпы түр-пішін; -нақты түр-пішін. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады:

1) сыныптың барлық оқушыларына;

2) жеке топ оқушыларына;

3) әрбір оқушыға беріледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы оқушылардың алатын білім көздеріне байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін.

1. Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде ұсынылған әр түрлі негіз қалаушы ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және басымдықтарды белгілеу үшін әрбір топқа арналған бастапқы нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Топтың топты құрайтын нақты адамдарға арналған ережелерді жасауға болады деп есептегені өте маңызды.

2. Адалдық мәдениетін күшейту. Топтың табысты жұмысы шындыққа негізделеді. Топ мүшелері үшін өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады. Дегенмен оқушыларға адал болып, әдептілік сақтау қажеттігін ескерту керек.

3. Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек.

4. Ұжымдық жауапкершілік белгілеу. Мәселелер көтерілген соң және де толық талқыланғаннан кейін топ шешімі қабылданған соң, топтың алға қарай жылжуы үшін ұжымдық жауапкершілік туралы уағдаластықты қолдану керек. Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады.

5. Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту маңызды екендігін атап көрсету. Адамдар бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы.

6. Топтағы жұмысқа әрбір мүше атсалысуға тиісті. Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне өзінің пікірімен қоса, әркімнің пікірі құнды екенін көрсету керек.

7. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға тиіс.

8. Топ мүшелерінің мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкін. Міндеттер әрбір топ мүшесінің тәжірибесіне және біліміне сәйкес бөлінген жағдайда топ жұмысы өте тиімді болады.

9. Алайда, топ тек мықты қатысушыларды ғана пайдаланбауға тиіс! Топтағы тапсырмалар дамытушы сипатта болуы мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін мақсатты жағдай болуы мүмкін.

10. Топ мүшелеріне жазбаларды сапалы жүргізу маңызды екендігін ұғуға көмектесіңіз. Оларды бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігі болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар, хаттамалар немесе топтық жұмыстың алға ілгерілеуін растаудың басқа да түрлері болуы мүмкін. Міндеттерді орындау және жазбаларды жүргізу бойынша топ жұмысын қорытындылауға жауапты адамдарды ауыстырып отырыңыз.

11.Топ міндеттерінің мерзімдерін өзгертуге болмайды. Топтың табысты жұмысының «Сен қандай да бір нәрсені орындай алмауың мүмкін, бірақ топтың қандай да бір тапсырманы орындамауына мүмкіндік берсең, бұл дұрыс емес» қағидатына негізделген.

12. Қайырымдылықты дамытыңыз. Топтық жұмыс кейде адамдардан топ мақсаттарына өздерінің жеке қажеттіліктері мен тілектерін бағындыруды талап етеді. Мұны топтың өзге де мүшелері мойындағаны маңызды.

13. Адамдарға шығармашылық пен стандартты емес идеяларды бағалауға көмектесіңіз. Топ мүшелері тек қойылған міндеттер шеңберінде болуына жол бермеңіз және прогресс пен шығармашылық арасында дәлелденген балансты белгілеу керек.

14. Топ жұмысында жүйелендіруші элементтерді пайдаланыңыз. Тұрақты кездесулерді ұйымдастыру, есеп жүргізу және міндеттерді бөлу топтың тиімді және өнімді жұмыстарының кепілі болмақ.

15. Күн тәртібінде топтық ережелер туралы тармақты тұрақты бақылауда ұстаңыз. Бұл мезгіл-мезгіл негізгі ережелерді қарап және қайта қарап отыру үшін, кейде пайда болуы мүмкін күтпеген оқиғаларды шешу үшін жаңасын жасау үшін өнімді болуы мүмкін.Алайда практикада өзінің пайдалылығын дәлелдеген, бірақ саналы түрде қолданылмаған негізгі ережелерді ұмытпай, олардан бас тартпаған маңызды.

        «Тіл – оқытуда және оқып – білуде негізгі рөл атқарады». Себебі, негізінде білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мен өз сабақтарымда суреттерді қолдану арқылы диалогтық тәсілдерді қолдану барысында зияткерлік дамуына әсер етеді. Бала диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен,сыныптас достарымен қарым – қатынас орнатады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкндік береді; басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: Әңгіме-дебат барысында: ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;Қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; Орта бірлесуден гөрі, көп жағдайда бәсекелестікке бағытталған.

        Топтық әңгіме барысында айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсмын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды; қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы-келісімге ұмтылу).

         Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальді түрде оқуды азайтады. Сапа мен әңгіменің мазмұны балалардың білім алуы үшін маңызды болып табылады. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістерін қарастыру ұсынылады. Бұл-мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалогпен басы ауызекі немесе «интерактивті» білім берудің арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі.

        Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды ) және өзара білім алмасуға жағдай туғызады (мұғалімдер мен балалар бір- бірін тыңдап, идеялармен бөлісіеді және балама көзқарастарды қарастырады ) және қолдаушы ( балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады. Диалогтік педагогика- балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым - қатынас орнатуы. Мысалы өзімнің сыныбымда жүргізген дүниетану пәнінен «Мұрат атай» деп аталған сабағымды алатын болсам, ұйымдастыру кезеңінде «Визиттік карточка» тренингін бастадым. Оқушылар нені қалайтындарын, нені армандайтындарын айтып,өздерінің ойларын ортаға салды. Содан соң, түрлі-түсті парақша тарату арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Балаларды сабақтың бағалау критерийлерімен таныстырып, үй тапсырмасы тексерілді. Қызығушылықты ояту үшін «Қошқар мүйізі» мультфильмін тамашалаттым. Мультфильмді тамашалап болған соң, диалог құру арқылы сұрақтарға жауап алынды. Мысалы: «- Мультфильм не туралы? Қошқар деген не? Оның қандай пайдасы бар? Алдар Көсе байларға не деді? Қошқардың мүйіздерін неге кесті? Алдар мұнысымен не айтқысы келді?, т.б.»Тірек сөздерді тақтаға іліп, слайдпен көрсетіп түсіндіріп жібердім. «Мұрат атай» мәтінін запиське жазып, оқылып жатқанда слайдтан мәтін бойынша суреттер көрсетілді. Балалар мұқият тыңдап, суреттерге бар назарларын салып, қарап отырды. Шынында да оқулықты алып, оқып бергеннен гөрі үнтаспадан тыңдатқан жақсы әсер етеді екен. Мәтінді тыңдап болар болмаста, оқушылар өздерінің ойларын айтып, ортаға сала бастады. Бұл жерде де мәтін бойынша сұрақтарға жауап алынды. Сұрақтар әртүрлі болды. Мысалы: «- Мұрат атай қойларын бағып жүргенде, жылдың қай мезгілі еді? Ол қойларын қандай жеріге жайды? Атай қойларын жақсы көрді ме? Жақсы көргенін қайдан білдіңіздер? Мұрат атайдың есіне не түсті? Қалай ойлайсыздар, қыстың қаһарлы күні неге есіне түсті? Қыстың қай айы еді? Сол кезде қойлар қандай жағдайда болды? Атайға көмекке кімдер келді? Олар қалай көмектесті, деп ойлайсыздар? Атайдың қойлары үшін неліктен жаны ашыды?» деген сияқты сұрақтар қойылды. «Ойлан-жұптас-талқыла» бөлімінде әр топқа мәтін бойынша сұрақтар берілді. Балалар постерге өздерінің жауаптарын бейнелеп, қорғады. «Ой толғаныс» бөлімінде, әр топ баяндаушысы, келесі топқа барып, слайдтағы суреттер бойынша, мағлұмат берді. Жалпы сабақта, балалар постерлеріне уақыттарын кетіріп алып отырды.

         Бастауыш сынып болғасын ба, ойларын жинақтап болғанша да біраз уақыт кетіріп алады. Сабақта әр тапсырма сайын, постер қорғалғанда да оқушыларға сұрақтар қойылып отырды. Сабақтың жүру барысында, әр топ жұмыс жасап отырғанда, мен қасыма кейбір оқушыларды шақырып алып, ол оқушымен диалог құрып, кеңес беріп отырдым. Топқа ілесе алмай отырған немесе керісінше бәрін де өзі жасағысы келіп отырған оқушылар да болды. Ол оқушыларға жеке тапсырмалар орындатып отырдым. Балаларды әр тапсырма сайын мадақтап, қол шапалақтап формативті бағаладым. Оқушылар да бір-бірін бағалап, не себепті сол бағаны қойғандары туралы айтып, дәлелдеді. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Бұнда өзімен өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр. Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.

         Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет. Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен мектептер          үшін іскер мұғалімдер қажет, деген        ойдамын.

Пайдаланылған
  әдебиет:

1.
      Бастауыш   сынып        журналы
2. « Мұғалімге арналған нұсқаулық » Үшінші (негізгі) деңгей

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Топтық жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пайдаланылған әдебиет:

1. Бастауыш сынып журналы
2. « Мұғалімге арналған нұсқаулық » Үшінші (негізгі) деңгей

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 727 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2015 3734
    • DOCX 55.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аугалиева Дана Тойласыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аугалиева Дана Тойласыновна
    Аугалиева Дана Тойласыновна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3819
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов