Инфоурок / Другое / Статьи / Топтық жұмыс арқылы өздік жұмыс дағдыларын дамыту
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Топтық жұмыс арқылы өздік жұмыс дағдыларын дамыту

библиотека
материалов

hello_html_m73b3e675.jpgҚарлығаш Барамбаева, Қарасу ауданы, Қарасу орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі,

оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта

ынтымақтастығының идеалды

моделі болып табылады.

Топтық жұмыс арқылы өздік жұмыс дағдыларын дамыту.

Өзімнің педагогикалық қызметімнің басынан бастап мен өз сабақтарымда өздік жұмыс дағдыларының дамуына ерекше назар аударуға тырыстым.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары жан-жақты көлемді және маңызды ақпаратқа толы болғандықтан, оны менгеру үшін оқушылардың белсенді ойлау қабілеті қажет. Сабақта жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын іздеу және іске асыру кезінде мен оқушылардың өздік жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін топтық жұмысты ұйымдастыру қажетті екен шешіміне келдім. Өйткені, топтық жұмыс барысында өз білімдерін қалаушылар болып саналатын және өз білімі үшін жауапкершілігін түсінетін оқушылардың арасында тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық пайда болады. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне білім беріп, жаңама тәжірибе алады. Басқа адам түсіндірген материалға қарағанда, оқушыларымен бірге талқыланатын материал жақсы меңгеріліп есте сақталады деп бекер айтпаған.

10 сыныптың «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз» тақырыбындағы қазақ тілі сабағында жаңа материалды менгеру және бекіту үшін сабақтың басында оқушыларды 4 топқа бөлдім. Әр топқа тапсырма берілді: 1 топқа – отбасы бюджеті туралы презентация құрастыру, 2 топқа – ұсынылған тізімінен отбасының бір айдағы кіріс пен шығысты бөліп жазу, 3 топқа –отбасының айлық шығыстарын жоспарлауы бойынша коллаж жасау, ал 4 топқа – бюджет туралы кластер жасау, оны қорғау барысында «бюджет», «кіріс», «шығыс» туралы түсінік берілді. Сыни ойлауды қажет ететін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған.

Сабақта мұғалім ретінде атқарған қызметім:

  • «Бюджетті жоспарлау» түсінігіне қысқаша мәлімет беру;

  • Білім деңгейлеріне қарай оқушыларды топтарға тең бөлу;

  • алдағы жұмыстың мақсаттарын түсіндіру;

  • жұмыс барысын бақылау.

Тапсырмаларды орындау кезінде және презентацияны қорғау барысында

топтағы белсенді талқылауларды бақылап, оқушылардың бірлесіп атқарған жұмысында олар өзара қатынасуды үйренеді, өздік жұмыс, коммуникативтік дағдыларын менгереді деген шешімге келдім. Сонымен қатар оқушылар бір-біріне көмектесуді, өз қателерін көруге және оларды түзету жолдарын табуға үйренеді. Әр оқушының өз көзқарасын ұсынуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар оқушылар сыныптастар оның көзқарастарын мұқият тыңдауды және ортақ нәтижеге келтіруге үйренеді.

Өз сабақтарымда топтық жұмысты пайдалана отырып, оқушылар топтың табысы барлық топ мүшелеріне байланысты екенін түсініп, әр оқушы мақсатқа жету жолына өз үлесін қосады және тапсырмаларды орындауына мол жауапкершілігімен қарайды деген шешімге келдім.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-312918

Похожие материалы