Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Топтық тұсаукесерге қатысу туралы есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Топтық тұсаукесерге қатысу туралы есеп

библиотека
материалов

В-3

Топтық тұсаукесерге қатысу туралы есеп

Адреисова Гүлнар Тлеугабыловна


«Ұстаз-мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай.  .... оқушының білім сапасы мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Бұдан шығатыны  мектепке қомақты педагогикалық және әдістемелік дайындығы бар, маманданған мұғалім керек» деп алаш зиялысы А. Байтұрсынов айтқандай мұғалім мұғалім болған соң білім сапасын арттыру үшін үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Ал қазіргі таңда оқушыларға жаңа – әдіс тәсілдермен білім беру мақсатында Кембридж университетімен тәжірибе алмасып, Қазақстан мұғалімдеріне жеті модуль аясында оқытудың үш айлық курстары болып өтіп жатыр. Бұл  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру деңгейлі үш айлық курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер: оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Міне мен де осы курсқа біліктілікті арттыру мақсатында мектеп басшыларының ықпалымен келіп едім.

Бұл үш айлық курс барысында Кембридж университетінің бізге үйреткені көп. Өзіміз – білетін, білмейтін әдіс – тәсілдердің түрлерімен жұмыс жасауды, қолдануды үйрендік. Үшінші деңгейлі бірінші бетпе-бет кезеңінде мұғалімдерді оқыту курсына келгеннен бірінші күннен топпен жұмыс жасау қолға алынды. Бірінші күні оқуға келгенде алдымен топ тренерімізбен таныстық, топтың «Алтын ережесін» құрдық, топқа бөліндік және «мәдениетаралық оқушы, мінсіз оқушы, сыныптағы психологиялық ахуал, құндылық, ұстаным, бағалау, сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту» т.б тақырыптарды терең ұғына отырып, алдымызға ақ қағаздар, стикерлер, маркерлер, яғни жұмыс жасауға қажетті құралдар арқылы топ болып талқыладық.

Алғашқы күндері бұлардың бәрі бізге бүртүрлі түсініксіз болды еш нәрсенің байыбына бара алмай, қатты қиналдық. Тренеріміз бізге ешнәрсе түсіндіріп айтпайды, тапсырмалар береді, плакаттар таратады, біз түсінбей біраз жүрдік. Әдеттегідей бізге қашан сабақ түсіндіреді, қашан оқуды бастаймыз деген ойлар маза бермеді. Себебін бара түсіндік. Бұл курстың басқа курстардан ерекшелігі, оқушының ойлау қабітетін дамыту, еркін сөйлету мақсатында өздері ізденіп, топпен бірге жұмыс жасап, өздері жасағандарын түсіндіре білуі екен, ал мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Бағдарламаның мазмұнын бірден түсіну, ену бізге оңай болған жоқ. Біраз уақытқа дейін жауабы жоқ сан сұрақтар маза бермеді. Тренеріміз бізге бұл курстың апталық курстарынан ерекшелігін айтты. Кембридж университетінің бұл әдістерінің адамның жаңа бағытқа өзгеруіне әсері бар екен.


Бірінші бетпе-бет кезеңінде «Құңдылықтар, ұстаным, стратегиялық іс әрекет, инклюзивті оқыту» деген тақырыптарды талқыладық. Түрлі рөлдік ойындар ұйымдастырдық. Мұғалімнің оқушы алдында жағдаяттан қалай шығуына болатынын да талдадық, ситуациялық жағдайлар туғызып, шешуін өзіміз талқыладық. Бұл бірінші бетпе – бет кезеңінде біз білмейтін нәрселеріміз көп екенін, білгенімізді дұрыс қолдана алмай жүрген тәсілдерді білдік.

Оқытуды өзгерту негізгі мақсаттарын талқыға салдық. Дәстүрлі сабақтың тиімді, тиімсіз жақтарын салыстыра отырып, дәстүрлі сабақтан гөрі жаңа әдіс- тәсілмен жеті модуль аясында қазіргі заман талабына сай оқытуымыздың тиіді жақтары басым екенін түсіндік. Осының бәрі топтаса отырып жұмыс жүргізудің арқасында жүзеге асуда.

Өзін өзі реттеу моделін мен қалай түсінемін деген тақырыпты талқылауымыздың тәжірибе кезінде пайдасы зор болды.

Мектептегі іс –тәжірибе кезеңінде бірінші бетпе-беттегі үйренгенімді қолдана бастадам. Сол бірінші бетте топта бөлінгенімізден бастап, алтын ереже, шапалақ, бағалауды мен де оқушыларыма үйреттім.

Бірінші бетпе – бетте жеті модульді ықпалдастыра отырып, орта мерзімді жоспар құруды үйренген болатынбыз. Мектептегі тәжірибе кезінде біз де төрт сабақ бойынша орта мерзімді жоспар құрдық. Осы орта мерзімді негізге ала отырып қысқа мерзімді жоспар құрдым. Осы жоспарларымды әдістемелік отырыста әріптестеріммен талқыладым, директордың орынбасарына көрсетіп ақыл – кеңес сұрап, келістім де мектеп басшасына бекіттірдім. Директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие жөніндегі орынбасарларынан ата – аналармен кездесу, сабақ ьарысында қолданатын стратегиялар жайында кеңес алдым. Әріптестеріммен жаңаша білім беру курсынан алған біліміммен бөлістім. Жоғарыда айтылғандай біліктілікті арттыру курсының бетпе-бет оқытудың І кезеңінде үйренген әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында, оны іс-тәжірибеде байқап көру үшін 7 сыныпты тәжірибеге алдым.

Алдымен жаңаша сабақтарымды бастамас бұрын дәстүрлі сабақ өткіздім, әріптестерім модульдік сабақтармен салыстыру үшін сабақтың талдамасын жасап қойды. Сабақты бастар алдында оқушылармен пікірталас жүргіздім, психологиялық дайындық жасадым. Оқушылар тарапынан «Бұл сабақтар не үшін керек;», «Сабақты неге камераға түсіреміз», «Біреулер тексере ме» деген сұрақтары туындай бастады. Пайда болған сұрақтар бойынша сабақтардың ерекшеліктерін, пайдасын түсіндірдім және оқушыларға өз пікірлерін жазатындығын айттым. Сонымен қатар ата – аналармен кездестім, пікірлерін тыңдадым.

Сынып оқушыларына өзімнің бірінші бетпе – беттегі оқып жатқан оқуым жайлы оның маңыздылығын айтып түсініктер беріп, осы сәттен бастап бірлесе топпен, ұжыммен жұмыс атқаратынымызды, білім алуда енді өзімнің дайын материалды тақта алдында түсіндіріп бермейтінімді, барлық жауапкершілік өздерінде екенін түсіндірдім. Әрине, мұның барлығы оқушыларға оңай тимейтінін, ол үшін көп ізденулері керектігін, басқа ұлт өкілдері болғандықтан үнемі өздерінің қолдарында түрлі сөздіктер болуы тиіс екендігін баса айттым. Менің бұлай айту себебім, оқушылармен алғашқы күннен бастап ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ басталғанда оның бәріне үреймен қарап, түсінбей отырмас үшін, сабақты камераға түсіргенде еш саспай жұмыс жасай берулері мақсатында болды.

Менің ойымша сабақтың сәтті өтуінің бірден – бір себебі ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас. Олай дейтінім оқушының ынтамен жұмыс жасауы мұғалімнің оқушыларды баурап, өзіне қаратып ала білуінде деп ойлаймын.

мен өзімнің мектептегі тәжірибем кезінде сыныбымдағы сабаққа ынтасы жоғары үш баланы бақылыуға алдым. Олар: Сәулехан Жұпар, Пшеничных Антонина, Куликова Анна. Үшеуі де сабаққа қызығушылығы мол, берген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Үшеуінің айырмашылығы Жұпар тапсырманы жылдам қабылдайды, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап бере алады, мәтіннің мазмұнын толық аша алады, аударманы да дұрыс аудара алады, бірақ грамматикалық тапсырма кезінде жазылым деңгейінен қателіктері болады. Пшеничных Антонина тапсырманы жылдам қабылдайды, сұрақтарға жауап бере алады, бірақ көп күманданады, мәтіннің мазмұнын аша біледі, аударманы сексен пайыз аударады. Ал Куликова Анна тапысырманы белгілі бір уақыттан кейін қабылдайды (алдымен қазақша ақпаратты орысшаға аударады), сұрақтарға бірден жауап бере алмайды, ойланып есіне түіреді, жауабын әрдайым нақты бола бермейді, мәтіннің мазмұнын толық аша алмайды, аудармада қиналады, гармматикалық тапсырмаларды орындай алады.

C:\Users\Ansagan\Desktop\ИПК\сабақ суреттер\Гульнар фото уроки\SAM_0208.JPGC:\Users\Ansagan\Desktop\ИПК\сабақ суреттер\Гульнар фото уроки\SAM_0244.JPGC:\Users\Ansagan\Desktop\программы\ссссс\Гульнар фото уроки\SAM_0186.JPG

Осы бақылауға алған үш баланы бақылауға алған күннен бастап бірінші бетпе беттегі үшінші күнігі қосымшадағы «Оқушы сипаттамасы» қорғаушы Дейв, ұқыпты Салли, риза болған Сэм, дәрменсіз Ханна, беймаза Альма сипаттамасын оқып шықтым. Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалардың 18 – беттегі 7 – бөлімін оқыдым, бірінші бетпе –беттегі таратпа материалдарды таға да бір рет қарап шықтым. Осы тапсырмаларға сүйене отырып әрекет еттім.

Бақылауға алған үш оқушының тапсырмаларды қалай орындағанын, әрекеттерін бақылап отырдым.

Бірлескен топтық жұмыс кезінде оқушылар топтастарымен пікір алмасып, өз ойларын талқыға салып, ортаға идея тастап, талантты оқушылардың ықпалымен пәнге деген қызығушылықтары артқаны әр сабақ сайын байқалып отырды. Өз топтарында көшбасшы болып, өз қатарлас құрбыларына оң ықпалын тигізіп отырды.

Оқушылар топпен жұмыс жасауға жылдам бейімделді. Сабақ жоспарлары оқушылардың оқу, жазу әрекеттерін сыни тұрғыдан ойлауға негізделіп құрылғандықтан оқушылар топта және жұппен жұмыс жасау кезінде өзара пікірталасқа түсіп отырды. Оқушылар өз ойларын жазбаша сызба түрінде, сынамалап жазу арқылы, салыстыру және оқиғаға өз көзқарасын білдіру, тақырып бойынша білімді топтастыру арқылы білімдерін тұсаукесер кезінде ортаға салып, ортақ бір мәмлеге келіп отырды. Өз ойларын қорытындылап, дәлелдей білуге үйренді. Оқушының қате кеткен жері болса жауаптарын түзету өздерінің еркінде, себебі өз жауаптарын қайта қарау арқылы, нақты жауап іздеп немесе топтағы басқа оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып қатесін түсінеді есте қалады. Дұрыс әрі маңызды жауаптары үшін мұғалім тарапынан әрдайым мақтаулар естіп отырды.

Оқушылардың белсенділігін арттырып, сабақтың тақырыбына біршама жақын болуы үшін оларға рух беріп отырудың маңыздылығын атап өтуге болады, себебі рухтанған оқушы сабаққа жан-тәнімен беріліп қатысады, оқушының бойында енжарлық болмайды. Мен өз сабақтарымда Блум таксоноимиясының кей эелметтерін қолдана отырып өткіздімСондай – ақ деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карталар, INSERT стратегиясын, кубизмді қолдандым. Әрине бірінші күннен бастап сабағым сәтті болды, еш қиыншылық болмады десем асыра сілтегенім болар. Мен сабақ барысында кездескен қиыншылықтарды келесі сабақтарды болдырмау үшін , оны шешу мақсатында бірінші бетпе – беттегі таратпа материалдарды оқып отырдым. Маған бұл жерде біздің жазап отырған күнделігіміз көп көмек көрсетті. Мен керек материалдарды қай күні өттік күнделік арқылы оңай тауып алып отырдым.

Мектептегі іс тәжірибеден соң екінші бетпе бетке келдік. Екінші бетпе –бет кезенінің бірінші күндері үйренгеніміз жайлы, мектепте кездескен қиыншылықтар, одан қандай нәтиже шығарғанымызды топпен талқыға салдық. Алғашқы күндері топ бірінші – бетпе беттегідей жиі ауыстық, одан кейін жұмыс жасау пән бойынша бір топқа отырдық. Біз қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Алау» тобы болып бөліндік. Топта біз сабақ бойынша кездескен қиыншылықтарымыз жайында, ол қиыншылықтан қалай шықтық өзара пікір алмастық.

Сондай –ақ топпен жұмыс барысында біз бағалауды да талқыға салдық. Осы талқылау барысында біз мектепте іс тәжірибе кезеңінде біз бағалауды жете түсінбеген екенбіз. Бағалауды талқылау кезінде сабағымызға шетелден келген бақылаушы Мухаммед Еличали, Ақтөбеден келген бағалаушы және «Өрлеу» институтының директоры қатысты. Фото554

Мухаммед бағалауды бірінші өзіміз қалай түсінгенімізді біздің постерлерді қорғау кезінде тыңдап көрді. Артынан өзі біздің дұрыс түсінбеген жерлерімізді бақылап, толықтырып берді. Ол кісінің мысал келтіре отырып түсіндіргенінде біз біраз мағұлмат алып қалдық.

Түсіну дәрежесін бағалау есебін жазған кезде де жіберген қателігімізді тренеріміз ашып берді. Ол кісі бізге қалай нақты, түйіндеп айту керектігін айтты.

Келесі топпен жұмыс барысында өзіміздің жазған есептеріміге баға бердік. Біздің топқа Баймухатова Бақыттың «Жеті моддульді ықпалдастыру» жайындағы есебі түсті. Біз Бақыттың есебін талқылай отырып, критерийлер бойынша бағаладық. Оның есебімді оқи отыра, өзімізге де біраз тәжірибе алдық.

Келесі топтық талқылауымыз мектептегі тәжірибе кезінде жеті модульді ықпалдастыра жоспар құру кезіндегі қиынщылықтар алтыншы ресурс бойынша талдау болды. Мұнда біз слайд жасап қорғадық. Шетелдік әріптесіміз біздің талқылауымызды тыңдап, өз пікірін айтты.

Одан кейін таныстырылымдарды критерий бойынша дұрыс жасауды әңгіме еттік. Орта мерзімдік жоспарлау бойынша таныстырылым шаблонын жасауда топта әр түрлі идеялар айтылды. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта орта мерзімдік жоспар бойынша оқу мен оқыту үдерісінде зерттеу жүргізіп, тәжірибеде қолданып келгенімізді 3 слайдпен көрсету жазылған. Алғашқы слайдта тақырып, пәні, сыныбы, пән мұғалімінің аты-жөні мақсаты, жоспар кестесі болу керек. Екінші слайдта жеті модульді сабақтарда қалай ықпалдастырдық сол жайында таныстыру керек. Үшінші слайдқа осы орта мерзімдік жоспарды құрып, жеті модульді кіріктіріп өткізген сабақтарымыздан көрген нәтежиеміз жайында болу керек екен. Осылайша топтық жұмыстың сапалы білім алуда қанашлықты пайдалы екеніне көзіміз тағы жетті.

Келесі таныстырылым бойынша бағдарламаның жеті модулінің идеяларына қатысты, яғни қалай және неліктен белгілі бір модульді сабақтар топтамасына енгізу үшін таңдап алғанымыз жөнінде презентация шаблонын жасауда топтық жұмыс жасадық. Әркім өздері жеке модульдерді таңдап алды. Біз тобымызбен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін алдық. Тек Айзада Кармановна әріптестеріміз «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» модульін алған екен.

3-таныстырылымда бір сабақ аясында жеті модульді қалай ықпалдастырыдық, қандай стратегияларды қолдандық, мақсаты мен нәтежиесі жайында слайд жасау керек болды. Тобымызбен ақылдаса отырып жасадық, түсінбегенімізді тренерімізден сұрап отырдық.

4-таныстырылым өзіміздің қалай өзгергеніміз, мектепке қандай өзгерістер жасай алдық, оқушыларымыз қалай өзгерді осы жайында болды. Алдындағы таныстырылымдардан үйреніп алған болуымыз керек бұр таныстырылымды жасау бідзге қиындық әкеле қоймады. Осы кезде біз өзіміздің, әрәптестеріміздің қанашлықты деңгейде өзгергенімізді аңғардық.

Топтық жұмыстан кейін үшінші аптадан бастап жасаған таныстырылымдарымызды қорғау басталды. Қорғау кезінде басқа әріптестеріміздің жұмыстарын қарап отырып, біз өзімізге де көп нәрселерді түйіндеп отырдық. Әріптестерімізді бағаладық. Қорғауға тәуелсіз тренерден басқа шетелдік әрәптесіміз, бағалаушы да қатысып, өз бағаларын қойып отырды.

Қорыта келе топтық жұмыс оқушылар үшін білім алуда өте пайдалы екен. Түсінбегендерін бір-бірінен пікір алмаса отырып, үйренеді. Ойлау қабілеттері дамиды, пәнге қызығушылығы, ынтасы артады деген ойым расталып отырғанына үш ай бойғы жұмыстарымыз арқылы көзім әбден жетіп отыр.

Менің ендігі жоспарым мектепте үнемі жеті молдульді кіріктіре отырып, өзім үйренген стратегияларды қолданып барлық сыныптарымда топпен жұмыс жасаймын. Мектеп басшысымен келісіп келесі оқу жылында өзім сабақ беріп жүрген төртінші сыныпты бесінші сыныптан быстан жеті модуль аясында қазақ тілінен тереңдетіп оқытсам деп отырмын.

Менің алдыға қойған мақсатым өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге қызықтыра отырып оқыту, қалалық сайыстарға қатыстырып, сапалы білім беру арқылы өзімнің білімімді де жетілдіріп, әрі қарай өрлеу деп есебімді аяқтаймын.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Білім туралы заң;

  2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (үшінші деңгей);

  3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейлі мұғалімдерге арналған нұсқаулығы

  4. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бірінші бетпе – бетіндегі таратпа материалдар















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

 В-3

 Топтық тұсаукесерге қатысу туралы есеп

Адреисова Гүлнар Тлеугабыловна

 

 «Ұстаз-мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай.  .... оқушының білім сапасы мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Бұдан шығатыны  мектепке қомақты педагогикалық және әдістемелік дайындығы бар, маманданған мұғалім керек» деп алаш зиялысы А. Байтұрсынов айтқандай мұғалім мұғалім болған соң білім сапасын арттыру үшін үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Ал қазіргі таңда оқушыларға жаңа – әдіс тәсілдермен білім беру мақсатында Кембридж университетімен тәжірибе алмасып, Қазақстан мұғалімдеріне жеті модуль аясында оқытудың үш айлық курстары болып өтіп жатыр. Бұл  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру деңгейлі үш айлық курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер: оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Міне мен де осы курсқа біліктілікті арттыру мақсатында мектеп басшыларының ықпалымен келіп едім.

Бұл үш айлық курс барысында  Кембридж университетінің бізге  үйреткені көп. Өзіміз – білетін, білмейтін әдіс – тәсілдердің түрлерімен жұмыс жасауды, қолдануды үйрендік. Үшінші деңгейлі бірінші бетпе-бет кезеңінде мұғалімдерді оқыту курсына келгеннен бірінші күннен  топпен жұмыс жасау қолға алынды. Бірінші күні оқуға  келгенде алдымен топ тренерімізбен таныстық,  топтың «Алтын ережесін» құрдық, топқа  бөліндік және «мәдениетаралық  оқушы, мінсіз  оқушы, сыныптағы психологиялық ахуал, құндылық, ұстаным, бағалау, сыни тұрғыдан ойлау, дарынды  және талантты балаларды оқыту» т.б  тақырыптарды  терең  ұғына  отырып, алдымызға ақ қағаздар, стикерлер, маркерлер, яғни  жұмыс  жасауға  қажетті құралдар арқылы топ болып талқыладық.

Алғашқы күндері бұлардың бәрі бізге бүртүрлі түсініксіз болды  еш нәрсенің байыбына бара алмай, қатты қиналдық. Тренеріміз бізге ешнәрсе түсіндіріп айтпайды, тапсырмалар береді, плакаттар таратады, біз түсінбей біраз жүрдік. Әдеттегідей бізге қашан сабақ түсіндіреді, қашан оқуды бастаймыз деген ойлар маза бермеді. Себебін  бара түсіндік. Бұл курстың басқа курстардан ерекшелігі, оқушының ойлау қабітетін дамыту, еркін сөйлету мақсатында өздері ізденіп,  топпен бірге жұмыс жасап, өздері жасағандарын түсіндіре білуі екен, ал мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді.  Бағдарламаның мазмұнын  бірден түсіну, ену  бізге оңай болған жоқ. Біраз уақытқа  дейін жауабы жоқ сан сұрақтар маза бермеді. Тренеріміз бізге бұл курстың апталық курстарынан ерекшелігін айтты. Кембридж университетінің  бұл әдістерінің  адамның жаңа бағытқа өзгеруіне әсері бар екен.

 

 

Бірінші бетпе-бет кезеңінде «Құңдылықтар, ұстаным, стратегиялық іс әрекет, инклюзивті оқыту» деген тақырыптарды талқыладық. Түрлі рөлдік ойындар  ұйымдастырдық.  Мұғалімнің оқушы алдында жағдаяттан қалай шығуына болатынын да талдадық, ситуациялық жағдайлар туғызып, шешуін өзіміз талқыладық. Бұл бірінші бетпе – бет кезеңінде біз білмейтін нәрселеріміз көп екенін, білгенімізді дұрыс қолдана алмай жүрген тәсілдерді білдік.

Оқытуды өзгерту   негізгі мақсаттарын талқыға салдық. Дәстүрлі сабақтың тиімді, тиімсіз жақтарын салыстыра отырып, дәстүрлі сабақтан гөрі жаңа әдіс- тәсілмен жеті модуль аясында  қазіргі заман талабына сай оқытуымыздың тиіді жақтары басым екенін түсіндік. Осының бәрі топтаса отырып жұмыс жүргізудің арқасында жүзеге асуда.

Өзін өзі реттеу моделін  мен қалай түсінемін деген тақырыпты талқылауымыздың тәжірибе кезінде пайдасы зор болды.

  Мектептегі іс –тәжірибе кезеңінде бірінші бетпе-беттегі үйренгенімді қолдана бастадам. Сол бірінші бетте топта бөлінгенімізден бастап, алтын ереже, шапалақ, бағалауды мен де оқушыларыма үйреттім.  

Бірінші бетпе – бетте жеті модульді ықпалдастыра отырып, орта мерзімді жоспар құруды үйренген болатынбыз.   Мектептегі тәжірибе кезінде біз де төрт сабақ бойынша орта мерзімді жоспар құрдық.  Осы орта мерзімді негізге ала отырып қысқа мерзімді жоспар  құрдым. Осы жоспарларымды әдістемелік отырыста әріптестеріммен талқыладым, директордың орынбасарына көрсетіп ақыл – кеңес сұрап, келістім де мектеп басшасына бекіттірдім. Директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие жөніндегі  орынбасарларынан ата – аналармен кездесу, сабақ ьарысында қолданатын стратегиялар жайында кеңес алдым.  Әріптестеріммен  жаңаша білім беру курсынан алған біліміммен бөлістім. Жоғарыда айтылғандай біліктілікті арттыру курсының бетпе-бет оқытудың І кезеңінде үйренген әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында, оны іс-тәжірибеде байқап көру үшін 7 сыныпты тәжірибеге алдым.

Алдымен жаңаша сабақтарымды бастамас бұрын дәстүрлі сабақ өткіздім, әріптестерім модульдік сабақтармен салыстыру үшін сабақтың талдамасын жасап қойды. Сабақты бастар алдында оқушылармен пікірталас жүргіздім, психологиялық дайындық жасадым. Оқушылар тарапынан «Бұл сабақтар не үшін керек;», «Сабақты неге камераға түсіреміз», «Біреулер тексере ме» деген сұрақтары туындай бастады. Пайда болған сұрақтар бойынша сабақтардың ерекшеліктерін, пайдасын түсіндірдім және оқушыларға өз пікірлерін жазатындығын айттым. Сонымен қатар ата – аналармен кездестім, пікірлерін тыңдадым.

 Сынып оқушыларына өзімнің бірінші бетпе – беттегі  оқып жатқан оқуым жайлы оның маңыздылығын айтып түсініктер беріп, осы сәттен бастап  бірлесе топпен, ұжыммен жұмыс атқаратынымызды, білім алуда енді өзімнің дайын материалды тақта алдында түсіндіріп бермейтінімді, барлық жауапкершілік өздерінде екенін түсіндірдім. Әрине, мұның барлығы оқушыларға оңай тимейтінін, ол үшін көп ізденулері керектігін, басқа ұлт өкілдері болғандықтан үнемі өздерінің қолдарында түрлі сөздіктер болуы тиіс екендігін баса айттым. Менің бұлай айту себебім, оқушылармен алғашқы күннен бастап ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ басталғанда оның бәріне үреймен қарап, түсінбей отырмас үшін, сабақты камераға түсіргенде еш саспай жұмыс жасай берулері мақсатында болды.

Менің ойымша сабақтың сәтті өтуінің бірден – бір себебі ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас. Олай дейтінім оқушының ынтамен жұмыс жасауы мұғалімнің оқушыларды баурап, өзіне қаратып ала білуінде деп ойлаймын. Мен өзімнің мектептегі тәжірибем кезінде сыныбымдағы сабаққа ынтасы жоғары үш баланы бақылыуға алдым. Олар: Сәулехан Жұпар, Пшеничных Антонина, Куликова Анна. Үшеуі де сабаққа қызығушылығы мол, берген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Үшеуінің айырмашылығы Жұпар тапсырманы жылдам қабылдайды, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап бере алады, мәтіннің мазмұнын толық аша алады, аударманы да дұрыс аудара алады, бірақ грамматикалық тапсырма кезінде жазылым деңгейінен қателіктері болады. Пшеничных Антонина тапсырманы жылдам қабылдайды, сұрақтарға жауап бере алады, бірақ көп күманданады, мәтіннің мазмұнын аша біледі, аударманы  сексен пайыз аударады. Ал Куликова Анна тапысырманы белгілі бір уақыттан кейін қабылдайды  (алдымен қазақша ақпаратты орысшаға аударады), сұрақтарға бірден жауап бере алмайды, ойланып есіне түіреді, жауабын әрдайым нақты бола бермейді, мәтіннің мазмұнын толық аша алмайды, аудармада қиналады, гармматикалық тапсырмаларды орындай алады.

Осы бақылауға алған үш баланы бақылауға алған күннен бастап бірінші бетпе беттегі үшінші күнігі қосымшадағы «Оқушы сипаттамасы» қорғаушы Дейв, ұқыпты Салли, риза болған Сэм, дәрменсіз Ханна, беймаза Альма  сипаттамасын оқып шықтым. Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалардың 18 – беттегі 7 – бөлімін оқыдым, бірінші бетпе –беттегі таратпа материалдарды таға да бір рет қарап шықтым. Осы тапсырмаларға сүйене отырып әрекет еттім.

Бақылауға алған үш оқушының тапсырмаларды қалай орындағанын, әрекеттерін  бақылап отырдым. 

Бірлескен топтық жұмыс кезінде оқушылар топтастарымен пікір алмасып, өз ойларын талқыға салып, ортаға идея тастап, талантты оқушылардың ықпалымен пәнге деген қызығушылықтары артқаны әр сабақ сайын байқалып отырды. Өз топтарында көшбасшы болып, өз қатарлас құрбыларына оң ықпалын тигізіп отырды. 

Оқушылар топпен жұмыс жасауға  жылдам бейімделді. Сабақ жоспарлары оқушылардың оқу, жазу әрекеттерін сыни тұрғыдан ойлауға негізделіп құрылғандықтан оқушылар топта және жұппен жұмыс жасау кезінде өзара пікірталасқа түсіп отырды. Оқушылар өз ойларын жазбаша сызба түрінде, сынамалап жазу арқылы, салыстыру және оқиғаға өз көзқарасын білдіру, тақырып бойынша білімді топтастыру арқылы білімдерін тұсаукесер кезінде ортаға салып, ортақ бір мәмлеге келіп отырды. Өз ойларын қорытындылап, дәлелдей білуге үйренді. Оқушының қате кеткен жері болса жауаптарын түзету өздерінің еркінде, себебі өз жауаптарын қайта қарау арқылы, нақты жауап іздеп  немесе топтағы басқа оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып қатесін түсінеді есте қалады.  Дұрыс әрі маңызды жауаптары үшін мұғалім тарапынан әрдайым мақтаулар естіп отырды.

 Оқушылардың белсенділігін арттырып, сабақтың тақырыбына біршама жақын болуы үшін оларға рух беріп отырудың маңыздылығын атап өтуге болады, себебі  рухтанған оқушы сабаққа жан-тәнімен беріліп қатысады, оқушының бойында енжарлық болмайды. Мен өз сабақтарымда Блум таксоноимиясының кей эелметтерін қолдана отырып өткіздімСондай – ақ деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карталар, INSERT стратегиясын, кубизмді қолдандым. Әрине бірінші күннен бастап сабағым сәтті болды, еш қиыншылық болмады десем асыра сілтегенім болар. Мен сабақ барысында кездескен қиыншылықтарды келесі сабақтарды болдырмау үшін , оны шешу мақсатында бірінші бетпе – беттегі таратпа материалдарды оқып отырдым. Маған бұл жерде біздің жазап отырған күнделігіміз көп көмек көрсетті. Мен керек материалдарды қай күні өттік күнделік арқылы оңай тауып алып отырдым.

Мектептегі іс тәжірибеден соң екінші бетпе бетке келдік. Екінші бетпе –бет кезенінің бірінші күндері үйренгеніміз жайлы, мектепте кездескен қиыншылықтар, одан қандай нәтиже шығарғанымызды топпен талқыға салдық. Алғашқы күндері топ бірінші – бетпе беттегідей жиі ауыстық, одан кейін жұмыс жасау пән бойынша бір топқа отырдық.  Біз қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Алау» тобы болып бөліндік. Топта біз сабақ бойынша кездескен қиыншылықтарымыз жайында, ол қиыншылықтан қалай шықтық  өзара пікір алмастық.

 Сондай –ақ топпен жұмыс барысында біз бағалауды да  талқыға салдық.   Осы талқылау барысында біз мектепте іс тәжірибе кезеңінде біз бағалауды жете түсінбеген екенбіз.    Бағалауды талқылау кезінде  сабағымызға шетелден  келген бақылаушы Мухаммед Еличали, Ақтөбеден келген бағалаушы және «Өрлеу» институтының директоры  қатысты.

Мухаммед бағалауды бірінші өзіміз қалай түсінгенімізді біздің постерлерді қорғау кезінде тыңдап көрді. Артынан өзі біздің дұрыс түсінбеген жерлерімізді бақылап, толықтырып берді. Ол кісінің мысал келтіре отырып түсіндіргенінде біз біраз мағұлмат алып қалдық.          

Түсіну дәрежесін бағалау есебін жазған кезде де жіберген қателігімізді тренеріміз ашып берді. Ол кісі бізге қалай нақты, түйіндеп айту керектігін айтты.  

  Келесі топпен жұмыс барысында өзіміздің жазған есептеріміге баға бердік. Біздің топқа Баймухатова Бақыттың «Жеті моддульді ықпалдастыру» жайындағы есебі түсті. Біз Бақыттың есебін талқылай отырып, критерийлер бойынша бағаладық.  Оның  есебін оқи отыра, өзімізге де біраз тәжірибе алдық.

Келесі топтық талқылауымыз мектептегі тәжірибе кезінде жеті модульді ықпалдастыра жоспар құру кезіндегі қиыншылықтар алтыншы ресурс бойынша талдау болды.  Мұнда біз слайд жасап қорғадық. Шетелдік әріптесіміз біздің талқылауымызды тыңдап, өз пікірін айтты.

Одан кейін таныстырылымдарды критерий бойынша дұрыс жасауды әңгіме еттік. Орта мерзімдік жоспарлау бойынша таныстырылым  шаблонын жасауда топта әр түрлі идеялар айтылды. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта орта мерзімдік жоспар бойынша оқу мен оқыту үдерісінде зерттеу жүргізіп, тәжірибеде қолданып келгенімізді 3 слайдпен көрсету жазылған. Алғашқы слайдта тақырып, пәні, сыныбы, пән мұғалімінің аты-жөні мақсаты, жоспар кестесі болу керек. Екінші слайдта жеті модульді сабақтарда қалай ықпалдастырдық сол жайында таныстыру керек.  Үшінші слайдқа осы орта мерзімдік жоспарды құрып, жеті модульді кіріктіріп өткізген сабақтарымыздан көрген нәтежиеміз жайында болу керек екен.  Осылайша топтық жұмыстың сапалы білім алуда қанашлықты пайдалы екеніне көзіміз тағы жетті.

 Келесі таныстырылым бойынша бағдарламаның жеті модулінің идеяларына қатысты, яғни қалай және неліктен белгілі бір модульді сабақтар топтамасына енгізу үшін таңдап алғанымыз жөнінде презентация шаблонын жасауда топтық жұмыс жасадық. Әркім өздері жеке модульдерді таңдап алды.  Біз тобымызбен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін алдық. Тек Айзада Кармановна әріптестеріміз «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» модульін алған екен.  

3-таныстырылымда  бір сабақ аясында жеті модульді қалай ықпалдастырыдық, қандай стратегияларды қолдандық, мақсаты мен нәтежиесі жайында слайд жасау керек болды. Тобымызбен ақылдаса отырып жасадық, түсінбегенімізді  тренерімізден сұрап отырдық.

4-таныстырылым өзіміздің қалай өзгергеніміз, мектепке қандай өзгерістер жасай алдық, оқушыларымыз қалай өзгерді  осы жайында болды. Алдындағы таныстырылымдардан үйреніп алған болуымыз керек бұр таныстырылымды жасау бідзге қиындық әкеле қоймады. Осы кезде біз өзіміздің, әрәптестеріміздің қанашлықты деңгейде өзгергенімізді аңғардық.

Топтық жұмыстан кейін үшінші аптадан бастап жасаған таныстырылымдарымызды қорғау басталды.   Қорғау кезінде басқа әріптестеріміздің жұмыстарын қарап отырып, біз өзімізге де көп нәрселерді түйіндеп отырдық. Әріптестерімізді бағаладық. Қорғауға тәуелсіз тренерден басқа шетелдік әрәптесіміз, бағалаушы да қатысып, өз бағаларын қойып отырды.

Қорыта келе топтық жұмыс оқушылар үшін білім алуда өте пайдалы екен. Түсінбегендерін бір-бірінен пікір алмаса отырып, үйренеді. Ойлау қабілеттері  дамиды, пәнге қызығушылығы, ынтасы артады деген ойым расталып отырғанына үш ай бойғы жұмыстарымыз арқылы көзім әбден жетіп отыр. 

Менің ендігі жоспарым мектепте үнемі жеті молдульді кіріктіре отырып, өзім үйренген стратегияларды қолданып барлық сыныптарымда топпен жұмыс жасаймын. Мектеп басшысымен келісіп келесі оқу жылында өзім сабақ беріп жүрген төртінші сыныпты бесінші сыныптан быстан жеті модуль аясында қазақ тілінен тереңдетіп оқытсам деп отырмын.

 Менің  алдыға қойған мақсатым өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге қызықтыра отырып оқыту, қалалық сайыстарға қатыстырып, сапалы білім беру арқылы өзімнің білімімді де жетілдіріп, әрі қарай өрлеу деп есебімді аяқтаймын. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.    Білім туралы заң;

2.     ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (үшінші деңгей);

3.    ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейлі мұғалімдерге арналған нұсқаулығы

4.       ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бірінші бетпе – бетіндегі таратпа материалдар

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 16.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров951
Номер материала 392196
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх