Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Тотығу - тотықсыздану реакциялары (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Тотығу - тотықсыздану реакциялары (8 сынып)

библиотека
материалов

Пәні: химия Уақыты: Сыныбы: 8 «а» Сабақтың тақырыбы: Тотығу – тотықсыздану туралы түсінік. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ. Жаңа сабақты топтастыру. Сабақты өту әдісі: СТО әдісі. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-хабарлар, қосымша материалдар. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «ой толғау» б) «кім алғыр» ІІІ. Мақсат қою кезеңі ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. Мағынаны ажырату а) кіріспе (презентация); б) мәтінмен жұмыс; V. Бекіту. “Кім тапқыр!” №5 жаттығу. VІ. Оқушыларды бағалау. VІІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой толғау» Тотығу дәрежесі деген не ? Тотығу дәрежесін қалай анықтайды. Күрделі қосылыстағы элементтердің белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп шығарады ?

«Кім алғыр» Мына қосылыстарды тотығу дәрежелері бойынша сәйкестендір

Қосылыстар

Тотығу дәрежелері



0 +1 -1 +2 -2 +3


H2S


N2


HJ


H2


NaF


Cl2


CaF2


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушылар мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды: H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2. Мына қосылыстардағы фосфордың: PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады: Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады.

Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы. Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион. Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей: 1 мысал: 1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу. Al+H2SO4 → Al2(SO4)3+H2

Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу. 0 +1+6-2 +3 +6 -2 0 Al + H2SO4 → Al2(SO4)3 +H2

Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу. 0 +1+6-2 +3 +6 -2 0 Al + H2SO4 → Al2(SO4)3 + H2

Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік): Al° — 3ē → Al+3 3 2 2H+1 + 2ē = H20 2 3

Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу. 2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°

Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру. 2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°

2 мысал: Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2

ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады S0 + 2е = S-2 тотықсызданады

Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

Мәтінмен жұмыс. ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с. Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу- тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сутек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбестің тотықтырғыш қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. 1. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру: AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 = 2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар. H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = “Кім тапқыр!”

1.Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу дәрежелері өзгереді KMnО4+Na2SO3+KOH→ K2MnO4 +Na2SO4+ H2O а) Na, S ә) K, Mn б) Mn, S в) Na, K. 2. Тек тотықтырғыш болатын зат? a) NH3 ә) Br2 б) KClO3 в) HNO3 3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады: a) SO2 ә) Na б) Fe в) K2Cr2O7 4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат: a) H2S ә) KMnO4 б) SO2 в) HNO3 5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент: a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: §64 №6,7.





Жаңа сабақ:

Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2243
Номер материала ДВ-459786
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх