Инфоурок География Другие методич. материалыТұран жазығы (8 сынып)

Тұран жазығы (8 сынып)

Скачать материал

Күні: 23.02.2016

Сынып: 8 «Б», «А», «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Тұран жазығы

Сабақтың мақсаты:

- білімділік: Оқушыларға Тұран жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиясы, климаты, өзен - көлдері, табиғат зоналары, өсімдіктерімен жануарлары туралы мәлімет беру.

- дамытушылық: Оқушылардың әр табиғат аймағын жете тануға қызығушылығын ояту. Оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

- тәрбиелік: Қазақстанның табиғатының ерекшеліктерін айта отырып, табиғатты сүюге, өз ойын дұрыс, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын

Пән аралық байланыс: Геология, биология, экология.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, пайдалы қазбалар үлгілері, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері.

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру; 

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру;

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту;          

ІV кезең – үй тапсырманы беру;

V кезең – бағалау кезеңі;

VІ кезең – қорытынды.

 

Сабақ барысы:

 

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

 

І

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар - жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындары-нан  тұрып амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді.

 

ІІ

М. Мақатаевтың «Алтай - Атырау» поэмасының үзінді оқу арқылы жаңа сабаққа ену.

«Армысың, Атырауым бозаң далам,

Каспий мен Жайықтан көз алмаған

Ұмыттыңба сонау бір кездеріңді

Құлан жорытса құмыңды кезе алмаған.»

   Бұл қай өңір? (Шығыс Европа жазығы)

 Балалардың өткен сабақты және үй жұмысын қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында арнай дайындалған презентациядан үяшықтарды таңдап (яғни, 10, 20, 30), оларды сұрақтарға жауап беру арқылы бағалаймын.

10 (оң) – Шығыс Еуропа жазы-ғының географиялық орны қандай?

10 (сол) – Геологиясы бойынша, Шығыс Еуропа жазығындағы ірі объектілер қандай дәуірде түзілген?

20 (сол) – Каспий маңы ойпатының пайдалы қазбалары? Негізгі өндіріс аудандары?

20 (оң) – Шығыс Еуропа жазығының климаты қандай?

30 (сол) – Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері? Олардың ұзындығы?

30 (оң) – Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі неше табиғат зоналарын кесіп өтеді?

Берілген тапсырмаларға, оқушылар келесідей жауап береді.

10 (оң) – Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – шығыс бөлігі енеді. Жазықтың қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.

10 (сол) – Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан.

20 (сол) – Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы – мұнай мен табиғи газ. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі. Қазіргі бұл аймақта Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді.

20 (оң) – Шығыс Еуропа жазығының климаты, айтылған-дай, құрғақ, континентті. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -15С, -8С. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады. Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы +22С, +24С. Аңызақ желдер соғады. Жауын – шашынның мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.

30 (сол) – Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Түйіршіктері ұсақ топырақтарды құрылымы жоқ топырақ деп атайды.

30 (оң) – Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі далалы, шөлейітті және шөлді аудандарға жатады.

 

ІІІ

 

Жаңа сабақты анықтау үшін оқушылар арнайы дайындалған ребусты шешуі керек. (Тақырып: «Тұран жазығы»).

Қысқаша сабақты түсіңдіру:

Тұран – Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық.

Тұран жазығының объектілері бойынша келесі кестені толтырады.

 

Объект

Геогра-фиялық орны

Биіктігі

Сипат-тама

1.       

 

 

 

2.       

 

 

 

3.       

 

 

 

4.       

 

 

 

5.       

 

 

 

6.       

 

 

 

 

 Шығыс Еуропа жазығының климатына сипаттама жасаңыздар:

Шығыс Еуропа жазығының климаты
 

 

 

 

 

 


«Миға шабуыл» рубрикасы:

Осы физика – географиялық ауданның территориясында негізінен табиғатты апаттардан қорғау мақсатында қандай қорықтардың орналасқаның табыңыздар (берілген сипаттама бойынша).

1.                       Арал теңізінің Барсакелмес аралында орналасқан. Мұнда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері өсірілетін еді. Қазір теңіздің тартылуына байланысты онда өсірілетін домбай (жабайы есек) жетісу өңіріне жіберілді. Қандай қорық туралы айтылғын?

2.                       1984 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған. Көлемі 223,3 мың га. Мұнда сүткоректілердің 45, құстардың 220 түрі өсіріледі. Қорықта сирек кездесетін үстірт қойы (муфлон), қарақал, шағыл мысығы, сабаншы, сілеусін, қабан, киік сияқты аңдар қорғалған. Қандай қорық туралы айтылған?

 

Балалар тапқаннан кейін оларға Қазақстанның физикалық картасынан осы қорықтарды (Барсакелмес, Үстірт) картадан көрсету.

 

Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана құрғақ далалы және шөлейітті зонаға кіреді, ал қалғанбөлігі түгелдей шөл зонасына жатады (дайындалған презентациядан Тұран жазығында өсетін өсімдіктер жамылғысы мен тіршілік ететін жануарлар дүниесін көрсету).

Тұранның шөлді аймақтары шөлді солтүстік және оңтүстік типіне жатады. Оқушылар дәптерлеріне шөлдің екі /2/ типіне (оңтүстік және солтүстік) сипаттама беру керек.

 

 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, ұажетті мәліметті дәптерлеріне жазып алады.

Тұран жазығына:

-  Маңғыстау;

-  Үстірт;

-  Торғай үстірті;

-  Арал маңы;

-  Сырдария бойы;

-  Қызылқұм;

-  Бетпақдала;

-  Мойынқұм;

-  Балқаш – Алакөл аймағы түгел кіреді.

 

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды, яғни сұрақтарға жауап береді.

Табиғатты апаттардан қорғау мақсатында мынандай қорықтар ұйымдастырылған:

1.     Барсакелмес қорығы

2.     Үстірт қорығы.

Қазақстанның физикалық картасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шөлдің солтүстік типі солтүстік Арал маңында, Бетпақ-далада, Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл ойысында дамыған. Бұлардың қоңыр және сұрғылт қоңыр топырақтарында жусан және сораң шөпті өсімдіктер өседі.

Шөлдің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сыр бойында сор, сортаңды топырақ дамыған. Оларда эфермерлер мен жусан, сораң шөптер өседі.

 

ІV

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Сабақты бағалау критерийлері:

30 БАЛЛ – сабаққа дайын болуы, тәртібі;

10 БАЛЛ – үй тапсырмасы;

40 БАЛЛ – жаңа сабақтың тапсырмаларын орындау, оқушының сабаққа қатысуы;

20 БАЛЛ – білетінімен білгенін оқыту процессінде дұрыс қолдана білуі.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

50 - 75 балл аралығы – 3

75 – 90 балл аралығы – 4

90 – 100 балл аралығы - 5

 

V

 

Үй тапсырмасына:

- «§42. Солтүстік Қазақ жазығы» оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

 

Үй тапсырмасын күнделік-теріне жазып алады.

Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

 

 

 

 

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап,  оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.

Оқушылар мұғалімнен алған стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, өздерінің ұсыныстарын жазып, мұғалімге ұсынады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұран жазығы (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 857 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 11612
    • DOCX 119.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купеев Ермек Сексенбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Купеев Ермек Сексенбекович
    Купеев Ермек Сексенбекович
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30952
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 209 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе