ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
ҚАРАЛДЫ:
«Өндірістегі электрмеханикалық жабдықтар» ЦӘК отырысында
Хаттама №____ ____________
_____ А.Жұмагереева
|
КЕЛІСІЛДІ:
БҚИК әдіскері:
______ Е.Мергенбаева
|
БЕКІТЕМІН:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
_________ М.Сисенгалиева
|
Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы
тақырыбы:
«Трансформатордың
құрылысы және жұмыс жасау принципі»
Дайындаған: Жұмагереева А.С.
арнайы пәндер оқытушысы
Орал қаласы,2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Трансформатордың
құрылысы және жұмыс жасау принципі»
Өткізілетін күні: «17»қантар 2018
ж
Оқу тобы: 5 СК
Өткізілу орны: ауд. №15
Сабаққа бөлінген
уакыт: - 45 минут
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: оқушыларды трансформатордың
жұмыс жасау принципін және құрылысымен таныстыру және инновациялық модуль
технологиясы арқылы ағылшын тілін қолдана отырып, көрсету;
б) тәрбиелілік: оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, тиянақтылық сезімдерін тудыру, білімге
деген құштарлығын ашу, этикалық және эстетикалық мәдениетін көтеру;
в)дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,
ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың сабаққа дайындалған материалдарымен
жұмыс істеу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Clil әдісі бойынша үш тілдік элементтері бар сабақ
Сабақтың әдістері: Баяндау, түсіндіру,
сөйлесу, сұрақ-жауап, бекіту, оқушылардың өзіндік жұмысына басшылық ету, жаңа ақпараттық
технологиямен таныстыру.
Окытудың
көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: дәріс, интерактивті
инновациялық модуль технологиясы, оқу құралдары, оқулықтар, интерактивті
тақта, жұмыс дәптерлері, Clil әдісі, тақта, Prezi, Kahoot бағдарламалары.
Сабақтың өту жоспары:
Бөлім
|
Уақыт
|
Қатысушылырдың
іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру бөлімі
|
1-2 мин.
|
Студенттермен
амандасып, түгендеу. Студенттердің оқу – құралдарын
тексеру.
Тренинг өткізіледі.
|
2.Өткен
тақырыптарды қайталау
|
5 мин
|
Студенттер “Kahoot” бағдарламасы
арқылы тест сұрақтарын орындайды.
|
3.Жаңа
тақырыпты түсіндіру
|
20 мин
|
Жаңа
тақырыпты түсіндіру Clil әдісімен интерактивтік модуль арқылы
өткізіледі
|
4.Интерактивті
модуль арқылы бейне ролик көрсету
|
4 мин
|
Назарларыңызға
бейне-ролик.
|
5. Жаңа
тақырыпты бекіту
|
7-10 мин
|
Бұл кезеңде оқытушы жаңа тақырып бойынша студенттерді
жаңадан алған білімін тереңдету мақсатында сұрақтар қойып, сайыс түрінде
өткізіледі.
|
6.Ой
толғаныс (рефлексия-тренинг)
|
3 мин
|
Бұл
кезеңде студенттер не үйренгендігін саралап, ой елегінен өткізіп,
тренингте пікірлерімен бөліседі.
|
6.Қорытынды
|
1-2 мин
|
Сабақты
қорытындылап, студенттерді бағалау
|
7. Үй
тапсырмасын беру
|
1 мин
|
Студенттерге
үй тапсырмасын беру
|
Сабақтың өткізілу
барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқытушының студенттермен үш тілде сәлемдесуі
б)Студенттердің сабаққа қатысуын,
дайындығын тексеру.
в)Сабақты бастар алдында
студенттердің білімге деген құлшынысын арттыру және жан-жақты ойлану мақсатында
«Назар аудар» атты тренинг өткізіледі.
Тренингте студенттер төрт топқа бөлініп, әр топқа
күнделікті қолданылатын заттар(коробка, ұштағыш, сағат, линейка) ұсынылады. Әр
топ таңдаған заты бойынша «Осы затты қалай қолдануға болады?» деген сұраққа
жауап беру қажет. Жауабы көп әрі толық болған топ жеңімпаз болады.
2.Өткен тақырып бойынша «Kahoot» бағдарламасын
пайдаланып, студенттер білімін ағылшын тілінде тексеру. (тест сұрақтары ұсынылады).
Сұрақтар:
1. The work of the transformer is based on the phenomenon ...
6. It is advisable to transmit electricity at voltage ...
a) low;
b) high.
7. The lowering transformer to increase the voltage of the network ...
a) it can;
b) can not.
8. Expander transformer completely fill with mineral transformer oil ...
a) i Can;
b) it is impossible.
9. Transformers have found wide application ...
a) in power transmission lines;
b) in the communication technique;
c) in automation and measuring equipment;
d) in all these areas.
10. The effective value of the EMF E of the primary winding is determined by the formula ...
а) Е2=4,44fw2Фm;
б) Е1=4,44fw1Фm;
в) Е1=4,44fw2Фm
Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін талдап,
оқытушының қорытындылауы. Студенттердің
бағаларын хабарлап, кемшілігі мен жетістіктерін атап өтуі.
3. ЖАҢА САБАҚ
БАРЫСЫ:
Оқушылардың өздігімен немесе топтасып жұмыс жасауы:
1-ші
кезең. Қызығушылықты ояту
-
Оқушылар, қазір біз «Трансформатордың жұмыс жасау принципі және құрылымы» атты
тақырыпты өтеміз. Әр қайсымыз трансформатор туралы не білеміз, ойымызға
не келеді соны жазып шығайық (класстер құру).
(Оқытушы жазады, студенттер кезектесіп айтып отырады). Енді
ойымызды тізбектеп жазып шықтық.
Студенттерді жаңа
сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру:
2-ші кезең. Жаңа тақырып бойынша мемлекеттік тілімен
бірге ағылшын тілінде қысқаша мәлімет беріп, түсіндіру (қосымша 1).
Сабақтың жоспары:
1. Трансформатордың құрылысы
2. Трансформатордың түрлері
3. Трансформатордың жұмыс жасау
принципі
In many cases, it is important to supply different voltage sources. For example, when connecting the TV to a 220 V power source, it must be supplied to 6, 3 V in the heat sink and 1 to 2 V for the transistor and the voltage to the electrode radiation tube is 15000 V. The so-called transformers are used to increase or decrease the voltage.
Almost constant power output, alternating current power with alternating current, means AC power transform.
The transformer of the AC is called a transformer. It is based on the phenomenon of electromagnetic induction.
Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В - тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6, 3 В, транзисторларға 1 - 2 В, ал электронды - сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.
Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді.
Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген.
For the first time in 1878 the Russian scientist P. N. Yablochkov invented, and later in 1882, F. He has grown up. The simple transformer consists of double-sided wires of ferromagnetic conductors
The first set of packaging is connected to the mains supply and the second to the packaging consumers.
Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П. Н. Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И. Ф. Усагин жетілдірді. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады
Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған.
Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2 - ге тең.
The principle of the transformer operation is based on the phenomenon of electromagnetic induction. When the AC currents are passed through the first sequence, a magnetic flux of variable magnetic flux is generated on the ferromagnetic core. This magnetic flux in turn, in turn, causes the induction electric motive power to penetrate the second conveyor belts.
Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық электр қозғаушы күшін туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК - iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК - iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК - iне теңескенде жүйеде тепе - теңдiк орнайды.
Орамдар санының бiр - бiрiне қатынасын
трансформациялау коэффициентi деп атайды. К>1 болғанда трансформаторлар төмендеткiш, ал K<1 болса жоғарылатқыш трансформаторлар болып табылады. Бiрiншi және екiншi орамдардағы ток күшi, кернеу мен орам сандарының арасында мынадай байланыс бар
Энергияның сақталу заңына сәйкес
Р2=P1 - Pор – Pөз
мұндағы Р2=I2U2cosφ2 – екiншi тiзбектен тұтынушылар пайдаланатын қуат, Р1 =I1U1cosφ1 – бiрiншi тiзбекке қоректену көзiнен берiлетiн қуат, ал Рор=I12r1+I22r2 – актив кедергiлерi r1 және r2 – ге тең орамдардағы қуат шығыны да, Рөз – ферромагниттiк өзекшенiң магниттелуiмен байланысты қуат шығыны.
Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)
Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК - i 97 - 98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi.
Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми - техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль - Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден - бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400 - 500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.
Жаңа тақырып бойынша сөз қоры:
Трансформатор - Transformer
Ұлғайтқыш - expander
Орама - winding
Фаза - Phase
Конденсатор - Capacitor
Сым - the wire
Магнит өткізгіш - Magnetic conductor
Кернеу - voltage
Қуат - power
Май - Butter
Бак - Tank
Май көрсеткіші - Oil Indicator
Желдеткіш - Fan
3 -ші кезең. Мағынаны түсіндіру (түсіне білу)
Бұл кезеңде студенттер
интерактивті инновациялық модульді пайдалана отырып, трансформатордың құрылысын
және жұмыс жасау принципін талдайды. (Студент өз бетімен жұмыс жасап,
белсенділік танытуға жағдай жасалады.).
Конспект №1 (Трансформатордың құрылысы)
Конспект №2 (Трансформатордың түрлері)
Конспект №3 (Трансформатордың жұмыс жасау принципі)
Студенттер өздігімен
немесе топтасып жұмыс жасау. Әр студент немесе әр топ осы тұста
шығармашылығын көрсете алады.
4-ші кезең. Трансформатордың құрылымын және жұмыс
жасау принципін көрсетуге арналған бейне-ролик.
Назарларыңызға бейне -
ролик.
5-ші кезең. Сабақты қорыту, пысықтау
Бұл кезеңде
оқытушы жаңа тақырып бойынша оқушыларды жаңадан алған білімін тереңдету
мақсатында сұрақтар қойып, жауап алып, кемшіліктері болған жағдайда, студенттің
жауабын толықтырып, қорытындылайды. Студенттер интерактивті модульді қолдана
отырып, тапсырмалар орындайды.
Оқушылардың өздігімен жұмыс жасауы:
6-ші кезең. Ой толғаныс (рефлексия). Reflection
Бұл кезеңде студенттер не үйренгендігін саралап, ой
елегінен өткізеді.
- Студенттер, осы сабақта не түсінгендеріңді тұжырымдай
отырып, түсінгендеріңді өз беттеріңше «Біз болашақ маманбыз» атты қысқаша
сценка көрсету арқылы жеткізіңдер.
Әр топ мини – сценка
құрады.
1. Оқытушының студенттерді бағалап,
сабақты қорытындылау.
Оқытушы студенттердің
өзін өзі бағалау пікірлерін тыңдай отырып, саралап, бағаларын қояды.
2.
Үй тапсырмасы:
1. Оқулықпен жұмыс: Китаев В.Е. «Жалпы электротехника», ОӘК
2. Қосымша әдебиетпен жұмыс
3. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға «Трансформатордың құрылысын
жаңарту идеясы» эссе жазу
3.
Сабақтың аякталуын
хабарлау.
Оқытушы:______________________Жұмагереева Айдана Серікқызы
«Трансформатордың құрылысы және
жұмыс жасау принципі»ашық сабағынан көрініс
Өткізілетін
күні: «17»қантар
2018 ж
Оқу
тобы: 5
СК
Өткізілу
орны: ауд.
№15



Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.