Тұрақты
ток машиналарының жұмыс жасау принципі
Тұрақты ток машинасының жұмыс жасау
принципін функционалдық сызбанұсқасы 1.5-суретте көрсетілген қарапайым тұрақты
ток машинасы-ның негізінде қарастыруға болады.
Генераторлық
режим.Генераторлық
режимде тұрақты ток машинасын бір немсе w бірнеше тармақтан құралатын, сыртқы
күштердің әсерінен n айналу жиілігімен сағат тілімен бағыттас
бағытта айналатын рамка ретінде карастыруға болады. Бұл жағдайда бір немесе w
бірнеше тармақтан құралатын рамка тұрақты магнит немесе электромагнит арқылы
пайда болатын магнит өрісінде айналады.
Электромагнитті индукция заңына
сәйкес якорь орамдарында электр қозғағыш күші (ЭҚК) пайда болады:
мұндағы Ψ = w • В ·S- ағындар
тоғысуы; w - тармақ саны, В - якорь мен полюстер арсындағы бос ауа қуысындағы
магниттік индукция; S - орамдарды қиып өтетін магнит ағыны өтетін көлденең
қима.
ЭҚК бағыты оң қол ережесі бойынша
анықталады. Бұл ережеге сэйкес магнит ағыны алақанды қиып өтетін болса, бас
бармақ айналу бағытын көрсетеді, ал қалған саусақтар ЭҚК бағытын керсетеді.
Бұл жағдайда орам бір тармақтан
немесе өткізгіштен құралған. Орамға енгізілген ЭҚК мәні мына өрнекпен
анықталады:
епр =B·L·v
мұндағы L - өткізгіштің активті
ұзьшдығы, яғни машинаның магнит өрісінде орналасқан ұзындық; v— өткізгіш
қозғалысының сызықты жыл-
дамдығы.
Екі орамға да енгізілетін ЭҚК
мэндері симметриялылыққа байла-нысты бірдей болады жэне олар сұлба бойынша
бір-біріне қосылатын болғандықтан, толық ЭҚК мынаған тең:
Ея=2епр=2·B·L·V,(1.2)
мұңдағы ЭҚК Ея айнымалы
шама болып табылады, яғни якорь орамдарының өткізгіштері оң жэне сол полюстер
арқылы кезек өтетін болғандықтан, өткізгіштердегі ЭҚК бағыты да өзгермелі.
Өткізгіштің бойындағы ЭҚК қисығының формасы уақытқа байланысты бос ауа қуысьщдағы
индукцияның В таралу қисығына сәйкес болады.
Екі полюсті машинада ЭҚК
жиілігі fайналу секундымен өрнектелетін якорьдің айналуn жиілігіне
тең.
f = n,
ал, жалпы алғанда, егер машинаның р
полюстер жұбы болса, онда:
f = р·n.(1.3)
Егер якорь орамы щеткалар арқылы
сыртқы тізбекпен тұйық тізбек құрайтын болса, онда бұл тізбек арқылыІя тогы
өтеді. Якорь орамдарында бұл ток айнымалы болады, бірақ коллектордың қызметіне
байланысты сыртқы тізбекте ток тұрақты болып табылады.
Арал
көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Тойбазарова Асылжан
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.