Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тұрақты токпен металды қолмен дәнекерлеу

Тұрақты токпен металды қолмен дәнекерлеу



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.



Сабақ жоспары № 18


Күні-айы: 04.03.2016 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы: 1114000 – дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Валикті доғамен балқыту және пластинді төменгі, көлденең және тігінен дәнекерлеу

Сабақтың тақырыбы: Түйістіріп бір қабатты немесе көпқабатты тігістеу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Дайындама бөлшекті түйістіріп бір қабатты немесе көпқабатты тігістеп дәнекерлеу әдістерін түсіндіріп, дәнекерлеп пісіру тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Студентерге түйістіріп бірқабатты немесе көпқабатты тігістеп дәнекерлеуді үйрете отырып, әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Студенттердің өз мамандықтарына қызығушылығын арттырып, жұмысты ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау) Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Техникалық нұсқау картасы, металл дайындамалар, дәнекерлеу аппараты, электрод Д= 3-5 мм . Балғалар, болат щеткалар, соққыштар, сызғыштар, бор,жікті өлшегіштер, қорғаныш көзілдіріктер,жай әйнекті көзілдіріктер, электродұстағыш, маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.

Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Қиғаштап дәнекерлеу жұмыстары қандай жағдайда жүргізіледі?

2. Қиғаштап дәнекерлеу жұмыстары қандай бұрыш жасап дәнекереуге болады?

3. Қиғаштамай дәнекерлеу мен қиғаштап дәнекерлеудің арасында қандай айырмашылықтар бар?

4. Жіктің түбірі дегеніміз не?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Жазық бетті металды бірқабатты тігістеп дәнекерлеу

Нұсқауларды мына жоспар бойынша жүргізу қажет жұмыс орындарын ұйымдастыру және жазық бетті металды дәнекерлеу кезіндегі жұмысты жүргізудің қауіпсіздік ережелері.

Жік сыртқы түріне және оның сапасы электродтардың қозғалысы мен оның орын ауыстыруына байланысты болады.

hello_html_m14849abe.png

hello_html_m4d56d93.pnghello_html_20ca21be.png

hello_html_m3c895a07.png hello_html_12821f13.png

Күшейтілген Қалыпты Осалданғанhello_html_d0d4733.png

hello_html_md2e1578.pngКөпқабатты жіктерді пісіру кезінде алдымен оның түбірін диаметрі 3-4 мм жіпше білікшелерді электродпен толық пісіреді. Бірінші білікшені мұқият салудың көпқабатты пісіру барысында берік қосылыстарды алу үшін маңызы бар. Содан кейін бұрын балқытып пісірілген білікшенің бетін алдын ала қождан тазалап, келесі қабаттарды балқытып пісіреді. Жіктерді v тәрізді даярлау кезінде кейінгілерін де кері жағынан пісіреді.

X тәрізді жіктерді көпқабатты пісіру барысында алдымен жіктердің түбірін бір жағынан диаметрі 3-4 мм электродпен пісіріп алады, жікті кождан тазала, үлкен диаметрлі электродпен екінші қабатты жағады.

Көпқабатты жіктер үшін іс жүзінде бір өту кезінде балқытып пісірілген металдың көлденең қимасының ауданы мен электродтың диаметрі арасында келесі қатынас белгіленген: бірінші өтуге арналған (жіктер түбірін толық пісіру)



Келесі өтулер үшін

Мұндағы — бірінші өтуге арналған жіктер қимасының ауданы,,

келесі өтулерге арналған жіктер қимасының ауданы, ,

электрод сымдарының диаметрі, мм


2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

Көпқабатты пісіруде жұмыс орнын дайындау:

  1. Пісіру алдында жиекті қалай тазалау керек?

  2. Пісіру алдында тілімшелерді қалай жинайды?

  3. Көпқабатты пісіруде қауіпсіздендірудің негізгі ережелері қандай?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Жұмыс орнын дайындап, жабдықтау

2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

3. Жалпақ металдың екі жағынан түйістіріп дәнекерлеу

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- жұмыс үстелінің дұрыс жабдықталуын тексеру;

- арнайы киімнің, қолғап, масканың бар екендігін ескеру;

- пісіру, дәнекерлеу жұмыстарының орындалу дұрыстығын тексеру;

- дайындаманың, электродтың дұрыс ұстау әдістерін бақылау;

- жазық металл дайындаманың бетіне түйістіріп бірқабатты тігістеп дәнекерлеу;

- пластина металды таврлы бұрыштарды түйістіріп көпқабатты тігістеп дәнекерлеу;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы: бірінші өтуге және кейінгі өтуге арналған жіктер қимасының аудан формуласын жаттап келу.

5.Жұмыс орнын жинастыру.



Ө/о шебері: _______________ Тебірекұлы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДБ-109942
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх