Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Тұрақты сөз тіркестері. Мақал-мәтелдер (Ашық сабақ)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Тұрақты сөз тіркестері. Мақал-мәтелдер (Ашық сабақ)

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Пәні:

Қазақ тілі практикумы

Тобы:

2б ҚМҚ тобы

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Тұрақты сөз тіркестері. Мақал-мәтелдер

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі




Ақпарат көздері арқылы тақырыпқа сай қажетті материалды таңдап алуға жаттықтыру, тұрақты сөз тіркестері мен мақал мәтелдер туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету;

Жаттығу жұмыстары арқылы студенттер бойында күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтауға, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді пайдалана отырып мәнерлі, мәнді сөйлеуді қалыптастыру. Мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі тәжірибесінен қорытылып алынған, тапқырлықпен тұжырымдалған асыл мұрасын үлгі-өнеге ете отырып, оларды орынды пайдалануға , көркем әдеби тілде сөйлеуге үйрету, логикалық қабілетін, білімдерін дамыту;

Тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің мағынасын, мазмұнын, идеясын аша білуге, сөйлеу мәдениетінде алатын орнын айқындай білуге дағдыландыру

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Оқу мен жазу және талдау арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту технологияларының элементтері, АКТ

Сабақтың әдісі:

Баяндау, түсіндіру, дәлелдеу, салыстыру, сөздік, көрнекілік, практикалық, ақпаратты жинақтау, гомотетиялық әдіс, диалог-журнал

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, тіл білімі

Оқыту құралдары:

Ғ.Қалиев; Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», А.Айғабылұлы «Қазақ тілі лексикологиясы», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі»

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Студенттермен амандасу

  • Түгендеу, сабаққа назарларын аудару

  • Амандасады

  • Сабаққа зейін аударады, жоқ студенттерді айтады.

Студенттер сабаққа даярлықтарын ұйымдастырады

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Біліміңді тексер»

C:\Users\пользователь\Pictures\935925515.jpg





















Тест тапсырмалар:

1.Бір-біріне қарама қарсы мағыналы сөздер тобы:

А) Синоним

Б) Антоним

С) Омоним

Д) Көп мағыналы сөздер

2. Зат есімнен болған антонимдерді табыңыз:

А) Алыс-жақын

Б) Ұзын-қысқа

С) Күн – түн

Д) Ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер

3. Антонимдер қай сөз таптарынан болады?

А) барлық

Б) одағай, шылау

С) Етістік, еліктеу

Д) Зат есім, сан есім, етістік

4. Қараңғы қанша дүниеде?

Дүниеде қанша жарық бар?

Ұсақтар қанша дүниеде?

Дүниеде қанша алып бар. Өлеңнен антонимдерді табыңыз:

А) қараңғы-жарық

Б) дүние, әлем

С) ұсақ-майда

Д) Қараңғы-дүние

5. Етістіктен болған антонимдерді белгіле:

А) төмен-жоғары

Б)мейірім-қаталдық

С)күрсіну-өкіну

Д)шаттану-қамығу

6. Болымды, болымсыз етістіктер антоним бола ала ма?

А)бола алады

Б)болмайды

С)кейде

Д)дұрыс жауабы жоқ






Студенттер өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталап, жауап береді.


Жауаптар:

  1. Б

  2. С

  3. Д

  4. А

  5. д

  6. Б




Үй тапсырмасына дайындық деңгейі анықталады. Тест арқылы білім қабылдау, түсіну, игеру нәтижелері қорытындыланады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Дәріс жоспары.

1.Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік.

2.Фразеологизмнің түрлері.

3.Мақал-мәтелдер туралы түсінік.

4.Авторлары бар мақал-мәтелдер


Қызығушылықты ояту








Мағынаны тану.


30книги


























































Топтық жұмыс


«Мақал-сөздің мәйегі»

- өз беттерімен жұмыстану

- талдау


C:\Program Files\Microsoft Office\MEDIA\CAGCAT10\j0233018.wmf










«Суреттер сыр шертеді»

AG00317_

«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді». (Б. Бұлқышев)

  • Ал, студенттер, Баубек Бұлқышевтың бұл сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Ал еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыңдар?

  • А) Үсен кептірілген соң, от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісірді. (Ы.А)

  • Сөйтіп екеуінің арасына от жағалық деседі қырық уәзір. («Аяз би» ертегісі).

  • От не үшін жағылады?

  • Адамдар арасына от жағыла ма? Олай болса, «Хан мен жаманның арасына от жағалық дегеннің» мағынасын қалай түсінесіздер?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың да тақырыбына жақындадық.


hello_html_74235cc.png





hello_html_66ec57.png


hello_html_7d403aa4.png






Тапсырмалар

1-тапсырма.

1-топ. Мәтіндегі мақалдарды тауып, мағынасын ашыңыз.

Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ. Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі.

2-топ. Тұрақты тіркестерді бір бөлек, мақал-мәтелдерді бір бөлек топтастырыңдар. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы. Қыздың жиған жүгіндей. Азар да безер болды. Тайға таңға басқандай. Қазақтың ақылы – көзінде, қасиеті – сөзінде. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Ол кейде аса аса намыскер, басынан сөз асыра алмайды. (М.Ә)

3- топ. Мақалдардың тура және ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын ажыртаңыз.

Халықтың құшағы кең

Ел аузы - дуалы

Қырықтың бірі – қыдыр.

Көз қорқақ, қол батыр

4-топ. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңыз. 1. Суға кеткен ....2. Байтал түгіл ....3. Батырға да....................4. Айдағаның бес ешкі....5Жақсы кісі текшіл, ...6. Білгенің бір тоғыз...7. Тұз астың дәмін келтірсе, .....

2-тапсырма. Суреттен сөздер тауып, сол сөздердің үш тілде аудармасын айтыңыз. Тұрақты сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңыз.

1-топ. 2-топ

C:\Users\фора\Desktop\51a8844f70b09.jpg C:\Users\фора\Desktop\serdce.jpg


3-топ 4-топ

. C:\Users\фора\Desktop\images.jpg C:\Users\фора\Desktop\photo_62243.jpg



Адамның көркемдігі оның мінезінен, сөйлеген сөзінен байқалады. Адам адамдармен қарым-қатынас кезінде немесе кітап оқығанда жетіледі, толығады. Осы әрекеттерде олардың жанын байытатын әдемі, мәнді сөз. Әдемі, мәнді сөйлеу дегеніміз қазақ тілінің мақал-мәтелдерін, жауһар сөздерін пайдалану деген сөз.

Мағыналары талданады.

  • Ас пісіру үшін, үй жылыту үшін.

  • Жоқ.

  • Екеуін араздастырайық, айдап салайық деген мағынада.

Фразеологизмдердің түрлері

Фразеологизмдерді орыс лингвисі, академик В.В. Виноградов 3 түрге бөледі:

- Фразеологиялық тұтастық – тіркестің білдіретін ұғымы тіркестің құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланыспайды. Мысалы, үріп ауызға салғандай, қой аузынан шөп алмас.

-Фразеологиялық бірліктердің білдіретін ұғымы тұрақты тіркес құрамындағы сөздермен мағыналық жағынан белгілі бір дәрежеде байланысты, бейнелілігі, әсерлігі жоғары болады. Мысалы, аузына құм құйылу, екі езуі екі құлағына жету, ит тұмсығы батпайтын тоғай.

-Фразеологиялық тізбектердің білдіретін ұғымы құрамындағы сөз мағыналарымен байланысты болғанмен, бейнелілігі төмен, әсерлігі әлсіз, шындыққа жақын.Мысалы, кеудесін көтеру, мойнына су кету, кежегесі кейін тарту. Фразеологизмдерді қазақ академигі І.Кеңесбаев фраза және идиома деп 2 түрге бөледі.Мұндағы идиома дегеніміз В.В.Виноградовтың фразеологиялық тұтастық деген түрімен сәйкес келеді.Фраза дегеніміз В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірлік, тізбек дегендерімен сәйкес.

hello_html_2ebb9ffd.png



hello_html_2695bc1e.png






1-тапсырма.

1-топ. Мәтіндегі мақалдар.

Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.




2-топ. Мақал-мәтелдер: Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы. Қазақтың ақылы – көзінде, қасиеті – сөзінде. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Тұрақты сөз тіркестер: Қыздың жиған жүгіндей. Азар да безер болды. Тайға таңға басқандай.

3-топ. Ауыспалы мағыналы сөздер: құшағы кең – қайырымды, аузы – дуалы – шешен, көз қорқақ – қорқақ, қол батыр- қолмен жұмыс істей алады,




4-топ. Мақал-мәтелдер. 1. Суға кеткен тал қармайды. 2. Байтал түгіл бас қайғы. 3. Батырға да жан керек. 4. Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жед жарар. 5. Жақсы кісі текшіл, жаман кісі кекшіл. 6. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. 7. Тұз астың дәмін келтірсе,

2-тапсырма.

1-топ.

бас-голова-

қол-рука-

жүрек-сердце-heart

аспан-небо-

Бас қосу, бас айналу, қол ұшын беру, жүрек жұтқан, аспанменен таласқан, жүрек жұтқан, жүрегі мұздау,


2-топ

пышақ-ножь-

қол-рука-

көз-глаз-eye

құлақ-уха-

бет-лицо-

пышағы айналды, көз жасын көл қылды, көз ашпады, құлақ аспады, беті бүлк етпеу, беті қызару, бетінің оты шығу, бетіне айту,

3-топ.

ит-собака-dog

тал-ветки-

құлақ-уха-

ит арқасы қиянда, ит өлген жер, құлақ салу, құлағына ілмеу, құлағына құю

4-топ

ат-лошадь-

күн-солнце-

жұлдыз-звезда-star

ат ізін салмау, ат шаптырым жер, ат ізін құрғатпау


Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі

Ұсынылған ақпараттан

қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, жаңа сабаққа қызығушылықтары оянады,


Ақпараттық құзыретттілік

Ақпарат қөздері арқылы алынған мәліметтерді сұрақ қоя отырып алады. Жаңа мәліметті теззистеп жазып алады. Тұрақты тіркестердің түрлерін ажыратады. Білімдерін кеңейтеді





Мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін ажыратып, мысал келтіре алады. Халық даналығы бойынша өмірде көрген білгендерін түйіп, айтылған ой оралымдары тәмсіл деп аталытындығы туралы қосымша мәлімет алады.



Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың авторлық мақал-мәтелдерін біледі және сөйлеу мәдениетінде қолдануға дағдыланады









Топтық тапсырмаларды орындай отырып, әрқайсысы өз ойын айтуға дағдыланады. Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерден меңгерген білімдерін тапсырма орындау барысында көрсетеді.










Суреттерге қарай отырып тұрақты тіркестерді құрайды, әр айтылған сөздің 3 тілде аудармасын айтады. Үштілділікті пайдалануға, басқа тілдегі аудармасын білуге ұмтылады.

ІV. Жаңа білімді бекіту.

- өз беттерімен ізденіс жұмысы;

- сөздікпен жұмыс;

- постермен жұмыс;

30книги

3-тапсырма.

«Өзіндік ізденіс – білім негізі»

Постер қорғап, бір-біріміздің жұмысымызға баға береміз

1-топ. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің айырмашылықтарын «Венн диаграммасы» бойынша түсіндіру.




2-топ. Қарама-қарсы мағыналы сөздері бар мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін жазу. Талдау.





3-топ. «Сөздің көркі - мақал». Мақалдың қазақ халқы мен әдебиетіндегі орны, рөлін ассоцациялау. Өз ойларын айту.




4-топ. Абайдың 29 қара сөзін «Диалог-журнал» әдісі бойынша талдаңыз. Яғни, мақал-мәтелдерді теріп жазып, Абайдың сынаған пікірін және өз ойыңызды білдіріңіз.


29-қара сөз.

Қазақтың мақалдарының көбінің іске татарлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. «Қалауын тапса қар жанады». «Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» дейді.

1-топ.

Тұрақты тіркес

Ұқсастығы

Мақал-мәтел

-Құрамында кемінде екі сөз болу керек

-Сөздердің орны ауыстырылмайды

-Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөзбен өзгертуге келмейді

-Сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады

-Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады

-екеуінің де лексикалық мағыналары бар

-ойымыз мен сөзіміз айшықты, көркем шығу үшін қолданылады

-құрылысы жағынан бір, екі, үш бөлімді болып келеді

-Ой неғұрлым ашық айтылады

-ақыл-өсиет түрінде келеді

-


2-топ. Ат ізін салмау-ат ізін, көзін салмады-көзін алмау, ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер, жүрегі мұздау-іші жылу,серттен таю-сертте жүру.Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Жақсы адам текшіл, жаман адам кекшіл. Жақсы адамның көңілі шай орамал кепкенше, жаман адамның көңілі басы жерге жеткенше.

3-топ. «Сөздің көркі-мақал»


4-топ. «Диалог-журнал»

Абай қара сөзіндегі мақал-мәтелдер

Абай пікірі

Өз ойың

1.Жарлы болсаң, арлы болма

2.Қалауын тапса қар жанады.

3.Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ

4.Атың шықпаса жер өрте

5. «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол.

6.Алтын көрсе періште жолдан таяды

7.Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті

-Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын;

-Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? ; -Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой;

-Тәңірге жазып мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды;

Періштеден садаға кеткір-ай



Проблеманы шешу құзыреттілігі

Белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды анықтайды

Ақпараттық құзыреттілік

Алынған ақпаратты тапсырма аясында пайдаланады.


Ақпараттық құзыреттілік

Ұсынылған ақпаратты жүйелейді. Өзіндік пікір білідіріп, тұжырым жасауға үйренеді








Абайдың қара сөзіндегі сыналған мақал-мәтелдерді теріп жазып, өзіндік ойларын жазады, дәлелдеп жеткізеді.

«Сөз мергені»

ea5ca62f076a1155e4ac3c62a890bace

«Ойлы болсаң, озып көр»

1.

    • Бала

    • Әйел жинаған

    • Қыз

    • Адам

2.

    • Ат

    • Тай ала қашты

    • Сиыр

    • Ешкі

3.

    • Төбе

    • Тау тұру

    • Бала

    • Кітап


4.

    • Сиыр

    • Ат салмау

    • Түйе

    • Қой

5.

    • Сан

    • Бас соғу

    • Қол

    • Аяқ

«Жүйрік болсаң шауып көр»

1.

    • Арба

    • Кеме кетеді

    • Жол

    • Қыз

2.

    • Сөз

    • Жұрт бұзар

    • Аға

    • Қыз

4.

    • Би

    • Сезім қызыл

    • Достық

    • Көңіл

5.

    • Жалғыз

    • Адам

    • Әке болмас

    • Жезде

Жауаптары:



Қыздың жиған жүгіндей




Ат тонын ала қашты






Төбе шашы тік тұру






Ат ізін салмау





Санын соғып қалу





Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді






Қаһарлы сөз – қамал бұзар






Өнер алды – қызыл тіл




Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз кірпіш қорған болмас.


Оқыту әдістерінің түрлерін бір-бірімен салыстырып, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған әдістерді меңгерді.

V. Бағалау.


Рефлексия

VІ. Қорытындылау.







VІІ. Үйге тапсырма.

книга

Студенттерді топ бойынша, белсенділік танытып, өз ойын айтып, сабаққа қатысқандарын бағалаймын.

Әрбір топ бүгінгі өткен сабақты бір ауыз сөзбен, яғни мақалмен немесе тұрақты сөз тіркестерін пайдалана отырып қорытындылау керек.


Білім қымбат, білу қиын

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.


  1. Авторлары бар мақал-мәтелдерді жинақтау.

  2. Көркем әдебиеттен мақал-мәтел мен тұрақты сөз тіркестерін жазып, олардың мағыналарын фразеологияллық сөздікті пайдалан отырып ашу.

  3. Мағынасын бір сөзбен атаңыз: аттың жалы, атанның қомында, аспанменен таласқан, құлаққа ұрған танадай, көңіліне дақ салу, артына сөз ілестіру, құлағына құю, қаперіне алмау, мұрнын тескен тайлақтай, өзегіне құрт түсу, қу бастан қуырдақ алған


Студенттер бағалау арқылы оқуға талпынады, ынталанды.

Өз ойларын, қабылдаған білімдері мен дағдыларын мақал-мәтел арқылы жеткізеді.







  1. Іздену арқылы авторлары бар мақал-мәтелдерді жазады, білімдерін кеңейтеді.

  2. Көркем әдебиеттен кездескен тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашып жазады.

  3. Мағынасын бір сөзбен атайды. Құлағына құю – тыңдау, қаперіне алмау – тыңдамау, артына сөз ілестіру - бүлдіру

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі

Өз әрекетін тапсырма орындаумен бағалайды.

Ақпараттық құзыреттілік

Ұсынылған ақпараттан

дәйектер мен қорытынды таба біледі

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі

Өз іс-әрекетін бақылауды тапсырылған тәртіппен орындайды.




Орал гуманитарлық-техникалық колледжі





Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы








Тұрақты сөз тіркестері. Мақал-мәтелдер

(Ашық сабақ жоспары)








Өткізген: Тасқалиева Г.Н



Тобы: 2б ҚМҚ





Орал, 2014 жыл


Краткое описание документа:

Ақпарат көздері арқылы тақырыпқа сай қажетті материалды таңдап алуға жаттықтыру, тұрақты сөз тіркестері мен мақал мәтелдер туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету;

Жаттығу жұмыстары арқылы студенттер бойында  күнделікті қарым-қатынаста  сөйлеу мәдениетін сақтауға, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді пайдалана отырып мәнерлі, мәнді сөйлеуді қалыптастыру. Мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі тәжірибесінен қорытылып алынған, тапқырлықпен тұжырымдалған асыл мұрасын үлгі-өнеге ете отырып, оларды орынды пайдалануға , көркем әдеби тілде сөйлеуге үйрету, логикалық қабілетін, білімдерін дамыту;

Тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің мағынасын, мазмұнын, идеясын аша білуге, сөйлеу мәдениетінде алатын орнын айқындай білуге дағдыландыру

Автор
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3661
Номер материала 315636
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх