Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрббие сағаты "Әліппемен қоштасу"

Тәрббие сағаты "Әліппемен қоштасу"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»


Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға – білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімдері балалардың!

Ата-ана қуанып шаттанады.

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.


1-жүргізуші:Қайырлы күн, уа халайық. Армысыздар ата-ана, ұстаздар, әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!


2-жүргізуші:Армасыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан , жақын досымыз, Әліппемен қоштасамыз.


Расул: Енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл, әрине, Әліппенің арқасы.


Бекжан: Әліппе деген- алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


Расул: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар м(а) еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


2-жүргізуші:Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық,

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Іші толған әріпке,

Бар білімнің бастауы.

Білімдегі жарық не?


Хормен: Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті әліппе, әліппе!


1-жүргізуші: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.


Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

(әліппе ортаға шығады)



Әліппе: Армысыздар, жас достар,

Армысыз, ата-аналар.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің, әпкең де.

Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, кане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашыңдаршы.


Расул: Әліпбидің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде, түсінші.


Бекжан: А деген ол – аналар ғой ардақты,

Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,

Б деген ол – балалар ғой әдемі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар әліпбидің басында.


2-жүргізуші: Барлық әріп бағалы,

Айттың әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.


1-жүргізуші: Іші толған әріпке –

Мынау әйбәт Әліппе.

Барлық ілім-білімнің

Әжесі - осы Әліппе.

(«әліппе» әні)

Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.

Мұғалім: Кане, балалар, әліппенін әкелген тапсырмаларын орындайық. Кім апта атауларын атайды? Расул кәне атай ғой.

Расул: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Мұғалім: Ал енді сен, Бекжан саусақ атауларын ата.

Бекжан: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Мұғалім: Расул, жеті атаны бізге атап шықшы.

Расул: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Мұғалім: Әліппенін әкелген тағы да тапсырмалары бар екен: Қазақ тілінде неше әріп бар?42 әріп

Мұғалім: Мына сөздерді тақтаға жазыңдар: Отан, ана, бала, мектеп. Неше буын бар екенін айтыңдар. Енді осы сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Мұғалім: Енді біз сендермен әріпті жұмбақ шешіп көрейік:

Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

Ана, ата сөздері,

Қай әріптен басталған?


Ас біткеннің атасы –

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған,

Соңғы әрпін де қарашы.


Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған.


Әліппе: Балалар, мен сендерге ризамын. Ендігі білімдеріңді «Ана тілі» пәнін оқи отырып жалғастырасыңдар. Білім жолында жолдарың болсын. Сау болыңдар.


Расул: Қош бол құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырп әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Бекжан: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті әліппем,

Сенің арқаң оқып-жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


Хормен: Қош бол, Әліппе!

Қош бол, Әліппе!

Сізге мың алғыс!


2-жүргізуші:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ана тілі ортаға шығады.

Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің Ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Мен әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

1-жүргізуші: Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

2-жүргізуші:Ана тілі - біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап- бағып, қағамыз.

Ана тілін сүйеміз,

Басымызды иеміз.

1-жүргізуші: Арманмен алыстарға аттанарда

Жас оралар әркәләп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөзберейік әкелер мен аналарға.

Мұғалім: Осы оқушыларымыз Қазақстанымыздың келешегі, болашағы. Олар қандай мамандықтың иесі болмасын келешекте егеменді еліміз-Қазақстан Республикасының нағыз азаматы болатындарына үлкен сенім артамын. Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-366323

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>