Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрби сағаты "Шын дос – таусылмас қазына"

Тәрби сағаты "Шын дос – таусылмас қазына"

Скачать материал

Шын дос – таусылмас қазына.

Мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Дос қандай болу керек және оқушыларға кімдермен дос болу керектігін тереңірек түсіндіру, олардың досқа деген талғам, танымын шыңдау.

Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Шын дос-таусылмас қазына». Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.

         «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызда жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.

1-жүргізуші: «Бұл дүниенің күллі сый-құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды» деп ұлы Э. Мельман айтқан.

Мұғалім: Балалар, алдымен достық деген не, оны қайсымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық. Сөз жоқ, достық-егер соны досың шын жүрегімен, шын жаны ашып істесе. Ал өтірік жаны ашыса, тіпті өзі сенбей тұрған қатені қате деп жала жапса қалай болады? Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық та болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда да жан бере алмайсың. Сендер қалай ойлайсыңдар, дос деген не? Дос қандай болу керек?

Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады.

2-жүргізуші: Иә, достық қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Егер де біздің бақытымызды ешкім бізбен бірге бөліспесе, ол бақыт соншалықты мәнін жоғалтар еді. Біздің бақытсыздығымызға бізден де қатты қиналатын дос болмаса, оны көтеру де бізге сондай қиын болар еді.

1-оқушы:

Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

         Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерді міне.

2-оқушы:

Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

Сырлас болсақ есігімді кір қақпай,

Шын дос болсақ шақырмай кел, тілегім.

Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,

Жауымның да келетінін білемін.

1-жүргізуші: Достық – ең алдымен шынайылық, жолдастың қателіктерін сынау. Достар жолдасын өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.

3-оқушы:  М.Шаханов «Досқа  сын»

Қанша дос боп жалғасам да аяулы арман тілекті,

Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі.

Табысыңа шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан.

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, досқа сын айту жақсы ма? Менің ойымша егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тындай алмасаң, онда сендер, бір-біріңе шынымен сенбейсіңдер, біріңді-бірің түсінбейсіңдер, құрметтейсіңдер.

Балалар, осы достықтың қандай түрлері бар. Иә, сырлас дос болады, сыйлас дос болады. Оның айырмашылығы не?

Оқушылардың ойы тыңдалады.

2-жүргізуші: «Ең бір зығырданыңды қайнататын қылмыс – достың сеніміне қиянат жасау»-деп ұлы Ибсен айтқан.

         Мұғалім:Балалар, кім достық туралы нақыл сөздер біледі?

1-оқушы:

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. (әл-Фараби)

2-оқушы:

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

3-оқушы:

Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады – сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы. (В.Шекспир)

4-оқушы:

Дос болма, майда тілді күлгенменен,

Бимағына сырты жылтырап жүргенменен. (Шал ақын)

5-оқушы:

Нағыз дос бірі-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы жаман айтар деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан айырылмайды. (Серәлі Еруәліұлы)

Мұғалім: Жарайсыңдар, жалпы алғанда, адам өміріндегі ең ұмтылмайтын шақ, яғни мектептегі шақ, мектептегі достарың. Енді достық туралы ел аузынан естіген әңгімемізге құлақ түрейік.

Ертерек ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі амал достық.

- Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз?-дегенге:

- Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен Әйтімбет.

Мұғалім: Сондықтан балалар, адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза, ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.

Ән: «Достар»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрби сағаты "Шын дос – таусылмас қазына""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 880 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 2466
    • DOCX 33 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Нагима Несипбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Нагима Несипбаевна
    Искакова Нагима Несипбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10936
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой