Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / "Тәрбие көк жәшіктен басталады..."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Тәрбие көк жәшіктен басталады..."

библиотека
материалов
Амандық орта мектебінің мектеп психологы:Қажыбаева Азина Тілекқызы Солтүстік...
Біздің жұмысымыздың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни патриоттық ұғ...
Міндеттері: Елдің болашағы ертеңі - балалар, сондықтан қазірге деген көзқарас...
Гипотеза: Теориялық материалдарды саралай отырып, менің болжауымша ата-ана ба...
СҚО. Тайынша ауданы Амандық орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталық то...
Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің терминдерімен сөйлеуге...
Көз көруінің әлсіреуі:көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі н...
Европа елдері мен жақын шетелдерде қандай іс-шаралар жасалған? Барлық Европа...
Бізде, Қазақстанда, балаларды медиазорлықтан қорғау үшін қандай іс-шаралар жа...
Еліміздің жаңалықтарыңда 04.12.2014ж Желтоқсандық жаңалықтарында «Нұр Отан» п...
Ашығын айтқанда ток шоуында сөз қозғадық Бүгінгі бүлдіршінге басты тәрбиеші-м...
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын,...
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе»
Зерттеу апробациясының нәтижелері: Тілек Аңсар Өмірбек Мерей
Зерттеу апробациясының нәтижелері: Штанке Никита Төкежан Ақсауле
МУЛЬТ КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ ЕЛІКТЕУ
Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп,...
 ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА
ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ Экраны үлкен телевизорды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көрг...
Менің зерттеу жұмысым бойынша өткізілген сауалнамада: «Күніне қанша уақыт бал...
ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА 1000 «МонстХай», аним.фильм 1140 М/с «Маша и медведь» 1200 М/с...
Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын, барын базарлайтын еліміздегі жалғыз...
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультф...
Баланың жақсысы-қызық, жаманы... Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен...
Психосараптама жасау Киностудио «Софзмультфильм» 1983ж 1996 ж 2012ж
«Пакемон» Осындай мультфильмдердің балаға тигізген теріс әсерлерін айтатын бо...
Ата-аналарға:осы мәселенің шешімін біздер отандық кітаптарға, қазақ ертегілер...
Менің ғылыми жұмысыма байланысты өткізілген ата-аналар жиналысында:Сіздер бал...
Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Серуендеу, үйірмелерге қатыстыру Балаға...
Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Балаңыздың теледидар алдында қанша уақы...
әйгілі батыр Бауыржан Момышұлынан әлде біреу: «Сіз неден қорқасыз?» деп сұрағ...
Ғылыми жұмысымды қорытындылай келе: Әрине, баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты к...
34 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Амандық орта мектебінің мектеп психологы:Қажыбаева Азина Тілекқызы Солтүстік
Описание слайда:

Амандық орта мектебінің мектеп психологы:Қажыбаева Азина Тілекқызы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы КММ «Амандық орта мектебі»   «Тәрбие көк жәшіктен басталады...» (Психология бағыты)

№ слайда 2 Біздің жұмысымыздың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни патриоттық ұғ
Описание слайда:

Біздің жұмысымыздың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни патриоттық ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету. Елдің болашағы, ертеңі - балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру. Балдай тәтті қылығымен әрбір үйдің қуанышы болған кішкентай бүлдіршіндеріміздің әдепті, білімді, иманды болып өсуі үшін ерекше көңіл бөлуге үйрету. Отандық мультфильмдерді заман көшінен қалдырмай, қазақстандық мультипликаторлар жасаған дүниелерді бүлдіршіндерімізге ұсыну.

№ слайда 3 Міндеттері: Елдің болашағы ертеңі - балалар, сондықтан қазірге деген көзқарас
Описание слайда:

Міндеттері: Елдің болашағы ертеңі - балалар, сондықтан қазірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған мультфильмдерді көптеп шығару және ол ана тілінде болуы маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру. Баланы ерте жастан теледидар көру мәдениетіне үйрету маңызды шаралардың бірі, баланың қандай ақпарат құралдарынан нені көріп, тыңдап, оқып жүргенін қадағалап отыру, олардың белгілі бір уақытта ғана теледидарды көруін тәртіпке енгізу, осыны бала бойына қалыптастыру. Балаларды заман ағымына сай өте белсенді етіп тәрбиелейтін әдіс-тәсілдер қажет. Ол үшін баланың өмірге деген қызығушылығын оятып, өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыратындай технологияларды қолдану. Экранның тәуелсіздігімізді алып, даму сатысын бастан өткізіп жатқан еліміздің тілі мен дініне, әдеп-ғұрып, салт-дәстүріне, болашағымызға кері әсері тимейтіндей етіп тәрбиелеу.

№ слайда 4 Гипотеза: Теориялық материалдарды саралай отырып, менің болжауымша ата-ана ба
Описание слайда:

Гипотеза: Теориялық материалдарды саралай отырып, менің болжауымша ата-ана баласына Батыстың арзанқол шығарылған мультфильмдерін, компьютерлік ойындарын тағы да басқа дүниелерді алмай, керсінше отандық мультипликаторлар жасаған дүниелерді насихаттау. Қазақ баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдер түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Ата-аналар балалардың сүйікті мультфильмдерін бір мезет өзі көріп, ой елегінен өткізу тиіс. Мультфильм таңдау барысында кейіпкерлердің іс-қимылы мен мимикасы үйлесімді болуы керек және туынды қандай да бір оқиғаны арқау етуі тиіс. Сондықтан да, ел боламыз десек, экранымызды түзеуімізге атсалысуымыз керек. Мультфильм-жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Ақыл-ойы әлі қалыптаспаған сәби үшін озбырлыққа толы көріністерді көру оның өсіп жетілуіне, психологиясына өз әсерін тигізбей қоймайтын анық. Баланы теледидар алдына отырғызып, мультфильмге алданғанын демеу санайтын ата-ана оның адам психологиясына қаншалықты зиян келтіретінін елеп-екшемейді. Алайда экраннан көрсетілген әрбір туынды арқылы бүлдіршіннің мына әлемге, өмірге көзқарасы теріс қалыптасатынын дәлелдеу.

№ слайда 5 СҚО. Тайынша ауданы Амандық орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталық то
Описание слайда:

СҚО. Тайынша ауданы Амандық орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталық тобында және мектепалды даярлық сыныбында жүзеге асты. Зерттеу апробациясының нәтижелері:

№ слайда 6 Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің терминдерімен сөйлеуге
Описание слайда:

Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің терминдерімен сөйлеуге ұмтылады. Және өздеріне қызық көрінгендіктен сол әрекеттерін дұрыс деп ойлайды. Екіншіден, бала ағзасына пайдалы болып табылатын таза ауада серуендеу, спортпен айналысу сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығын теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы ойын мен спортты теледидардағы түрі ұсқынсыз мультфильм кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге болады. Үшіншіден, теледидарды тапжылмай көру баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер етеді. Заманауи мультфильмдердің бала тәрбиесіне кері әсері

№ слайда 7 Көз көруінің әлсіреуі:көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі н
Описание слайда:

Көз көруінің әлсіреуі:көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі нашарлайды; Гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы; Денелік белсенділіктің болмауы, аз қимылдайтын өмір сүру келбеті дененің артық массасын жинақтауына әкеледі; Неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, ерекше ашулаңшақ):мысалы, егер, 13 жастағы бала теледидар алдында күніне 3 сағаттан артық отырса, ұйқысының бұзылғандығын байқайды, ол есейген кезінде де сақталып қалуы мүмкін; Зорлық-зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген теледидарлар қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады»оральдық принциптерінің өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады; экрандағы зорлық көріністерін бала өз миында сол қалпында, өмірдегідей талқылайды; бірақ, уақыт өте бере бала осыған үйрене бастайды және зорлық-зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды. Телемания бірнеше зиянды салдарларға әкеліп соғады

№ слайда 8 Европа елдері мен жақын шетелдерде қандай іс-шаралар жасалған? Барлық Европа
Описание слайда:

Европа елдері мен жақын шетелдерде қандай іс-шаралар жасалған? Барлық Европа елдерінде дерлік күндізгі уақыттарда зорлық пен эротика көріністерін теледидардан көрсетуге тыйым салынған. Мысалы, Германияда, 16 жасқа толмаған балалардың адамгершілік қасиеттері мен психикасын сақтау үшін мұндай хабарларды таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 23-ке дейін көрсетуге тыйым салынған. Латвияның 1995 ж. қабылдаған «Телерадиохабар туралы» заңының 18-бабында:сағат 7-ден 22-ге дейін дене және психологиялық (көріністі және сөз түрінде) зорлық, қан шығатын және қорқынышты көріністерді, сонымен бірге, наркотиктер пайдаланылатын көріністерді көрсетуге тыйым салынады. Грузияда осындай тыйым телеарналарға сағат 7-ден 24-ке дейін салынған. Ондағы мақсат-18-ге толмаған грузин азаматтарын, олардың көздері мен құлақтарына арналмаған қандай да болмасын хабарлар мен фильмдерден сақтау. Украинада 2003 ж. қабылданған «Қоғамдық моральды сақтау жөнінде» заң бар. Оның өнімдерді шығару және таратуға тыйым салу жөніндегі 2-ші бабында, егер де: «ұлттық және религиялық құндылықтарды жоюды, бүлдіруді, қадірлемеуді насихаттайтын; адамдарды кемітетін, мүгедек және қартайған адамдарға қиянат жасалатын; нашақорлық, таксикомания, алкоголизм, темекі шегу және басқа да жағымсыз қылықтарды насихаттайтын көріністер мен хабарларды көрсетуге тыйым салынады» - деп жазылған. Жапон елінде барлық телеарналардың жұмысына талдау жасап отырады. Егер де, қандай да болмасын бір арна балалар уақытында балалар көруге болмайтын фильм немесе бір көрініс көрсететін болса, онда ол арнаға өте көп мөлшерде айыппұл салынып, арна ойсырау жағдайына түседі.

№ слайда 9 Бізде, Қазақстанда, балаларды медиазорлықтан қорғау үшін қандай іс-шаралар жа
Описание слайда:

Бізде, Қазақстанда, балаларды медиазорлықтан қорғау үшін қандай іс-шаралар жасалған? Бір сөзбен айтар болсақ, ешқандай да тиімді іс-шаралар жасалмаған. Еліміздің 1999 ж. 23 шілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 25-бабында Бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері немесе бас редакторлар… қатыгездік, зорлық пен порнографиялық хабарлар мен материалдар тарататын болса, оларға еліміздің заң актыларында бекітілген негізде жауапкершілік жүктелетіні айтылған. Заңның бұл бабының қаншалықты «нәтижелі» жұмыс жасап отырғанын бәріміз де көріп отырмыз. Халықтар Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Патриотизмді бүкіл қоғамның жалпы күшімен, әсіресе жастар арасында, біздің балаларымыздың бойында қалыптастыруымыз керек» - деген болатын.

№ слайда 10 Еліміздің жаңалықтарыңда 04.12.2014ж Желтоқсандық жаңалықтарында «Нұр Отан» п
Описание слайда:

Еліміздің жаңалықтарыңда 04.12.2014ж Желтоқсандық жаңалықтарында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында осындай ұсыныс айтылды. Арнайы құрылған жұмыс тобының жетекшісі:Бекболат Тілеухан Ұлттымыздың болмысына қайшы келетін баланың психологиясына кері әсер ететін бағдарламаларды, мүлдем алып тастауды ұсынды. 22 арнаның 13 де І-орында сериалдар көшбастап тұр. ІІ-орында ойын-сауық, шоу бағдарламалар көрерменің ой өрісін кеңейтетін арнайы танымдық хабарлар сондай жеңіл желпі дүниелердің тасасында қалып қояды деп дабыл қақты. Еліміздегі телеарналардың 24% мемлекет меңшігінде, ал 76% жеке меншікте. Кабельді және спутниктік телеарналардың өрісі кеңейе түсті. Телеарналарға бақылау керектігін айтты. Деңгейін тексеру және олардан сапалы өңім талап ету ұсынылды. Осы телеарналардың барлығы міндеті түрде ұлттың мүдесіне және ең басты нәрсе тәуелсіз мемлекетін қауіпсіздігіне жұмыс істеу керек деп айтылды. Жаһандану заманында сырттан келіп жатқан ақпараттарға ешбір тосқауыл қойылса екен.

№ слайда 11 Ашығын айтқанда ток шоуында сөз қозғадық Бүгінгі бүлдіршінге басты тәрбиеші-м
Описание слайда:

Ашығын айтқанда ток шоуында сөз қозғадық Бүгінгі бүлдіршінге басты тәрбиеші-мультфильм. Десек те кейбір ата-ана ұрпағын теледидар алдына жақындатпауға тырысады. Өйткені мультфильм кейіпкерлері бала психологиясына кері әсер етеді деген пікірдеміз. МУЛЬТФИЛЬМ НЕГЕ ҮРЕЙЛІ ?

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын,
Описание слайда:

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын, барын базарлайтын еліміздегі жалғыз телеарна–«Балапан» десем, ешкім дауласа қоймас. Телеарна ұжымы қаракөз бүлдіршіндерімізді рухани жағынан толысқан, ішкі мәдениеті қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуді алдыға мақсат етіп қойып отыр. Өкініштісі сол, оның жүгін арқаласушы телеарналар жоққа тән. Осындай телеарналардың тағы да бірнешеуі болса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

№ слайда 14 «Ел боламын десең – бесігіңді түзе»
Описание слайда:

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе»

№ слайда 15 Зерттеу апробациясының нәтижелері: Тілек Аңсар Өмірбек Мерей
Описание слайда:

Зерттеу апробациясының нәтижелері: Тілек Аңсар Өмірбек Мерей

№ слайда 16 Зерттеу апробациясының нәтижелері: Штанке Никита Төкежан Ақсауле
Описание слайда:

Зерттеу апробациясының нәтижелері: Штанке Никита Төкежан Ақсауле

№ слайда 17 МУЛЬТ КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ ЕЛІКТЕУ
Описание слайда:

МУЛЬТ КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ ЕЛІКТЕУ

№ слайда 18 Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп,
Описание слайда:

Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп, қанын өзен суындай «ағып» жатады. Күніне балаларымыз орта есеппен 17 өлім, 37 мейірімсіздік көріністер көреді екен. Мұндай эпизодтардың қандай сөздермен көрсетілетінін болжау қиын емес. Және бұл көріністер таңертең де, күндіз де көрсетіле береді. Мұндай хабарлар балалардың дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер ететіні сөзсіз. Балалар корқынышты киноларды көргенді ұнатады-ол үрейді бастан кешіруге эмоционалдық тұрғыда байланғандықтаң белгісі болып табылады. Телехабарды көргеннен кейінгі бір сағаттан соң, бала телеэкраннан берілген бөтен эмоцияға «берілген» болып шығады. 6 жасқа дейінгі балалар барлық ақпаратты сол қалпында, сынамай қабылдайды. Оларға қайсы дұрыс, қайсысы теріс екенін айыру әлі қиын. Сондықтан, көгілдір экранда болып жатқан дүниенің бәрі олар таза дүние ретінде қабылдайды. Ал көргендерін ойындарына, өзінің нақты әрекеттеріне ауыстырады. Сезім ағзаларының физиологиясы бойынша американдық мамандар телеман-балалардың «ойлау қабілетінің толық жойылғандығымен» зардап шегетінін дәлелденген. Оларға ешнәрсені ойластыру, қиялдау, көрсетудің керегі жоқ, олар үшін барлығын теледидар атқарады. Телеманияны нашақорлықпен салыстыру да кездейсоқтық емес. Осы тәуелділіктердің белгілеріне ұқсас келеді. Телеманиядан құтылу өте қиын. Бірақ оны істеу қажет. ТЕЛЕМАНИЯ

№ слайда 19  ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА
Описание слайда:

ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА

№ слайда 20 ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ Экраны үлкен телевизорды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көрг
Описание слайда:

ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ Экраны үлкен телевизорды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс. Телевизорды жатып көруге болмайды. -көз көруінің әлсіреунің әлсіреуі:көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі нашарлайды; -гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы; -денелік белсенділіктің болмауы, аз қимылдайтын өмір сүру келбеті дененің артық массасын жинақтауына әкеледі; -неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, ерекше ашушаңдық): Мысалы, егер, 13 жастағы бала теледидар алдында күніне 3 сағаттан артық отырса, ұйқысының бұзылғандығын байқайды, ол есейген кезінде де сақталып қалуы мүмкін; -зорлық-зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген теледидарлар қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады», ол. Өз кезегінде, моральдық принциптерінің өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады; Экрандағы зорлық көріністерін бала өз миында сол қалпында, өмірдегідей талқылайды; бірақ, уақыт өте бере бала осыған үйрене бастайды және зорлық-зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды. Теледидарды іске қосқанда, бала гипноздың астында болғандай болады.

№ слайда 21 Менің зерттеу жұмысым бойынша өткізілген сауалнамада: «Күніне қанша уақыт бал
Описание слайда:

Менің зерттеу жұмысым бойынша өткізілген сауалнамада: «Күніне қанша уақыт балаңыз теледидар алдында отырады?»-деген сауалнамаға 15 ананың: 9-ананың айтуынан 3-4 сағат, 6-ананың айтуынан 5-6 сағат отыратындары белгіленді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиалық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз 2 сағаттан артық көрмегені жөн.

№ слайда 22 ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА 1000 «МонстХай», аним.фильм 1140 М/с «Маша и медведь» 1200 М/с
Описание слайда:

ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА 1000 «МонстХай», аним.фильм 1140 М/с «Маша и медведь» 1200 М/с «Том мен Джерри» 1220 М/с «Скуби Ду: мистикалық бірлестік» 1245 М/с «Ниндзя тасбақалар» 1500 М/с«Пингвины из Мадагаскара» 1525 М/с «Губка Боб Квадратные штаны» 1545 М/с «Кунг-фу панда» 1610 -1800М/с «Индюки:назад в будущее», аним. фильм. 1240 М/с«Тимон и Пумба» 1305 М/с «Утиные истории» 1330 М/с «Котопес» 1355 М/с «Монстры против пришельцев» 1430 М/с«Том мен Джерри» 1450 М/с «Ниндзя тасбақалар» 1515 М/с «Кунг-фу шеберінің оқиғалары» 3сағат. 55 минут 3 сағат. 15 минут

№ слайда 23 Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын, барын базарлайтын еліміздегі жалғыз
Описание слайда:

Қазірде қазақ баласының жоғын жоқтайтын, барын базарлайтын еліміздегі жалғыз телеарна–«Балапан» десем, ешкім дауласа қоймас. Телеарна ұжымы қаракөз бүлдіршіндерімізді рухани жағынан толысқан, ішкі мәдениеті қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуді алдыға мақсат етіп қойып отыр. Өкініштісі сол, оның жүгін тағы да сол шетелдің мультфильмдері қосарлан, көрсетіліп жүр. Отандық өнім Отандық анимациялық бағдарлама «Барымызды салып жатырмыз» Шетелдік анимациялық бағдарлама «Спортшы Гуффи» (АҚШ,1983-1984); «Әуежай» мультхикая (Корея, 2012ж); «Білгіштер» мультхикая.(Росей 2010-2012жж); «Лупдиду» мультхикая (Франция,2008ж); «Майя» мультхикая (Германия, 2010-2012жж); «Шебер Мэнни» мультхикая (АҚШ,2006-2007ж); «Пороро және оның достары» мультхикая (Корея, Қытай,2014ж); «Шерлок Як» мультхикая (франция,2011-2012ж); «Экстрималды футбол» мультхикая (Ұлыбритания,2013ж); «Ән салайық» танымдық-сазды бағдарлама 2015ж); «АВС+» ағылшын тілін үйренгісі келетіндер үшін (2015); «Жануарлар әлемі» зоологияны бірге танимыз!(2015ж); «Сиқырлы кітаптар» сөз сақшылары алға! (2015ж); «Құра, бұра!» ойнаймызда, ойлаймыз! (2015ж) «Алақай-балақай!» шынықсаң, шымыр боласың! (2015ж) «Ол кім? Бұл не?» Ізденгіш достарымыз үшін (2015ж); «Әли мен Айя» ауылым-алтын бесігім! (2015ж); «Ойлан, тап!» Викториналық ойын-сауық бағдарлама (2015ж); «Бауырсақ» болашақ аспаздар үшін (2012ж) «Айжұлдыз» Зере мен Төренің ертегілері (2014ж) «Ертегілер» анимациялық мультхикая,(2015ж); «Күнікей және оның достары» (2014ж); «Балапан және оның достары» (2015ж); «Әдемі-ай» сәнқой қыздардың сән шеруі (2015ж); «Ерден атаның әңгімелері» тарихи анимациялық бағдарлама. «Жүзден жүйрік» жүйрік болсаң, оқып көр! (2015ж); «Оң саусақ» еңбекке үйренем десең, ерінбе. (2015ж) «Шытырман» жүйрік болсаң, озып көр! (2015ж); Әнұран, аңдатпа Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасының директоры

№ слайда 24 «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультф
Описание слайда:

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультфильм Таңқалдыру-29 % Қастандық -37 % Меланхолия-13 % Музыкасы -12 % Сценарий -9 %

№ слайда 25
Описание слайда:

№ слайда 26 Баланың жақсысы-қызық, жаманы... Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен
Описание слайда:

Баланың жақсысы-қызық, жаманы... Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таныр болсақ, біздің қоғам психологиясы әлсіз қиындыққа төтеп бере алмайтын, шыдамсыз, ашушаң, жігерсіз ұрпақты тәрбиелеуде. «Бесіктен белі шықпай жатып» өз-өзіне қол жұмсаптын, үлкенге қол көтеріп, кішіге әлімжеттік жасайтын, ділімізге жат дөрекілікті көрсететін жасөспірімдердің көбеюі осының дәлелі болса керек. Үстіміздегі жылдың 5 айында еліміз бойынша өз-өзіне қол жұмсаудың 86 фактісі тіркесе, өңіріміз-суицид көп тіркелген 8 облыстың бірі. Жеткен «жетістігіміз» осындай.... «Жұрттан Ыбырай туады, бізден сұмырай туады» деп қара аспанды басымызға төндіріп, түңілгеннен бұрысымыз дұрыс болмасы анық. Дүниенің малын қуғаннан гөрі, өз ұрпағымызға көбірек көңі бөлсек, бұл мәселе туындамас та еді. Ұлдың ұят тірлігіне, қыздың жат қылығына қынжылар болсақ, оған қоғам мен мектеп емес, өздерінен қашып жүрген жұмысбасты ата-ана кінәлі. Kyzylhar_akparat@mail.ru №6(112) 28 маусым 2015жыл 8-9 беттер

№ слайда 27 Психосараптама жасау Киностудио «Софзмультфильм» 1983ж 1996 ж 2012ж
Описание слайда:

Психосараптама жасау Киностудио «Софзмультфильм» 1983ж 1996 ж 2012ж

№ слайда 28 «Пакемон» Осындай мультфильмдердің балаға тигізген теріс әсерлерін айтатын бо
Описание слайда:

«Пакемон» Осындай мультфильмдердің балаға тигізген теріс әсерлерін айтатын болсақ. Мысалы, Жапонияда «Пакемон», құбыжықтар деген мультфилімнің бір сериясының көрсетілімінен кейін қояншық ауруы ұстаған 625 бала ауруханаға түскен. Осынай «Пакемонды» мультфильімді біздің бауырларымыз күнде көреді десек те болады. Негізінен бала туа сала бұзық болмайды. Ол көргенін қайталайды, естігенін еліктеп жасайды. Экрандағы атыс-шабыс, ұрыс-керіс, қатігездіктен бала психологиясы бұзылмағанда қайтеді. Осылардың орнына Мысалы, Илья Иьлин, Ермахан Ибраймов, Ислам Байрамуков неліктен кейіпкер бола алмайды? Қазақтың спортшыларына еліктеп бауырларымыз өседі ғой, тіпті қапыда дүниеден өткен Бекзат Сатархановтың спорттағы жеткен жетістігі де балаларға үлкен үлгі болар еді. Жуырда СОЧИ 2014 олимпиадасы болды сонда да қаншама еліктеуге болатындай отандастарымыз,баршылық қой. Өзіміз шетелдік мультфильмдерді сатып алуға немесе соларды қазақшаға аударуға қаншама қаражат жіберіп жатқанымызға таң қаламын, керсінше өзімізде ондай мультфильмдерді түсірісек мейлі қысқа да нұсқа болсын отандық өнімдер шығарсын деген ұсыныс қой менікі.

№ слайда 29 Ата-аналарға:осы мәселенің шешімін біздер отандық кітаптарға, қазақ ертегілер
Описание слайда:

Ата-аналарға:осы мәселенің шешімін біздер отандық кітаптарға, қазақ ертегілер мен ойындарға алмастырса нәтижесі оң шешімін табатыны сөзсіз. Баланың болашағы ата-аналар сіздердің өз қолдарыңызда!  

№ слайда 30 Менің ғылыми жұмысыма байланысты өткізілген ата-аналар жиналысында:Сіздер бал
Описание слайда:

Менің ғылыми жұмысыма байланысты өткізілген ата-аналар жиналысында:Сіздер балаларыңызға қандай кітаптарды, ертегілерді оқисыз? депен сауалға 15 ананың. 2 ана - ертегі оқитындарын айтты. 13 ана мүлдем оқымайтындарын айтты.

№ слайда 31 Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Серуендеу, үйірмелерге қатыстыру Балаға
Описание слайда:

Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Серуендеу, үйірмелерге қатыстыру Балаға ертегілер оқуға болады; Балаға сурет салғызуға, боятуға болады; Баламен ойнау арқылы тәрбиелеуге болады; Ардақты әжелер, аналар! Ұрпағымызға ұлағатты өнеге сыйлар ертегіміздің орының өгейсітпей, өміріміздің жалғасы болған ұрпақтарымызға әдемі ертегі айтып беруден жалықпаңыздар!

№ слайда 32 Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Балаңыздың теледидар алдында қанша уақы
Описание слайда:

Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер Балаңыздың теледидар алдында қанша уақыт өткізетіндігін үнемі бақылаңыз. Педиатрлардың пікірінше, теледидар бала өміріне 3 жастан бастап қана ену керек. Оның үстіне оны 15 минут қана қарау керек. Теледидарды электрондық бала ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады:конструктор ойыны, сурет салу, пазлдарды құрастыру. Баланың айналысуы өзінің таңдауында болады. Ол міндетті түрде ата-ананың қатысуымен болмайды. Тек қана баланың айналысуы өзінің таңдауында болады. Ол міндетті түрде ата-ананың қатысуымен болмайды. Тек қана баланың айналысқан ісіне қызығушылық танытып, бірер көмек көрсетіп жіберу жеткілікті. Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі. Баланың сүйікті ісін мадақтаңыз:жапсыру, сурет салу, кесте тігу-баланы қызықтыратын істер өте көп. Әрине, ата-аналардың біраз уақытты талап етеді, бірақ баланы өздігінен айналысуға үйретуге болады. Ең бастысы оның таңдаған ісіне қолдау көрсету керек. Кітаптар оқыңыз. Оқуға деген махаббатты ата-аналар ғана үйрете алады. Қызықты әдебиетті таңдап алыңыз, баламен бірге кітап оқыңыз. Теледидар кейіпкерлерінен гөрі, кітап кейіпкерлерімен кездесу маңызды болсын. Сенің, ол негізінде болатын нәрсе! Бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек. Ең басты және маңызды ереже-баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса, теледидар екінші орынға ауысады.

№ слайда 33 әйгілі батыр Бауыржан Момышұлынан әлде біреу: «Сіз неден қорқасыз?» деп сұрағ
Описание слайда:

әйгілі батыр Бауыржан Момышұлынан әлде біреу: «Сіз неден қорқасыз?» деп сұраған екен. Сонда батыр:«Мен даудан да, жаудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқыншым көбейіп барады. Ең алдымен, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын. Үшіншіден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді, олардың қолына қылыш берсең кімді болса да шауып тастауға дайын. Олар қолына кітап алмайды, үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан ата мен әже жоқ» деген екен.

№ слайда 34 Ғылыми жұмысымды қорытындылай келе: Әрине, баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты к
Описание слайда:

Ғылыми жұмысымды қорытындылай келе: Әрине, баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты кеңестер мол. «Жұрттан Ыбырай туады, бізден сұмырай туады» деп қара аспанды басымызға төндіріп, түңілгеннен бұрысымыз дұрыс болмасы анық. Дүниенің малын қуғаннан гөрі, өз ұрпағымызға көбірек көңі бөлсек, бұл мәселе туындамас та еді. Ұлдың ұят тірлігіне, қыздың жат қылығына қынжылар болсақ, оған қоғам мен мектеп емес, өздерінен қашып жүрген жұмысбасты ата-ана кінәлі. Дегенмен, ата-аналар оларды тәрбие барысына жүйелі қолданбайды. Балаға ата-ананың көңілі керек, оларды жақсы жаққа бұрып, бағыт-бағдар беріп отырмаса, кейін сан соғып қалуға да болады. Сондықтан да жұмысты бір уақыт қоя тұрып, баланың тәрбиесіне, бала бос уақытын қалай өткізіп жатқанына ден қойған дұрыс. Теле арналарымызда балаларға арналған тағы да бірнеше теле арналар ашылса деген арман ғой. Бауырларымызға базарлық болсын деген ниет. Ата-аналар шетелдік мультфильмдердің дискілеріне жіберген ақшаларына әр түрлі ертегілерді сатып алса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сондықтан да, ел боламыз десек, экранымызды түзеуімізге атсалысуымыз керек.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров465
Номер материала ДВ-333600
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх