Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Тәрбие сағат: Айналайын анашым

Тәрбие сағат: Айналайын анашым

библиотека
материалов

Айналайын анашым...


Мақсаты: 8-наурыз мерекесін түсіндіру, аналарды құрметтеу, сыйлау, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: ана мен балалар суреттері, ұлағатты сөздер, мақал – мәтелдер, шарлар, гүлдер.

Барысы.


Мұғалім: Құрметті асыл аналар, қадірлі де аяулы әжелер және ұстаздар, құрметті қонақтар!

« Айналайын анашым...» атты ертеңгілікке хош келдіңіздер!


Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқасыңдай құлпырған,

Алаңсыз бақытты балалар!

Қырларда қызғалдақтар дірілдеген.

Қуаныш келе берсін күлімдеген,

Біз сіздерді құттықтаймыз.

8-наурыз мерекесімен!

Сіздерге мол бақыт, ашық аспан.

Отбасының берекесін тілейміз,

Балаға жақыны сіз гой ана.

Сіздің ыстық құшағыңыз – бізге пана,

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе – Отан ғана.

« 8- наурыз – халықаралық әйелдер күні » мерекесі құтты болсын!

Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.

Құрметті аналар, балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!


Хор:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


Ән: « Анашым »

Ақмоншақ:

Ана, әже, әпкелер,

Құтты болсын мереке!

Осы келген ортаға,

Тілейміз біз береке.




Айкөркем:

Көгімде күн болып,

Жұлдыздай жанасың.

Аман бол әрдайым,

Аяулы анашым!


Жалғас:

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.


Гүлзат:

Шалқып, тасын әніміз,

Жадырасын жаныңыз.

Әже сені құттықтап,

Би, билейміз бәріміз.


Би: « Вальс »

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Мои сканированные изображения\2015-02 (фев)\сканирование0030.jpg
















  • Келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: « Кім көп сөз біледі?»

Ортаға 2 әже шығады. Оларға қарама – қарсы немерелері тұрады. Әжесі немересіне дейін әр қадам басқан сайын жылы сөздер айтуы керек. Мысылы: ботам, күнім...,..


Досан:

Ана – біздің күніміз,

Ана – біздің гүліміз.

Бар баланы қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.



Әділет:

Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін.


Алмас:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!


Малика:

Анаға жан жетпейді,

Еңбегі естен кетпейді.

Балаға тіпті анасыз,

Тамағынан ас өтпейді.


Жүргізуші:

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз. C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Мои сканированные изображения\2015-02 (фев)\сканирование0028.jpg


Ән: « Құттықтаймын ана!»


















Ғалымжан:

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа, анашым, ертең – ақ,

Отың болып жанам ғой


Алшынбек:

Анам менің, ак мамам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын, шаттанам.


Әсел:

Анашым, жан анам,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең мақтанам,

Құшақ жая қарсы алам.


Аийда:

Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.



Би: « Көңілді күн »


C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Мои сканированные изображения\2015-02 (фев)\сканирование0027.jpg

















Думанбек:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қонақтардың бәріне.




Аслан:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі!


Эльдар:

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң ба екен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?!


Шарапат:

Ардақтап, аялап,

Мәпелеп өсірген.

Анамдай жан бар ма,

Қатемді кешірген?!


Бастай:

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.


Алихан:

Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,

Ана деген баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.



  • Келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: « Өз анаңды тап »

Ортаға 4 бала шығады. Олардың көзі байланады.

Өз аналарын алақанымен қолынан сипап тауып алу.













Би: « Жылқышы »C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Мои сканированные изображения\2015-02 (фев)\сканирование0029.jpg


















Жүргізуші:

Ана көзі күн нұрымен пара – пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар ақ ниетті аналар!

Құрметті қонақтар, бүгінгі « Айналайын анашым...» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-085535

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG