Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Тәрбие сағат "Біз достықты сүйеміз" «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының бастау алуы» 5-"Д" сынып

Тәрбие сағат "Біз достықты сүйеміз" «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының бастау алуы» 5-"Д" сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


«Біз достықты сүйеміз»


Күні:28.02.2015ж.

Сынып: 5-Д

Мақсаты: 2015- Қазақстан халқы ассамблеясының жылының ашылуына орай түсініктерін кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр сынып оқушыларының достық қарым-қатынастарын жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. 

Сахнаға ұлттық киім киген оқушулар шығып, Қазақстан елінің әнұранын орындайды. 
1.Әнұран.
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар, ұстаздар және оқушылар! 

2-жүргізуші: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының бастау алуы» атты салтанатты өткізіліп отырған «Біз достықты сүйеміз» атты мерекемізді тамашалауға қош келдіңіздер! 

1-жүргізуші: Достық деген - өзіңмен мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы бір адам. Адалдық – достықтың ұлы заңы! 

2-жүргізуші: Жер бетінде мұндай достар 
Еш нәрседен жасқанбас 
Бірі үшін тартар бәрі азап, 
Дос үшін өзі тігер бас – дей келе мерекелік құтықтау сөзін ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Мамешова Ұлған Дүйсенбайқызына және тәрбие ісінің меңгерушісі Айтжанова Гүлмира Қоршыбайқызына беріледі. 


Гүлназ:

Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,

Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.

Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,

Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,

Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,

Өздерің болып санама бала тұнды жыр.

Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,

Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.


1-жүргізуші: Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Сонымен қатар 2015 жыл Астана Бейбітшілік пен Келісім қаласы атты ұранмен өтеді. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясында мәлімдеді. 

2-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

C:\Users\User\Desktop\5-Д Ассамблея\nzz4Q-AxXng.jpg

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеге осы Ассамблеядан ұлт өкілдері келіп тұр, соларға сөз берейік. 

Олжас:Қазақ: Далаң үшін, қызба қан халқым үшін, 
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын 
Саған Қазақстаным ғашықпын мен 
Әншіл, сәншіл, бәйгешіл халқым үшін. 


Несібелі.Орыс: Ресейден қай заман келгелі мен 
Туыстарым даланың белдерімен 
Кім тұрады мұнда?- деп сұрай қалсаң, 
Қазақстандықтар- дейді бұл елде кілең.... 

Ақсезім:Өзбек: Қазақ жері маған да болған мекен 
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен? 
Досқа-дарқан, дұшпанға – сонша қатал, 
Сүйем оны, сағынып самғап жетем. 

Ахмеджан:Татар: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Нұрдәулет.Түрік: Орыс, қазақ туыс боп, ағаласып, 
Қаны, тілі жатыр ғой араласып. 
Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық. 

Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз !


Балсая: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.


Ахмеджан: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күніC:\Users\User\Desktop\5-Д Ассамблея\52882.jpg

Фариза: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.


Нұр-Ас: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

2-жүргізуші : 2.Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


Несібелі: Қазақ жері- достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем-мерейлі ырыс бағы. 
Күрестерде, еңбекте, мерекеде, 
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. 

1-жүргізуші: Халықтың әдет –салтына 
Ойлана қарап, түйін түй 
Шаттық сыйлап жалпыға 
Жалғаса берсін ән-күй, би 
3. 5-А сынып қыздарының орындауында Орыс халық биі. Қарсы алыңыздар! 


2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

1-жүргізуші: «Екі миллиардтай халқы бар Қытайда-58, Қазақстанда 140 этностың өкілі өмір сүруде. Ал, Оңтүстік Қазақстанда 108 ұлт пен ұлыс өкілі тұрады. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


Нұрислам:

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.


2-жүргізуші: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде :қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар 
Әсем ән мен тәтті күй 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй, -деп кезекті әнге берейік 


4.Бекмаханбет Дастанның орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.


Ақсезім:C:\Users\User\Desktop\5-Д Ассамблея\143027.jpg

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Нұр-Ас:

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

Фариза:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын, бар халқымның ынтымағы!

Бармысын, қазағымның ынтымағы!

1-жүргізуші: Ұйғыр, қазақ тамыр болған ежелден, 
Кімдер қашсын қазақтардың ер елден. 
Достығымыз ғасырларға жарасқан, 
Туған елім, шарықтай бер кемелден.


Көрініс: «Бақыт деген не?» 
Әжесіне немересі жүгіріп келеді.
 
- Әже, бақыт деген не? 
- Е-е, балам, «Бақыт»- деген үйде сенің жақын адамдарың болса, олар ауырмаса. Сенің Отаныңда қу соғыс болмаса, халықтар өзара соғыспаса. 
- Бақыт – бейбіт өмір, бейбітшілік 
Бақыт – халықтардың өзара бірлігі 
Бақыт – халықтардың ажырамас адал достығы, балам, түсіндің бе, құлыным? 
- Иә, әже 
- Балам, мен көршіге барып келейін, сен есік алдында ойнай тұр. Жарай ма? 
- Жарайды әже. әжесі шығып кетеді. Қыз сурет салып отырады. Осы кезде дос қызы келеді. 
- Назерке, ойнайсың ба? Ой, сен сурет салып отырсың ба?Ба-қы-ыт дейді? Ол не бақыт деген не? 
Мәнерлеп оқи бастайды 
Бақыт деген – бейбітшілік 
Бақыт деген – бірлік 
Бақыт деген – ынтымақ 
Бақыт деген – достық 
- назерке, бізде бейбітшілік, ынтымақ, бірлік, достық бар ғой. Яғни біз бақыттымыз ғой, иә? 
- Иә, бәріміз де бақытты болайық! Жүр ойнайық. 


Олжас:

Әйнегі күн, шатыры аспан,

Кең дала, төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

Даяна:

Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.


5.Ән: «Отан». Орындайтын Орынбай Олжас.


1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.


Ұлжан: Ән ексем жерге достық егер едім. 
Бұлт болсам, соған тамшы себер едім. 
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға, 
Дос үшін жылда айналып келер едім. 

Нұрдәулет: Құя берсін күн нұрын кең далаға 
Кең мен дәнді сықаған елге жаңа 
Алатаудай қанша ба биік тартып, 
Қазақстан көрінісін айналаға. 

Диана: Сол күйлерден алып келді бұл ғасыр, 
Қаралы елдің мұңы шыққан жырды асыл. 
Бәрі ұмыт болып кетер, ал қазір, 
Көресің жас қазақстан тұлғасын. 

Бақдаулет: Жақсылыққа, бақытқа, 
Талпынған әр уақытта 
Бала біткен дос-бауыр, 
Болмасын еш тосқауыл. 



Қамбар Бақдаулет: Туыспыз біз бәріміз, 
Біз Отанды сүйеміз. 
Бақытты елде туған соң, 
Бақытты өмір сүреміз. 


1-жүргізуші: 6. Ән: «Астана». Орындайтын Жақсылық Балсая.

Нұрислам: Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан.... » деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!http://claw.ru/a-children/animals/zvery/golub.files/255408-003.jpg

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!


2-жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


1-жүргізуші: 7. Хор «Атамекен » әні.


2-жүргізуші: 8. 5-Д сынып оқушыларының орындауында «Достық» биін тамашалаңыздар.


1-жүргізуші : Құрметті қонақтар осымен бүгінгі «Біз достықты сүйеміз » атты мерекеміз өз мәресіне жетті. 

2-жүргізуші: Келесі кездескенше, күн нұрлы болғай! Қош, сау болыңыздар.










































здерінің атауы - өзбек. Өзбекстан Республикасының негізгі халқы. Тілі - өзбек, түркі тілдері алтай тобының оңтүстік-шығыс тармағына жатады. Лексикасында парсы және тәжік тілдерінен ауысқан көп сөздер бар. Діні – суннит ағымындағы ислам.


Өзбектердің оазистердегі дәстүрлі шаруасы көпсалалы суармалы егіншілік, қолөнер мен сауда болды. Негізінен дәнді, дәндібұршақты, көкөністік, бақшалық, майлы дақылдардармен шұғылданды. Мақта және жібек шаруашылығы тауарлық дақылдарға жатады, онымен негізінен әйелдер шұғылданған. Егіншілік жұмысымен негізінен ер адамдар айналысқан.http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/uzbek/2_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/uzbek/3_s.jpg

Оазистердегі мал шаруашылығы азықтың жетіспеуіне байланысты тек тұтынушылық маңызға ие болған, негізінен қорада өгіз, жылқы, есек, сиыр және бірнеше бас құйрықты қой ұстаған  Бұқар мен Қаршы оазистерінде бай адамдар даладағы жайлауларда қаракөл тұқымды қой өсірген, олардың жаңа туған қозыларының терісі шет аймақтарға шығарылған.

Қалалар мен ауылды жерлерде қолөнердің бірқатар түрлерімен (ұсталық, тоқымашылық, көзелік, зергерлік, тері өңдеушілік және нан пісірушілік) шұғылданған. Әйелдер жүн иірумен, киім тігумен, кесте кестелеумен және т.б. шұғылданған.

Тұрғын үй құрылысында ағаш қаңқа, жабық терраса пайдаланылған, үй қабырғаларында төсек орындарға, ыдыс-аяқ пен басқа да керек жарақтарға арналған қуыстар болған.

Өзбек ерлері мен әйелдерінің киімі көйлектен, ауы кең шалбардан және шапаннан (мақта салып сырылған немесе жай ғана астар салынған) шапаннан тұрған. Шапан белбеумен байланған немесе бос киілген. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басынан бастап белі қынама сыртқы киім – камзол тарай бастады.http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/uzbek/6_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/uzbek/5_s.jpg



«Шаруа тұрмысының эстетикасы» бөлімі ШҚО-да тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениеті туралы сыр шертетін «Біз – Қазақстан халқымыз»экспозициясының бір бөлігі болып табылады, онда Кенді Алтайдағы орыс тұрғындарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық және рухани мәдениеті туралы әңімеленеді.

 

Экспозиция мақсаты: орыс халықтық өнерінің жарасымдығы мен көркемдігін көрсету. Тақырыпты ашып көрсету үшін мұражай қорындағы кесте, тоқымашылық, өрнектеу, ойма, керамика, киім бөлімдерін қамтитын материалдар пайдаланды. Мәселен, тоқымашылық және кесте бөлімініде назарға ақ зығыр және алқызыл сүлгілер, зығырдан жасалған ақ және ала асжаулықтар, белбеулер ұсынылған. Ойма және өрнектеу бөлімдерінде ұршықтар, ыдыс-аяқ, тоз қораптар, айналар көрмеге қойылған. Керамика бөлімінде балшықтан жасалған ыдыстардың түр-түрі көрсетілуде. Киім көрсетілімі «поляктар» мен «тас қалаушылар» этнотоптарына қатыстылығы бойынша назарға ұсынылған. Киімді әшекейлер мен  бас киімдер толықтырып тұр.http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/2_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/3_s.jpg

Экспозицияның тұтас картинасы Оңтүстік-Батыс Алтайдағы шаруа тұрмысының эстетикасын көруге мүмкіндік береді.http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/4_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/5_s.jpg

2009 жылы экспозиция бөлімі мынадай жаңа жәдігерлермен: өрнек салынған доғалармен, тоз және күбілік қораптарман, тоқылған себеттермен, өзі иіргішпен, керамикалық бұйымдар – кіреңкелермен, құмыралармен, колыванкалармен толықтырылды.

 

http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/6_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/7_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/8_s.jpghttp://vkoem.kz/images/stories/content/exp/estetica/9_s.jpg







Орыс халқының дәстүрлі азық-түліктері негізінен ұннан жасалған тағамдары болған. Қара бидай ұнынан, қышқыл қамырдан жасалған үлкен домалақ нандар пісірген. Құймақ, жұқа құймақтардың жұқа нандардың алуан түрі пісірілген. Дәнді дақылдар жармаларынан сұйық ботқалар дайындалатын болған. Орал маңында тары жармасынан жасалған щи, оңтүстікте – бидайдан жасалған быламық ерекше cүйіп жейтін тағам болған. 19 ғасырдың аяғында күріш пайда болды. Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа - кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде де, тұздалған ашытылған күйінде де көп пайдаланған. Сонымен қатар картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. Орыс халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр, қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра болған. 




Краткое описание документа:

Мақсаты: 2015- Қазақстан халқы ассамблеясының жылының ашылуына орай түсініктерін кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр сынып оқушыларының достық қарым-қатынастарын жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Сонымен қатар 2015 жыл Астана Бейбітшілік пен Келісім қаласы атты ұранмен өтеді. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясында мәлімдеді.


Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1239
Номер материала 263040
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх