Тақырып: Егемен елім ер жетті.
Сабақтың мақсаты: тәуелсіздік – қасиетті ұғым
екеніне көз жеткізу;
болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты Отанына
адал қызмет етуге тәрбиелеу;
өз
ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды
оқушылардың
бойына дарыту;
білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты сөздер, қазақ елі
рәміздерінің суреттері, Қазақстанның
картасы.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Алып өсен Абылайдай ұлылардың батасын,
Тәуелсіз ел, Егемен ел, Қазақ жасасын!
Бейбітшілік мызғымастай елімізде орнасын!
Қос қанаты қазағымның ешқашан да талмасын!
Бақыт қонып, ернеуімнен асып-тасып
төгілдім,
Желбіреп тұр, әрін ашып, Көк байрағым
елімнің.
Елтаңбам мен Әнұраным еріндікті білдірген
Ірге тасы мықты болсын қазақ деген
елімнің!!!
деп ақын ағаларың жырлағандай бүгінгі «Егемен елім ер жетті» атты тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
Менің Отаным –
Қазақстан Республикасы әрі жас, әрі кәрі, байырғы атамекен. Жас болатыны –
бабалар армандаған тәуелсіздік туының желбірегеніне 23 жыл болды, кәрі болатыны
– кешегі бабалардың бүгінгі біздің, ертеңгі ұрпақтың құт мекені.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш қайраткерлері мен ұлтын, тілін
сүйген есіл азаматтардың әруағы бір аунап түсетін қасиетті күн. Бұл ұлық мейрам
әр қазақтың жүрегіне патриоттық рухтың дәнін себуі тиіс.
Енді біз өз
білімдерімізді викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
I. Жылдар
сөйлейді...
1. Тәуелсіздігімізді
алған жыл –
2. БҰҰ-ға мүше болған жыл –
3. Ата Заңымызды қабылдаған жыл –
4. Мемлекеттік тілімізді қабылдаған жыл –
5. Ұлттық теңге айналымға түскен жыл –
6. Астанаға көшірілген жыл -
7. Мемлекеттің рәміздерін бекіткен жыл –
8. Еліміздің тұңғыш президентін сайлаған жыл –
9. Қазақ ғарышкерін тұңғыш ұшырған жыл –
10. Қазақстанда Азия олимпиадасы өткен жыл -
Мұғалім:
Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып ой жіберейік.
Тәуелсіздік атты бұл сөздің тұңғиығында ата бабамыздың ғасырлар бой асыл
арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа
қалдырған аманаты жатыр.
- Тәуелсіздік деген қасиетті сөзді қалай түсінеміз?
1 оқушы.
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Шамшырағы енді қайтып сөнбесін,
Жүйрік пырақ енді қайтып өлмесін.
2 оқушы
Мен – адаммын, әуелі содан кейін,
Қасқаюға қақым бар: - Қазақпын! – деп
Мен-тәуелсіз қазақпын, маған дейін,
Айта алмаған ата-анам азатпын деп
Мен-халықпын, жер бар, жалауы бар
Мақтан етер көп асыл қасиетім
Мен халықпын еркі бар, алауы бар
Қасиетті туы бар иетін!
Мен-азатпын өз еркім, өз үйім бар,
Азаттығым бекіген Ата заңмен
Мен адаммын көз қарасы сезімім бар
Қалыптасқан еңбекпен бата қанмен
Бәрі де бар бойымда осылардың
Бірақ, барға малданып алданбаймын,
Даму майдан, күреске қосылармын,
-Айналсам,- деп ұлы елге, армандаймын!
II. Миға шабуыл.
( оқушылар топқа бөлініп, өз білімдерін,
патриоттық сезімін қорғайды)
Бүгін маған керек емес ертегі
Ертегіні өз ұлымда шертеді
Тарих керек ол ірге тасы халықтың
Ірге тассыз қаланбайды ертеңі
1 топ. Тарих беттеріне шолу жасау.
Бейбітшілікпен жасампаздықтың 23 жылы
2 топ. Бүгінгі қол жеткізген
жетістіктерге шолу.
Жалпы: «Менің
Қазақстаным – менің болашағым!»
(шығармашылық жұмыс-эссе.)
Мұғалім: Міне, балалар, бүгінгі таңда
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз,
Елтаңбамыз,Әнұранымыз бар, Егеменді Қазақстанбыз.
Сіздер Отанымыздың болашақ ұрпағысыңдар. Жақсы оқып, тәртіпті болып өз
еліңді, жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі тірегі болып
атаныңдар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.