Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Тәрбие сағат "Қош бол, сүйікті әліппем!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағат "Қош бол, сүйікті әліппем!"

библиотека
материалов

ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!

Тақырыбы: Қош бол сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата –аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін -өзін басқаруы мен ана –тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ертеңгілік.

Сабақтың көрнекілігі: Әліппе, ана –тілі, , шарлар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, пәнге арналған көрнекіліктер.

Сабақтың барысы:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулетін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға!

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар, қонақтар!

Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің ең жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз!

Олай болса, «Қош бол сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар,

Ұлықбек:
Қайырлы күн, уа, халайық!
Хакима:

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
Ұлықбек:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Хакима:

Армысыздар аналар!

Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз!

Айдана:

Шашу – шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Мұғалім: Бүгін сіздер 1 «Ә»- сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгіліне келіп отырсыздар. Олардың қолдарына тұңғыш ұстап, бетін ашқан кітабы Әліппе. Бүгін 1-сынып оқушылары сіздерге Әліппені қалай меңгеретіндігін көрсетпек.

Балалар, мен сендерге бір сұрақ қоюдан бастайын, сендер соған жауап айтыңдаршы:

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: (Хормен).

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

Әліппе:

Сәлеметсіңдер ме жас достар! Құрмет көрсеткендерің үшін көп рахмет. Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.

Мұғалім: Әліппе бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағы сіз, сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

Әліппе:

Армыcыздар жас достар!

Армысыздар ата – аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әдіппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден!

Ұлықбек:

Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

Асылжан:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналардың данасы

.

Ән «Әліппе» хор

Мұғалім:

Оқуды көп ойладық,

Қызығыңа тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат ашып тойладық.

Бастарына макет киген балалар келіп тұрады.

Барлық әріптер бас иеді:

Мұғалім: енді ортаға кішкене әріпті бүлдіршіндерді шақырайық!


Айдана

А-дегенің ана ғой

Ана деген дана ғой


Балнұр

Әжем әнге басады

Әтеш ұйқы ашады


Асылжан

Б дегенің бала ғой

Жұмсаса апаң бара ғой


Аида

Гу деп алғаш бөбектер

Гуілдейді ақырын


Б. Бағдат

Ғалым , ғылым, ғасырды

Ғ білімге асырды


Ұлықбек

Дүлдүл аттап баптаған

Дәркенді жұрт мақтаған


Бақдәулет

Елге есті ер керек

Ер жет өсіп ертерек


Жансерік

Жан, жақсылық, жаңалық

Жатыр ж-дан таралып


Ж. Бағдат

Зауза ұшады зыңылдап

Зымыранша зырылдап


Нұрдәулет

Кекілік-ау кекілік

Кетіп қалма секіріп


Хакима

Лашын биікке самғайды

Лашын көкті шарлайды


Арай

Мектеп берген біліммен

Марқаясың, жас ұлан!


Нұргүл

Наурыз айы келгенде

Наурыз тойы тойлансын!


Назерке

Роза шықса ән салып

Риза болар бар халық


Сыдық Балнұр

Сыйламаған жолдасын

Сыйлай алмас өз басын


Хакима:

Барлық әріп бағалы.

Айттық әділ бағаны,

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз толмайды,

Адам барлық әріпті.

Ардақтайды қолдайды.

Вальс биі

Мұғалім

Мектеп- анаң бүгіннен

Мектеп- алтын босағаң,

Мектеп алтын босағаң,

Марқаясың жас ұлан !

Енді оқушыларымыздың әліппе тойымызға арнаған өлең-шумақтары бар екен,соны тарту етейік;

Арайлым:

-Өтті оқу,сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім,бойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

Ж.Бағдат:

Үйретіп жазудың да өрнектерін,

Бойымды әріптермен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да

Тілін біліп әріптерді сөйлеткенім.

Жансерік:

Ең алғаш алғанымда әліппені, 
Қызығып қарай бердім әліппені. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, 
Ұстазым оның кілтін ашып берді 

Назерке:

Үңіліп Әліппенің сырларына

Дыбыстың ілесіп ап ырғағына

Ажыратып дауысты мен дауыссызды

Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық

Нұрдәулет:

Мектебің мынау,класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Б. Бағдат:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің ең сүйікті Әліппем.

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім

Нұргүл:

Еркесі едім атамның

Еркесі едім апамның

Толып биыл жетіге

Мен оқушы атандым

Бақдәулет:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан

1Аяғы біреу қолы жоқ,шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. /қарындаш/

2Үстінде тігіп көк жатыр, Астында қызыл дәу жатыр./қызылша/

3.Жіпке ілдім мен өзім кіп-кішкентай күн көзін./Электр шамы/

4.Жаздай інге тығылып жатқан қызыл түлкіні, құйрығынан суырып , 

әкелді әжем бір күні./сабыз/

5.Қызықтап күнде сен суретін қөресің,оқисың одан сен ,ертегі, өлеңді,ол не?/кітап/

6.Сылдыр сұйық ,су емес ішсең сусын қанады

Ақ болса да қар емес шешуін кім табады?/сүт/

7.Жесең ащы көзіңнен шығарар жасты/пияз/

Сыдық Балнұр:

Дыбыстан буын жасап сөз құрадық

Мағынасына үңіліп

Кане көңіл бұралық

Таныған соң қырық екі әріпті

Жүгіртіп тез оқымай

Қалай ғана тұралық

Ж. Бағдат:

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың,

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Аида:

Барлық әріп бағалы, 
Айттық әділ бағаны. 
Әріпсіз сөз болмайды, 
Буын онсыз толмайды. 
Адам барлық әріпті, 
Ардақтайды, қолдайды

Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық 
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Шаңғы,шана тебеміз 
Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы 
-А, Ә, Б. 
Алфавиттің А тұрады басында, 
Әрқашанда Ә тұрады қасында. 
Байқадың ба Б тұрады үшінші, 
Ал, осының сыры неде түсінші.? 

Балнұр:

А- деген ол аналар ғой, ардақты

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты

Б- деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Сондықтан да алшақ кетпей расында

Тұрады олар- алфавиттің басында.

Мұғалім:

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 

«Қошақаным қайда екен?» әні

Орындайтын: ұлдар

Хакима:

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым

Асылжан:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

Айдана:

Қазақстан-Республикам мақтанышым

Мен сені жырламаймын мақтан үшін

Құдайым маған құйттай жүрек берген

Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін

«Отан» әні хор

Әліппе:

Балалар сендер мені оқыдыңдар

Сонда менен, не үйрендіңдер!

Жұмбақ,

санамақ,

жаңылтпаш,

мақал

өтірік өлең,ән үйрендік!

Менен көп нәрсе үйреніпсіңдер. Ризамын, жас достар!

Үнді биі

Орындайтындар; қыздар тобы

Мұғалім: Бәріңізді табыстырған Әліппе!

Әріптермен табыстырған Әліппе!

Бұл өмірде білім алған адамның,

Болашағы әрқашанда жарық де!

Әліппе: Ұстаздар мен балалар,

Аталар мен аналар,

Танысыңдар досыммен,

Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгін мен, -

Ана тілін таныңдар,

Ақыл, білім алыңдар.

Әліппе: - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Ана тілі:

Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім, ой-саналы,

Әрбір сөзім, ой салады.

Ғылым, тәлім өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына, байлық, оқу-білімде.

Мұғалім: Балалар сендердің енді жаңа достарың «Ана тілі».Сондықтан Әліппені қалай меңгерсеңдер,ана тілі сабағын одан да жақсы меңгеретіндеріңе ант бересіңдер ме?

-Иә

-Кітапты ұқыпты,таза ұстауға!

-Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға!

-Ант береміз!

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын,

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!

«Бала тілегі» әні хор

Қорытынды: Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау, сәлемет болыңыздар!
















































Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров154
Номер материала ДВ-217534
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх