Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Абай оқулары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Тәрбие сағаты "Абай оқулары"

библиотека
материалов

«Абай әлемі»


Кіріспе сөз

Абай Құнанбаев- ұлы ақын. Оның ұлылығы азаматттығы мен ақындығы ұштасқан ұлы кемеңгерлігінде. Себебі ақынның өлеңдерінің әр тармағы мен шумағынан халқына деген сезім мен сүйіспеншілікті көреміз. Сахара даланың сар төсінде еркін өскен ұлы ақынның өлеңдері мен туындылары халқының сағынышы мен күйінішін, қасіреті мен қуанышын, азаттығы мен еркіндігін, ұлы сезімі мен шынайы сезімдерін көреміз.


Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның өлеңдері жаңа үлгідегі, жаңа ізденіспен танылды. Өз өлеңдерінде жастарды ғылым-білімге талпынуды үндеп қана қоймай ерінбей, жалықпай ізденудің көп оқудың, табандылықтың қажет екенін жастардың санасына сіңіреді.


1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

2. «Әсемпаз болма әрнеге»


Жастайынан ел билеуші болыс, байлардың қарапайым халыққа жасап отырған

зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын олардың озбырлығын сынап бірқаншама өлең жазады. Абавй билікке таласып, дау-дамайды көбейтіп отырған атқамінер пысықтардың іс-әрекетіне ыза болып, әшкерелейді.

Ұрлық-зорлық, барымтамен күн кешкен надан елдің күйіне жаны күйзелген ақын өз ойын өлеңдері арқылы білдіреді.


1. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым»

2. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман»

Абай атамыз махаббат бостандығының, әйел теңдігінің жаршысы бола білді.Өз өлеңдерінде махаббаттың, сүйіспеншіліктің ұлы да шынайы сезім екенін жырлаған ақын әйелді малға сатып алуға, қалың малға қарсы шығу арқылы әлеуметтік теңсіздіктің құрбаны болып отырған қазақ қыздарының қасіретін өлең шумақтары арқылы білдірген.


1. «Ғашықтық, құмарлықпен –ол екі жол»

2. «Жарқ етпес қара көңілім неғылса да»

Қазақ поэзиясына жаңа дәстүр енгізіп, жаңаша жырлаған ақын табиғаттың төрт мезгілін арнайы тақырып етіп, жаңа мазмұнды, тың тақырыпта тамаша өлеңдер жазады.

Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы жазған өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығында орыс, Батыс классиктердің еркін оқып меңгергеннен кейін туған. Ақынның табиғат тақырыбына жазылған өлеңдерінде адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы үндестікті бар жан дүниесімен сезіне білген хакім Абайдың туындыларынан талай сырды байқаймыз. Әр мезгілді суреттей келіп, қазақ даласының тұрмыс-тіршілігінің де лебін көреміз.

1. «Жазғытұры»

2. «Қараша, желтоқсан мен сол бір –екі ай»

Ұлы хакім ХІХ ғасырдың 90- жыллдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздері арқылы жеткізеді. Ақынның қарасөздері –көркем әңгіме емес, ғибратқа толы даналық сөздер. Ақын өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын былайша баяндайды: «Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен кереті сөз тапса , жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, осыған бел байладым.»

Бұл ел қамын ойлаған ұлы ойшыл-ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.


1. «Он жетінші қарасөз»

2. «Отыз бірінші қарасөз»


Абай ақындық өнерімен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Ақынның өзі шығарған 20-дан астам өлең-әндері бар. Қазақтың халық әндерін сүйсіне тыңдап,терең бағалаған ақын өз әндерін де құр ащы айғайға құрмай, ойшыл адамның мұңды сырын лирикалық әсем әуенмен тыңдаушының жүрегіне ұялатқан.

1. «Желсіз түнде жарық ай»

2. «Көзімнің қарасы»

Ақынның әндері орындалады.


Көрініс:


Автор: 13 жасар Абай науқасынан жазылғанымен әлі әлсіз. Атқа мінуге жарағанымен үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек дос тапты.Онысы – әжесі.

(Сахнада әжесі мен Абай)

Абай біраз асық ойнап отырып,зеріге бастады. Жаймен ұршық иіріп отырған әжесінің жанына барып, иығына сүйкенеді де:

-Е,е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен

Бұрынғыда кім өтке?-

Әже, әңгіме айтшы

Әжесі:

-Қарағым-ай, нені айтайын, естігенімнен көргенім көп. Көргенімнен , көңілге түйгенім көп. Қазақ, қазақ болғаны небір қиындықты басынан өткеріп, небір қатыгездіктің құрбаны болды емес пе?! Сондай қасіреттің бірі- халықты қаңғыртып, жерін ,елін тастап, шұбыратқан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » оқиғасы еді.

( «Қаратаудың басынан көш келеді») әнінің орындалуымен «Көшпенділер» филімінен үзінді көрсетіледі.

Абай: Әже, расында да осы оқиға біздің қазақтың өмірінде болды ма? Қайран халқым-ай тұмсықтыға жем, тырнақтыға қор болған екенсің –ау! Көрген қорлығың, басыңнан кешер сұмдығың қашан таусылар екен?! Қиянат пен қайғыдан қашан арылар екенсің?!

Әже, ертең мен ержеткенде халқыма пана, еліме қорған боламын. Қазағымның ауырын жеңілдететін, жоғын жоқтайтын ел қорғаны боламын.

Әжесі: ( немересін құшақтап, маңдайынан иіскейді де) Боларсың, құлыным, боларсың. Сенің жүрегің соған жаралған емес пе?!

( Ақынның өмірінен үзінді көрсетіледі)

Ұлы ақынның бар ғұмыры халқына арналып, елінің қайғысы мен мұңына арналды. Өз ақындық өмірі мен азаматтық парызын халқының болашағына арнаған ұлы хакім Абай атамыздың арман тілегі тәуелсіз Қазақ жерінде орнағанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Кезінде ақын өз ұрпақтарына өлең арнаса, қазіргі кезде ұрпақтары ақын рухына арнап өлең арнауда.

( Жас ақындар шығармашылығы)


Қорытынды сөз.

Автор
Дата добавления 16.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров346
Номер материала ДВ-263645
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх