Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Адал еңбек, алғысым ұстазыма!" (4 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Адал еңбек, алғысым ұстазыма!" (4 сынып)

библиотека
материалов

Тәрбие сағат тақырыбы: Адал еңбек, алғысым ұстазыма!

Тәрбие сағат мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер. Жүрісі: Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерді шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз. Дендеріңе саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен шаттық тілейміз. Келесі сөз кезегі оқушыларда. 1 - оқушы: Армысыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын! 2 - оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. 3 - оқушы: Мұғалімдік ең құрметті мамандық. Жас ұрпақты өсіретін адам ғып. Ұстаздардан адамзатқа таралған. Мол мейірім ізгілік пен адалды. 4 - оқушы: Бар тәлімін беріп елдің жанына. Бір кездері қырауланар шашы да Ұстаз адам ұстаз болып қалады. Қол соқтырып заман менен ғасыр 5 - оқушы: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген. Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген Айтыңдаршы адам бар ма өмірде. Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген 6 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің. Құттықтайды барша халық осы күн Өзің берген біліміңе қандырып. Талай ұлан шәкірттерді өсірдің 7 - оқушы: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер Жеңісті жерге екпеген, елге еккендер Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп Зердесін болашақтың зерлеткендер. 8 - оқушы: Ұстаздар қандай ғажап халықсыңдар Шәкіртке шыңдай биік алыпсыңдар Жан біткен жанарына нұр сыйлаған Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Ән: Анадай асыл мектебім. Ендігі кезекті ұстаздарға арналған нақыл сөздерге берейік. 9 - оқушы: Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. 10 - оқушы: Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді. 11 - оқушы: Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым – тұл. 12 - оқушы: Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат таныр. 13 - оқушы: Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты болады. 14 - оқушы: Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің асылдығы. 15 - оқушы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан тас камалды күйретеді. 16 - оқушы: Жарасады сыпайылық балаға. Ұстазыңа одырайып қарама. Ән: Мұғалім – ол біздің. Енді оқушылар жұмбақ шешейік. 1. Білім дәнін тереді. Балаға тілім береді. ( ұстаз ) 2. Білімнің жолбасшысы. Шәкірттің қолбасшысы. (Ұстаз) 3. Оқу – білім бағдары. Заманның бағбаны. (ұстаз) Олай болса жекелеген ұстаздарға арнау айтылады. 1. Келешекті кезінде Кесіп айтар өзіңе Өнеге көп өзінде Өсиет мол сөзінде Көп шәкірттің досындай Нұрсәуле апай осындай. 2. Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға Ардың туын асқақ ұстап шықты алға Ана тілін ардақтауды үйреткен Мың рахмет Сағыныш апайға. 3. Білім өнер бәріне бар талабы. Әрқашанда ашық – жарқын қабағы. Қапия апайдың жаутаңдаған жанары Мәңгі есімізде қалады. 4. Көңілің болсын ақ қардай. Жарқырап көзді тартқандай Ел – жұртың сізді ардақтап Жүре беріңіз Нұрсұлу апай. 5. Сүйікті біздің Клара апайымыз Ақжарқын сіздің мінезіңіз Күлімдеген көздеріңіз Нұрланады жүзіңіз. 6. Білім берген, дәріс берген, Жас ұрпаққа талмастан Әрбір жастың Гүлсім апай Көңіл сырын дәл басқан. 7. Күнім деген күлімдеген Қамқор болған ұстазым Жаны жайсаң жайдары жан, Ұғындырған сөз сазын Ұмытпаймыз, ардақтаймыз, Гүлзия апай сізді біз. 8. Біздер әлі өтелмеген парызбыз. Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз Аттары да аталмаған ұстаздар Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз. Ән: Сәлем саған мектебім. Мұғалім: Келешекке алтын бақ. Қосар таудай үлесін. Жасай берсін жарқырап Ұстаз атты ұлы есім - дей отырып оқушылардың сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, оған көңіл бөлейік. 1. Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтай отырып, бізді қызықтыратын мына сұрақтарға жауап алсақ па деп едік. Нұрсәуле апайға: Мектептегі бар баланың мінезі, қылығы ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Сіз үйде демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді. Ренжіткен сәті ме, қуантқан кезі ме? Қапия апайға: Сіздің көп жылдық қызметіңізде қызықты оқиғасымен есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма? Болса сол туралы әңгімелеп берсеңіз. Сағыныш апайға: Сізде кішкене шәкірт болып мектеп табалдырығынан аттадыңыз. Шәкірттік шақтың қызықты кезінен әңгімелеп берсеңіз. Сіздерге көп рахмет айта отырып мына әнді арнаймыз. Ән: Жарқын жүзді ұстазым. 17 - оқушы: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда. Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жаныма Гүлің болып төгілдім асқарыңа Біз дегенде ұмытып бас қамын да Қас қағымға қасыңнан тастадың ба... 18 - оқушы: Ертіп кеттің елемей қиындықты. Асқарына ғылымның бастадың да, Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына. Аялы алақаныңнан ұшқанымда Кім боп қайда жүрсем де қасымдасың. Адал еңбек алғысым ұстазыма. 19 - оқушы: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңе шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер. Мұғалім: Дария судың ағыны. Құрметтеген шәкіртті, Сыйымызға риза болыңыздар Мұғалімдер қауымы. Осымен «Адал енбек, алғысым ұстазыма» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.









Дәрігерге арналған алғыс хат мәтіні Адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жандар – дәрігерлер. Кез келген науқастың көңіл-күйіне, ем алуына аса ұқыптылықпен қарау да ақ халатты абзал жандарға тән қасиет. Өзі қарайтын науқастың денсаулығын бәрінен де маңызды санап, бірде дереу ота жасап, бар өнерін салып, адам жанына араша түсіп жатады. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, өзімізше емделуге тырысамыз. Бірақ, кейін бәрібір ем іздеп дәрігерге барамыз. Жанымыз қиналып, еш нәтиже шықпаған соң, әрине. Аурухананың күнделікті күйкі тірлігі, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-шаралар жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың жымиып жүрістеріне қайран қаласың. Сірә, «Гиппократ» антын қабылдап, серік еткен сабырлы да салмақты ұстанымдары болар. Үстіне киген ақ халаттары жүректері таза, пейілдері ашық, көңілдері кіршіксіз екеніне көзіңді жеткізгендей. Сондай бірқатар ақ халатты абзал жандар арамызда жүр. Балқаш қаласында тұратын Нәсіп Сейсенбекова апайым осыдан біраз уақыт бұрын қаламыздағы Облыстық онкологиялық диспансерде ем алған болатын. Кейін білікті мамандардың қатысуымен осы орталықта ол кісіге ота жасалды. Бұл істің нәтижесі сәтті шықты. Сонымен, қатерлі дертке дауа болуға септігін тигізген дәрігерлерге жүрегіндегі алғысын газет арқылы білдіруді жөн көріпті Нәсіп апай. Қысылғанда көмек көрсетіп, қолынан келгенше ауру-сырқаудан айығуға себепкер болған жандарға ризалығыңды қалай жеткізсең де орынды. Облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлерінің атын атамау – ар алдындағы абыройыма сын» – дейді Нәсіп Сейсенбекова апайым. Олар Таракальді бөлімде тер төгіп жүрген: Е.Шәуенов, Е.Әбітаев, А.Тәукенов, М.Жұмақаев, К.Разаков, К.Қалиева, И.Дзарданова, А.Жұрынова, М.Базылханова және З.Жантөрина. Әсіресе, ота жасауда зор еңбек еткен Е.Шәуенов, Е.Әбітаев және К.Раззаков сияқты азаматтарға ыстық ықыласымды білдіремін. Аталмыш мекемеде түнгі ауысымда істейтін медбикелердің де еңбегі елеусіз қалмақ емес. Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппай, науқас жанының шипагері болатын медбикелердің істері ерлік емей немене?! Жалпы, адам өмірінің арашашысы, халық денсаулығының қамқоршысы болған ақ халатты абзал жандардың қай-қайсының да еңбегі адал, қызметі қадірлі. «ООД» дәрігерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, толайым табыс пен жемісті жұмыс тілейміз! Нұртілеу СИЯЗБАЕВ, ҚарМУ-дың журналистика бөлімінің 2-курс студенті

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tilek/page,4,7723-hat_1_nauryz.html
© www.ZHARAR.com



















Тәбие сағат тақырыбы: Ризашылық Тәбие сағат мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша Барысы: І. Ұйымдастыру Ризашылық өлеңін оқу Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге. Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады. ІІ. Кіріспе. «Орынын тап» ойыны Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады. Шаңырақ – күн, Уықтары - нұр, шашқан. Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. Жарқырайды темірқазық жұлдызы, Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) Ыстық дейді оны оттан, Патриот оны ұнатқан. Оңбайды бұл өмірде, Адам оны жоғалтқан. (Отан) Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, Әдемі мекен екен, жанға жайлы. Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)


© www.ZHARAR.comТәбие сағат тақырыбы: Ризашылық Тәбие сағат мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша Барысы: І. Ұйымдастыру Ризашылық өлеңін оқу Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге. Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады. ІІ. Кіріспе. «Орынын тап» ойыны Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады. Шаңырақ – күн, Уықтары - нұр, шашқан. Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. Жарқырайды темірқазық жұлдызы, Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) Ыстық дейді оны оттан, Патриот оны ұнатқан. Оңбайды бұл өмірде, Адам оны жоғалтқан. (Отан) Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, Әдемі мекен екен, жанға жайлы. Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

Ұстазға арналған алғыс хат мәтіні Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!





стазға арналған алғыс хат мәтіні Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.




Дәрігерге арналған алғыс хат мәтіні Адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жандар – дәрігерлер. Кез келген науқастың көңіл-күйіне, ем алуына аса ұқыптылықпен қарау да ақ халатты абзал жандарға тән қасиет. Өзі қарайтын науқастың денсаулығын бәрінен де маңызды санап, бірде дереу ота жасап, бар өнерін салып, адам жанына араша түсіп жатады. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, өзімізше емделуге тырысамыз. Бірақ, кейін бәрібір ем іздеп дәрігерге барамыз. Жанымыз қиналып, еш нәтиже шықпаған соң, әрине. Аурухананың күнделікті күйкі тірлігі, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-шаралар жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың жымиып жүрістеріне қайран қаласың. Сірә, «Гиппократ» антын қабылдап, серік еткен сабырлы да салмақты ұстанымдары болар. Үстіне киген ақ халаттары жүректері таза, пейілдері ашық, көңілдері кіршіксіз екеніне көзіңді жеткізгендей. Сондай бірқатар ақ халатты абзал жандар арамызда жүр. Балқаш қаласында тұратын Нәсіп Сейсенбекова апайым осыдан біраз уақыт бұрын қаламыздағы Облыстық онкологиялық диспансерде ем алған болатын. Кейін білікті мамандардың қатысуымен осы орталықта ол кісіге ота жасалды. Бұл істің нәтижесі сәтті шықты. Сонымен, қатерлі дертке дауа болуға септігін тигізген дәрігерлерге жүрегіндегі алғысын газет арқылы білдіруді жөн көріпті Нәсіп апай. Қысылғанда көмек көрсетіп, қолынан келгенше ауру-сырқаудан айығуға себепкер болған жандарға ризалығыңды қалай жеткізсең де орынды. Облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлерінің атын атамау – ар алдындағы абыройыма сын» – дейді Нәсіп Сейсенбекова апайым. Олар Таракальді бөлімде тер төгіп жүрген: Е.Шәуенов, Е.Әбітаев, А.Тәукенов, М.Жұмақаев, К.Разаков, К.Қалиева, И.Дзарданова, А.Жұрынова, М.Базылханова және З.Жантөрина. Әсіресе, ота жасауда зор еңбек еткен Е.Шәуенов, Е.Әбітаев және К.Раззаков сияқты азаматтарға ыстық ықыласымды білдіремін. Аталмыш мекемеде түнгі ауысымда істейтін медбикелердің де еңбегі елеусіз қалмақ емес. Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппай, науқас жанының шипагері болатын медбикелердің істері ерлік емей немене?! Жалпы, адам өмірінің арашашысы, халық денсаулығының қамқоршысы болған ақ халатты абзал жандардың қай-қайсының да еңбегі адал, қызметі қадірлі. «ООД» дәрігерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, толайым табыс пен жемісті жұмыс тілейміз! Нұртілеу СИЯЗБАЕВ, ҚарМУ-дың журналистика бөлімінің 2-курс студенті

Адам жаны оның ойлап түйгені, Жақсы бол деп шыр-пыр бола күйгені. Отбасының тыныштығы арманы Адамдардың бірін-бірі сүйгені. Жүрегіңіз жылуы еш сөнбесін, Басыңызға қайғы бұлты төнбесін. Сізге арнап ашып берсін сыйлыққа, Өмір жиған миллиондаған көмбесін.

Дереккөзі: 
https://www.zharar.com/kz/tilek/6109-psiholog.html#read
© www.ZHARAR.com

Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып. Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Дереккөзі: 
https://www.zharar.com/kz/olen/5021-ana.html#read
© www.ZHARAR.com











Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров496
Номер материала ДБ-080421
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх