Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Адамгершілік - асыл қасиет"

Тәрбие сағаты "Адамгершілік - асыл қасиет"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып сағаты: «Адамгершілік- асыл қасиет»

Мақсаты:- оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,

қасиеттерін қалыптастыру.

Мұғалім: Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»-деген екен Вовенарг

Сабақ барысы:

Сыныпты топқа бөлу

І. Сөйлемді жалғастыру

Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...

Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…

Егер мені ойынға қабылдағанын қаласам, онда мен...

Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...

ІІ.Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

ІІІ.Құпия хаттарға жауап:

Бірінші хат:Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

ІV.Қонақтарға сұрақ беру: (ыстық орындық)

Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?

Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?

V.Постер құрау

Кешірімді болу: кек сақтамау, кез келген жағдайда да ұстамды болу

Сөйлесе білу:  Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек

Әділ болу:

ізеттілік. айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.

Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Оқуға немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Имандылық: Иманды адам дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

VI.Рефлексия:

Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.

Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.

Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін

Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын

Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын

Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын

Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.

Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын

Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.

Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын

VII.Қорытынды:


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров275
Номер материала ДВ-481800
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх