Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты : Адамгершілік, достық, махаббат.

Тәрбие сағаты : Адамгершілік, достық, махаббат.

Скачать материал

«Адамгершілік, достық, махаббат»

Пікір алмасу

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы

сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір-біріне деген

сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру. Кітапты насихаттау.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер.

Нақыл сөз: «Адамгершілік-асыл қасиет»

«Доссыз өмір-тұзсыз ас»,

«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар»

Кітапханашы:

Сәлеметсіздер ме?

Жақсы мінез, жарқын жүрек, парасат,

Һәм денсаулық, әркімге де жарасад.

Алла кімге бұл төртеуін силаса,

Ол өмірден табар мәңгі рахат.

Адамзат дүниеге келгеннен белгілі бір қоғамға, ортаға тәуелді болады себебі осы түскен ортасына қарай оның өз ерік-жігеріне байланысты мінез-құлқы, ортадағы орны анықталады. Жақсы, жаман қасиеттері дамып, мінез қалыптасады. Осы адамзаттың жақсы қасиеттерінің жиынтығы бір сөзбен-адамгершілік деп аталады. Адамгершіліктің нығайуына достық, махаббат сезімдері де көп ықпал етеді. Бүгінгі өткізетін іс-шарамыз сіздердің өз жақсы-жаман қасиеттеріңізді саралауға ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сөзді жүргізушіге беремін.


І. «Адамгершілік-асыл қасиет»

Адам қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақты. Мұның бәрін адамгершілік деген ұғым өзіне жинақтайды. Адамгершілік–адамның рухани арқауы, асқақ табиғатының көрінісі. Енді осы адамгершілік туралы пікір алмассақ.

1. Адамгершілік-деген ұғымға қандай қасиеттер кіреді?

2. Адамгершілігі мол кісіні қазақ иманды, иман жүзді кісі дейді. Сонда иман мен адамгершілік деген бір ұғымды беріп тұр. Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босмас буын керек» деген. Абай атамыз адамгершілікті сақтау үшін де ерік-жігер керек деп тұр. Себебі не? Қалай ойлайсыздар ?

Ситуациялық ойын: Даладан ақша толы әмиян тауып алдың. Жалақысын енді алып, бала-шағасына керегін алайын деп іздесе әмияны жоқ жан ұшыра іздеп жүр бір адам. Сіз қандай әрекет етесіз? Сізге де ақша керек-ақ, жақсы куртка, джинсы керек дегендей, ал әмиянда қомақты ақша? Үндемей кете бересіз бе?

Сыныптас қыз балаға үлкенірек балалар тиісіп жатыр, сіздің оларға әліңіз жетпейді, әрекетіңіз? Көрмеген болып кете бересіз бе?

Сыныпта сенімен барлық сабақ бойынша қатар келе жатқан сыныптасың сабақты көмектесіп жібер деп көмек сұрайды. Сен сәл болыспасаң ол қалып, сен озасың? Әрекетің?

Міне, адамгершілікті сақтау үшін ерік-жігер осында керек екен. Әр адамның бойында, пенде болған соң, қызғаныш, үрей, өзімшілдік болады, соны адамгершілікке жеңгізе алған адам ғана

иманды. Бұған батырлық, мықты ерік-жігер керек.

ІІ. «Доссыз өмір-тұзсыз ас»

Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеленеді.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені,-деп ақын Тұманбай Молдағалиев жырлағандай дос кім, қалай түсінесіздер?

  1. Дос болу оңай ма, достар ескіре ме? Дос сөзінің басқа баламасы бар ма?

  2. Достар көп болуға бола ма, әлде бір-ақ дос болу керек пе?

  3. Доссыз өмір сүру мүмкін бе? Досы бар адамның артықшылығы неде деп ойлайсыздар?

  4. Ер бала мен қыз баланың арасында достық болуы мүмкін бе? Достық адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ете ме?

Достық деген жан-дүниесімен арман мұратымен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұтаса жақындасқан адамдардың берік одағы. Шынайы дос болу әркімнің қолынан келе бермейді.

Шынайы достыққа лайық азамат болуларыңа тілектеспін.


ІІІ. «Махаббатсыз дүние бос»


Махаббат – ұлы сезім. Әр жүрекке жылылық пен сүйіспеншілік ала келетін, адамзат сезіміне шуақ себер сезім.

Достар, самарқау тірліктен безгілерің келе ме?

Сезімнің не екенін сезінгілерің келе ме?

Түн сайын таусылмас қиялға беріліп,

Таң алдында ғана көз ілгілерің келе ме?

Сергелдеңге түсіп сынағыларың келе ме?

Сәби құсап секіре қуанғыларың келе ме?

Сөнбес үмітті көңілге күн етіп,

Жылылықпен жүректі суарғыларың келе ме?-дей келе, адамзат өміріндегі ұлы сезім махаббат тақырыбына сөз бастап кетсек.

  1. Махаббат деген не? Оны кім қалай түсінеді? Өлең «Елге деген махаббат» оқылады.

  2. Махаббат, сүйіспеншілік түсініктерінің адам өміріндегі мәні қандай? Махабаттың түрлері бар ма?

  3. Ер бала мен қыз баланың арасындағы шынайы махаббат қанша жастан басталғаны дұрыс деп ойлайсыңдар?

  4. Жақсы көрген адамың өзіне қарамай қойса, оны жек көірп кету керек пе?

  5. Басқамен бақытты болуына тілектес болар ма едің? Оған сырттай бақыт тілейсің бе?

  6. «Бәрінің бастауы-махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер? Өлең «Махаббат шуағы».

  7. Енді адамгершілік, жақсылық туралы қандай мақалдар білесіздер?

Махаббат: өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелейді,

өзгелерді сыйлауға негіз болады,

ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді,

Отанды, елді құрметтеуге үйретеді,

табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.

Мақалдар:

«Жақсы-ай мен күндей, әлемге бірдей»

«Жақсы келді дегенше жарық келді десейші,

Жақсылықтың лепесін ала келді десейші»

«Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.»

«Доссыз өмір –тұзсыз ас»

«Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын»

«Махаббат-өмір өзегі»


Еліміздің болашағын жарқын етер азаматтар болуларыңа тілектеспіз. Сіздерге имандылық, достық, мөлдір махаббат тілейміз. Мәңгілік ел іргесін бірге шыңдайық.


ІҮ. Қорытынды.

Адам болу-қасиетті атақ. Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Адамгершілік, азаматтық Отанды сүюден басталады. Отанымыздағы, еліміздегі барлық ұлттар да бір жанұяның адамдарындай тату болайық. Мәңгілік ел болу жолында, еліміздің көркейуіне, әркім өз үлесін қосады деп сенеміз!




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты : Адамгершілік, достық, махаббат."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 712 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 10793
    • DOCX 19 кбайт
    • 87 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акбаева Жанна Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акбаева Жанна Аскаровна
    Акбаева Жанна Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29009
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции