Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Адамның бір қызығы бала деген"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбие сағаты "Адамның бір қызығы бала деген"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: „Адамның бір қызығы бала деген”
Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу..
Кіріспе сөз: Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнермен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер – білім берем дасең басыннан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі.

1. Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ата - аналар ұстаздар.
Сәлем ана алтын күн
Сәлем қартты халқымның
Бақытты болсын балалар
Ашық болсын күніңіз
Жайнай берсін жүзіңіз - дей келіп бүгінгі
«Адамның бір қызығы бала деген» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз

Самғат: Бала деген бал екен
Бал дегеніміз бала екен
Балалардың бойында
Бір тәттілік бар екен
Жанерке: Туған балаң жанға сән
Демесең де жат бөтен
Нағыз балаң ойласаң
Немере деген тәтті екен

Диляра: Ұстаз деген қасиетті адам бар
Біле білсең сенің де екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң бар егер
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар
Айназ: Туған анаң болмаса ойнамас ең күлмес ең
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің
Мәні менен мағынасын білмесең

Ариназ: Ата анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі

Украин халық әні «Ехал казак за Дунай» орындайтын Ертай Самғат
2. Жүргізуші Жақсы тәлім көрмеген
Әдепсіз деп саналар
Жеті атасын білмеген
Жетесіз деп танылар деп
жеті атасын білу бұл ата әжелерімізден алған тәрбиеміз деп есептейміз
1 жүргізуші:«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп ендігі кезекті көрініске берейік.

В. Калинниковтын әні «Тень-Тень» орындайтын Есбосынова Аружан
2. жүргізуші: Қалатын болсын бір ізің
Мирас болып артыңа
Еш аянбай күн ұзын
Қызмет ет халқыңа
Болады ау әсте талай сын
Ата баба даңқына
Ал ата ана қалайсың -
Ұлттық дәстүр салтыңа дегендей келесі бөліміміздің тақырыбы «Ата баба дәстүрі асыл қазына» дегендей мына конверттегі сұрақтарға ата-анамызбен жауап беріп көрейікші
1. Үш жұрт (өз жұтың қайын жұрт нағашы жұрт)
2. Үш би (Төле би Қазыбек би Әйтеке би)
3. Қазақтың киелі сандары(3 7 9)
4. Қазақтың музыкалық аспаптары (Домбыра, Қобыз, Жетіген)
5.Жеті күн(дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі Жексенбі)
6. Үш арсыз (ұйқы күлкі тамақ)
7. Төрт құбыла(Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс.)
8. Екі ақынның өнер сайысы (Айтыс)
9. Бала өмірге келгенде болатын той(Шілдехана)
Б. Ғизатовтың әні «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын Сағынтай Ариназ
1жүргізуші: Елді көркем көрсетер
Төрелігі әділ данасы
Ерді көркем көрсетер
Білім мен өнер санасы
Өнерлі өрге жүзеді
Сөз маржаны халықта
Асыл сөздің түйіні
мақалды үйрен жалықпа - деп халқымыз айтқандай келесі бөлімімізді „Аталар айтқан асыл сөз” мына конверттегі мақалдың ізін жалғастырайық.
Анасын сүйгеннің
Баласын сүй.
  Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
 Бала —Ананың бауыр еті, көз нұры.
  Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.
Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.
  Ата балаға сыншы.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.  
Баланың бас ұстазы — ата-ана.
 Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
 Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
 
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
 Өз балаң,
Өзекке тепсең де кетпейді;
Кісі баласы,
Кісендесең де тұрмайды.
   Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
 Бала жетіге келгенше
Жерден таяқ жейді.
  Бала — қымбат, Немере — ыстық.
 
Орыстың халық әні «Как со горки» орындайтын Амангелдина Диляра
2 - жүргізуші: Біліммен өнер санасы
Болады ау әсте талай сын
Ал оқушылар қалайсың
Сұрақ жауап беріп көрейік
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?

Айназ: Жерден ауыр дегенім - ақыл білім
Судан терең дегенім – оқу ғылым
Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі
Көктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі
1 - жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Самғат: Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ
әкенің жүрегі қатты
2 - жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?
Ариназ: Тату болса - ағайын жақын
Ақылшы болса - апайың жақын
Бауырмал болса - інің жақын
Инабатты болса - келінің жақын
Алдыңа тартқан адал асың
Қимас жақын қарындасың
1 - жүргізуші: Дүниеде не қымбат?
Диляра: Алтын ұяң - отан қымбат
Құт береке - атаң қымбат
Аймалайтын - анаң қымбат
Мейірімді - апаң қымбат
Асқар тауың - әкең қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат

Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық кім?

Жанерке: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана
ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені
сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы
көңілінде,ақылы сөзінде.
Жүргізуші:ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ. Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

  Н.Ә.Назарбаев

Жүргізуші:Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.
Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары, аманы. Қайғысы, азап- соры.
(В.Сухомлинский).
Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.

Перзентсіз өмір – бірде-бір сөз жазылмаған бос кітап сияқты. Уақыт, шіркін, үңілмейді, тек парақтайды.

Бала қателігіне себеп іздегенде әуелі өзің берген тәрбиенің осал тұсын қарау қажет.

Әйел бақыты баламен.

Өмір – перзентпен тәтті.

Анаға перзенті –мәңгілік сәби.

Перзентінің көз жасы – Ана жүрегінің сырқаты.

Бала – байланыстырушы, бала – бақыт.

Мәңгілік дос – Ана.

Тәрбие – балаға, жемісі – ата-анаға.

Ата-ананың ой-өрісі баламен бірге өседі.

Тауқымет баланы да есейтіп жібереді-ау.

Бала – сезімтал психолог, баланың интуициясынан ата-ана еш нәрсе жасыра алмаса керек.

Ең ауыр жаза – өзіңді-өзің кінәлау десек, бұның ауырлығы әсіресе, перзент алдындағы айыбыңды сезінгенде жаныңа қатты батады.

Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.

2 - жүргізуші:„Бала тәрбиесі
1 - жүргізуші: баршаға ортақ”

Ансамбль: Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа»
Қорытынды:
Мұғалім: «Адамның бір қызығы бала деген» әрбір ата - ана қажет етсін етпесін ол тәрбиеші. Бала тәрбиесі бүгінгі күні бір ғана жанұяның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің бір тұтас бөлігіне айналып отыр.
Мектепте, ата - ана да, баланың ортасыда тәрбие тұтқасы. Міне, балалар сендер тәлім тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөздер мен таныстыңдар. Сондықтанда үлкендердің әр сөзіне зер салып астарына мән беріп қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата әжелеріміздің ата - аналарымыздың әр сөзін ұғып, ақылын, өсиетін есте сақтан. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталады. Қош сау болыңыз!





Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі















«Адамның бір қызығы – бала деген»

атты ашық тәрбие сағаты





















Өткізген: Ыбрашева Г









2015-2016 оқу жылы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-519275

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>