Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты "Алдымен сүй ата анаңды"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты "Алдымен сүй ата анаңды"

библиотека
материалов

Сынып жетекшісі:Атейбекова Раушан Талиповна


Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!

Мақсаты :

білімділік - оқушыларды ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін кеңейту;

дамытушылық – оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, сөйлеу мәнерін, ой өрісін дамыту;

тәрбиелік – оқушыларды әкені құрметтеуге, ананы аялауға

тәрбиелеу;

Көрнекілігі: нақыл сөздер, үй жұмыстары, өз отбасы туралы жасалған буклет,альбомдар,үнтаспа.

Шаттық шеңбері: Армысың, шапағатты Күн-Ана!

Армысың, қайырымды Аспан-Ана!

Армысың, мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Алдымен сүй ардақты ата – анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ата – ананың жасалады.

Ой қозғау: Ата – ана деген кім? IMAG0042


1-оқушы: Ата – ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата – ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірім кәусар бұлағы Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп, қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қарап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана .



2-оқушы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайын да – ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана деген сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ.

3-оқушы: Ана деген –асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай, - деп ақын жырлағандай әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызыметкер.

Ананың қоғам алдында алатын орны үлкен.

Ана - перзент тәрбиелеуші,

Ана - қызыметкер,

Ана - ғалым,

Ана - зейнеткер.

«Ат биеден туады, алып анадан туады » дейды халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

4-оқушы: Жоқты бар, ашты тоқ ететін –ана. Анасыз бала ұйқтамайды. Ана үйдегі бақ, әке отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.

Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

5-оқушы: Дүниедегі ең сұлу ол - қазақ әйелі.

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.


6-оқушы: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан ана, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гауһар ана – бәрі бір ғана атаққа ие, ол «Ана». Ендеше сол аналарды мадақтайық.

Ән «Ана тілі»

7-оқушы: Әке асқар тауым!

«Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағадағы құрақ» дегендейін «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбатты адамымсыз, менің сүйікті әкешім.

Сізсіз әке ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.


8-оқушы: Бала үшін әкенің орны бөлек. « Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар,қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамның әке екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі,оқуымның сапасы,ұйқымыздың тыныштығы осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.


9-оқушы: Әке әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әр кімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады.


Қарап отырсақ әкенің де түр түрі болады. Бірі ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі,бірі қайратты, батыл, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді.

Өсірген баптап баласын,

Әкелер әркез «Жарайсың».

Бар өнерін үйреткен,

Оздырған да жүйріктен.

Әке деген ардақты ат.

10-оқушы: Әке ,әке,әке! Осы бір үш аріп мейірімді, естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын осы әке. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. Біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек.

Менің әкелерге тілегім:

Қыстай суық денсаулық,

Жаздай ыстық махаббат,

Күздей жомарт көңіл, көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер демекпін.

11-оқушы: Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айырықша парыз. « Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнаһар болу – Алла алдында күнаһар болу» дейді Пайғамбарымыз.

12-оқушы: Халқымыздың мақал– мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата– ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздер табар едік.

« Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде терең ой жатыр.

13-оқушы.: Ата –ананың үміт –арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілегі балаға бағышталған. «Бала –шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» дейді.

14-оқушы: Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» дейді. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу –біздің ата –дәстүріміз.

15-оқушы: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата –ананың алдында адамның парыз – міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата –ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз боашағыңды сақтау.

16-оқушы: Ата – анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата –анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып – қағатын болады.

Ән «Әкешім»

IMAG0024.JPGIMAG0030.JPG



Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.


1. Оқушылардың өз отбасы туралы үйде дайындап келген альбом, буклеттері бойынша жасаған жұмыстарын тыңдау.

2. «Сен ата-анаңды неге теңер едің?» тақырыбында дайындалған жұмыстары тыңдалады


Жүректен жүрекке

Тәрбие сағатының соңында Оқушылар жылы сөздер шеңберіне тұрып ата-аналарына ақ тілек, ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады.

«Бал балалық» әнін бәрі қосылып орындайды.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров169
Номер материала ДВ-501298
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх