Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Алтын күз" бастауыш сынып ертеңгілігі

Тәрбие сағаты "Алтын күз" бастауыш сынып ертеңгілігі

Скачать материал

Сабақтың түрі: Ертеңгілік

 «Сәлем саған, Алтын күз!»

Мақсаты: Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге, сақтауға  үйрету.

Инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті, жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнада  күз  көріністері, күздік  дастархан  мәзірі, нақыл  сөздер,  шар.

Қатысушылар:1-4 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

Мұғалім:      -Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Ата – аналар!

                        Бармысыздар, жадыраған жас достар!

                        Береке, бақ дарыған

                        Жомарт көңіл, жарқын жаз,

                        Сары алтынға малынған,

                        Жетті міне алтын күз!

Бүгінгі басттауыш сыныптар арасында өтіп жатқан «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.!

Мерекемен құттықтау сөз кезегі,Алтынды орта мектебінің директоры Мұхамеджаров Сейілбек Уапұлына беріледі.

 

   Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.

(Ортаға 3 «А»,3-4 «Б» сынып оқушылары өз жаттауларын айтады.)

·        жүргізуші: Ал, енді біздің астықтарымызды тыңдап көрейік.

·        (Диана)

·        Бидай: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймың.

(Гүлназ)

·        Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегімнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.

Маржангүл

·        Сұлы: Мен сұлымын шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.


·        Серікгүл

·        Арпа: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс – құтты арнамын.
Машинаға мініп ап,

 

Жүргізуші:Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз сайыс түрінде өтеді.Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

І - бөлім «Күз ханшайымы» өз қолдарынан жасалған көйлектерінің көрсетілімі.

ІІ - бөлім Өнер көрсету. Алтын күз мерекесіне арнайы дайындаған ән,би жаттауларын ортаға салады.

ІІІ – бөлім бөлім «Күз байлығы» оқушылардың күздік бау бақшалардан жинаған дастархан мәзірі мен өз қолдарымен жасалған жұмыстары қойылған.Біздің көзі қырағы әділқазылар алқасы осы жұмыстарды да бағалайды.

Сонымен қатар мереке барысында сайыстар,түрлі ойындар ойналады.Белсене қатысқан оқушыларға сый-сыяпатымыз да бар.

Ендеше  сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып алайық.

_____________________________________________________________________________

 

   Күз – береке, күз – молшылық , күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып мерекеміздің алғашқы кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.

(Музыка ойнап тұрады.Қатысушылар ортада өз көйлектерінің таныстырылымын көрсетеді.)

Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» демекші 2 кезең өнер сайысын бастайық

(0,1,2 сыныптар өнерлерін көрсетеді»)

Ойын «Кім жылдам»

Шарты:Көздері байланған балалар белгілі уақыт ішінде жерде шашылып жатқан картоптарды жинап алулары керек.

(3-4 сыныптар өнерлерін көрсетеді)

Ойын

«Қандай жеміс» Шарты:Көздері байлаулы ойыншылар қолдарымен сипап сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табу)

   Жүргізуші:Келесі сайысымыз «Күз байлығы» деп аталады.Қазір әділқазылар алқасы әр үстелдің қасына барып ,танысады.Осы уақыт аралығында жоғары сынып оқушылары дайындаған шағын көріністі бірге тамашалайық.

              

                   Ал, балалар, балалар,

                   Жұмбақтарды  тыңдаңдар,

                   Қандай жұмбақ айтсақ та,

                   Шешпей оны қоймаңдар.

Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.

1.Бұл не деген көп киім,                     2. Бақшаның алып жемісі,

Жетпіс қабат көп киім.                           Қайнамай піспес келісі.

Жаңбыр одан өтеді,                                Қоңыр күзде сақтайды,

Түймелеуге жетпейді.                            Сары майдай ел іші.

                  (қырыққабат)                                                   (асқабақ)

 

3. Дала тегіс сарғайды,                      4. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Шаруа қысқа қамдалды.                        Еті қызыл, сүті тәтті.

Күн қысқара бастады,                                                      (қарбыз)

Тауға тұңғыш қар жауды.

                           (күз)

5. Жер бетінде шашы бар,                6.Жаз да жылдам өтіпті,

Жер астында басы бар.                         Күн суытып кетіпті.

                           (сәбіз)                         Киейін деп сондықтан, 

                                                                  Алып қойдым етікті.

 

                                                                                            (күз)

7. Үстіне тігіп көк шатыр,                          Сырты жасыл қатты                       
Астында қызыл дәу жатыр                           Іші қызыл тәтті.
                                                                                    (қарбыз) 
              (қызылша)

Жерде жатып желіндейді,                              Әр желінің асты толған көк қоян         
Күз түскенше желінбейді.                               Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.   
(қауын)                                                                                                             (қияр)

Бұтағында азығы
Ортасында қазығы.
(алма) 

8: Доп – домалақ сары               
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты ... (Өрік)

 

9.Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

 Санап қара қанша,

Оның аты ... (Шие)

Жүргізуші:Ал ендеше бүгінгі сайысымыздың қорытындысын білу үшін әділқазыларға сөз берейік.

Жүргізуші: Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.Күз мезгілі берекелі де мерекелі болсын!

 

Осымен «Алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Алтын күз" бастауыш сынып ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2016 15896
    • DOCX 18 кбайт
    • 297 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жагслаг Алмагуль Жагслаг. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жагслаг Алмагуль Жагслаг
    Жагслаг Алмагуль Жагслаг
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17360
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой